Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жамбыл облысының экологиялық жағдайы




Тараз қаласындағы кейбір өндіріс орындарының шығаратын лас қалдықтарының әсерінен туатын түрлі аурулардың түрлері

  Өндіріс орындары Улы заттар тобы     Лас заттардың құрамы   Аурулар түрлері
Казфосфат зауыты І-ІІ Аммиак, формальдегид, газды және аэрозольды фторидтер, азот қышқылы. Созылмалы бронхит, қан айналу және тыныс алу жүйесінің бұзылуы, өкпенің зақымдануы, зат алмасу процесінің бұзылуы, қан аздық, лейкопения, гастрит, ойық жара, дерматит.
Химпром – 2030 зауыты І Шаң, бензин, формальдегид, азот қышқылы, трихлорэтан, фенол, стирол. Бас ауруы, бас айналу, анемия, өкпенің зақымдануы, дірілдеу, жүрекаурулары, пневмокониоз, көз аурулары, астма, тыныс алу мүшесінің аурулары.
Қант зауыты ІІ-ІІІ   Органикалық еріткіштер. Тері аурулары, дерматит, қант диабеті, тіс құрты, мұрын және ауыз эмфиземасы, ас қорыту мүшесінің ауруы, жүйке жүйесі нің бұзылуы.
Тері өңдеу зауыты ІІІ   Органикалық еріткіштер. Токсиндік улы заттар, бас ауруы, ұйқының бұзылуы, дерматит,зат алмасу процесінің бұзылуы.

 

Халықтың аурушаңдығы олардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасының нәтижесінде тұрғындар арасында патологияның туындауы мен таралуының жалпылама объективті көрінісі десек қателеспейміз. Адамдардың ерте өмірден өтуіне, денсаулығының, еңбек және демалыс жағдайларының нашарлауына қазірдің өзінде көпшілік жерлерде зер сала қарамайтын болды. Мұндағы басты көрсеткіштерге түрлі аурулар, мүгедектік, ерте өлім деңгейлерін жатқызуға болады. Қоршаған ортаның тұрғындардың әсіресе, балалардың денсаулығына тигізетін әсерін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі – дененің дұрыс дамымауы болып отыр. Кез келген топқа тән орташа көрсеткіштерден ауытқушылық дене дамуының объективті кемшіліктері болып саналады. Тараз қаласының тексеруден өткен 1649 баланың 739-ы ғана үйлесімді дамыған болып шықты. Бұл небәрі – 44,8%. Санақ мәліметтеріне сүйенсек, облыс тұрғындары арасында 1977 жылдан бері қатерлі ісік (рак) 1,3 есе көбейген. Бұл кеселдің Тараз қаласында орташа көрсеткіштен жоғары екендігі алаңдатады. Жалпы алғанда аурулар құрамында өкпенің зақымдануы – бірінші орында, асқазан жарасы – екінші орында, оның үстіне әйелдерге қарағанда еркектер жағы көп ұшырайды, пайызға шаққанда тиісінше 1,7% және 4,4% құрайды.

Қоршаған ортаны ластаушылардың негізгі көздеріне: фосфор зауыттары, химия зауыттары, энергетика, транспорт және т.б. жатады. Олардың ауаға шығаратын лас қалдықтарына аммиак, формальдегид, фосфин, газды және аэрозольды фторидтер, органикалық шаң, күл, көмір қышқылы, т.б. жатады. Тараз қаласының зауыттар аймағында фторлы сутегі және улы газдар, ал орталығында азот қышқылы мен аммиак тараған. Бұл улы газдар қазіргі кезде психикалық аурулардың, жүйке жүйесі ауруларының, қан айналу жүйелері ауруларының көрсеткіштерін жоғарлатып отыр.

Қазіргі кезде өкпе ісігі және туберкулез аурулары тұрғындар арасында өсіп отыр. Туберкулез ауруы Тараз қаласында 100 мың адамның ішінен – 123, ал оған салыстырмалы түрде Меркеде – 41, Қордайда – 40, Талас ауданында – 118 екенін айтуға болады. Әсіресе, туберкулез ауруымен жиі ауыратындар 18-29 жастағы адамдар.

Демографиялық жағдайға келетін болсақ, қалада туу жағдайы төмендеп, адамдардың өлімі көбейген. Тараз қаласының демографиялық көрсеткіштері және оған салыстырмалы түрде Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларының демографиялық көрсеткіштері 6-кестеде көрсетілген.

Кесте 6 – Қалалардың демографиялық көрсеткіштері

Демографиялық жағдайы (1000 адамның ішінен)   Тараз қаласы   Шымкент қаласы   Қызылорда қаласы   Ақтөбе қаласы
Туылу деңгейі        
Өлу деңгейі        
Табиғи өсу        

 

Облыста әрбір 100 мың адамның қатерлі ісіктерден өлу көрсеткіші: Тараз қаласында – 153, оған салыстырмалы түрде Қаратау қаласында – 119, Шу қаласында – 147, Жаңатас қаласында – 58, Меркі қаласында – 102, Жуалы ауданында – 127, Қордай ауданында – 163, Мойынқұм ауданында – 125, Т.Рысқұлов ауданында – 88 сияқты көрсеткіштерге ие болыр отыр [43, 44].

Жамбыл облысындағы балалар аурулары, оның ішінде тыныс алу мүшелерінің аурулары – 75,7%, инфекциялық және паразиттік аурулар – 7,8%, ас қорыту мүшелерінің аурулары – 2,6% құрайды. Ересектерде туберкулез ауруы – 69,7%, тыныс алу мүшелерінің аурулары – 39,5% болып отыр. Сонымен бірге ас қорыту мүшелерінің аурулары қазіргі кезде ересектер арасында жиі көрінеді. Ол аурулар: созылмалы гастрит, дуоденит, өтте тас болу, холецистит [15, 41].

Көптеген балалардың ауруы мен өліміне, олардың жарымжан болып туылуына экологиялық факторлар көп әсер етіп отырғанын 1989 жылдың 7-сәуірінде Алматы қаласында өткізілген «Аналар мен балалардың денсаулығын сақтау» жөніндегі республикалық ғылыми-практикалық конференциясында орынды атап өтті. Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола облыстарында ауыз судың сапасыздығынан іш ауруы көбейіп, бала өліміне жол ашып отырғаны анықталды. Ал Қызылорда, Семей облыстарында радиация әсерінен балалардың өлімі жиілеп, жарымжан нәрестелер дүниеге келуде. Республикамызда перзентханалар, ата-аналарға кеңес беретін емдеу орындары, балалардың емханалары, демалыс орындары, сондай-ақ онда қызмет көрсететін бала дәрігерлері әлі де жетіспейді.

«Бала – біздің болашағымыз» дейміз, ал олардың өлімі, жарымжан болып туылуы және аурулары тоқырау жылдарында күрт өскен болса, қазіргі нарықтық заманда да сол деңгейден аспаса, кемімей келеді. Балалар өліміне ата-анасынан тыс, қоршаған ортаның әсер етіп отырғаны аңғартады. Оның ішінде біздің елімізде әрбір туылған мың сәбидің отызы шетінеп, алпысы анемия ауруына ұшырайды.

Қазіргі кезде өте қауіпті болып отырған балалардың үлес салмағының (удельный вес) дисгармондық физиологиялық өсу деңгейі – 45,9%, оның ішінде төмен дисгармондық өсу деңгейі 609 балада (37%) және өте төмен дисгармондық өсу деңгейі 147 балада (8,9%) болып отыр. Ал өсу деңгейінің кеш дамуы 8,1% балада болып отыр. Үлес салмағының кеш дамуы ұлдарда қыздарға қарағанда өте жоғары көрсеткішке ие. Олар ұлдарда: 9,3% - 3 жастағы, 10,4% - 4 жастағы, 9,1% - 5 жастағы, 9,5% - 6 жастағы балаларда болып отыр, ал қыздарда бұл сандар орташа 6,5%-ды көрсетеді [43, 44].

Жамбыл облысындағы Аса, Талас, Шу өзендеріне шайынды сулардың құйылуы, ауыз суларының ластануы балалардың гепатит, туберкулез, іш құрты, тері аурулары және т.б. жұқпалы ауруларын туғызып отыр. Облыстық су қорларының негізі - өзендер. Олардың 60%-ы көрші Қырғызстан тауларынан басталады, ал 40%-ы өз жерімізде. Өзен сулары суармалы жайылымдарды және ауылшаруашылық, өнеркәсіптік, коммуналдық, тұрмыстық құрылымдарды сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады. Судың жеткіліксіздігі, сапасының нашарлығынан облыстың кейбір аудандарында экологиялық проблемалар туындап отыр. Шу, Аса, Талас өзендерінің төменгі жағында су тапшылығынан жайылымдар мен шабындықтар қуаңшылыққа ұшырап, құм көшкіні пайда болды.

Шу өзеніне қосылатын шайынды сулар рұқсат етілген шекті мөлшерінен асып кеткен. Атап айтқанда, нитрит – 9,7 рет, нитрат – 9,2 рет, аммонилы азот – 3,4 рет, басқа қоспалар – 5,6 рет, сульфат, хлорид, цинк, хромның артық мөлшерде екені анықталды. Өнеркәсіптерден құйылатын шайынды сулардың көлемі 20,0-30,0 мың м.куб./тәулік. Шайынды сулар жерасты және жерүсті суларын ластап отыр. Өнеркәсіп орындарының жеке локальды тазалау құрылымдарының жоқтығынан шыққан шайынды сулар ешқандай тазартудан өтпей сүзгі алаңыны жайылып отыр.

Аса өзені үлкен проблемалық мәселердің бірі агроөнеркәсіптік кешендерге суды үнемдеу мәселесі болып отыр. Күнделікті суармалы жерлерді суару негізінде, судың 45%-ға дейін шығынға ұшырап отыр. Өнеркәсіптердің шайынды сулары Аса өзені мен суармалы жерлерді ластауда. Шайынды сулардың бетімен жайылуы мәдени өсімдіктерді, ауыз суды ластап, жұқпалы індеттер таратып отыр. Аса өзені бойындағы үш ауданның шегіндегі тұрғындарға, жергілікті өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қауіп төнуде. Локальды тазалау құрылысы салынбаған Аса өзенінің суы да еш тазалаусыз сүзгі алаңына жайылып отыр. Ал сүзгі алаңына түсетін салмақ жыл мезгілдеріне байланысты өз мүмкіншілігінен 5-6 есе артық. 1993 жылы осыншама салмақты төтеп бере алмаған байлау, тоғандар бұзылып, Аса өзенінің ластанғанын білеміз. Осы күнге дейін сүзгі алаңдарының соңғы бөлігінен шыққан шайынды сулар Аса өзені мен суармалы жерлерді ластауда [15, 41].

Билікөл көлі көлемі 86,5 км шақырым жерді алып жатыр, оның сиымдылығы – 182,6 млн. текше метр. Билікөл суының ластану индексі 2,88 ден 4,49 өсті. Суы ең лас көл қазіргі кезде осы Билікөл болып отыр. Локальды тазалау құрылысы жоқ бұл көлдің суы да еш тазалаусыз сүзгі алаңына жайылып отыр. Шайынды сулардың сүзгі алаңына келіп түсуінен, гидравликалық салмақтың шектен тыс молдығынан, табиғи факторлардың әсерінен Жамбыл, Байзақ аудандарының көп жерлерін әсіресе, ауыз суын ластап отыр. Жамбыл облысындағы өзен суларының ластануы 7-кестеде көрсетілген.

 

Облыс бойынша 4 қала мен 2 елді-мекенде ғана орталықтандырылған канализация жүйесі бар. Бірақ шайынды суларды тазалау мәселесі Қаратау, Меркі қалаларында ғана шешімін тапқан, ал облыс орталығында бұл мәселе әлі күнге дейін қолға алынбаған. 192 гектар жерді алып жатқан сүзгі алаңы болып есептелетін қаланың тазалау құрылымының жағдайы өте мүшкіл. Қаланың өнеркәсіп орындарының шайынды суларының 80%-ы, яғни 180-200 мың.м.куб./тәулік осы сүзгі алаңына келіп түсуде. Ол жер Жамбыл ауданындағы Куйбышев елді-мекенінің жерлері. Солтүстік-батыс өнеркәсіптік аймағының да жағдайы мәз емес. Локальды тазалау құрылысы жоқ бұл маңның суы да еш тазалаусыз сүзгі алаңына жайылуда. Су тазалағыш құрылымдарын салу, қазіргі кезде кезек күттірмейтін мәселе. Қазіргі кезде Тараз қаласының маңына 125 гектар сүзгі алаңын салу және Шу қаласына су тазалағыш құрылымының жобасын жасау болып отыр. Тұнба суларды Көделі жайылымдарындағы су жинағыштарына қарай бұрып жеткізу ең өзекті мәселе болып отыр.

 

Сүзгілер, газ және тозаң тұтқыштар көп зиянды заттрдың шоғырланып қалуына әкеліп соқтырады. Мұндайда олар ауаны, топырақты, суды ластайды. Сондықтан жаңа зауыттар, өндірістер, кәсіпорындар салғанда қалалар мен елді-мекендерден алыс қашықтықта орналастыру қажет. Айналасына лас түтіндерді соратын ағаштарды, теректерді, емендерді, үйеңкілерді, қарағайларды, аршаларды көптеп отырғызу қажет. Олар ауаны шаң-тозаңдардан тазартады, ауаның газ құрамын жақсартады, қаладағы автокөліктердің шуларын бәсеңдетеді. Жасыл ағаштар қаланың көркі, қыста боранға тосқауыл болады, жазда көлеңке, сая болады.

Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар бүгінгі күнге дейін ешқандай экономикалық талаптарды сақтамастан түрлі жинақтағыштарда сақталып, оның көлемі күннен-күнге арта түсуде. Тұрмыстық қалдықтар толығымен ешқандай жабдықтаусыз, көрінген қоқыс төгетін жерлерге тасталып жатыр. Тау-тау болып үйіліп жататын қалдықтар қоршаған ортаға үлкен залалын тигізеді. Соның нәтижесінде жер қыртысы, жерасты және жерүсті сулары ластанып, елді аймақтарда түрлі жұқпалы аурулар тарап отыр. Соңғы жылдары Шардара, Созақ аудандары мен Шымкент қаласында сары ауру таралып отыр. Қоршаған ортаның ластану проблемасын тек қалдықсыз өндірісті ұйымдастыру немесе шыққан қалдықты қайта өңдеу арқылы ғана толық шешуге болады. Шымкент қаласы бойынша өнеркәсіптік және тұрмыстық қатты қалдықтардың жыл сайынғы шоғырлануы 9-кестеде көрсетілген.

Қалдықтардың көлемін азайтудың бір жолы – қайта өңдеу технологиялары арқылы қайтара пайдалану. Мысалы, шлактарды құрылыстарға пайдалану, т.б. Жылдан жылға тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі көбеюде, оның компоненттері бөлінбестен сол күйінде ешқандай жабдықталмаған жерлерге төгіліп жатыр. Оларды өңдеу үшін Шымкент қаласында арнайы станциялар, контейнерлерді санитарлық өңдеуден өткізетін пунктер салу және Шымкент қаласының айналасындағы қоқыс төгетін жерлерді ретке келтіру қажет. Қалада улы реактивті қалдықтарды төгіп оны қайта өңдейтін полигондар жоқ. Өз жұмысын аяқтаған уран кен орындарының айналасындағы жерлерді рекультивациялау жұмыстары ұлттық деңгейде шешілуі керек. Өнеркәсіптерді, кәсіпорындарды, зауыттарды қалдықсыз технологияға көшіру арқылы табиғатты қорғау мәселелерін шешуге болады. Бірақ осы күнге дейін өнеркәсіптер көп қаржыны лас өнімдерден тазартатын құрылыстарға жұмсаса да, түсті металлургия, химия, минералды тыңайтқыштар, энергетика өндірістерінен шығатын улы газдар мен қоспаларға тосқауыл болатын іс жүзіндегі шаралар кемде-кем. Республика көлемінде қалдықсыз технологияны енгізу мүлде жоқтың қасы, өнеркәсіп қалдықтары қоршаған ортаны күннен-күнге ластап, экологиялық зардапты туғызып отыр.

Экологиялық зардапты түзетуден оны болдырмау іс-шаралары әлдеқайда арзан, әрі жеңіл екендігін ұмытпаған жөн! Табиғатты қорғау ережелерін тиімді қолданбаса жоспарланып отырған іс-шараларын жүзеге асыру барысында облыс көлемінде экологиялық жағдайдың нашарлап кетуі әбден ықтимал.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2360 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

2486 - | 2163 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.