1. Жамбыл облысы аймағындағы қорықтар.
Тарихқа көз жіберсек, Тараз қаласының өркендеуіне себепші болған – Ұлы Жібек жолы. Ол Қытайдан Орта және Алдыңғы Азия арқылы Жерорта теңізінің Шығыс жағалаулары мен Батыс елдеріне шыққан.Ұлы Жібек жолының бойында керуен – сарайлар және қалалар салынған. Солардың ішінде өзінің үлкен орны бар Тараз қаласы.
Облыс аумағында қорықтар мен қорықтық аймақтар орналасқан: Ақсу-Жабағылы қорығы мен Қаратау қорығы. Жуалы ауданында-Берікқара, Мойынқұм ауданында – Андасай мен Жусандала, Сарысуда – Ақсай қорықтық аймақтары және Қордай ауданында Қарақоңыз ботаникалық қорықшасы.
Жамбыл облысы территориясында республикалық маңызы бар табиғи мемлекеттік қорықшалар тізіміне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 27-ші маусымдағы № 877 шешімімен 3 табиғи қорықша алынды:
1. Андасай мемлекеттік табиғи-зоологиялық қорықшасы;
2. «Берікқара шатқалы» мемлекеттік кешенді табиғи қорықшасы;
3. «Қарақоңыз шатқалы» мемлекеттік табиғи-ботаникалық қорықшасы.
Бұлардың жалпы ауданы – 1 020 570 га.
1. Андасай мемлекеттік табиғи-зоологиялық қорықшасы – республикалық деңгейде маңызы зор. Оның жалпы ауданы 1 млн. га және бұл қорықша Жамбыл облысының Мойынқұм ауданында орналасқан. Негізінен бұл қорықша жабайы аңдардың санын сақтау және көбейту мақсатында құрылып, Қызыл кітапқа енген арқар, жейран, дрофтар және 1987 жылдан бері құланды қорғауға алды. 1987 жылы – 53 құлан, ал 1990 жылы – 64 құлан әкелінді. Сонымен барлығы – 117 құлан қорықшаға кіргізілді. Андасай мемлекеттік табиғи қорықшасы Мойынқұм Мемлекеттік мекемесінің Орман және жануарлар дүниесін қорғау басқармасының қарауына алынған.Қорықша штаты (тиісті қызмет орны, еңбек ақысы көрсетіліп берілген бір мекеменің қызметкерлерінің саны) 10 адамнан тұрады: қорықша меңгерушісі, аға қорықшы және 8 жай қорықшылар. Тек 5 қорықшылар ғана қорықшыларға арналған кордондарда мекен етеді, ал қалғандары қорықшаның оңтүстік шекарасындағы өздерінің жеке үйлерінде тұрады. Қорықша меңгерушісі мен аға қорықшы Мойынқұм ауылында тұрады.Жалпы еңбек ақы қоры 756 мың теңгені құрайды.2002 жылы жабайы аңдарды есепке алу жұмыстарын жүзеге асыру үшін 16,3 мың теңге қаржы бөлінді. Қорғау жұмыстарының жоқтығынан қорықшаға кіргізілген құландар біртіндеп азайып барады. 1998 жылы – 198 құлан болса, ол 2002 жылы 56 құланға азайып кеткен.
2. Қарақоңыз ботаникалық қорықшасы-республикалық маңызы бар, ол 1971 жылы 7-ші желтоқсанда Қазақ ССР-нің Министрлер Кеңесінің №672 шешімімен ұйымдастырылған. Бұл қорықша Жамбыл облысының территориялық Орман және биоресурстар басқармасының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Қарақоңыз мемлекеттік мекемесінің қарауына алынған. Орналасқан жері – Жамбыл облысы Қордай ауданы Масанчи ауылы.Қорықшаның жалпы ауданы – 3070 га. Бұл қорықша мемлекеттік орман қоры жерлерінде орналасқан. Тау бөктерлері бөлігінде Іле Алатауының батыс сілемдері және Қарақоңыз өзен аңғарлары – табиғаттың қайталанбас бірден-бір объектісі болып отыр. Мұнда ағаш кесуге (тек санитарлық жағдайда), мал жаюға және шөп оруға тыйым салынған.Ботаникалық табиғи қорықшада бореальды қалдық өсімдіктер сақталған. Сонымен қатар,Қазақстанның Қызыл кітабына енген жойылу қаупі төніп тұрған өсімдіктердің 10 түрі бар.Қорықша заңдастырылмаған. Қорғау шараларын жүзеге асыру үшін Қарақоңыз Орман және жануарлар дүниесін мемлекеттік мекемесі 2 орманшы - қорықшыны бекіткен. 2 кордон бар. Қорықшаны пайдалану түрлері:
- ғылыми;
- мәдени – ағарту және туризм;
- шектеулі – шаруашылық;
3. Берікқара кешенді қорықшасы – 1971 жылы 7-ші желтоқсанда Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің № 672 шешімімен құрылып,2001 жылы 27 маусымда Қазақстан Республикасы Үкіметінің № 877 шешімімен қайта бекітілді. Табиғи қорықша Жамбыл облысы Жуалы ауданында Ленин-жол елді мекені мен Билікөл көлінің оңтүстігінде, Қарабастау елді мекенінен оңтүстік – батыста, ал Құрама елді мекенінен солтүстікте орналасқан. Мемлекеттік орман қоры территориясында Қаратау тау жотасының Берікқара шатқалында аталған қорықша орналасқан. Жалпы ауданы 17500 га. Берікқара кешенді қорықшасы Жамбыл облыстық территориялық Орман және биоресурстар басқармасының орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі Жамбыл мемлекеттік мекемесінің қарауына алынған. Сонымен бірге, мұнда Қызыл кітапқа енген өсімдіктердің 51 түрі өсіріледі. Қорықша территориясында жануарлардың бірқатар түрлері мекендейді:шыбын-шіркей жейтін бұршақ өсімдік (райская мухоловка) – эндемидті түр; сұр құр (шіл) – жоғалып бара жатқан түр;дикобраз – эндемидті (шектеулі) түр; арқар, қабан, елік, түлкі, қасқыр, қоян, қырғауыл, құр. Пайдалану түрлері:
- ғылыми мақсаттарда;
- мәдени – ағарту және туризм;
- шектеулі шаруашылық мақсаттарда.
Облыстағы сыртқа шығу, келу және ішкі туризмдердің 2000-2006 жылдардағы өзгерістерін төмендегі кестелерден көруге болады.
Облыс аумағында экскурсиялық-танымдық туризмді дамыту бағытында жоғарыда көрсетілген арнайы мемлекеттік қорғауға алынған мекемелерден басқа тамаша табиғаты бай аймақтарды да жатқызуға болады. Олардың қатарына Т.Рысқұлов ауданындағы Мақпал шатқалы мен Шалсу-Талдысу шатқалы, Балқаш көлі, Билікөл көлі және т.б. жатқызуға болады.
Дебиеттер тізімі
1. Чигаркин А.В. Памятники природы Казакстана. - Алма – Ата: Кайнар, 1980.
2. Байхонов С.С. Табиғатым – тағдырым. - Алматы: Қайнар, 1991.
3. Молдабергенов А.Ш. Қазақстанның хайуанаттар дүниесі мен өсімдіктер әлемі және оларды қорғау. - Алматы: Қайнар. 1983.
4.Байғабылова А. Қазақстан қорықтары. - Алматы: Аруна. 2003.
Лекция №12