Пісіру орны дегеніміз пісіру жұмыстарын жүргізу үшін барлық қажетті жабдықтармен жабдықталған жұмыс орны. Пісіру орны нәрлендіру көзі, электр сымдары, электродұстағыш, шлем және қалқаншамен, сондай-ақ әртүрлі аспаптар және айлабұйымдармен жабдықталады. Пісіру орындары тұрақты немесе жылжымалы болады. Қолданылатын тоқ тегіне және нәрлендіру көзінің типіне байланысты пісіру орындары келесі түрлерге бөлінеді:
- бір орынды (немесе көп орынды) пісіру түзеткіші немесе пісіру түрленгіштерінен тұрақты тоқпен нәрленетін пісіру орындары;
- пісіру трансформаторынан нәрленетін пісіру орны.
Олмен доғалы пісіруге арналған пісіру орнының жабдықтары.
Электродұстауыштар электродтарды қысуға және оларға пісіру тоғын келтіруге арналады
- Қолмен доғалы пісіруге арналған электродұстауыштардың бірнеше типтері бар: ашалы, серіппелі, қыспалы т.б.. Кейбір электродұстауыштарда жұмыстардың қауіпсіздігін жоғарлату мақсатында пісіру процесі тоқтаған кезінде тоқты қолмен немесе автоматты түрде ажырату қарастырылған, электродұстағыштар, құрылғылық сұлбасымен бөлінуден басқа пісіру тоғы күшіне байланысты үш топқа бөлінеді:
I топ — 125 А-ге дейінгі тоқтың күшіне арналған;
II топ — 125 - 315 А;
III топ — 315 до 500 А.
Электродұстауыш 8000 электрод шығынына дейін жөндеусіз шыдауы қажет. Электродты ауыстыру уақыты 4 секундтан аспауы қажет.
Электрпісірушінің саймандары.
Қолмен доғалы пісіргенде электрпісірушіге келесі саймандар қажет:
- балға, ол қожды кетіру және белгі жасауға қажет;
- болат щетка, ол металды пісірер алдында ластықтан тазартуға және пісіргеннен кейін қожды кетіруге қолданылады;
- кескіш (зубило), пісіру жігінің ақауларын қырқуға;
- жіктердің өлшемін тексеруге арналған үлгілер жиынтығы;
- метр, бұрыштық, болат сызғыш, белгілегіш;
- болат белгілегіш (немесе олардың жиынтығы).
Пісіру ережесінің параметрлері. Пісіру тогы мен кернеу. Қолмен пісірудегі пісіру ережесі.
Қолмен доғалы пісіру. Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды қолмен пісіру, әдеттегі құрылғылық болаттар сияқты пісіріледі. Сонымен бірге бірқатар арнайы ерекшіліктері бар, оның ішіндегі бастылары: көпшілігінде фтор-кальцийлі қаптамасымен электродтарды пайдалану; кері полярлы тұрақты тоқпен пісіру; электрод ұшын көлденең тербеліссіз қысқа доғамен пісіру; аздау тоқпен, салыстырмалы түрде, қысқа электродтармен пісіру.
МЕСТ 9466-60 және 10052-62 сай жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды пісіруге арналған электродтардың түрлері Э, ЭАФ, ЭФ және ЭА индекстерімен белгіленеді.
Аталған электродтарға қойылатын жалпы техникалық талаптары мен өлшемдері МЕСТ 9466-60 бойынша белгіленген. Осы МЕСТ-ке сай электродтардың шартты белгісі электрод таңбасын, электрод типін, пісіру сымының диаметрін және МЕСТ нөмірін қамтуы қажет.
Мысал ретінде ХI8HI0T болатын пісіру үшін қолданылатын диаметрі 4 мм, ЭА-1Б типті ОЗЛ-7 электродының шартты белгісін келтірейік: ОЗЛ-7-ЭА-1Б-4,0 МЕСТ 10052-62 және 9466-60.
Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды пісіруге арналған бірқатар электрод таңбалары, сонда-ақ ведомстволық техникалық шарттарда қарастырылған. Электродтардың таңбаларын пісіру жалғастарын нақты пайдалану шарттарына байланысты таңдау қажет.
Жоғарылегірленген болаттар мен қорытпаларды аустенитті электродтармен пісіру ережесін тоқ шамасының электрод диаметріне қатынасы 25-30 А/мм –ден аспайтындай етіп, есептеулермен тағайындайды. Аустенитті электродтармен төбелік немесе тік қалыпта пісіргенде, төменгі қалыпта пісіргендегі, осындай көрсеткішпен салыстырғанда, тоқ күшін 10-30 % - ға төмендетеді. Жік металында кеуек пайда болмауы үшін пісіру алдында электродтарды 250-4000С температурасында 1-1,5 сағат ішінде қыздыру қажет.
Ток полярлығы. Тура және кері полярлықпен пісіру ерекшеліктері.
Тура полярлықты доғада электр тізбегінің теріс полюсі (катод) электродта, ал оң полюсі (анод) пісірілетін металда болады. Кері бағытты полярлықта анод электродта, ал катод пісірілетін бұйымда болады.
Болаттардың көміртек мөлшеріне байланысты бөлінуі. Аз көміртекті және аз легірленген болаттарды пісіру ерекшеліктері.