Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Компоненттері қатты күйде шексіз еритін үштік жүйе (система).




Жүйенің кеңістік моделі 56, а-суретте көрсетілген. Жүйенің ликвидус және солидус деп аталатын екі беті бар. Чертежде бұл беттер т температурасына сәйкес келетін горизонтальды жазықтықтармен қиылысқан. Егер киылысу сызықтарын концентрациялық үшбүрыштық жазықтығына проекцияласақ, онда ав және с екі қисық сызығын аламыз (5б)-сурет). Чертежде конодтың мүмкін болатын орналасу орны да көрсетілген. Конодтын орнын дәл анық-тау үшін арнаулы зерттеу жүргізу кажет. Тек берілген температурада конод-тар бір-бірінен қашықтап, өзара қиылыса алмайды деп тұжырымдауға ғана болады. Конодтар кездейсоқ жағдайда ғана концентрациялық үшбұрыштын төбесі арқылы өтуі мүмкін.

 

Қатты күйде химиялық қосылыстар түзбейтін және бір-бірінде ерімейтін компоненттердің үштік жүйесі. Ликвидус беті мен солидус жазықтығы, сондай-ақ әрбір жұбы бір-бірімен қос эвтектика сызықтары болатын ликвидус беттерінің қиылысуы және үш ликвидус бетінің қиылысу нүктесі — Е үштік эвтектика нүктесі —57-суретте көрсетілген. Ал қос эвтектика сызықтары мен үштік эвтектика нүктесі концентрациялық үшбұрыш жазықтығына проекцияланған.

Аралық сызықты беттер призманың қырымен шектеседі (57, б-сурет). Мұндай беттер жүйеде — алтау. Олар призма қырларында жатқан қос қорытпалардың звтектика сызыктарынан басталып, призма кабырғалары мен кос эвтектика сызықтарының арасына орналасады да, төмен карай бағытталады. Солидус жазықтығында аралық беттердің орбір жұбы бір-бірімең түзу сызық бойынша қиылысады. Берілген жүйенің барлық қиылысу сызығы концентрациялық үшбұрышқа проекцияланған (57, в-сурет),

Құрамы алты қисық сызықты үшбұрыштын (Лс1 Е, Всх Е жоне т. б.) ішінде жататын қорытпалардың үш кризистік температурасы болады. Жоғарғы температура ликвидус беттерінің бірінде (бұл температурага кристалдың сұйық ерітіндісінен таза компоненттің бөліне бастауы сәйкес келеді), екінші температура аралык сызықты беттердің біреуіндс (қос эвтектикадан бөліне бастайды) және үшінші температура солндус жазықтығында (бұл температурада таза компоненттердің үштік эвтектика кристалдана бастайды) жатады. Құрамы е.\ Е, е% Е, еъ Е және АЕ, ВЕ, СЕ сызықтарында жататын корытпалардың екі кризистік нүкте.сі болады. Бірінші топтағы қорытпаларда кристалдану қос эвтектика түзілуден басталып, үштік эвтектика түзілумсн аяқталады, ал екінші топтағы қорытпа-ларда кристалдану таза компонеттер кристалдарының бөлініп шығуынан басталып, үштік эвтектиканың түзілуімен аяқталады.

Е нүктесі құрамы қорытпасының үштік эвтектика кристалданатын бір кризистік нүктесі болады.

 

 

Диаграмманың горизонтальды жазықтық қимасы изотермиялық қима дeп аталады. Горизонтальды жазықтық (57, г-сурет) барлық алты аралық бетті қияды.Изотермиялық қима таңдап алынған температурадағы берілген жүйе қорытпасының фазалық тепе-тендігі жайлы мағлұмат береді. Температура өзгергендегі фазалық түрленулерді сипаттау үшін вертикаль қималарды — политермиялық қималарды пайдаланады (57, 5-сурет). Олар қос күй диаграммасына ұқсайды.

Бақылау сұрақтары:

1.қатты күйде шексіз еритін компоненттер үшін үштік жүйе.

3.химиялық қосылыс түзбейтін,ерімейтін және қатты күйде бір бірінде ерімейтін компоненттер үшін үштік жүйе.

4.Кесінділер ережесін үштік жүйе үшін қолдану.

6.Үш компонентті жүйе диаграммасын бейнесінің әдістері.

7.Изотермиялық тілік дегеніміз не?

Глоссарий:

Изотермиялық қима- диаграмманының горизонтальды жазықтық қимасы

Политермиялық қима –температура өзгерісінде фазалық тұрленулерді сипаттайтын тік қима

Концентрационды үшбұрыш- үштік қорытпалардың құрамын жанжақты үшбұрышты жазықтықта корсете алады

Үшбұрыштың жақтарында нүктелер екі жүйелі қорытпалардың құрамын,ал үшбұрыштың бұрыштарында нүктелер таза компоненттердің құрамын корсетеді

.

Блиц-тест

1.Д иаграмманының горизонтальды жазықтық қимасы аталады

  1. Политермиялық қима
  2. Изотермиялық қима
  3. Полигоном
  4. Қима

2.Үштік қорытпалардың құрамын жанжақты үшбұрыш аталады

  1. жанжақты үшбұрышты
  2. Концентрационды үшбұрыш
  3. Тең бүйірлі үшбұрыш
  4. Косоугольник

3. Үшбұрыштың бұрыштарында нүктелер корсетеді... құрамын

  1. Әртүрлі компоненттердің
  2. Таза компоненттердің
  3. Лай компоненттердің
  4. Стандартты компоненттердің

4. Үшбұрыштың жақтарында нүктелер корсетеді... құрамын

A. Үштік қорытпалардың

B. Екілік қорытпалардың

C. Моно қорытпалардың

D. Әртүрлі қорытпалардың

5. Горизонтальды сызық бір температурада екі фазалы құрамдарды біріктіретін

A. Тік сызық

B. Канода

C. Тікенек

D. Қисық сызық

 

Негізгі әдебиет

1.Лившиц Б.Г. Металлография М, Металлургия, 1990.

2.Вегман Е.Ф., Руфанов Ю.Т., Федорченко И.Н., «Кристаллография, минералогия и рентгенография» М, Металлургия, 1990г.

3.Миловский А.В. «Минералогия и петрография» М, Москва 1979г.

4.Торопов Н.А., Булак Л.Н. «Кристаллография и минералогия» М, Москва 1972г.

5.Захаров А.М.Диаграммы состояний двойных и тройных систем.М, Металлургия,1978г.

6.Ермолов В.А. Геология: Учебник.Часть 1.М.МГТУ.2004г

7.ЕрмоловВ.А.Геология,Учебное пособие.Часть5 «Кристаллография, минералогия и геология камнесамоцветного сырья».М.МГТУ.2007г.

8.ЕрмоловВ.А, ПоповаГ.В, МосейкинВ.В.и др.Учебник. «Месторождения полезных ископаемых»М.МГТУ.2007г.

9.ЕрмоловА,ПоповГ.Б,МосейкинВ.В. и др.; Под ред.В.А.Ермолова. Месторождения полезных ископаемых.М.:Изд.МГГУ, 2004год (электр.библ.)

Осымша әдебиет

10.Емельянов Н.А. «Практика руководства по минералогии» М, Москва 1972г.

11.Юшко С.А. Руководство для лабораторного исследования руд. Методы лабор. исследования руд.

12.Смагулов Д.У. Металлография: Окулык/ Д.У. Смагулов. - Алматы: КазУТУ, 2007  

 

 

Дәріс 15





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-11; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 567 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2212 - | 2156 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.