Желке бұлшық еттерінің сіресуі — желкенің тартылып тырысып қалуы. Дәрігер алақанын сырқаттың желкесіне апарып, басын имек болса, желке бұлшық еттерінің ерекше ширығуына байланысты басты еңкейте алмайды. | 0,5 | 1,0 | ||
Керниг симптомы.Дәрігер сырқаттың бүгілген аяғын көтеріп созбақ болса, жіліншік: бұлшық еттерінің қатты ширығуына байланысты оның аяғы тізе буынынан жазылмайды | 0,5 | 1,0 | ||
Брудзинский симптомы: сырқаттын басын имек болсақ, аяқтары да иіледі — жоғарғы белгі | 0,5 | 1,0 | ||
Брудзинский симптомы: кіндіктен төмен басқанда да аяқ иіледі — ортаңғы белгі | 0,5 | 1,0 | ||
Брудзинский симптомы: Керниг симптомын тексерген кезде екінші жақтағы аяғы иіледі — төменгі белгі | 0,5 | 1,0 | ||
Лесаждық қолтықтан көтеру белгісі.Егер ауру баланы екі қолтығынан ұстап көтерсеңіз, ол аяқтарын бауырына жиып алып, қозғалмай қалады. | 0,5 | 1,0 | ||
Бехтеревтің бет сүйек рефлексі.Бет сүйегін балғамен тықылдатып көргенде, беттің жақ жартысы ауырсынып тыжырынады, басы ауырады | 0,5 | 1,0 |
Бел пункциясын жасау тәсілі
Науқасты қатты төсекке қырынан жатқызып, аяғын тізесінен және жамбасынан бүгеміз, басын алға иегі кеудесіне жеткенше иеміз. | 0,5 | 1,0 | ||
Науқастың мықын сүйектерін тауып, екі ортасынан тура сызықпен 3% иодтың спирттік ерітіндісімен қосамыз және осы жерді 70% спиртпен сүртеміз.Ол сызық LIV омыртқаның тік өсіндісі деңгейінде өтеді. Одан кейін LIII — LIV аралықта пункция жасалынады. | 0,5 | 1,0 | ||
Тесілетін жер спиртпен сүртіледі де сол тұстағы теріге 2-3 мл 1-2% новокаин ерітіндісі жіберіледі. | 0,5 | 1,0 | ||
Мандренді инемен тері, тері асты клетчатка, омыртқа байламдары, қатты және торлы ми қабықтары тесіледі де торлы қабық асты кеңістігіндегі соңғы цистернаға кіреді, иненің кеңістікке өткені сезіледі, үлкендерде 4-7 см, балаларда 3 см аралығында, мөлдір сұйықтық тамады. Мандренді инеден алғаннан кейін ми-жұлын сұйығы аға бастайды. | 0,5 | 1,0 | ||
Сұйықтық аға бастаған кезде инеге шыны түтік жалғанады, қысымын өлшейді. Ми-жұлын сұйығы қысымы L тәрізді иілген шыны түтікшесі көмегімен өлшенеді. | 0,5 | 1,0 | ||
Тексеру тәсілі аяқталғаннан кейін инені тез алып шығып, орнын иодпен сүртіп, стерилизациядан өткен мақтамен жабамыз. Бұдан кейін науқасқа 2-3 сағат төсек режимі тағайындалады. | 0,5 | 1,0 |
Рефлекстер
Иықтың екі басты етінің рефлексін тексеру (бицепс-рефлекс)
Тексерілетін науқастың қолын шынтақ буынынан аздап бүгеміз. | 0,5 | 1,0 | ||
Шынтақ буынының үстіңгі жағынан екі басты еттің сіңірінен балғашықпен ұрамыз. | 0,5 | 1,0 | ||
Жауап ретінде екі басты ет жиырылып, қол шынтақ буынынан бүгіледі. | 0,5 | 1,0 | ||
Рефлекторлық доға жұлынның CV — CVI сегменттері деңгейінде тұйықталады. | 0,5 | 1,0 |
Иықтың үш басты етінің рефлексін тексеру (трицепс-рефлекс)
Тексеру тәсілі: 1) науқас қолын шынтақ буыны деңгейінде дәрігердің алақанына бос салады, науқастың қары төмен бос салбырап тұрады 2) науқастың қолдары алдында бос жатады | 0,5 | 1,0 | ||
Неврологиялық балғашықпен үшбасты еттің сіңірінен ұрамыз (1 — 1,5 см жоғары olecranon) | 0,5 | 1,0 | ||
Үшбасты ет жиырылып қол шынтақ буынан жазылады (шынтақ жазу рефлексі) | 0,5 | 1,0 | ||
Рефлекторлық доға жұлынның CVІ — CVIІ сегменттері деңгейінде тұйықталады. | 0,5 | 1,0 |
Білезік рефлексін тексеру (карпорадиальды рефлекс)
Қол шынтақтан сәл бүгіледі және қырынан тұрады (пронация мен супинация аралықтарында). | 0,5 | 1,0 | ||
Біз тәрізді өсіндіден балғашықпен ұрғанда қолдың басы бүгіледі, қолдың қары шалқаяды. | 0,5 | 1,0 | ||
Рефлекторлық доға жұлынның CV — CVIІІ сегменттері деңгейінде тұйықталады. | 0,5 | 1,0 |
Тізе рефлексін тексеру.
Науқас бір аяғының үстіне екінші аяғын салып отырады. Жоғарғы аяғы тізеден 90°-қа бүгіліп, одан төменгі жағы бос салбырап тұрады. | 0,5 | 1,0 | ||
Отырған науқастың аяқтары полға тиіп тұрады, тізеден бүгіледі. | 0,5 | 1,0 | ||
Төсекте шалқасынан жатқан науқастың қылтасынан дәрігер қолын сұғып көтереді, науқастың аяқтары тізесінен бүгіліп табандары төсекке тиіп тұруы қажет. | 0,5 | 1,0 | ||
Тізе қалқаншасынан төмен аяқтың төрт басты етінің сіңірінен ұрғанда аяқ тізе буынынан жазылады. | 0,5 | 1,0 | ||
Рефлекстік доғасы жұлынның LII—LIV бел сегменттерінде тоғысады | 0,5 | 1,0 |