Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Сезімталдықты тексеру тәсілдері




Мишық қызметін тексеру

 

  Тексеруді жүргізу Балдары
  Ромберг кейпі: науқасты тұрғызып, екі аяғын бірге қойып, қолын алға созуы қажет. Басы сәл жоғары көтерілулі, алғашқыда көзін ашып тұрады, кейіннен көзін жұмып тұрғызып бақылау керек (егер көзін жұмған кезде науқас теңселсе, ол сенситивтік атаксияға тән).   0,5 1,0
  Жүрісті тексеру: а) науқасты бөлме ішіндегі тура сызық бойымен алға, артқа жүргізу қажет; б) фланг жүріс – науқасты оңға немесе солға адымдап жүргізу қажет (көзін ашып және жұмып тексереміз       0,25   0,25   0,5   0,5
  Асинергия сынамасы: а) Стюарта-Холмстың кейін итеру сынамасы: ауру өзінің қолын шынтағынан бүгеді де, горизонталдық деңгейде ұстап тұрады. Дәрігер аурудың қолын жазуға тырысады және тез арада босатады; б) Бабинский сынамасы – ауру шалқасынан, екі қолын кеудесіне айқастырып жатуы қажет. Аяқтары бір-бірінен алшақ орналасады, бұдан кейін дәрігер науқасқа қол-аяқтарын қозғамай отыруды сұрайды         0,25     0,5   0,5     1,0
  Еттердің тонусын тексеру – дәрігер науқастың қол-аяқтарын бүгіп, жазып бұлшық еттердің қарсыласуын анықтауға тырысады   0,25 0,5
  Мұрын-саусақ сынамасы-сырқат көзін ашып, одан кейін жұмып, сұқ саусағының ұшымен мұрнының ұшын табуы керек.Мишығы зақымданған адамда мына төмендегідей симптомдар пайда болады: а) сырқат саусағын мұрнының ұшына дәл тигізе алмай, мишығының зақымданған жағына қарай ауытқып иегіне, ерніне т.б. тигізуі мүмкін; б) қолы дірілдеп, саусағы мұрнының ұшына таяған сайын ол діріл күшейе түседі (интенциялық діріл); в) саусағын мұрнының ұшына жеткізе алмайды (гипометрия) немесе саусағы одан әлдеқайда ауытқиды (гиперметрия).   0,5 1,0
  Өкше мен тізе арқылы тексеру. Сырқат бір аяғының өкшесімен екінші аяғының тізесін тауып, төмен қарай жіліншік бойымен аяғының ұшына дейін, одан жоғары тізесіне дейін жылжыту керек. Мишығы зақымданған адам өкшесімен тізесін тауып, оған жеткізе алмайды. Мишықтың жарты шары зақымданса, сол зақымданған жағында аты аталған белгілер көрініс береді.   0,5 1,0
  Диадохокинез сыны (әдісі).Сырқат екі қолын алға созып, саусақтарының арасын кезекпе-кезек жылдамырақ темппен супинация және пронация қимылдарын жасайды. Мишық зақымданса бұл қимылдар бытыраңқы, баяу, қолайсыз болып білінеді (адиадохокинез). Мишықтың зақымданған жағында аталган құбылыстар басым болады.   0,5 1,0
  Алып, қайта қою (дисметрия) сынамасы-бір затты тұрған жерінен алып, кайтадан орнына дәл қою қабілеті. Сырқат столда жатқан нәрсені (қарындаш, кітап т.б.) алып, қайтадан орнына қоюы керек. Мишығы зақымданған адам тапсырманы дұрыс орындай алмайды, зақымданған жарты шар жағына ауытқи береді.   0,5 1,0
  Нистагм— көз алмасының дірілдеуі. Дәрігер сырқаттың көз алдына неврологиялық балғаны ұстап оңға, солға, жоғары, төмен қозғап, көз алмасын осы бағыттарда қимылдатуын өтінеді. Мишық зақымданғанда сырқаттын көз алмасы екі жағына кезекпен-кезек ырғақты түрде тітіркенгендей болып дірілдейді (көздің өзіндік интенциалды дірілі) — көлденең нистагм.   0,5 1,0
  Жазуын тексеру.Дәрігер сырқаттан оның жазуы, қол таңбасы өзгерді ме, жоқ па, соны сұрастырады. Жазу жазғызып тексеріп көреді. Мишық зақымданғанда сырқаттың жазуы бұзылып, түзу шықпайды, иректеліп, әріптері мүлде ірі болып келеді (мегалография).   0,25 0,5
  Сөзін (сөйлеу қабілетін) тексеру.Сырқат бірнеше сөзді немесе сөз тіркестерін, атап айтқанда, қиын айтылатын күрделі сөздерді (қанағаттандыру, ұйымдастырылмағандықтан, қауіпсіздендіру т.с.с.) дәрігермен бірге қайталауға тиіс. Егер мишық зақымданған болса сөздер бұзылып, созылып, буын-буынға бөгелініп, іркіліп-іркіліп айтылады (мәнерлеп сөйлеу).   0,25 0,5
  БАРЛЫҒЫ:      

 

Сезімталдықты тексеру тәсілдері

 

  Тексеруді жүргізу Балдары
  Сезімталдықтың барлық түрлерін зерттеу кезінде сырқаттың көзі жұмулы болуы керек.   0,5 1,0
  Жанасу сезімталдығын тексеру кезінде дәрігер бір шоқ мақта немесе қыл шашағын алады да сырқаттың бас, дене, аяқ-қол терілсрінің әр түрлі жерлеріне тигізсді. Сезімталдығы бұзылмаған адам әр түрлі жанасуды сезеді де оны «иә» деп мақұлдап отырады. Дененің сезімталдығы жойылған тұсында сырқат жанасу әсерін сезбейді     0,25 0,25     0,5 0,5 0,5     1,0
  Ауырсыну сезімталдығын тексеру үшін дәрігер түйреуіш ұшымен бастың, дененің, аяқ-қолдың әрбір жерін симметриялық шамада екі жағынан жеңіл түртеді. Науқас түрткілеудің «өткір» немесе «өткір емес» екендігін айтып отыруға тиіс. Егер түйреуішпен түрткен кезде сырқат адам нерв жүйесі зақымданған аймақтарында ауырсынбаса (аналгезия), немесе сау жағымен салыстырғанда сәл ғана сезінсе, (гипалгезия) әйтпесе қатты ауырсына сезінсе (гапе-ралгезия), «өткір», «тұтқыл» немесе «өте өткір» екендігін білдіріп отырады.         0,5     0,5     0,5 1,0     1,0     1,0
  Температура сезімталдығын тексеру үшін бір пробиркаға қызуы 40 градустай, екінші пробиркаға 18-20 градус шамасыңда су құйып алған дәрігер пробиркалардың түбін адамның бетіне, денесіне, қол-аяғына симметриялы қашықтықта әр жерден тигізеді. Сонда тексерілуші «жылы» немесе «салқын» деп өзінің нені сезгенін білдіріп отырады. Егер тигізген тұсында ыстық немесе суықты сезбесе (термогипестезия), күштірек сезінсе (термогиперестезия), сезімталдық жолдарының осы аймақтарға қатысты құрылымдары зақымданған болып табылады         0,5     0,5   0,5   0,5 1,0     1,0   1,0   1,0
  БАРЛЫҒЫ:   5,0 10,0

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1283 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2340 - | 2065 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.