Дәріс мақсаты: Ішкі секреция бездері, олардың қызметі, бөлетін гормондарының ағза тигізетін әсерін, жыныстық жетілу және жыныстық тәрбие беруді қарастыру.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
1. Ішкі секреция бездері туралы түсінік.
2. Гормондар гумарльдық реттелудің факторы.
3. Жыныстық жетілу кезеңінің ерекшеліктері және бұл кезеңнің гигиенасы.
Ішкі секрециялы бездердің сыртқы секрециялы бездерден айырмашылығы, олардың бөлген сұйықтығын шығаратын түтікшелері болмайды. Сол себептен сұйықтығын тікелей ішкі ортаға қанға, лимфаға бөледі.Олар өте қан тамырлы келеді. Ішкі секрециялық бездердің қанға бөліп отыратын сұйықтығын гормон деп атайды. Гормондар организмдегі түрлі тіршілік процестеріне (зат алмасу, даму, өсу, жыныстық жетілуне т.б.) қатты әсер етеді.Оларды не үдетіп, не тежеп отырады. Осы гормондар арқылы организмге тигізетін химиялық әсерін гуморальдық реттеу деп аталады.
Эндокриндік бездердің (гр.endon – ішкі, crineo - бөлемін немесе шығарамын) сөлін шығаратын өзегі жоқ, без жасушалары қан және лимфа капиллярымен өте жиі торланған, сондықтан без өнімдері тікелей осы тамырларға өтеді. Экзокринді бездердің өзегі бар, әрі ол өзек белгілі бір ағзаға ашылып, өз өнімдерін сол мүшеге шығарады.
Ішкі сөлініс бездеріне гипофиз, эпифиз, қалқанша, қалқанша серік бездері, айырша без, бүйрекүсті безі, ұйқы және жыныс бездері жатады. Ұйқы және жыныс бездері – аралас бездерге жатады. Гормондар қан мен лимфа тамырларына еніп барлық ұлпалар мен мүшелерге және бүкіл организмге әсер ете алады:
1) метаболизмдік – зат алмасу процестердің түрлі жағдайлары мен жиілігіне әсері;
2) морфогенетикалық – конформациялық құрылымдық процестерде ажырату (дифференциялық, ұлпалардың өсуіне, өзгеріске, метаморфозға);
3) кинетикалық – қызмет орындаушы ағзалардың белсенділігіне және оларды қызметке қосуға немесе тежеуші факторалға әсері;
4) түзетілуші (коррекциялық) – ұлпалар мен ағзалар қызметінің қарқынын өзгертуге әсері (жоғарылауы, төмендету, жылдамдату, тездету, бәсеңдету қозғалыстары).
Адам мен жоғары сатыдағы жануаралардың гормондарын химиялық құрылым ұқсастығын, физико – химиялық, биологиялық қасиеттердің ортақтығын негізге ала отырып 3 класқа бөледі.
1) Белоктың – пептидті қосылымдар (инсулин, глюкоген, сомататропин т.б.);
2) Стероидтар (бүйрек – үсті безі қабығының және жыныс безі гормондары);
3) Амин қышқылының туындылары (тироксин, катехоламиндер – адреналин, норадреналин).
Гормондардың түзілуі арнайы эндокриндік құрылымдардың генетикалық аппаратында жоспарланған, сондықтан әр ішкі секреция бездері тек белгілі бір гормондарды жасап шығарады. Организм ішкі сұйықтық ортасына өткен гормондардың белгілі бір мөлшері бас қалпында, ал шамалысы қан плазмасы белоктарымен қосылған күйде болады. Мысалы, транскортизон, альбумин және α – глобулинмен бірігеді, бұдан белсенділігі төмен байланысқан гормон бөлінеді.
Эндокринология ішкі секреция бездердің физиологиясы мен патологиясы ғылым ретінде ХІХ ғасырдың 2-ші жартысында қалыптасқан. Бұл бағытта ғылыми зерттеулердің негізін А. Бертольд салды.
Гормондар өте активті заттар. Олардың қанға бөлініп отыруы вегетативті жүйке жүйесімен, жоғарғы ми қызметіне байланысты болып кетеді. Бұл бездердің көлемі өте шағын, жалпы салмағы 100 г-нан аспайды. Эндокринді бездер жұмысы өзара өте күрделі байланыста болады. Сол себепті бір бездің бұзылуы басқа да бездердің жұмысына әсер етеді.
Аденогипофизде бірнеше гормондар түзіліп қанға құйылады:
- сомататропин және өсу гормоны (СТГ);
- тиреатропин (ТТГ)
- адренакатикатропин (АКГТ) (бүйрек үсті безі);
- гонотдотропин (ГТГ) – лютеинді (ЛТГ), лютеотроп (ЛТГ), фалликуластимулдаушы (ФСГ).
Эндрокринді бездерді орналасқан жағдайы мен шығу тегіне байланысты 5 топқа бөлінеді:
1) нейрогенді бездер – гипофиз және эпифиз;
2) бронхиогенді бездер – қалқанша безі, қалқанша маңы безі, айырша безі;
3) хромофинді бездер – бүйрек үсті безі, параганглиялар;
4) қарын асты безі (ұйқы безі);
5) жыныс бездері (эндокринді бөлігі жатады).
Без қызметінің кенеттен тыс күшейіп, қанға гормондық көп бөлінуін гиперфункция деп атайды, ал без қызметінің нашарлап, гормонның аз шығуын – гипофункция деп атайды.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
Дәріс 12.
Дәріс тақырыбы: Мектеп ғимараты мен ондағы санитарлық-техникалық тетіктеріне қойылатын гигиеналық талаптар.
Дәріс мақсаты: Мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау және оқу-тәрбие жұмыстарын дұрыс ұйымдастыру ммақсатында болашақ мұғалімдердің мектеп үйіне, онддағы санитарлық-техникалық тетіктеріне қойылатын талаптар білу қажеттілігін меңгерту.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
1.Мектеп ғимаратты салатын орынды таңдау.
2.Жылыту және жылу құралдарына қойылатын гигиеналық талаптар.
3.Мектептегі жарық режимі, желдетуге қойылатын гигиеналық талаптар.
Мектеп үйін жоспарлау, оның жабдықталуы, микроклиматтық жағдайлары және жарық режимі оқу-педагогикалық процесс пен балалардың денсаулығына белгілі ықпалын тигізеді. Осыған байланысты мұғалімдер мектеп үйіне және жабдықталуына қойылатын негізгі гигиеналық талаптарды білуі тиіс. Мектеп үйлерін зиянды газдар мен түтін шығатын фабрика және зауытқа жақын жерлерге орналастыруға болмайды. Егер салу жағдайында жел бағытын екеру қажет. Сонымен қатар, көлік көп жүретін магистралдардың бойына, адамдар көп жүретін базар, бекеттердің бойына салмаған жөн. Мектептерді орналастыру ең қолайлы жерлер – кварталдардың іші, бұрылыстардағы тыныш көшелер мен тұйық көшелер. Мектептің маңындағы жер участогы жаратылыстану, география пәндері бойынша оқу сабақтары өткізу үшін, дене шынықтыру мен еңбек пәндері бойынша оқу және оқудан тыс сабақтар жүргізу үшін қажет. Мектеп участогында мыналар болуға тиіс: құрылыс салуға арналған алаң, оқу-тәжірибе зонасы, демалыс зонасы, шаруашылық зонасы.
Мектептің үйі мен бөлмелері белгілі бір гигиеналық талаптарға сай болуға тиіс. Мектеп үйіне қойылатын негізгі гигиеналық талап – онда сапасы жақсы ауа ортасын, жылу және жарық режимін қамтамасыз ету. Мектеп үйінің гигиеналық құрылысының қолайлық мәселесі, яғни оның этаждылығы, жоспарлау принциптері, жеке бөлмелердің орналасуы, басқыштардың құрылысының да және т.б. маңызы кем емес. Мектеп үй-жайлары өздерінің атқаратын қызметтеріне қарай оқу үйлері, көмекші үйлер, тұрғын үйлерге бөлінеді. Мектеп үйіне қойылатын аса маңызды бір гигиеналық талап – онда сапалы ауаның болуы. өзінің сапасы жағынан ластанбаған атмосфераға жақындайтын немесе оған толық дерлік сәйкес келетін ауа сапалы, гигиеанлық жағынан жарамды ауаға саналады. Мектеп үйі гигиенасының негізгі мәселелерінің бірі – сынып бөлмелерінің жақсы жарықталуы. Сынып бөлмелеріндегі дұрыс жарық режимінің бәрінен бұрын көру зейінін қорғауда мәні бар. Мектеп оқушыларының оқу жұмысы көздің едәуір зорланып жұмыс істеуімен байланысты. Жарық жеткіліксіз болған жағдайда көру органына түсетін күш артады да, алыстан көре алмаушылықтың пайда болуына жағдай жасалады. Сонымен қатар сынып бөлмелерінің жарық болуы мектеп оқушысының жүйке жүйесіне де жақсы әсер етеді.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.
Дәріс 13.






