Дәріс тақырыбы: Мектептегі оқу және тәрбие процесінің гигиенасы.
Лекции.Орг

Поиск:


Дәріс тақырыбы: Мектептегі оқу және тәрбие процесінің гигиенасы.




Дәріс мақсаты:Мектептегі оқу және тәрбие процесін ұйымдастыру, мектеп оқушыларының шаршауын және зорығуын болдырмау шараларын, мектеп режиміне, оқытуға қойылатын гигиеналық талаптарды, оқу-жазу, сурет, ән-күй сабағының гигиенасы, сыныптан тыс жұмыстарға қойылатын гигиеналқ талаптардың негізін қарастыру.

Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:

1.Сабақ пен үзілісті ұйымдастырудың гигиенасы.

2.Мектеп режиміне қойылатын гигиеналық талаптар.

3.Сабақ кестесіне қойылатын гигиеналық талаптар.

4.Оқу және жазу гигиенасы.

5.Емтихан және бақылау жұмыстарын өткізуге қойылатын гигиеналық талаптар.

Жалпы оқу-тәрбие жұмыс, оның жеке бөліктері оқушылардың дене және психикалық жағынан дамуының ең жақсы нәтижелерін қамтамасыз ететіндей ұйымдастырылуы керек. Балалар мен жасөспірімдердің оқу жұмысы ми қабығының және сезім мүшелерінің қызметімен байланысты ақыл-ой еңбегі болып табылады. Ми қабығының жұмыс істеу қабілетінің белгілі бір шегі бар, сондықтан бұл шектен артық тапсырма беру оқушыны шаршатады. Қазіргі заманғы физиология шаршау деген терминді тек жұмыс істеуші орган ғана емес, сонда-ақ бүкіл организм қызметінің уақытша нашарлауы деп түсінеді, бұл шаршау белгілі бір уақыт бойы жұмыс істеудің нәтижесінде үлкен ми сыңарлары қабығының клеткалары тежелудің пайда болуына байланысты туады. Сонымен организм қызметінің кез келген түрі белгілі бір уақыт өткеннен кейін шаршау туады. Жалпы қимыл тынышсыздығының пайда болуы шаршаудың басталуының алғашқы белгісі болып саналады. Бұл төмен сынып оқушыларында айқын байқалады, балалар жан-жағына алаңдап, сөйлесе бастайды, есінейді керіледі. Егер бұл қозғалыс таратпаса және басқа жұмыс формаларына ауыспаса, егер ақыл-ой жұмысы әрі қарай жүргізіле берсе, ал мұғалім шаршауды сөзбен ғана таратуға әрекет жасаса, тежелу процесінің жайыла түсуі анық байқалады. Шаршаудың одан әрі күшейе түсетін ескертуші тежелу құбылыстары жалпы енжарлықтың және маужыраудың дамуынан көрінеді. Қалжырау - шаршаудың субъективтік көрінісі, әрі ол организмнің әлсіреуі, аздап мең-зеңдікті сезінуі және жұмыс істегісі келмеушілікпен ілесе жүреді. Организмнің шаршағыштығы бірқатар факторларға, ең алдымен денсаулық жағдайына, тамақтануға, педагогикалық процесті өткізудің сыртқы орта жағдайларында да, сондай-ақ оқу материалының мазмұны, мен оқу әдістеріне де байланысты. Ой еңбегі мен дене еңбегі кезінде организмнің шаршағыштығын кеміту және шаршаудың басталуы кезін кещеуілдету елеулі дәрежеде жұмыстың бұл түріне жаттығуға және ашықтануға байланысты болады.

Күн режимін, мектеп режимін, оқу жылының режимін, сабақ кестесін дұрыс құру, қиын және оңай пәндерді және сабақтың басқа түрлерін дұрыс ұштастыру, үзілістер ұйымдастыру, оқушылардың үй тұрмысындағы қолайлы жағдайлар және т.б. мидың үлкен сыңарлары қабығының ғылым негіздерін ойдағыдай игеруді, сондай-ақ саналы, әрі тәртіпті мінез-құлықта болуды қамтамасыз ететін қалыпты жұмыс қабілетінің аса маңызды алғы шарты болып табылады. Оқушылардың мектептегі дұрыс ұйымдастырылған режимі қалыпты жұмыс істейтін әрбір мектептің міндетті шарты болып табылады. Мұндай режим - оқушылардың күш-қуаты мен денсаулығын сақтаудың негізгі шарттарының бірі. Мектеп режимін дұрыс ұйымдастырмау немесе оның орындалуына нұқсан келтіру мектеп оқушыларының жұмыс қабілетін нашарлатып, оларды шаршатуға әкеледі. Мектептегі дұрыс ұйымдастырлған режим оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттырып, саналы тәртіпті күшейту және мектеп оқушыларының денсаулығын сақтау мен нығайту үшін қолайлы жағдайлар жасайды. Мектеп режимінің негізгі элементтері:

1. Оқу жылының ұзақтығы және календарлық жылдың барысындағы үзілістер (демалыстар);

2. Мектепке балалар қабылдауды дұрыс ұйымдастыру;

3. Оқу күнінің ұзақтығы;

4. Сабақтың ұзақтығы және оны тек педагогикалық жағынан ғана емес, гигиеналық жағынан да дұрыс құру.

5. Пәндерді олардың ауыр-жеңілдігіне қарай дұрыс бөлу: оңай және қиын сабақтар мен жұмыстарды ұштастыру;

6. Сабақтар арасындағы үзілістерді тиімді ұйымдастырып, таза ауаны барынша пайдалану;

7. Оқу күні бойында уақытында тамақтандыру және бұл процесті дұрыс ұйымдастыру;

8. Мектеп бөлмелеріндегі үлгілі тазалықты, сыртқы тәртіпті және мектеп гигиенасының барлық талаптарын орындауды қамтамасыз ету;

9. Балалар мен жасөспірімдердің сыныптан тыс жұмысын дұрыс ұйымдастыру және уақыт жағынан нормалау;

10. Үйге берілген тапсырмаларды нормалау: сабқтарды әзірлеуге қажет уақыт, тапсырма берілетін пәндердің сандары; тапсырмалардың сипаты (бірыңғай ауызша немесе бірыңғай жазбаша тапсрымалар беруге болмайды);

11. Мектеп режимінің оқушылардың тәуліктік режимімен табиғи байланысы.

Мектептегі оқу жылының ұзақтығы оқушылардың жасына және қыс, көктем, жаз кезінде үзілістер жасау қажеттігіне сәйкес белгіленеді. Балаларды мектепке жүйелі түрде 6 жастан басталады. Балаларды мектепке қабылдаудың дұрыс ұйымдастырудың тек мектептегі сабақтарды ойдағыдай бастау үшін ғана емес, сондай-ақ алдағы бүкіл оқу-тәрбие жұмыстары үшін маңызы зор, сонымен қатар балалар денсаулығын сақтау және нығайту жұмысын жеңілдетеді. Мектепке қабылданатын балалар дәрігерлік мұқият тексеруден өткізіледі, балаларды қабылдауда оқушылардың оқуына мектеп үйін дұрыс әзірлейді. Оқудың басталуына бірнеше күн қалғанда балаларды мұғалімдерімен кездестірулері керек. Сынып жетекшісі өзінің болашақ оқушыларын мектеппен таныстыруы және жаңа оқу жылында олардың алдында тұрған міндеттерді түсіндіруі, олар нені үйренетіндігін, олардың күн режимі қандай болуға тиіс екендігін және т.б. айтуы қажет. Мектеппен алдын ала танысу айланысты белгілі бір рефлекстерді қалыптаса бастайды. Оқу күнін дұрыс ұйымдастыру сабақ кестесін дұрыс жасауды талап етеді. Оқушылардың денсаулығын сақтауда мектеп режимін, мектеп үйіне,оқытуға, сабақ кестесіне, санитарлық-техникалық тетіктеріне, жабдықтарына, оқу-құралдарына қойылатын гигиеналық талаптарын орындау қажет.

ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:

1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990

2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.

3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.

4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.

5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.

6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.

7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.

8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.

Дәріс 6.





Дата добавления: 2017-03-12; просмотров: 1196 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.004 с.