Жоспар:
1. Қайта Жаңғыру мәдениетіндегі гуманизм және адам идеалы.
2. Антика дүниесі мен Қайта Жаңғыру дәуірі мәдениеттерінің сабақтастығы.
3. Қайта Жаңғыру дәуірі алыптары.
4. Діни реформация және мәдени құндылықтардың өзгеруі.
5. Жаңа Заманның мәдени-құндылық бағдарлары.
6. Қоғамдағы ғылым мен техника ролінің абсолюттендірілуі.
Қайта жаңғыру мәдениеті (Ренессанс) деп аталатын алғашқы буржуазиялық мәдениет – XІVғ. аяғында XVғ. басында Еуропада, оның ішінде Италияда қалыптасты. Бұл мәдени төңкеріс Венециядан басталып, бүкіл Италияны қамтыды. Қайта жаңғыру дәуірін Еуропаның көптеген мемлекеттері, атап айтқанда: Франция, Испания, Нидерланды, Польша, Чехия, Венгрия, Англия, Балқан елдері және т.б. бастарынан кешірді. Бұл кезеңде итальян қоғамы Грекия мен Римнің көне мәдениетіне ерекше мән беріп, көне мәдени мұраларды жаңғыртумен қызу айналыса бастады. Тұңғыш рет Еуропа діни идеялар негізінде емес, жалпы адамзаттық гуманистік идеялар рухында бірігуге мүмкіндік алды. Бұл дәуір адамзат тарихындағы сындарлы заман болды. Еуропа бастан кешірген бұл өтпелі кезең – қоғамдық-саяси және мәдени өмірде елеулі орын алды: экономика саласында – бұл географиялық ашулар заманы мен капиталдың алғашқы қорлану заманы, отарларды жыртқыштықпен бөліп, басып алынған халықтарды айуандықпен тонау заманы, отаршылдық соғыстар заманы болды. Саясат саласында – тәуелсіздік үшін күрес заманы болды.
“Қайта жаңғыру” термині осы дәуірдің белгілі суретшісі, сәулетшісі және өнер тарихының асқан білгірі Джордане Базари (1512-1574) өзінің “Жизне описание наиболее знаменитых живописцев, ваятелей и зодчих” (XVІғ.) деген еңбегінде алғаш рет қолданған.
Солардың бірі - өнер алыбы Леонардо да Винчи (1456-1519 жж.) Өз заманында ол айналыспаған ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің бірде-бір саласы болмаған. Ол- әрі мүсінші, әрі суретші, әрі математик, әрі инженер, әрі геолог, әрі философ, әрі ақын, әрі физик т.б. болды. Сегіз қырлы, бір сырлы Леонардо да Винчи ұшу аппаратының қанатының, токарь станогінің жобаларын жасады. Деонардо да Винчи соным ен қатар ғылымның әр саласына байланысты жазылған әр тақырыптағы ғылыми трактаттардың авторы. Леонардоның керемет ұлы туындысы және барлық замандардағы ең ғаламат суреттерінің бірі – “Құпия жиын”.
Дүниені дүр сілкіндірген, бұл күндері Париждегі Лувр музейінің інжу-маржаны болып отырған “Мона Лиза” - Джоконда туындысы ғасырлар бойы көрген адамды таң қалдырып келеді. Леоандо “Джокондоны” салуда салуда ұзақ еңбектенді, қажымай-талмай жетілдіре түсудің нәтижесінде артына баға жетпес асыл мұра қалдырды.
Осы орайдағы өнер тарихындағы ұлылардың бірі – Рафаэль Санти (1483-1520 жж) нағыз кемелді шағында – 37 жасында қайтыс болғанына қарамастан артына мәңгілік өшпес мұра қалдырды. Оның «Сикст мадоннасың еуропалықтар үшін өте қасиетті дүние. Рафаэль өзінің әйгілі болған шығармалары «Афины мектебің, «Парнасң т.б. гуманизм идеяларын кеңінен насихаттап адамның әлі де ашыла қоймаған рухани мүмкіндіктерін ашып көрсетуге тырысты.
Адамзат қоғамына мәңгілік рухани азық болған шығармалардың авторы, тасқа тіл бітірген теңдесі жоқ мүсінші, тамаша қыл қалам шебері, сәулет өнерінің сарбазы, өнердің қай саласының болсын майталманы – атақты Микеланджелоның атақты мүсіндері – «Давидң, «Моисейң, «Бұғаудағы құлң, т.б. суреттерінде қасірет шеккен халықтың қилы тағдыры, оның азаттық үшін күресі, ана жүрегі, ана махаббаты, сәулелі болашақ пен өмірдің сан-салалы көріністері нанымды берілген.
Еуропа елдерінің мәдени-тарихи дамуындағы басты кезең – Реформация дәуірі болып саналады. Реформация – XVІғ. алғашқы ширегінде неміс елінің топырағында дүниеге келген діни-идеологиялық және әлеуметтік-саяси қозғалыс. Ол католиктік бағыт түрінде қалыптасқан христиан дінінің кейбір қағидаларын қайта қарап жаңғыртуға бағытталған.
Реформацияның басталуы – “Қайта жаңғыру” мәдениетінің соңғы кезеңімен сәйкес келеді. Демек, бұл діни қозғалыс адамзат баласы басынан кешірген прогрессивтік төңкерістердің ішіндегі ең ұлы мәдени төңкеріс – “Қайта жаңғыру” дәуірінің заңды жалғасы болып саналады. Ал осы екі мәдени-діни қозғалыстардың арасында заман ағымынан, рухани қажеттіліктен туған байланыс та, қарама-қайшылықта бар, өйткені Қайта жаңғыру дәуірінің тарихи маңызы – гуманизм идеологиясымен, гуманизм идеяларымен таразыланады.
“Бірінші буржуазиялық революция” деген атаққа ие болған діни қозғалыстың дем берушісі – Витенберг университетінің профессоры, Августин шіркеуінің монахы Мартин Лютер. Дін саласындағы түбегейлі өзгерістер, яғни реформалар жолындағы бұл қозғалыс католиктік шіркеуді қайта құруға, діни салт-жоралар үшін төленетін шамадан тыс мөлшердегі салықтарға тыйым салуға, христиан дінінің қарама-қайшылықтарға толы қағидаларын алып тастауға бағытталды. Демек, бұл қозғалыстың нәтижесінде жаңа шіркеу және жаңа діни қағидаларға негізделген христиан дінінің “протестантизм” деп аталатын мүлде жаңа бағыты қалыптасты.
Кілт сөздері: Ренессанс, Леонардо да Винчи, Реформация, шіркеу, протестантизм.