Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ежелгі Мысыр, Шумер-Вавилон өркениеттері




Жоспар:

1.Көне Мысыр өркениетіндегі жеке адам тұлғасы және қоғам, оның ерекшеліктері; Перғауындар мен абыздардың қоғамдағы орны.

2.Мысыр мәдениетінің дүниежүзілік өркениет дамуына тигізген әсері.

3. Көне мысырлықтардың дүниетанымы, мифологиясы, діни наным-сенімдері мен бақилық өмір туралы түсініктері.

4.Шумер-Вавилон мәдениетінің даму кезеңдері мен ерекшеліктері.

5.Көне Шумер-Вавилон қоғамындағы жеке тұлғаның орны, адамдардың дүниетанымы мен діни наным-сенімдері.

6. Шумер-Вавилон мәдениет ескерткіштері (жазба ескерткіштер, сәулет өнері).

Көне Египет жер шарында тұңғыш мемлекет қана емес, сонымен бірге дүниежүзілік үстемдікке талпынған қуатты да, құдіретті мемлекеттердің бірі болды. Ауыз бірлігі күшті, ұйымшылдығы берік, халық – билік жүргізуші тапқа толық бағынған мемлекет. Египеттің жоғары өкіметі мызғымастық және түсініксіздік принциптері негізінде құрылды, ал өз кезегінде бұл принциптер біртұтас Египет мемлекеті пайда болған кезден бастап-ақ оның толық билеушілері перғауындарды құдай деп санауды өмірлік қажеттілікке айналдырды. Фараондар (перғауындар) құдайдың ұлы деп саналды, сондықтан да фараон өзін “Раның” (“ра” күн деген мағына береді. Ол – құдайлардың құдайы және “алтын ” ұғымына қосылып айтылады. – “Алтын” нұр шашқан күн) ұлымын деп жариялады.

Адамдар санасында қалыптасқан аруаққа табыну – перғауындарды “құдай” деп танумен тығыз ұштасты. Ал құдай – патшалардың (перғауындардың) құрметіне пирамидалар (мазарлар) салына бастады. Өз кезегінде Египеттің жоғары әміршісі – құдай саналған перғауын өзінің құрметіне салынған мазардың әрі асқақ, әрі берік етіп салынуына ерекше мән берді. Сән – салтанатпен салынатын мұндай пирамидалар қыруар қаржыны ғана емес, ұзаққа созылған ауыр да, азапты еңбекті қажет етті. Осы бір азапты еңбек, қасіретті өмір Египет құлдарының үлесіне тиген болатын.

Пирамидалар перғауындар мен ең атақты адамдар үшін ғана салынды. Египет абыздарының қағидаларына сүйенсек, патшалар мен вельможаларға ғана емес, кез келген адам жерлеуге байланысты бүкіл салт-жоралар толық орындалған жағдайда мәңгілік өмірлік күш – “Ка-ға” (мәңгілік өмір) ие болады. Бірақ қаржыны көп қажет ететіндіктен кедей адамдардың денелері бальзамдалмады, оларды матаға орап, көпшілік зираттарының шетіне көме салды. Демек, пирамидалардың салынуы – көне Египет қоғамындағы адамдар арасындағы шектен тыс теңсіздіктің кеңінен орын алғандығын байқатады.

Осындай сындарлы кезеңде тарих сахнасына діни реформатор перғауын Аменхотеп (б.з.б.1419-1400 ж.) шықты. Оның басты мақсаты- бір құдайға табынуды жүзеге асыру болды, сөйтіп адамзат тарихында тұңғыш рет көп құдайға табынушылықтан бір құдайға табынушылыққа көшуге маңызды қадам жасалдыОл жаңа мемлекеттік діни наным- сенім енгізіп, жалғыз құдай деп “Атон”деген ат берілген Күн шарын жариялады.Тарихи төңкеріс кезеңінде перғауын ІУ Аменхотон өз атын құдай атына сәйкестендіріп “Эхнатон” деп өзгертіп Египеттің астанасын “Атон көкжиегің деген мағынаны білдіретін Ахетотон қаласына көшірді

Египет өнері өз дамуында айта қаларлықтай табыстарға жетті. 1922 ж. дүние жүзін таң қалдырған тамаша жаңалық, яғни баға жетпес көркемөнер қазынасы сақталған перғауын Тутанхамонның мұқият жасырылған қабірі табылды. Бұл тамаша табыс- ағылшын археологы Г.Картердің “Патшалар алқабындағы”ұзақ жылдар бойы жүргізген еңбегінің жемісі болатын.

Египет мәдениеті- сан-салалы мәдениет. Солардың бірі- біздің заманымызға келіп жеткен Египеттің ең көне жазу текстері. Олар - құдайларға құлшылық ету мен шаруашылықты жүргізуге байланысты жазбалар. Иероглифтер – көне Мысыр мәдениетінің ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл өлкеде салынған қай ғимаратты алсаң да, олар иероглифтерге бай болып келеді. Кейіннен, көне мысырлық иероглифтік жазу буындық жүйеге көшті (қытайлықтар болса мұндай өзгерістерге ұшырамай өз жазба дәстүрлерін сақтап қалған).

XІX ғ. соңғы ширегінде Тигр және Ефрат (Қос өзен) өзендерінің бойында жүргізілген археологиялық қазба жұмыстарының нәтижесінде ежелгі ескі қалалардың орны ашылып, әлемге “Шумер өркениеті” деген жаңа мәдениет белгілі болды. Адамзат баласының ғасырлар бойы жинақтаған мол мәдени мұраларына қомақты үлес қосқан, дүниежүзілік өркениеттің тағы бір бастауына айналған бұл жаңа мәдениеттің аты аңызға айналды, адамзат қауымының “фәлсафалық мәйегі”, ілгерілеу мен дамудың қайнар бұлағы деп дәріптелді.

Шумер мемлекетінің мәдени жетістіктері орасан зор болды. Адамзат тарихындағы алғашқы “Алтын ғасыр туралы” поэмасы шумер елінің топырағында жарық көрді, шумерліктер алғашқы элегияларды жазды, дүние жүзінде бірінші рет кітапханалық каталогтар жасауды игерді. Осы орайда ғалымдар “Месопотамия – архивтер отаны” деп тегіннен – тегін атамағанын атап өткіміз келеді, өйткені мұнда мемлекеттік архивтермен қатар жеке адамдардың да архивтері болған. Сонымен қатар шумерлер – ең көне медициналық еңбектердің, дәрі-дәрмек рецептері жинақтарының авторлары, диқаншының тұңғыш күнтізбегін жасаған да осы шумерліктер.

Шумер-Аккад өркениетінің тікелей мұрагері ежелгі Вавилон болды. Б.з.д. ІІ мыңжылдықтың ортасында Хаммурапии патшаның тұсында (б.з.д. 1792-1750ж. патшалық құрған) Вавилон қаласы бүкіл Шумер және Аккад облыстарын өзінің қол астына біріктірді. Хаммурапидің кезінде екі метрлік тас діңгекке сыналап жазылған атақты заңдар жинағы өмірге келді. Хаммурапии заңдарында Қос өзен алқабының ежелгі тұрғындарының шаруашылық өмірі, салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары және дүниетанымы кеңінен көрініс тапты. Бір кездерде қуатты Вавилон патшалығы және ұлы Ассирия державасы туралы деректер өткен ғасырға дейін тек Библиядан, сондай-ақ Геродоттың және тағы да басқа көне заман авторларының еңбектерінен ғана белгілі болатын.

Иран өркениетінің тірегі- зороастризм діні болды. Ол мемлекеттік дін болғандықтан мемлекет тарапынан үлкен қолдау тапты. Зороастризм дінінің негізін қалаушы Заратуштраның өмірі мен ілімі туралы ғылымда әр түрлі пікірлер қалыптасқан. Заратуштра грекше “Зороастр” деген сөз ежелгі Иранның сөзінен шыққан “түйелі адам”, “түйе жетектеген адам” деген мағына береді. Зороастризмнің қасиетті кітабы- әдеби және мәдени жәдігер “Авеста”. «Киелі Авеста кітабы” ежелгі мәдениеттен хабардар етіп қана қоймай, сол дәуірдегі заман оқиғаларынан терең мағлұматтар беріп, көне тарих беттерімен сыр шертеді және ежелгі Иран тілдерінің ең ежелгі, ең құнды ескерткіштерінің бірі болып саналады. “Авестаның” зороастризм жайындағы көп нұсқаулары бізге толық жетпеген. Оның ең көне бөлігі “Гат” деген атпен белгілі. «Киелі кітаптың-энциклопедиялық туынды деп қарастырсақ та болатын сияқты, өйткені мұнда түрлі ғылым салаларымен қатар, заңдар туралы, адамгершілік хақында толып жатқан қызықты деректер кездеседі. Сонымен «Авестаңтарихи ескерткіш те болып саналады. Мұнда ұлы пайғамбар Зороастраның есімімен аталған зороастризм діні туралы мағлұматтар осы «Авестаң арқылы біздің заманымызға дейін жетіп отыр. «Киелі кітаптаң адамның ақыл-ойы, оның өсіп- жетілуі, еңбектенуі, өзгеруі, табыстарға жетуі және т.б. өмірлік мәселелер жырға қосылады. Сонымен қатар, әділ патша билігі, жарқын өмір сүру, тату-тәтті қарым- қатынастар орнату, іс-әрекетті ақылмен жасау, адал еңбекпен күн көру, адамдарға шексіз қайырымдылық жасау сияқты өмірлік мәселелер сөз болады.

Зороастризм бойынша, әлемде бір-біріне қарама-қарсы екі негіздің- жақсылық пен ізгілктің құдайы, нұрдың, өмірдің, ақиқаттың рәмізі Ахура - Майньюдің арасында толастамайтын күрес жүріп жатады. Өз қарсыласына қарсы күресте Ахура-Мазда адамды жаратады. Демек, әлемде екі құдай бар,оның біреуі-мейірімді құдай Ахура-Мазда да, екіншісі- мейірімсіз құдай Анхра-Майнью.

Иран өркениетінің тағы бір жетістігі- ондағы ескі парсылық сына жазуы. Вавилондық сына жазуда 300 таңба болса, парсыларда бар –жоғы 43 таңба болған.

Кілт сөздері: Пирамидалар, перғауындар, архивтер отаны, зороастризм.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3626 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2308 - | 2101 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.