Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


КРМУ 200 каз 05_01_ОВП_каз 1 страница




$$$001

Жедел миокард инфарктымен науқастарда жүрек ырғағының қарыншалық бұзылыстарын басу үшін таңдау прпепаратын көрсетіңіз:

А) амиодарон

+В) лидокаин

С) хинидин

D) верапамил

E) дилтиазем

$$$002

Жедел сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік кезінде артықшылық беретін диуретикті таңдаңыз:

А) диакарб

+В) маннитол

С) фуросемид

D) верошпирон

E) гигротон

$$$003

57 жастағы науқас, жыл бойына айына 1-2 рет сол жақ жауырынға беріліп, нитроглицерин қабылдағаннан соң жарты сағат көлемінде басылатын төс сүйек артындағы қысып ауыратын сипаттағы ауыруға шағымданады. Холтерлік мониторлау кезінде, ұстама сәтінде v2-v5 бөліктерінде SТ-ң 8 мм-ге жоғарылауы. Келесі күні SТ изолинияда. Науқаста қандай патология?

А) тұрақты стенокардия ФК 4

В) миокард инфаркты

С) миокардтың ишемиялық дистрофиясы

+D) варианттық стенокардия

E) күшейе түскен стенокардия

$$$004

Жедел миокард инфарктымен науқаста 4-ші аптада төс сүйек артында қарқынды жиырылатын ауырсынулар, ЭКН-да теріс динамика пайда болып және АСТ, АЛТ, КФК-МВ белсенділігі тағы да көтерілсе, ауру ағымының нашарлауын қалай квалификациялаға болады:

А) ӨАТЭ

+В) қайталама миокард инфаркты

С) екінші рет болған миокард инфаркты

D) Дресслер синдромының дамуы

E) варианттық (вариантная) стенокардия

$$$005

Синустық түйіннің әлсіздігі синдромымен науқаста синустық брадикардия – минутына 45 байқалады. Кардиостимулятор орнатудан науқас үзілді-кесілді бас тартты. Консервативті ем үшін аталған дәрілердің қайсысын қолдануға болады?

А) анаприлин

В) кордарон

+С) атропин

D) дигоксин

E) новокаинамид

$$$006

Науқаста аяқ астынан тамыр соғу ұстамасы (минутына 160) пайда болды, дәрігер оны каротидті синусты уқалаумен басты. Тамыр соғу ұстамасына себепші болған тәрізді:

А) синусты тахикардиямен

В) пароксизмальды жыпылық аритмиясымен

С) пароксизмальды жүрекшелер жыбырымен

+D) пароксизмальды қарыншаүстілік тахикардиямен

E) пароксизмальды қарыншалық тахикардиямен

$$$007

18 жастағы науқасты военкомат тексеру үшін бағыттаған. Қалыпты дамыған. Жүрек негізінің үстінде, эпицентрі төс сүйектің оң жақ шегінің 2-ші қабырғааралығында, дөрекі систолалық шуыл анықталады, ұйқы артерияларына өтеді. Қолқа үстінде екінші тон әлсіреген. Тамыр соғысы минутына – 64, ырғақты. Иық артерияларының АҚ – 95/75 мм сын. бағ., сан артериясында Қ – 110/90 мм сын. бағ. Сіздің диагнозыңыз?

+А) қолқа сағасының стенозы

В) үйлескен жүрек ақауы

С) қолқа коарктациясы

D) қарыншааралық қалқаның ақауы

E) ашық артериалды тармақ

$$$008

40 жастағы науқас, шағымдары – прекардиальды аймақта толқулармен көмескі байланысты сыздайтын ауырсынуларға, көкірек қуысының сол жақ жартысындағы «жарылу» сезімдеріне. Қарап тексеру кезінде патология анықталмаған, ЭКГ ерекшеліксіз. Пациентті тексеруді қандай зерттеуден бастау қажет?

А) қанның қант және холестеринге зерттеуінен

В) қанның липопротеидтерге зертетуінен

С) эхокардиографиядан

+D) велоэргометриядан

E) фонокардиографиядан

$$$009

52 жастағы науқас әйел жүрек аймағындағы қысқа мерзімді ауырсынуларға шағымданады. ЖРА-н кейін 2 апта бойы науқас. ЭКГ-да – SТ сегментінің 1,5 мм-ге төмендеуі және теріс Т тісшесі. ЭТЖ – 45 мм/с. Болжамды диагноз:

А) климактерийлік кардиомиопатия

В) ЖИА

С) НЦД

+D) миокардит

E) перикардит

$$$010

28 жастағы науқас, отбасылық дәрігердің қабылдауына келді, шамалы дене жүктемелері кезіндегі ентігу, тез шаршағыштық, жүректің лүпілдеп соғуына шағымданады. Балалық шағында баспамен жиі ауырған. Аускультация кезінде: жүрек ұшы түрткісі күшейген, жүрек ұшында диастолалық шуыл, қатты І-ші тон, өкпе діңінің үстінде ІІ-ші тонның екіге бөлінуі, митральды қақпақшаның шертіліп ашылуы ІІІ-тон (бөдене ырғағы). Сіздің диагнозыңыз?

А) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, үш жарғақты қақпақша жеткіліксіздігі

В) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақша жеткіліксіздігі

С) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа қақпақшасының стенозы

D) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

+Е) жүректің созылмалы ревматикалық ауруы, митральды қақпақша стенозы

$$$011

Науқас М., 63 жаста, 3 жыл бұрын өткізген жұқпалы миокардиттен кейін пайда болған қатты басы айналып есінен танатын аяқ асты ұстамаларына шағымданады. Соңғы уақыттарды ұстаманың айына 2-3 ретке дейін жиілегенін байқаған. АҚ 110/70 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 57 соғу. ЭКГ-да PQ интервалының ұзаруы, Самойлов-Венкебахтың жүйелі кезеңдері. Аталған науқасқа қандай ем ең қолайлы?

А) Кальций антагонистерін ұдайы қабылдау

В) Бета-адреноблокаторларды ұдайы қабылдау

С) М-холиноблокаторларды ұдайы қабылдау

+D) Ырғақтың жасанды жүргізушісін орнату

Е) Аортокоронарлы шунттау жүргізу

$$$012

Жағдайының нашарлауына байланысты отбасылық дәрігерге 68 жастағы науқас М. Келді. ЖИА, Инфаркттан кейінгі кардиосклероз, Артериальды гипертензия ІІ, IV қауіп факторы, НКІІБ диагноздарымен бақылауда. Әлсіздікке, бас ауыруына, жүрек айнуына, ішіндегі дүркін-дүркін ауыруларға, көзіне қос көрінуіне шағымдары бар. Дәрілерін тұрақты қабылдайды. АҚ-150/90 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 50 соғу. ЭКГ: PQ интервалы 0,24 с, QRS жиынтығы деформацияланған, барлық бөліктерде дерлік ST интервалының изоэлектрлік сызықтан төмен «астау тәрізді» жылжуы, бигеминия типі бойынша қарыншалық экстрасистолия. Науқас жағдайы төмендеуінің ең ықтимал себебін көрсетіңіз:

А) Гипертониялық криз

В) Жүрек жеткіліксіздігінің декомпенсациясы

+С) Гликозидті интоксикация

D) Қайталама миокард инфаркты

Е) ми қанайналымының өткінші бұзылысы

$$$013

Отбасылық дәрігерге 41 жастағы Науқас М. Жоспарлы тексеріске келді. ЖИА. Кернеулі стенокардия ІІ ФК. Артериалды гипертензия ІІ, қауіп факторы ІІІ, НК0 диагнозымен бақылауда. Қарап тексеру кезіне шағымдары жоқ. АҚ 130/80 мм сын. бағ., ЖҚЖ 1 минутта 72 соғу. ЭКГ-да сирек қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКГ-да қосымша хорда анықталған. Науқасқа аритмияға қарсы терапия тағайындауға бола ма?

А) иә, өйткеніқарыншалық тахикардия пароксизмі амуының қаупі бар

В) иә, өйткені науқаста қосымша хорда анықталған

+С) жоқ, өйткені науқаста аритмия субъективті жақсы өтеді

D) жоқ, өйткені жасанды ырғақ жүргізушісін орнату қажет

Е) иә, өйткені Адамс-Морганьи-Стокс ұстамасы дамуы мүмкін

$$$014

Семсер тәрізді өсіндінің артына орныққан, көкірек қуысының, қолдың сол жақ жартысына таралатын, жатқан кезде пайда болып, вертикальды жағдайға көшкен кезде жоғалатын немесе әлсізденетін көкіректегі ашитын сипаты бар ауырсынулар кезінде қандай патология туралы ойлауға болады?

А) миокард инфаркты

В) перикардит

+С) диафрагманың өңеш тесігінің жарығы

D) плевропневмония

E) қабырғааралық невралгия

$$$015

Л. атты науқас әйел, 29 жаста, дене жүктемесі кезінде ентігу, жүрек аймағында, жауырын аралық аймақта ауырсынулар. Анамнезінде: ревматизм. Объективті: акроцианоз, жүрек шекаралары жоғары және оңға ығысқан, І-ші тон күшейген, жүрек ұшында диастолалық шуыл, «бөдене» ырғағы, жыпылық аритмиясы. R-графияда: контрастыланған өңеш кіші радиус доғасы бойынша қисайған. ЭКГ-да: Р – mitrale, оң жақ қарыншаның гипертрофиясы. Сіздің диагнозыңыз:

А) митральды қақпақша жеткіліксіздігі

В) қолқа қақпақшасының жеткіліксіздігі

С) митральды қақпақша пролапсы

+D) сол жақ атриовентрикулярлы саңылаудың стенозы

E) қолқа сағасының стенозы

$$$016

Науқас М., 20 жаста, жүрек аймағындағы шаншып ауырсынуларға, жүрек қағысына, әлсіздікке, дімкәстікке шағымданады. Анамнезінен: 3 апта бұрын тұмаумен ауырған. Қарап тексеру кезінде жүрек шекаралары солға ұлғайған, жүректің барлық аймағының үстінен таралусыз систолалық шуыл естіледі, ЖҚЖ – 1 минутта 90 соғу. Температурасы – 37,70С. Зертханалық тексеру кезінде лейкоцитоз, ЭТЖ ұлғаюы (+) анықталған, С реактивті ақуыз. ЭКГ-да: қайта үйектеліс бұзылысы және қарыншаішілік өткізгіштіктің баяулауы. Ең ықтимал диагнозды көрсетіңіз:

А) перикардит

B) кардиомиопатия

C) миокардиодистрофия

D) нейроциркуляторлы дистония

+E) миокардит

$$$017

Науқас Н., 65 жаста, жүрек аймағындағы іркілістерге, жүрек қағысына, шаршағыштыққа, шамалы дене жүктемесі кезіндегі ентігуге, ісінулерге, оң жақ қабырға астындағы ауырлыққа шағымданады. Объективті: ортопноэ, акроцианоз. Мойын күретамырлары ісінген. Жүрек дүмпуі ұлғайған. Жүрек ұшы дүмпуі көтеріңкіленген. Тондар тұйықталған, минутына 100 соғумен жыпылық аритмиясы. Өкпесінде әлсіз везикулярлы тыныс, төменгі бөліктерінде екі жағынан да дыбыссыз ылғалды сырылдар. Бауыры ұлғайған, тығыз, аздаған ауырсынумен, тегіс беткейлі, шегі сүйірленген. ЭКГ-да: тісшелердің төмен вольтажы, ошақтық өзгерістер, сол жақ қарыншаның гипертрофиясы, қайтаүйектеліс бұзылысы. NYHA (Нью-Йорк кардиологтар ассоциациясы) бойынша ХНК сатысын көрсетіңіз:

А) ФК І

B) ФК ІІ

+C) ФК ІІІ

D) ФК IV

E) ФК анықтау мүмкін емес

$$$018

70 жастағы науқас әйелді соңғы 3 жылда жүрген кезде пайда болатын, баспалдақпен шыққан кезде күшейе түсетін, тізе буындарындағы, көбіне оң жағында ауырсынулар мазалайды. Қарап тексеру кезінде – шамалы ісіну, оң тізе буынының гиперемиясы. Тізе буындарының R-граммасындаекі жағынан да бірдей байқалған остеофитоз. Аталғандардың ішіндегі болуы мүмкін ең ықтимал диагноз:

+A) деформациялаушы остеоартроз

B) псориаздық артрит

C) подагралық артрит

D) ревматикалық артрит

E) ревматоидты артрит

$$019

Учаскелік дәрігерге 35 жастағы әйел жүрек қағысына, ентігуге, әлсіздікке, ашушаңдыққа, тершеңдікке, арықтауға шағымданып келді. Анамнезінен: жарты жыл бойына ауырады, басынан өткізген қатты стресспен байланыстырады. Объективті: күйгелек, көздері жалтылдап тұр, қол саусақтарының треморы, гипергидроз. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары қатты, ЖҚЖ – 1 минутта 110, АҚ 160/70 мм сын. бағ. Дәреті іш өтуге бейім. Аталғандардың ішіндегі болуы мүмкін ең ықтимал диагноз:

A) нейроциркуляторлы дистония

+B) гипертиреоз

C) гипотиреоз

D) феохромацитома

E) біріншілік альдостеронизм

$$$020

Науқас К., 50 жаста, 15 жылдан аса созылмалы обструктивті бронхитпен диспансерлік есепте тіркеуде, соңғы 3 жыл бойына артерия қысымының 170/90 мм сын. бағ. көтерілуі тіркелген. Бұл науқастың артериялдық қысымын коррекциялау үшін препараттардың қандай тобын тағайындауға болмайды:

A) диуретиктер

B) АПФ ингибиторларын

C) нитраттар

D) кальций антагонистері

+E) β-адреноблокаторлар

$$$021

К. Атты науқас әйел, 56 жаста, 2 типті қант диабеті бойынша диспансерлік есепте тіркеуде, соңғы жыл бойына стенокардия ұстамасын байқаған. Бұл науқаста ЖИА-ны емдеген кезде антиангинальды препараттардың қандай тобына артықшылық беру қажет?

+A) кардиоселективті бета-блокаторлар

B) селективті емес бета-блокаторлар

C) нитраттар (монотерапия ретінде)

D) ИАПФ ингибиторлары

E) кальций антагонистері

$$022

40 жастағы ер адамның эпигастрий аймағында белдеуленген сипаттағы, арқасына таралатын ұзақ ауырсынулар және оң жақ қабырға астында жарылатындай сезім байқалады. УДЗ тексеру кезінде: ұйқы безінің өзгерістері және созылмалы холецистит белгілері. Аталған патология кезінде қандай зертханалық көрсеткіштер ең ақпаратты болып табылады:

A) лейкоцитоз

B) қан трансаминазасының деңгейі

C) гипергликемия

D) қандағы сілтілік фосфатаза деңгейі

+E) қан мен несептегі амилаза деңгейі

$$$023

50 жастағы ер адам оң жақ табанындағы қатты ауырсынуларғ шағымданады. Қарсаңында көп мөлшерде ет және алкоголь қолданған. Ауыру аяқ астынан пайда болған, таңғы 6 мөлшерінде және оң жақ табанының І-ІІ табан сүйек фалангалық буындары аймағында басымырақ орналасқан. Объективті: үлкен саусақ буынының үстіндегі терісі қып-қызыл, сипағанда ыстық, пальпациялағанда жанға батып ауырады, қимыл және жүру мүмкін емес дерлік, дене температурасы – 38°С. Учаскелік дәрігердің диагностикалық әдісі қандай?

A) ауру буынның пункциясы

+B) несеп қышқылына қан тапсыру

C) қанның клиникалық талдауы

D) оң жақ табан рентгенографиясы

E) зақымданған буын УДЗ-сы

$$$024

Отбасылық дәрігерге 41 жастағы науқас жоспарлы тексеріске келді. ЖИА. Кернеулі стенокардия ІІ-ші ФК. Артераилды гипертензия 2, қауіп 3, НК0. Диагнозымен бақылауды. Тексеру кезінде шағымы жоқ. АҚ 130/80 мм сын. бағ., ЖҚЖ минутына 72 соғу. ЭКГ-да сирек қарыншалық экстрасистолалар. ЭхоКС-те қосымша хорда анықталған. Науқасқа аритмияға қарсы терапияны тағайындау қажет пе және қандай мақсатпен?

А) иә, өйткені қарыншалық тахикардия пароксизмі дамуы қаупі бар

В) иә, өйткені науқаста қосымша хорда анықталған

+С) жоқ, өйткені науқаста аритмия субъективті жақсы өтеді

D) жоқ, өйткені ырғақтың жасанды жүргізушісін орнату қажет

Е) иә, өйткені Адамс-Моганьи-Стокс ұстамасы дамуы мүмкін

$$$025

2 типті қант диабетімен жапа шегетін 40 жастағы А. атты науқас әйелде 2 дәрежелі артериалды гипертензия байқалады. Қандағы глюкоза деңгейі 8 ммоль/л шамасында. Аталған жағдайда гипотензивті препараттардың қандай тобына артықшылық беру қажет?

+A) АПФ ингибиторлары

B) кальций каналдарының блокаторлары

C) β-адреноблокаторлар

D) АТ ІІ рецепторларының антагонистері

E) диуретиктер

$$$026

Ауруханадан тыс пневмония кезінде эмпирикалық терапияға қолданылатын препараттар:

А) Ципрофлоксицин, перфиксацин, офлоксацин

В) Стрептамицин және гентамицин

+С) Линкомицин және левомицетин

D) Имипенем және меропенем

E) Пенициллин, эритромицин, азитромицин

$$$027

Созылмалы обстуктивті бронхитпен ауыратын 60 жастағы науқаста ентігу мен жөтелдің күшеюі; сәл ғана сарғыш – жасыл түсті қақырықтың бөлінуіне, шағымданады. Объективті: ТАЖ – минутына 28 рет, ЖСЖ - 92 рет мин. Аускультативті өкпеде қатқыл тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар.ТШЖ- 70% төмен. Сальмутамолды күніне бірнеше рет қабылдаған.Қай препаратты тағайындаған дұрыс?

A) Гентамицин бұлшықетке

B) Кларитромицин per os

C) Сальбутамол көктамырға

+D) Тиотропия бромиді ингаляциялық

E) Сальбутамол ингаляциялық

$$$028

30 жастағы ер адам қан жұғындысы аралас диарея, ішінде ұстама тәрізді ауырсыну мен қызбаға шағым айтады. Проктосигмоскопияда шырышты қабықшаның қанталауы және борпылдақ болуы анықталды.Диагноз: бейспецификалық жаралы колит.Науқасқа мына препараттардың қайсысын тағайындау қажет?

+А) Салофальк

В) Метронидозол

С) Ванкомицин

D) Фурозолидон/

E) Смекта

$$$029

Алғашқы пайда болған стенокардияда дәрігердің әрекеті::

А)Амбулаторлы жағдайда емдеу

В)Күндізгі стационарда емдеу

С)Жоспарлы ауруханаға жатқызу

+D)Жедел ауруханаға жатқызу

Е)Ем қолданылмайды

$$$030

52 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауырcынуға, күрт әлсіздікке, лоқсуға, кейде құсуға, субфебрильді дене қызуына, жиі мұрнының қанауына шағым айтады. 1 жыл бұрын сол балтыр сүйегі сынған, ұзақ уақыт емделген,сол кезде қан құйылған. Қарап тексергенде: дене қызуы 37,40С; терісі және склерасы сарғайған, тамырлық жұлдызшалар, пальмарлы эритемасы бар. Шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 5 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалық. Билирубин 39 мкмоль/л, тікелей 11 мкмоль/л, тіке емесі 28мкмоль/л; АЛТ 2,9 мкмоль/л, АСТ 3,6 мкмоль/л. Тимол сынамасы 11 бірлік. ЭТЖ 10 мм/сағ. Лейкоциттер 9,4х109/л. Бауыр биоптатында көпір тәрізді некроз, бөліктердің және порталды жолдардың лимфоидты және макрофагальды инфильтрациясы. Қан сарысуында Hbs Аg. Сіздің клиникалық диагнозыңыз:

A) вирусты гепатит А

B) бауырдың майлы гепатозы

C) люпоидты гепатит

+D) созылмалы вирусты гепатит В

E) бауыр циррозы

$$$031

25 ж., әйел. Кеуде сарайының сол жағында қатты қысып, шаншып ауырғандық қинайды. Аусыну сезімі жұмыстағы қолайсыз жағдайдан кейін 2 сағаттан соң пайда болды. Жалпы жағдайы қанағаттандырарлық.Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары ритмді.Қ/Қ 150/90мм.сын.бағ.Валокардиннен кейін ауырсыну басылды.

Сіздің іс-әрекетіңіз?

А) емді тағайындау

В) невропатологқа жіберу

+С) электрокардиограмма түсіру

D)ауруханаға жатқызу

Е) рентген тексеруіне жіберу.

$$$032

Сiзге қабылдауға М., атты 30-жастағы науқас келдi. Анамнезiнде: кілегейлі қақырықпен болатын жөтел, дауысы қарлыққан, дене қызуы 38*С-ге дейiн жоғарылаған. Дәрiгерге (4-күн бұрын) қаралған. Тексеру кезiнде (ЖҚА, рентгенологиялық тексеру) жедел пневмония диагнозы қойылды. Пенициллинмен ем тағайындалды. Емнен әсер болмаған. Сiздiң әрекетiңiз қандай?

А) 10 күн бойы емдi жалғастыру

+В) азитромицин тағайындау

С) жедел түрде стационарға жатқызу

D) пенициллиндi алып, кефзол тағайындау

Е) сульфаниламид қосу

$$$033

15 жастағы науқас, емхана дәрігеріне көп мөлшердегі кілегейлі қақырықтың бөлінуіне, жөтел,қан қақыру, қызуының 38,2С көтерілуіне, ентікпе мен әлсіздік,жалпы дел салдыққа шағым айтады.Бала кезінен бастап ауырады. Соңғы 5 жыл бойы ауыруы өршуде. Науқас арық. Кеуде сарайы бөшке тәрізді қалыпта. Өкпесін тыңдағанда барлық бөліктерінде әр түрлі калибрлі ылғалды ысқырықты сырылдар. Қан анализінде лейкоцитоз-10000.

Қандай ауруды ең алдымен жоққа шығарады?

А) Пневмония

В) өкпенің созылмалы абцессі

+С) туберкулез

D) өкпе поликистозы.

Е) Бронхоэктатикалық ауруы

$$$034

32 жастағы науқас әйел, осыдан 2 ай бұрын пайда болған дене қызуының 39*С көтерілуіне, жүктемеден кейін ентікпеге, қалтырауына, басының ауруына шағым айтады.Қызу түсіретін дәрілерді, сульфаниламидтерді, 5 күн бойы ампициллинді қабылдаған.Қызуы 38,2, терісі бозғылт. Беті мен қолдарында бірнеше петехиальді бөрітпелері бар, пульсі 100рет мин.,қан қысымы 140/90мм.сын бағ.,жүрек тондары әлсіреген, төстің сол жағында жоғары жиілікті диастолық шу екінші тон естіледі, гепатомегалия. Дәрігердің тактикасы?:

А) емханада емдеу

+В) стационарға жолдау

С) күндізгі стационар

Д) жедел жәрдем шақырту

Е) ем жүргізілмейді

$$$035

30 жастағы ер адамда 1 ай бойы дене қызуы 38 С көтерілген.Әлсіздік пен дел салдыққа шағымданады.Емхана дәрігеріне жолыққан. Пенициллин,цефозалин қабылдаған.Әсері болмаған..Науқаста гипергидроз.Мойын лимфа түйіндері домбыққан. Тыныс алуы везикулярлы.Қан анализінде нейтрофилез,ЭТЖ 50мм/сағ.Өкпенің рентген тексерісінде өзгеріс жоқ.

Диагнозын анықтау үшін қандай тексеру қолданылады?

+А) лимфо түйінінінің биопсиясы

В)стернальді пункция

С)қанның биохимиялық анализі

Д)компьютерлік томография

Е)бронхография

$$$036

32 жастағы науқастың жағдайы күрт нашарлап басы айналып, құлағы шулап,желке жағы қатты ауырды. Қан қысымы 180/100 мм.сын.бағ.көтеріліп, ЖСС-90рет минутына болған. Бөлімшелік дәрігердің қабылдауында болды. Гипотензивті дәрілер нәтиже бермеген.Осындай жағдай 2 жыл бойы қинайды.Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Терісі қызарған, терлеген. Жүрек тондары ритмді, жиілеген. Зәр анализінде: протеинурия-0;66 г/л; лейкоцитурия. УД бүйректі тексергенде ассиметрия; екі бүйректің формасы өзгерген; көлемдері әртүрлі;оң бүйректің көлемі солі бүйрекке қарағанда 1,5см ұлғайған Кiндiк үстiнде систолалық шу табылған.

Диагнозын нақты анықтау үшiн қандай тексерудi тағайындау қажет?

А) кеуденің жалпылама рентгенографиясы

В) Нечипоренко сынамасы

+С) бүйрек артериясының ангиографиясы

D) көз түбiн зерттеу

Е) экскреторлы урография

$$$037

А.атты, 58 ж., науқас 10-15 жыл бойы II дәрежелі АГауырады. Басының ауруы мен басының айналуына; төс артындағы ауырсынуға шағым айтады.Емхана дәрігеріне қаралған. Гипотензивті дәрілерден- капотен; норваскті қабылдаған. Соңғы уақытта ентігу,төс артындағы ауырсыну; жүректің шалыс соғуы жиі қинайды. Бір жыл бұрын жүректің алдыңғы пердесінің ірі ошақты миокард инфарктісімен ауырған. Жалпы жағдайы қанағаттандырырлық. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары ритмді. А/Қ-180/100 мм.сын.бағ.

Экг-де коронарлық жетіспеушіліктің белгілері.

Дәрігердің тактикасы?

+А) стационарға жолдау

В) емханада емдеу

С) күндізгі стационар

D) жедел жәрдем шақыру

Е) үйдегі стационар

$$$038

55 жастағы әйел жүктемеге байланысты емес жүрек тұсындағы қысып ауырсынуға шағым айтып емхана дәрігеріне келді. Ауырсыну жарты сағатқа созылады; нитроглицеринмен басылады.Көп жылдар бойы аяқтарындағы веналардың варикозды кеңеюімен және АГ ауырады. Жүрек тондары ритмді, сәл тұйықталған. Қан қысымы 160/90мм.сынбағ. ЭКГ-де 12стандартты тіркемелерінде арнайы өзгерістер жоқ.

Диагнозын анықтау үшін ұсынатын диагностикалық тексерулер қандай?

А) Велоэргометрия.

В) Обзиданмен сынама

+С) Тәуліктік мониторлау

D) Коронароангиография

Е) Қанда ферменттерді анықтау

$$$039

50 ж., ер кісі кеуде сарайының сол жақ жартысында күшті жүктемеден пайда болатын ауырсынуға шағым айтып емхана дәрігеріне келді.Сол қолын қимылдағанда және терең дем алғанда ауырсыну күшейеді.Ауырғанына 1 апта болды.Жалпы жағдайы қанағаттандырарлық.Өкпесін тыңдағанда сол жағында тынысы айқын әлсіреген. Перкуссияда - тимпанит.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-03-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1101 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

2280 - | 1986 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.