+D) Бас миының оң жақ жарты шары зақымдалған және оң көру нерві
E) Бас миының қытысы зақымдалған
$$$166
Науқас 25 жаста, ағаш кесуші. Көктемде орманда жұмыс жасап жүріп, кене шағуына жол беріп, оған мән бермеген. 10 күннен кейін кенеттен бас ауруы, жүрек айнуы, құсу пайда болған. Дене қызуының 39°жоғарылауы, қалтырау, мойын аймағында ауру сезімі пайда болған. Тұмауратқан науқас ретінде амбулаторлық жағдайда ем қабылдаған. Науқастың жағдайы нашарлаған және 2—3 күннен кейін қолында және мойын бұлшықетінде әлсіздік пайда болған. Неврологиялық статусында: мойын және қол бұлшықеттерінің әлсіз салдануы.
Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс?
А) Масалық энцефалит
B) Экономо энцефалиті
+C) Кенелік энцефалит
D) Тұмаулық энцефалит
E) Шильдер лейкоэнцефалиті
$$$167
33 жастағы әйел кісі оң жақ білегіндегі күйдіретін сипаттағы ауру сезіміне, жұмыс кезінде оның күшеюіне шағымданып қаралды. Жоғарыда айтылған шағымдар 2-3 апта аралығында мазалайды. Қарап тексеруде: бұлшықет және оның беку орны ауру сезімімен, ісінуі анықталады, крепитациясы, оң иық буынының қимылы шектелген.
Қандай алдын ала қойылатын диагноз дұрыс?
А) Бүйірлі амиотрофиялық склероз
+B) Миозит
C) Миастения
D) Плексит
E) Миелит
$$$168
46 жастағы ер кісі. Соңғы 1,5 жыл бойы қолындағы ауру сезімі және парестезиялар, жалпы жүдеу, кезеңдік бас ауруы, бас айналуы, ашуланшақтығы мазалайды. Көңіл күйі кешке қарай нашарлайды. 10 жыл аралығында құрылыста бетонщик болып жұмыс жасайды. Қарау кезінде: қолындағы беткей және терең сезімталдықтың төмендеуі, сіңірлік рефлекстердің төмендеуі анықталады. Ромберг қалпында теңселу.
Қандай алдын ала қоятын диагноз ең ықтимал?
А) Миастения
+B) Вибрационды ауру
C) Паркинсонизм
D) Полинейропатия
E) Гиена-Барре синдромы
$$$169
38 жастағы әйел кісі лет, жедел ауырды, тұмаудан кейін сол төменгі жақ аймағындағы ауру сезімі пайда болды, ұстама тәрізді сипатта, ұзақтығы 2-3 сек. Ұстамалар сөйлеу кезінде, түшкіргенде, шайнау және жуынғанда күшейеді.
Неврологиялық статусында: ауру сезімі оң жақты V нервтің III бұтағының шығу нүктесінде, курковая зона сол жақты ауыз бұрышында. Басқа неврологиялық симптоматика жоқ. Көз түбі патологиясыз. Бас миының МРТ патологиясыз.
Қандай препарат тағайындау ең ықтимал?
A) Циклодол
B) Клоназепам
+C) Финлепсин
D) Глицин
E) Фенозепам
$$$170
42 жастағы әйел кісі, жедел ауырды, суықтанудан кейін беті қисайған, оң көзін жұму мүмкін емес, оң жақ құлақ артындағы аймақта ауру сезімі пайда болған.
Неврологиялық статусында: оң жақ маңдай қатпары тегістелген, лагофтальм, Белла симптомы, оң көзінен жас ағу, оң жақ бетінің жартысында қимыл шектелген (маңдай, қас, жақтары),оң ауыз бұрышы түскен, ауыз ақсайту кезінде оң ауыз бұрышы қимылсыз.
Қандай препарат тағайындау бірінші кезекте?
A) Антибиотиктер
+B) Кортикостероидтар
C) Тамырлық
D) Вирусқа қарсы
E) Диуретиктер
$$$171
25 жастағы ер кісі. Өткерген отиттан кйін, беті қисайған, сол жақ құлақ арты аймағында ауру сезімі пайда болған. Ертеде ештеңемен ауырмаған.
Неврологиялық статусында: сол жақ маңдай қатпары тегістелген, көз қатпары S>D, сол жақ ауыз бұрышы түскен, аузын ақсайту кезінде ауыз бұрышы қимылсыз, сол көзінен жас ағады. Басқа неврологиялық симптоматика анықталмады.
Лайықты емді тағайындаңыз.
Қандай препарат тағайындау лайықты?
А) Финлепсин
В) Пирацетам
С) Маннитол
+D) Дексаметазон
Е) Мексидол
$$$172
27 жастағы ер кісі, клиникаға сол бетінің жартысының ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданып түсті. Ауру сезімі кенеттен, күйдіретін, ұстаманың ұзақтыңы бірнеше секундтан минутқа дейін. Ауру сезімі сол жақ жоғарғы ерін аймаңынан басталады, шайнаумен, жуынғанда, қырынғанда күшейеді. Ауру сезімі гиперемиямен, сол жақты жас ағумен жүреді.
Қандай препарат тағайындау бірінші кезекте?
А) Актовегин
+В) Карбамазепин
С) Тиамин
D) Церебролизин
Е) Милдронат
$$$173
56 жастағы ер кісі, кенеттен эмоциональды жүктемеден кейін оң аяқ қолындағы әлсіздікті және жансыздануды, сөйлеудің қиындауын сезінді. Көп жылдар бойы артериальды қысымның жоғарғы сандарымен жүретін гипертониялық аурумен ауырады.
Неврологиялық статусында: моторлы афазия элементтері, оң жақты мұрын ерін қатпары тегістелген, тілі оң жаққа қисайған, жеңіл оң жақты гемипарез. Барлық көрсетілген белгілер үш сағаттың ішінде шешілген.
Қандай тактика жүргізу дұрыс?
А) Жоспарлы түрде стационарға госпитализация
+В) Шұғыл түрде стационарға госпитализация
C) Амбулаторлы жағдайда ем алу
D) Хирургиялық ем
Е) Жоспарлы түрде поликлиникаға қаралу
$$$174
57 жастағы ер кісі ертеңгісін кенеттен артериальды қысымның 150/100 мм рт.ст. жоғарылау фонында пайда болған қатты бас ауруына, құсуға, оң аяқ қолының жансыздануынажәне ілсіздігіне, сөйлеудің бұзылуына шағымданады. Объективті АҚ- 200/115 мм рт. ст., пульс – минутына 94 соққы. Шүйде бұлшықеттерінің ригидтілігі 3 көлденең саусақпен, Керниг және Брудзинский симптомдары екі жақты. Бет және оң жақты тіл мимикалық бұлшықеттерінің орталық салдануы, тонусы мен рефлекстердің жоғарылауымен оң жақты гемиплегия және гемигипестезия.
Қандай препарат тағайындау ең лайықты?
A) +Сульфат магния
B) Гепарин
C) Аспирин
D) Теофиллин
E) Пентоксифиллин
$$$175
33 жастағы ер кісі, қатты бас ауруына, бас айналуы шағымдарымен жеткізілді. Қарау кезінде: шүйде бұлышқеттірінің ригидтілігі, Керниг симптомы, жалып интоксикация көріністері, қандағы Вассерман реакциясы оң, ликворда лимфоцитарлы плеоцитоз.
Бұл жағдайда қандай емдік тактика ең лайықты?
А) Преднизолон
В) Изониазид
С) Грамицидин
+D) Пенициллин
E) Тетрациклин
$$$176
40 жастағы әйел кісі, кенеттен ауырды, өткерген тонзиллиттан кейін, толқын тәрізді қызба, петехиальды бөртпе, мұрнынан қан ағу, жалпы улану көріністері, буындарындағы ауру сезімі мазалаған. Неврологиялық статусында: есінде, сұрақтарға әлсіз жауап береді. Горизонтальды нистагм. Бұлшықет тонусы төмендеген. Гипергидроз түріндегі айқын вегетативті бұзылыстар, аяқ қолдың акроцианозы. Райт-Хеддельсон реакциясы оң нәтижелі.
Қандай препарат тағайындаған бірінші ретті болып табылады?
А) Преднизолон
+В) Рифампици
С) Изониазид
D) Маннитол
E) Тиамин
$$$177
34 жасар ер кісі, дене қызуының 37,5° градусқа жоғарылауымен, айқын бас ауруына, бас айналуына, тәбетінің төмендеуі, ұйқысының бұзылуына шағымданып қаралды. Симптомдар 2 апта ағымында пайда болды және біртіндеп күшейді. Неврологиялық статусында: сол жақты айқаспалы қылилық, сол жаққа қарағандағы диплопия, шүйде бұлшықетінің ригидтілігі 3см, Керниг симптомы 120°градуспен, аяқ қолдың салданулары жоқ.
Осы жағдайда қандай емдік тактика ең лайықты?
А) Терапевтикалық бөлімшеге жатқызу
В) Пульмонологиялық бөлімшеге жатқызу
+С) Арнайы емдік мекемеге жатқызу
D) Емді амбулаторлы жүргізу
Е) Инфекционды ауруханаға жатқызу
$$$178
43 жастағы ер кісіде, толық дені сау фонда дене қызуының 38° градусқа жоғарылауы, бас ауруы және құсу, көз алмасында ауру сезімі пайда болды.
Неврологиялық статусында: қарашықтары D=S, Манн-Гуревич симптомы оң, шүйде бұлшықетінің ригидтілігі 2 см, Керниг симптомы 120°градуспен, ошақты неврологиялық симптоматика анықталмады.
Қандай терапия тағайындау бірінші кезекте болып табылады?
+А) Вирусқа қарсы терапия
В) Дегидратационды терапия
С) Гипотензивті терапия
D) Антибактериальды теапия
E) Антигистаминдітерапия
$$$179
33 жастағы ер кісі жұмысқа барар жолда, жығылып, құлады, желкесімен бордюрға басын соғып алды. Есін бірнеше секундқа жоғалтқан, өздігінен тұрып, жұмысқа жеткен, жұмысында бір сағаттан кейін қатты бас ауруы, бас айналуы және жүрек айнуы пайда болған. Медпунктке қаралды. Қарау кезінде: жұмсақ тіндердің жарақаттары жоқ. Пульсі ритмді, мин 82 соққы., АҚ—110/70 мм.рт.ст. Есі анық. Өзін ұстауы дұрыс. Есте сақтауы сақталған. Менингеальды және ошақты неврологиялық симптомдар жоқ. Қандай диагностикалық әдіс бірінші ретте тағайындалады?
А) Люмбальды пункция
В) Ульразвуковая доплерография
+С) Компьютерная томография
D) Допплерография
Е) Реоэнцефалография
$$$180
22 жастағы әйел, емхана дәрігеріне ауыруының 3 ші күні ауызының құрғауына, заттардың екі еселеніп көрінуіне, көру қабілетінің нашарлауына, жутынудың қиындауына, қақалуына, жалпы әлсіздікке шағымданып келді. 3 күн бұрын қонақта салат, кәуап, үйде жасалған консервіленген шұжық жеген. Келесі күні әлсіздік, ауызының құрғауы, эпигастрии аймағында ауырсыну, 2 рет құсу болған. Көз алдында “тор”, заттардың екі еселеніп көрінуі, жұтынудың қиындауы, даусының қарлығуы пайда болғанын байқаған. Қарап тексергенде: есі анық, екі қабақта птоз, мидриаз. Сұйық тағамды жұтуы қиындаған, тамағында жайсыздық сезінеді.
Ең ықтимал диагноз?
+А) Ботулизм
B) Мидың ісігі
C) Гипертониялық криз
D) Тағамдық токсикоинфекция
E) Ми қан айналымының жедел бұзылысы
$$$181
28 жастағы ер адам, ауруының 2-ші күні терапевт дәрігеріне қаралған. Шағымдары: іштің толғақ тәрізді ауруы, жүрек айну, бастың ауруы, тәулігіне 10 рет сүйық нәжіс болуына, тенезмдер, жалған шақырулар. Қараптексергенде: дене қызуы - 38,0°С, АҚҚ 90/60 мм с.бағ, пульс -110 рет/мин. Іштің пальпациясы кезінде: іштің сол жақ мықын бөлігінде ауырсыну, сигма тәрізді ішектің спазмы байқалады. Үлкен дәретішырышпен қан аралас, нәжізсіз. ЖҚА: эр.-4,0х1012 /л, НЬ -145 г/л, лейк.-11,4x109/л, э – 1%, п– 6%, с – 75%, л – 18%, м - 5. ЭТЖ – 17мм/с.
Қай диагноз ең ықтимал болады?
A) Тырысқақ
B) Салмонеллез
+C) Жедел дизентерия
D) Тағамдық токсикоинфекция
E) Жедел гастроэнтероколит
$$$182
Жасөспірім 17 жаста учаскелік терапевтке ауыруының 5-ші күні мынандай шағымдармен келген: тамақтың ауруына, жұтыну кезінде күшейуіне, бас ауру, жүрек айну, айқын әлсіздік, буындардағы ауыру сезіміне, зәрінің қоңыр түсті болып өзгеруіне. Қарап тексергенде: дене қызуы 38,5° С. Тері жабындылары, склерасы сарғыштанған, мойын˗жақ астық лимфа түйіндері пальпацияланады, аңқасы – қызарып, бадамша бездері ұлғайған, лакуналары іріңді жабындымен жабылған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға астының ауру сезімі, бауыр қабырға доғасынан 2,0-2,5см шыққан, консистенциясы тығыз.
Төменде көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал болады?
A) Листериоз
B) Иерсиниоз
C) Лептоспироз
D) Вирусный гепатит
+E) Жұқпалы мононуклеоз
$$$183
17 жастағы жасөспірім емханадағы дәрігер-инфекционистке қаралды. Әлсіздікке, дене температурасының жоғарлауына, тәбеттің төмендеуіне, құсуға шағымданады. Бүгін, ауыруының 8 күнінде терісіндегі және склерасындағы сарғаюды байқаған, жалпы жағдайы жақсарып, тәбеті ашылған. Жағдайы қанағаттанарлық. Тері жабындылары және көзге көрінетін шырышты қабаттары аздап сарғайған. Іші жұмсақ, оң жақ қабырға асты ауру сезімді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 2,0 см-ге төмен анықталады. Зәр түсі қоңыр, нәжісі түссізденген. Қанның биохимиялық анализі: АЛТ - 460 ммоль/л, АСТ - 254 ммоль/л, жалпы билирубин - 65.0 ммоль/л, тікелей - 52 ммоль/л. ИФА: a-HAVIgМ оң. Амбулаторлық ем тағайындалған.
Қандай ем шарасы базистік терапия құрамына кіреді?
A) Серотерапия
B) Антибиотикотерапия
C) Вирусқа қарсы терапия
+D) Оральді дезинтоксикация
E) Өт айдайтын препараттарды қабылдау
$$$184
Ер адам бірнеше жылдан бері емханада «Созылмалы вирусты гепатит С» диагнозымен есепте тұрады.
Қандай синдром созылмалы HСV-инфекциясының бауырдан тыс көріністеріне жатады?
A) Калькулезді холецистит
B) Криглер-Найяр синдромы
+C) Аутоиммунды тиреоидит
D) Өкпе туберкулезі
E) Өт шығу жолдары дискинезиясы
$$$185
35 жастағы ер адам, бастың қатты ауыруына, дене қызуының жоғарылауына, ұйқының бұзылуына, тәбеттің жоғалуына шағымданып учәсткелік дәрігерді үйіне шақыртты. Анамнезде: ауру бір апта бұрын әлсіздік, субфебрильді қызба, бас ауруының біртіндеп өршуінен басталған. Кеше дене қызуы 39,0-40,0ғС-қа дейін жоғарылап, 3 рет іші өткен. Қарап тексергенде: әлсіз, тежелген. Тері жабындылары бозғылт, іш аймағында – бірең-сараң қызғылт түсті бөртпе элементтері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Жүрек тондары бәсеңдеген. Пульсі – 78 рет/мин. ҚҚ 110/70 мм с.б. Тілі құрғақ, сұр-қоңыр жабындымен жабылған. Іші кепкен.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
A) Ку-қызбасы
+B) Іш сүзегі
D) Кенелік бөртпе сүзегі
E) Эпидемиялық бөртпе сүзегі
D) Солтүстік Азияның кенелік сүзегі
$$$186
32 жастағы ер адам Ақбұлақ ауылындағы амбулатория дәрігеріне қаралған. Шағымдары: дене қызуының 39ғС-қа жоғарылауы, ірі буындарының ауыру сезімі, тершеңдік. Анамнезде: Бір ай бойы ауырады – кейде ыстық сезінген (температурасын өлшемеген), айқын тершеңдік мазалаған. Сүт фермасында жүргізуші болып жұмыс істейді. Қарап тексергенде: тері жабындылары ылғалды, қолтық асты, шап лимфа түйіндері үлкейген. Бауырының төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Буындары өзгермеген. Гиперемия мен жергілікті ыстық жоқ.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
A) Безгек
+B) Бруцеллез
C) Иерсиниоз
D) Іш сүзегі
E) Ку-қызбасы
$$$187
20 жастағы ер адам, 25-ші маусымда емханаға айқын қалтыраудан басталатын және тершеңдікпен аяқталатын, дене қызуының ұстама тәрізді 39-40ғС-қа дейін жоғарылауына шағымданып келген. Дәрігерге келген күні науқастың дене қызуы – 36,9ғС. Тері жабындылары бозғылт, маса шағуының іздері көрінеді. Бауырдың төменгі шекарасы қабырға доғасынан 1,5 см-ге төмен анықталады. Анамнезінде: қазіргі кезде жұмыс істемейді. Бір ай бұрын Ауғанстанда ұлтаралық парызын орындағын әскери бөлімінен оралған.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
A) Грипп
+B) Безгек
C) Лептоспироз
D) Ку-қызбасы
E) Кенелік бөртпе сүзегі
$$$188
23 жастағы ер адам емханаға әлсіздікке, дене салмағының төмендеуіне, 20 күн бойы дене қызуының 37,3°С-қа дейін жоғарылауына шағымданып келді. Қарап тексергенде: ауыз қуысында кандидоз, полилимфаденопатия. Анамнезінен: соңғы жылдары пневмониямен, белдемелі герпеспен ауырған. Бір жыл бұрын жыныстық жолдасын өгерткен, пассивті гомосексуалист. Дәрігер науқаста АИВ-инфекциясы бар екеніне күдіктенді.
Науқаста аурудың қандай клиникалық сатын болжамдайсын (ДДҰ жіктелуі бойынша):
A) I (бірінші)
B) II (екінші)
+C) III (үшінші)
D) IV (төртінші)
E) Терминальді
$$$189
42 жастағы ер адам, Маңғыстау облысының тұрғыны. Дәрігерді үйіне мынандай шағымдармен шақыртты. Дене қызуының 39°-40°С-қа жоғарылауы, қалтырау, бүкіл денесінің қақсап ауруы, қатты бастың ауруы, оң жақ кеудесінің ауруына, құрғақ жөтел мазалайтындығын айтты. Ауру жедел, кеше кешкісін басталған. 3-күн бұрын түйе союға қатысып, қолын жарақаттап алған. Қарап тексергенде: науқастың жағдайы ауыр. Тыныс алу жиілігі минутына – 30 рет. Пульсі – 140 рет/мин., АҚҚ-90/60 мм с.б. Өкпесінің оң жағында жайылған құрғақ сырылдар. Гемограммада: лейкоциттер –32 х109/л, т/я нейтроф.-14%, с/т нейтроф – 82%, лимф. – 2%, мон. -2%. Күні бойы кіші дәретке бармаған.
Қай диагноз ең ықтимал болып табылады?
+A) Оба
B)Грипп
C)Бруцеллез
D)Пастереллез
E)Ку-қызбасы
$$$190
Суретте көрсетілген біріншілік терілік аффект қай жұқпалы ауруға тән?
A) Оба
B)Листериоз
C)Туляремия
D)Пастереллез
+E)Сібір жарасы
$$$191
36 жастағы ер адам тоқтаусыз құсу, іштің өтуі, шөлдеу шағымдарымен үйіне емханадан дәрігер шақырған. Қарап тексергенде: дене қызуы – 36,0°С, әлсіз. АҚҚ – 80/60 мм с.б. тамыр соғысы минутына – 105 рет. Даусы қарлыққан. Тері тургоры төмендеген. Іші кіріңкі, ауырмайды. Үлкен дәреті сұйық, күріш қайнатпасы тәрізді, иіссіз.
Науқаста қандай асқыну дамуы ықтимал?
+A) Гиповолемиялық шок
B) Ішек өтімсіздігі
C) Инфекциялық-токсикалық шок
D) Бүйректің жедел жетіспеушілігі
E) Мезентериальді тамырлардың тромбозы
$$$192
44 жастағы әйел ауруының 4-ші күні терапевтке келесі шағымдармен келді: ауызының құрғауына, көру қабілетінің нашарлауына, тыныс алудың қиындауына. 4 күн бұрын қонақта бұқтырылған саңырауқұлақ жеген. Қарап тексергенде: есі анық, екі жақты птоз, мидриаз, страбизм. Дауысы қарлыққан. Жүрек тондары бәсеңдеген, пульс -118 рет/мин, ҚҚ- 90/60мм с.б. Өкпеде - төменгі бөлігінде тыныс әлсіреген, бірең-сараң майда көпіршікті сырылдар естіледі. Іші аздап желденген, ішек перистальтикасы әлсіреген.
Қандай ем ең әсерлі болып табылады?
A) Пробиотиктер
+B)Серотерапия
C) Симптоматикалық терапия
D) Антибактериальді терапия
E) Дезинтоксикациалық терапия
$$$193
25 жастағы ер адам емханаға дәрігер қаралуына келді. Ауырғанына 5 күн болған, дене қызуы 39о C˗ға дейін көтеріліп, бастың маңдай аймағының, параорбитальді аймақта, тамағының ауру сезімі, мұрынның бітелуі, буындары мен бұлшықеттері сырқырауы мазалаған. Қарап тексергенде: беті ісініп, қызарған, склераның қан тамырлары инъекцияланған, құрғақ жөтел, ентігу, тахикардия байқалады. Өкпенің төменгі бөлігінде тынысы әлсіреген, құрғақ сырылдар естіледі. Жүректің соғу жиілігі минутына -92 рет, тыныс алу жиілігі-24 рет, АҚҚ-100/60 мм с.б. Гемограммада: лейкоциттер- 13,5х 109 /л, Hb -120 г/л, эритр.-3,38х 1012/л, тром.-225х109/л, т/я-6%, с/я-76%, мон.-8%, лимф-10%, ЭТЖ-15 мм/с.
Науқаста қандай асқыну дамыған болуы мүмкін?
А) Өкпенің ісінуі
+B) Пневмония
C) Жедел бронхит
D) Жүрек жеткіліксіздігі
E) Тыныс алу жеткіліксіздігі
$$$194
50 - жастағы ер адам емханаға дәрігер қаралуына келді. 3 күн аралығында қалтырау, бастың ауруы, сол жақ балтыр мен табанның ісінуі, қызару және ауру сезімі анықталды. 40 жасында бет тілмесімен ауырған. Қарап тексергенде: дене қызуы 39,6°С-қа жоғарлаған, пульсі 130 рет/мин., АҚҚ 110/70 мм с.б. Сол жақ балтыр мен табан аймағында шекарасы айқын, тері жабындысы қызарған, сыртқы және артқы бөлігінде бірнеше бір-бірімен қосылған ішінде сарғыш және қоңыр түсті сұйықтығы бар көпіршіктер айқындалады.
Төмендегі диагноздардың қайсысы ең ықтимал болуы мүмкін?
A) Біріншілік тілме, эритематозды-буллезды түрі
B) Қайталамалы тілме, эритематозды-буллезды түрі
C) Біріншілік тілме, буллезды-геморрагиялық түрі
+D) Қайталамалы тілме, буллезды-геморрагиялық түрі
E) Рецидивтелген тілме, эритематозды-буллезді түрі
$$$195
26 жастағы әйел емханаға дәрігерге қаралуға келді. Жүктілігі 20-21 апта, акушерлік анамнезі күрделі (2-рет жүктілігі өздігінен үзілген). Кольпит, сукөптілік анықталуда. ЖҚА – нормоцитоз. Қынаптан алынған жағындыда – лейкоциттер саны 15-16 к\а. ИФА - листериозді а\г IgG оң. ТГАР – листериозға қарсы антиденелер титрі 1:100. Қынаптан алынған шырышты бактериологиялық тәсілмен зерттегенде – L.monocytogenes бөлінген. Дәрігер листериоз деген диагнозды қойған.
Диагноз қоюға ықпал еткен ең негізгі мәліметтер қандай?
A) Акушерлік анамнез мәліметтері
B) ИФА листериозді а\г IgG оң болуы
+C) L.monocytogenes қынап шырышынан анықтау
D) Қынап жағындысында қабынуға тән өзгерістердін болуы
E) ТГАР листериозға қарсы антиденелер титрінің 1:100 болуы
$$$196
32 жастағы әйел, ауырғанына 8 күн болғанда емханадағы дәрігерге келіп қаралды. Ең бірінші күнінен бастап әлсіздік, тәбетінің төмендеуі, дене қызуының 38-38,5°С-қа дейін көтерілуі мазалаған, тамағы ауырып, іші өткен. Келесі күні склерасы сарғайып, зәрі қоюланған. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,5°С. Барлық топтағы лимфа түйіндері бүршақ тәрізді болып қолға білінеді. Ауызжұтқыншақта – жұтқыншақтың артқы қабырғасы қызарған, бадамша бездері ұлғаймаған, жабындылары жоқ. Денесінің терісінде дақты-папулезді бөртпе анықталады. Бауыры қабырға доғасынан 1,5-2 см, төмен пальпацияланады, пальпациялағанда аздап ауырсыну сезімі анықталады.
Қандай диагноз ең ықтимал болып табылады:
+A) Иерсиниоз
B) Лептоспироз
C) Жедел вирусты гепатит
D) Инфекциялық мононуклеоз
E) Созылмалы вирусты гепатит
$$$197
15 жастағы мектеп оқушысы, ауырғанына 5 күн болғанда емханаға келді. Дене қызуының 38.80С дейін көтерілуіне, тамағының аздап ауруына шағымданады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, склерасы субиктериялық, мойынарты лимфа түйіндері пальпация кезінде ауыру сезімі байқалады. Науқаста гепатоспленомегалия, ангина анықталады. ЖҚА аздаған лейкоцитоз, нейтропения, моноцитоз, лимфоцитоз, атипті мононуклеарлар, СОЭ 10 мм/сағ.