Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Аз.тарихы пәні: мақсаты мен міндеттері, кезеңдері, деектері мен тарихнамасы




«Қазақстан тарихы» пәнінің мақсаты – оқушыларының дүниетанымының негізі болатын тарихи сананы, тарихи білімді құрметтеу мен сыйлау сезімін қалыптастыру.
Оқу пәні бойынша төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру көзделеді:
• оқушылардың дүниеге ғылыми көзқарасын қалыптастыру; оларға адамзат жинаған әлеуметтік, рухани, адамгершілік тәжірибесін меңгерту;
• оқушылардың басты назарын қоғам тарихына; адамдардың өмір тіршілігі мен қызметіне, салт-дәстүр тарихына аудару, тарихи оқиғаларды, құбылыстарды талдай отырып, олардың біртұтас тарихи қозғалысқа жататынын түсінуге көмектесу;
• гуманизм мен адам құқықтарын құрметтеудің озық дәстүрлерін меңгерген құнды бағдарланған жеке тұлғаны тәрбиелеу;
• оқушыларда тарихты оқып-үйренудегі көпөлшемділігі және тарихи процестің дамуының баламалы екендігі туралы түсінік қалыптастыру;
• оқушылардың тарихи білімді шығармашылықпен қолдану, тарихи деректермен жұмыс істеу, тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырамалы талдау негізінде ой елегінен өткізе білу дағдыларын қалыптастыру;
• Отаны мен халқы алдындағы жаупкершілігін сезінетін жас ұрпақтың азаматтық ұстанымын қалыптастыру.
Қазақстан тарихы пәнін оқытудағы ең бастысы оқушылардың назарын келесі мәселелерге аудару:
1. Қазақ халқының тарихын ежелгі дәуірден қазіргі кезеңге дейін зерттеу;
2. Көшпелі дүние жүйесіндегі қазақ халқының рөлін ашу және оның әлемдегі өркениетке қосқан үлесін көрсету;
3. Бүкіл адамзат тарихы дамуында қазақ этносының, тұрмысының, шаруашылығы мен әлеуметтік-саяси қондырғысының қалыптасу процесіне зер салу;
4. Түрлі әлеуметтік топтардың қазақ қоғамындағы орны мен рөлін анықтау.
Тарих тарихи тұрғыдан ойлай білуді қалыптастырады, азаматтық ұстанымды шыңдай түседі, ұлттық мақтаныш пен патриоттық сезімге тәрбиелейді.
Өткенімізді біле отырып, қазіргі кезеңді оңай меңгереміз, болашақты айқындай аламыз.
Қазақстан тарихы пәнінің негізгі мақсаттары мынадай:
- тарихи дәуірлерге талдау жасау;
- этностық тарихқа талдау жасау;
- түрлі тарихи кезеңдердегі әлеуметтік ұйымдарды зерттеу;
- түрлі тарихи кезеңдердегі мәдениетті зерттеу.
Қазақстан тарихын кезеңдерге бөлу әлі де тиянақты және дәлелді түрде іске асқан жоқ. Ол мәселе болашақта тарихтың сүбелі кезеңдері монографиялық тұрғыдан зерттеліп, жеке құбылыстарға ғылыми баға берілгенде шешілмек.
Бүгінгі таңда Қазақстан тарихы 3 кезеңге бөліп қарастырылады:
I кезең- көне дәуір. Оның шекарасы 2,5 млн жылдан бастап б.з V ғасырға дейін, яғни адамзат жаратылысынан бастап Рим империясының құлауы, ғұндар бастаған ұлы қоныс аударумен қатар сәйкесті;
II кезең - орта ғасырлар. Оның шекарасы ұлы қоныс аударудан бастап Еуропада капитализмнің дамуы,қазақ жерінде Қазақ хандығының пайда болуымен аяқталады;
III кезең -қазақ мемлекетінің құрылуынан қазіргі күндерге дейінгі уақытты қамтиды.
Сонымен тәуелсіз Қазақстан тарихы осындай 3 ірі кезеңдерден тұрады.
Қазақстан тарихының көне кезеңдерін жете түсінуге археологиялық және этнографиялық зерттеулердің берері мол. Тас, қола, ерте көшпелілер мен орта ғасыр мемлекеттері біздің археологиялық экспедициямыздың тарапынан жақсы зерттелмек. Қазақ қоғамына, Қазақ тарихына жан-жақты баға берген алғашқы ғылыми зерттеулер XIX ғасырдың 20-жылдарынан басталады. Ғылыми тарихнаманы таразылағанда зерттеулер Қазақстанды Ресей отары етіп, негізінен этникалық мәселелерден гөрі, шаруашылық, қоғамдық дәстүрлерге көңіл бөледі. Одақ заманында ғалымдардың көпшілігі таптық-метоталогиялық ықпалында өз зерттеулерін, қашанда әлеуметтік қайшылықтармен байланысты қоғамдық зерттеуде үстірт пайымдауларға жол берді.
Қазіргі таңда Қазақстан тарихы ғылымы ақтандақ проблемаларды зерттеумен қатар, бұрын тиым салынып салынып келген тарихи әдебиеттермен айналысып жатыр.
Жалпы ғылыми тарихнама қашанда метоталогиямен тығыз байланысты. Бірінің жағын екіншісі түгендеп отырады.
XIX ғасырдың екінші жартысында қазақ даласындағы көненің көздері Археологиялық комиссияның, Тарих мұражайының, Мәскеу археологиялық қоғамы мен Ресейдің басқа да орталық ғылыми мекемелерінің назарын аудара бастады. Сырдария және Жетісу облыстары құрамында Түркістан генерал-губернаторлығының құрылуына байланысты жаңа өлкеге, соның ішінде оның өткендегісіне ден қою күшейе түседі.
Сарыарқаның ежелгі ескерткіштерін және әсіресе ертедегі кен ісі мен мыс балқыту өндірісін зерттеуде Қ.И.Сәтбаев маңызды рөл атқарды. Осы жылдары Қазақстан ғылыми мекемелерінің қызметі жандана түседі.
Қазақстанның Орталық музейі ескерткіштерді тіркеу, кездейсоқ табылған олжалардың есебін алу ісін және шағын қазба жұмыстарын жүзеге асырады. Баспасөзде Көксу өзеніндегі қаланың орны туралы және Жетісудағы ескерткіштер туралымақалалар шығады. 30-жылдардағы археологиялық жұмыстарда Жетісу мен Қазақстанның оңтүстігіндегі экспедициялық зерттеулер жетекші орындардың бірін алады, оларды А.Н.Бернштамның басшылығымен Ғылым академиясының Қазақ филиалымен бірлесе отырып, КСРО ҒА-ның Материалдық мәдениет тарихы институты ұйымдастырған еді.
Қандайда тарих болмасын дерексіз жазылмайтыны ақиқат. Қай елдің тарихын алып қарасақ та, ғылыми сипаттау немесе зерттеу жүйесі дәлелді деген деректі жинақтайды. Сол сияқты Қазақстан тарихын зерттеуде осы оңтайлы дәстүрден шығуға болмайды. Төл тарихымызды зерттеу барысында бірнеше түрлі қайнар көзге сүйенген жөн.Алдымен қазақи деректер. Олардың ішінде шежіренің орны бөлек, сонымен бірге мыңдаған, жүздеген жылдарға
шыдаған аңыздар мен батырлар жырлары, қиял-ғажайып, тарихи жырлар мен толғаулардың тарихты түсінуге қосар үлесі зор.
Қазақстан тарихын түсінемін деген адамға көшпелілердің әдет-ғұрыптарына, заңдарына көңіл бөлудің аса қажеттілігі бар. Екіншіден әр түрлі архивтерде, соның ішінде Ресей, Қытай, Орта Азия Қазақстан мемлекетінің құжат қорларынан табылып, осы күнгі жинақтарда жарияланған немесе сақталған құнды деректер. Жазу мәдениеті пайда болғаннан бастап, Орта Азия өлкесін мекендеген көшпелі тайпалардың тұрмыс-тіршілігі хатқа түсе бастаған, тек соларды зерттеу мен ұтымды пайдалана білу керек.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 881 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

2299 - | 1987 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.