Дипломдық жұмыс (жоба) компьютер мен принтер арқылы А4 қағазының бір жақ бетінде бір интервал арқылы басылып шығарылады. Қаріп – Times New Roman, қалыпты, 14 кегль.
Терминдер, формулалар, теоремаларға көңіл аудару мақсатымен әртүрлі қаріптерді қолдану арқылы компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалануға рұқсат беріледі.Дипломдық жұмысты (жобаны) басып шығару әдісіне қарамастан жазылған мәтіннің, иллюстрациялардың, кестелердің, суреттердің сапасы олардың анық жазылуына қойылатын талаптарға сәйкес келу керек.Дипломдық жұмыстың (жобаның) жазылу барысында кеткен қателіктер,жаңылыстар және графикалық дәлсіздіктерді тазалап немесе ақ түсті бояумен бояп, машиналық немесе жазбаша әдіспен (қара сиямен) түзетілген мәтінді қайта жазуға болады.
Фамилиялар, мекемелердің, ұйымдардың, фирмалардың, өнімдердің аттары және т.б. жалқы есімдер өз тілінде жазылу керек. Жалқы есімдер мен ұйымдардың атын транслитерация арқылы дипломдық жұмыс (жоба) тілінде келтіруге рұқсат етіледі.Дипломдық жұмыс (жоба) құрылымдық элементтерінің атаулары: «Мазмұны»,«Нормативтік сілтемелер», «Анықтамалар», «Белгілеулер мен қысқартулар», «Кіріспе»,«Қорытынды», «Пайдаланылған әдебиеттер тізімі» осы элементтердің аты болып көрсетіледі.
Дипломдық жұмыс (жоба) тараулар мен бөлімдерге бөлінеді.Әрбір тарау мен бөлім толық қарастырылған бір ақпаратты қамтиді. Барлық тараудың аттары жалпы дипломдық жұмыс (жобаның) тақырыбын, ал бөлімдердің аты сәйкес тараудың тақырыбын ашып көрсету керек. Тараулар мен бөлімдердің аттары қысқа әрі нақты түрде олардың мазмұнын көрсету керек.Тараулар мен бөлімдердің аттарын абзацтан және бас әріптен бастап жазу керек. Егер атау екі сөйлемнен тұрса, онда оларды нүктемен бөледі. Дипломдық жұмыстың (жобаның) беттерін араб цифрларымен номерлеу керек. Беттер санын төменгі жақтың ортасына нүктесіз орналастыру керек.Титул парағы жалпы номерлеуге кіреді. Титулдық бетте бет санын көрсетпейді.Басқа беттерде жеке орналасқан иллюстрациялар мен кестелерді дипломдық жұмыстың (жобаның) жалпы номерлеуіне қосады. А3 форматында жасалған иллюстрациялар мен кестелерді бір бет деп есептейді.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) тарауларының реттік номерлері болуы керек және араб цифрларымен нүктесіз белгіленіп, абзацтан басталуы керек. Әр тараудың шеңберіндегі бөлімдер де номерленуі тиіс. Бөлімдердің номерлері нүкте арқылы бөлінген тарау мен бөлімдердің номерілерінен тұрады. Бөлімнің номерінен кейін нүкте қойылмайды. Тараулар екі немесе одан да көп бөлімдерден тұрады.
Дипломдық жұмыстың (жобаның) әр тарауын жаңа беттен бастау керек. Бір
тараудың ішіндегі екі бөлімді бір-бірінен бөлу үшін мәтіннен кейін екі бос жол тастайды.
Дипломдық жұмыстбеттері мен қосымшалары тура номерленуі керек. Иллюстрацияларды дипломдық жұмыста алғашқы рет айтылған мәтініннен кейін немес келесі бетте орналасу керек. Иллюстрациялар, оның ішінде түрлі түстісуреттер, компьютермен жасалуы мүмкін. Дипломдық жұмыста (жобада) барлық иллюстрацияларға сілтеме берілуі керек. Дипломдық жұмыста (жобада) көрсетілген сызбалар,графиктер, диаграммлар, схемалар, иллюстрациялар Конструкторлық құжаттамалардыңбірынғай жүйесінің мемлекеттік стандартына сай келуі керек. Қосымшадағыдан басқа суреттерді араб цифрларымен тура номерлеу керек. Пайдаланылған әдебиеттерге жасалатын сілтемелерді төртбұрышты жақшада келтіру керек.
Әдебиет көздері бойынша мәліметтерді олардың дипломдық жұмыста (жобада)
кездесу реті бойынша араб цифрларымен нүктесіз номерлеп, абзацтан бастап жазу керек.Қосымшаларды дипломдық жұмыстың (жобаның) жалғасы ретінде соңғы беттерде рәсімдейді. Әр қосымшаны жаңа беттен бастап, беттің жоғарғы жағының ортасына «Қосымша» сөзі мен белгілеуін жазады. Қосымшаның атауы болуы керек, оны мәтінге қатысты симметриялық орналастырып, жеке жолға бас әріппен жазады.Егер дипломдық жұмысқа (жобаға) бір қосымша берілсе, оны белгілемеуге болады.Қосымшалар орналасқан беттердің номерленуі дипломдық жұмыс (жоба) беттерінің
номерлерін жалғастырады.