Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен» пәні бойынша ОҚТЕ өткізу үшін қажетті




ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК ФАРМАЦЕВТИКАЛЫҚ АКАДЕМИЯСЫ

 

«Гигиена -1 және эпидемиология» кафедрасы

 

Объективті құрылымды тәжірибелік емтихан технологиясы бойынша дағдыларды меңгеруге аттестацияға арналған әдістемелік нұсқау

 

 

Мамандығы: 5В110400 «Медициналық-профилактикалық іс»

 

 

Пән: Эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен

 

Курс: 5

 

Шымкент 2016 ж.

 

«Объективті құрылымды тәжірибелік емтихан технологиясы бойынша дағдыларды меңгеруге аттестацияға арналған әдістемелік нұсқау» және 5 курс «Медициналық-профилактикалық іс» мамандығына «Эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен» пәні бойынша типтік бағдарламасына сай негізделіп дайындалған.

 

Әдістемелік нұсқауды «Гигиена-1 және эпидемиология» кафедрасының оқытушысы Алиев Д.С. құрастырған.

 

 

Кафедра мәжілісінде қаралған

 

Хаттама №___ «___» ______ 2016 ж.

 

 

Кафедра меңгерушісі, профессор м.а. ____________ Долтаева Б.З.

 

Кіріспе

Қазіргі медицинаның жетістіктері, эпидемияға қарсы шараларды тиімді ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының жұқпалы ауруларды бақылау мен басқару көптеген эпидемиялық жұқпамен ауыратындардың санын азайтты, құрылымы және сипатына өзгеріс әкелді.

«МПІ» мамандығы бойынша жалпы дайындық кеңінен таралған жұқпалы ауруларды, сырттан енетін және тропикалық ауруларды клиникалық диагностикалауға алған білімдерін, ауруды ерте анықтау мақсатында аспаптық және зертханалық зерттеу әдістерін тиімді қолдануды, ошақта ілкі эпидемияға қарсы шараларды жүргізуді оқып үйрену қабілетін дамытуды қарастырады.

Маманды дайындауда негізгі көңіл аса қауіпті жұқпалы ауруларды халықаралық медициналық – санитарлық ережелер мен сырттан енуінің алдын алуда қарастырылған шараларға ерекше назар аударылады.

 

Студентке арналған ақпарат:

· Емтихан басталар алдында барлық студентке бейдж және шифр көрсетілген аттестациялық парақ беріледі.

· Студент өзінің шифр номерін білу керек.

· Тапсырманың орындалу жағдайына байланыссыз студенттердің келесі станцияға өтуі ысқырықтан кейін басталады.

· Келесі дыбысты ысқырық болғаннан кейін тапсырманы орындамағанына қарамай келесі этапқа өтеді

· Студент емтихан қабылдаушыға сұрақ қоймауы тиіс.

Емтихан қабылдаушыға ақпарат:

· Әр емтихан қабылдаушыға бір этап міндеттеледі, ол сол этапқа

салуына дейін жауап береді

· Емтихан қабылдаушы бағалау парағына студенттің бейдж нөмірін енгізіп, студенттің тапсырма орындауын адал, мұқият қадағалауы керек.

· Емтихан қабылдаушы студенттің тапсырма орындауын бағалау парағында көрсетілген әрбір қадамды машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері бойынша бағалап, студенттің тапсырма орындау барысында балдарын қойып отыруы қажет.

· Емтихан қабылдаушы қорытынды балды есептеп, емтихан тапсырушының қосымша аттестациялық парағына енгізіп, этаптың тұсына өз қолтаңбасын қойып, студентке беруі керек

· Емтихан қабылдаушының студентпен сөйлесіп, оған сұрақтар қоюға болмайды.

· Емтихан қабылдаушы өз станциясынан өткен барлық студенттің бағалау парағындағы балын есептеп, бағасын қойып, бағалау парағын кафедра меңгерушісіне тапсыруы қажет.

· Әр студент бойынша емтиханның қорытынды бағасын шығарғанда емтихан қабылдаушы қатысуы қажет.

С Ы З Б А

5 курс студенттеріне арналған (Медициналық-профилактикалық іс)

«Эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен» пәні бойынша

ОҚТЕ кезеңділігінің кезектілік сызбасы

 

 

Эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен пәні бойынша емтихан құрамындағы ОҚТЕ үшін тәжірибелік дағдылардың тапсырмалар тізімі

Кезең № Студенттерге арналған тапсырмалар Макс. балл Уақыт мин.
  Шұғыл хабарлама толтырудың тәртібін талдаңыз (ұсынылған шұғыл хабарламалардың біреуінен).    
  Нақты аурудың берілу жолдары мен факторларын анықтаңыз (ұсынылған жұқпалардың біреуінен).    
  Эпидемияға қарсы шаралардың алгоритімінің тәртібін көрсетіңіз (ұсынылған жұқпалардың біреуінен).    
  Барлығы    

Эпидемиология дезинфекциялық іс негіздерімен» пәні бойынша ОҚТЕ өткізу үшін қажетті





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 562 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2487 - | 2330 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.