Алдын-ала дайындау кәсіпорындарынының, сонымен қатар шикізатқа жұмыс істейтін кәсіпорынының бөлмелер тобына осы бөлмелер кіреді:
- контора және бухгалтерия;
- басты касса;
- директор бөлмесі;
- қызметкерлер құрамының бөлмесі;
- қоғамдық ұйымдар бөлмесі;
- дәрігер бөлмесі;
- қызметкерлер құрамының киім шешетін бөлмесі;
- даяшылардың киім шешетін бөлмесі (даяшылары бар кәсіпорындарда);
- іш киімдерге арналған бөлме;
- жуыну бөлмесі;
- дәретханалар;
- әйелдердің жеке бас гиигенасына арналған бөлме және т.б.
Мекеменің бұл тобының толық құрамы кәсіпорындардың түріне байланысты.
Жоғарыда айтылған мекемелерінің құрамына одан басқа мыналар кіреді:
- қызметкерлер құрамының асханасы;
- денсаулық пункті;
- эмоционалдық бөлме;
- автоматтандырылған басқару жүйесі;
- санитарлы-технологиялық тамақ зертханасы;
- оқуға арналған бөлме.
Кімшілік бөлмелер
Әкімшілік бөлмелер кәсіпорынның кез келген қабатында, өндірістік бөлмелерді өтпей – ақ кіретіндей орналасуы керек. Оларда мекемеменің барлық топтарымен ыңғайлы байланыс және жасанды жарық болуы керек. Әкімшілік мекеменің ауданы (басты касса, мүдір бөлмесі) 1 қызметкерге 4 м2-тан есептеп белгіленеді.
Әкімшілік бөлме тобына персонал бөлмесі кіреді. Бөлме ауданы кәсіпорынның қуаттылығына сәйкес 6-12 м2 дейін болуы мүмкін. Персонал бөлмесі өндірістік цехтар табында орналасады және де ыстық, суық цехпен, ыдыс – аяқ жуатын бөлмелермен тығыз байланыста болады. Дайындау цехының жұмысшыларына ыстық цех немесе тарату цехы арқылы өтуіне тыйым салынады.
Тұрмыстық бөлмелер
Қызметкерлер құрамына арналған тұрмыстық бөлмелер (киім шешетін бөлмелер, жуыну бөлмелері, дәретханалар, киімдер бөлмелері) жеке блок ретінде орнатылады. Сөйтіп қызмет көрсетуші өндірістік бөлмелер арқылы өтпейтіндей, ыңғайлы және барлық бөлмелер бір-бірімен байланыста болатындай құрастырылады.
Киім шешетін бөлмелер дала, үй және кәсіпорын жұмысшысының арнайы киімі сақталуы үшін керек. Ерлер мен әйелдердің киім шешетін бөлмелері бөлек болуы тиіс. Сонымен қатар әйелдер мен ерлер арасындағы киім ілгіштер қатынасы 30:70 (%) болуы керек.
Дайындау кәсіпорындарының киім шешетін орынының алаңы, сол кәсіпорындағы қызметкерлердің жалпы санының 85% сиятындай етіп есептейді. Кәсіпорындарда жалпы жұмысшылар саны 100 не одан кем болса, барлық киім түрлерін бірге сақтауға болады. Ол үшін бір адамға екі сүре беріледі. 100-ден астам қызметкерлері бар кәсіпорындарда сыртқы киімдерді және үй немесе арнайы киімдерді сақтауға арналған жеке киім ілгіштер қарастырылған.
Дайындау кәсіпорындарында бір қызметкерге арналған киім шешетін орындар келесі нормалар бойынша анықталады:
- сыртқы киім шешетін орынға – 0,1 м2;
- арнайы және үй киімін шешетін орынға - 0,25 м2;
- киімді ауыстыратын бөлмеге – 0,15 м2.
Ер және әйел адамдарға дәретхана жеке қарастырылады.
Санитарлық құралдың саны 100% қызметкерлердің көп ауысым бойынша 30 адамға 1 санитарлық құралдан есептеледі. Душтық себезгі саны 50% өндірістік қызметкерлер құрамына, максималды ауысымда жұмыс істеуі бойынша 15 адамға 1 душтық себезгіден есептеледі. Жуынатын кабина арнаулы және үй киімін шешетін орынның жанында орналасуы керек. Егер кәсіпорында 100 немесе одан да көп ауысымдық қызмет атқаратын әйелдер болса, онда жеке бастық гигиена бөлмесі жоспарлануы керек. Белгілі мекемеге кіру әйелдерге арналған дәретхананың тамбурынан қарастырылады.
Даяшыларға киім шешетін орын жеке жоспарлануы керек және ол киім ауыстыратын немесе арнаулы киім шешетін болып белгіленуі керек.
Киім шешетіннің жанында іш киім бөлмесі орналасуы керек. Іш киім бөлмесінің ауданы өндірістік персоналдың 100 адамға 10 м2 есептеледі. Іш киім бөлмесінде кір және таза киімнің орны болуы керек. Бұл бөлменің арнайы киім сақтайтын, негізгі жабдығы сөрелер болып табылады. Бір сөре сыйымдылығы – 60 жинақ. Бір жұмысшының іш киім нормасы – 3 жинақ. Іш киім бөлмесі ауданын есептегенде, іш киім сақтау сөресі, үтіктейтін тақта, үстел және қол жуғыш ескерілуі керек.