Лекции.Орг


Поиск:




Портфолио мазмұны және құрылымы




Мұғалім портфолиосын құрудың негізгі принциптері:

• жүйелілік;

• мәліметтердің нақтылығы мен ауқымдылығы;

• ақпараттың объективтілігі;

• көрнекілік.

Портфолионың негізгі мақсаты – мұғалімнің кәсіби өсуінің мониторингінің, кәсіптік нәтижелерінің, жетістіктерінің талдауын қамту;Портфолио мұғалімнің өз қызметіндегі әр түрлі – оқыту, тәрбиелеу, шығармашылық, өз білімін көтерудегі нәтижелерін жинақтауына көмек береді.Портфолио:

• Мұғалімнің біліктілік категориясын көтеруіне, бекітуіне және оқу жылының қорытындысы бойынша марапатталуының;

• Педагогтың кәсіби шеберлігінің өсуі туралы ақпараттың көзі болып табылады.Мұғалім портфолиосы файлдары бар арнайы папкада жасақталады. Портфолиоға салынған әр материалда күннің жады, яғни (уақыт) көрсетіліп отыруы тиіс. Портфолио құрамы әдістемелік бірлестік жетекшісінің немесе мұғалімнің өзінің алдына қойған міндеттері негізінде жасалады.Портфолионы электронды түрде де жасауға болады. Электронды түрі құжаттардың сканерлеген қосымша электронды кестелер, педагог пен оқушы жұмысының электронды файлдары (жобалар, сабақ түрлері және т.б.) түрде жасалынады.

Портфолио педагогтың сол білім мекемесінде жұмыс атқарған уақытындағы директордың орынбасарларының қатысуымен және өз күшімен жасақталады. Мұғалім өз портфолиосын ұжым алдында таныстыруына болады, бұл бір жағынан кәсіптік қызметінің қорытындысымен бөлісу болса, әрі жас мамандар үшін үлгі бола алады.Портфолионы педагогтың жеке құжаттарының көрінісі ретінде де қабылдауға болады. Педагог басқа білім мекемесіне жұмыс ауыстырған жағдайда жинақтаған портфолиосы қосымша материал немесе нұсқаулық (нұсқау хат) ретінде қолданыла береді. Директордың оқу- тәрбие ісі жөніндегі орынбасары өзінің функциональды міндеттеріне:

• педагогтарды портфолиомен жұмыс жасау технологияларымен (материал таңдау, оларды жүйелеу, жеке жетістіктерін көпшілік алдында айтуға дайындау) оқытуды;

• педагогқа жан-жақты көмек көрсетуге; (дайындаған материалдарын және жұмысының жетістіктерін талдау, марапаттау);

• мұғалім портфолиосындағы материалдардың мазмұндылығы туралы ұжымды ақпараттандыруға (мұғалімнің кәсіби дамуының деңгейі туралы);тиісті

Портфолио әдісін енгізу әр мұғалімнің жеке траекториялы кәсіби дамуының мониторингін танытуға, қызметінің нәтижесін толық көрсетуге, бағалы тәжірибесін таратуға, кәсіби шеберлігінің өсуіне және педагог еңбегінің көтерілуіне көмек береді.Педагогты аттестаттау портфолиосын құру бойынша жаднама:

«ҚҰЖАТТАР» ПОРТФОЛИОСЫ:

Құрылымы:

1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.

2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістігінің нәтижесі.

 

1 бөлім. Педагог туралы жалпы мәлімет.

Сыртқы беті:

- фото (5х6),

- резюме

-жеке төлқұжатының көшірмесі нотариуспен куәланған

- диплом көшірмесі нотариуспен куәланған

- соңғы жұмыс істейтін орнынан анықтама

- еңбек кітапшасы нотариуспен куәаланған

- аттестаттау парағы (Ереженің 8 - қосымшасына сәйкес формасы бойынша)

-бұрын алған санатының бұйрығының көшірмесі;

- бұрын берілген біліктілік санаты туралы куәлігінің көшірмесі;

- мамандығы бойынша біліктілікті арттыру курсынан өткендігі туралы құжаттарының көшірмесі соңғы 5 жылдағы

- қосымша пән бойынша курстан өткен құжаттарының көшірмесі соңғы 5 жылдағы

- өтініші (Ереженің 1-қосымшасына сәйкес түрі бойынша)

Барлық құжаттардың көшірмесі білім мекемесі басшысының қолы, мөрімен расталады.

2 бөлім. Педагогтың кәсіби жетістіктерінің нәтижесі және оқушыларының білім жетістіктері:

Педагогтың кәсіби өсуі мен кәсіби қызметінің қорытындысы бойынша бекітілген, сертификатталған құжаттары (соңғы 5 жыл ішінде):

- үкімет наградалары куәлігінің көшірмесі;

- дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;

- алғыс хаттарының көшірмесі;

- сертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;

Оқушыларының жетістіктері (соңғы 5 жыл ішінде)

- дипломдар мен грамоталардың көшірмесі;

- алғыс хаттарының көшірмесі;

- cертификаттары мен куәліктерінің көшірмесі;

-ғылыми жұмыстарының,мақалаларының т.б. көшірмелері

«ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ» ПОРТФОЛИОСЫ

Құрылымы:

1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары.

2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі.

3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау.

«Педагогтың шығармашылық» портфолиосының мазмұны

1 бөлім. Педагогикалық іс-тәжірибесі туралы құжаттары:

- өз пәні бойынша мұғалімнің оқу-әдістемелік құралы (авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдар жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.)ауданда, облыста таратылған

- пән бойынша баспазөзге шыққан мақалалары, сабақ үлгілері

2 бөлім. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі:

- Педагогикалық оқуларға, дөңгелек үстелдерге, ғылыми-тәжірибелік конференцияларға, семинарларға, шығармашылық конкурстарға қатысқандығын дәлелдейтін материалдары, баяндамалары

- бұқаралық ақпарат құралдарында, ағымдағы баспасөздерде жарияланған ғылыми-әдістемелік материалдары;

- тәжірибелік қызметтерге қатысқандығы туралы бұйрықтың көшірмесі;

- оқу-әдістемелік кешендердің, оқу бағдарламасының сараптама жұмыстарына қатысқандығы анықтамалар;

3 бөлім. Кәсіби қызметінің нәтижесін сараптық бағалау:

- Педагогикалық қызметін және оның нәтижелерінің түрлерін, қолданған педагогикалық технологияларын, бағалау құралдарын талдау;

Кері байланыс жұмысының материалдары

- білім беру ұйымы әкімшілігі растаған оқушылардың соңғы үш жыл ішіндегі оқу жетістіктерінің талдауы:

- сынып журналы негізінде жасалынған пәнінің орташа талдау көрсеткіші;

- соңғы 5 жыл көлемінде пән бойынша жоғары оқу орнына (ЖОО) түскен оқушылардың пайызы, грант бойынша; оқытатын пәні бойынша сабақтан тыс қызметіндегі нәтижелерінің мониторингі. (5жыл көлемінде)

- Халықаралық, республикалық, қалалық, аудандық, олимпиадалардың, конкурстардың, жарыстардың, конференциялардың, фестивальдардың жеңімпаздары мен жүлдегерлерінің пайыздық көрсеткіші.

Портфолио бөлімдері:

1. Басылымдар (таблица түрінде)

№,мақала атауы, басылым атауы, күні, № жылы

2. Педагогтың ғылыми-әдістемелік қызметі (таблица түрінде)

№ жұмыс атауы, оқу-әдістемелік құралдарының түрлері (авторлық бағдарлама, дидактикалық материалдардың жинағы, әдістемелік нұсқаулық, жұмыс дәптері т.б.

3. Педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, тарату (шебер - сыныптар, семинарлар, байқаулар, конференциялар, дөңгелек үстелдер, көрмелер)(таблица түрінде)

№ шаралар -аудандық,облыстық, республикалық, халықаралық

4. Сыныптан тыс қызметінің пән бойынша қорытындысы (марапаттары, грамоталары, дипломдары, куәліктері) (таблица түрінде) № пән -шаралар -нәтиже -дәлелдейтін құжаттар күні

5. Оқушылардың оқу жетістігінің динамикасы (соңғы 3 жыл) (таблица түрінде

6. Кері байланыс нәтижелері (сауалнамалар, пікірлер)

Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің барлық жұмыстарын бір жүйеге біріктіретін, оның кәсіби қызметінің әр түрлі салаларын байланыстыратын жұмыстарының жиынтығы

Мұғалім портфолиосы – мұғалімнің жұмыс папкасы ғана емес, алдын ала жоспарланған жетістіктерінің өзіндік іріктеулері.

 

Мұғалім портфолиосының артықшылықтары:

- Әр түрлі жұмыс бағыттарын қамтитындығы;

- Жүйелеу және толықтырулар енгізу мүмкіндігі;

- Жекелеген және жүйелі өзгерістер енгізу жағдайы;

- Өзара ақпарат және тәжірибе алмасу мүмкіндігі.

- Портфолио жасақтаудың шығармашылық сипаты.

- Өзі және өзгелер үшін тиімділігі мен пайдалылығы.

- Жасақтаудағы дербестік пен белсенділіктің жоғарылығы

Тақырып 14. Педагогтың гуманистік ұстанымы оқушылардың өзін өзі тануы мен дамуының табысты педагогикалық қолдауы негізінде

Мақсаты: Педаготың гуманистік позициясы-оқушының өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тануда табысты педагогикалық қолдауды жүзеге асыру негізі.

1. Педаготың гуманистік позициясы-оқушының өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тануда табысты педагогикалық қолдауды жүзеге асыру негізі

2. Педагогикалық қызметтің гуманистикалық табиғатының тарихи алғышарттары

3. Педагог және оқушылардың субъект-субъектік қатынасы

Кілттік сөздер: мен бейнесі, өзіндік сана

Педаготың гуманистік позициясы-оқушының өзін-өзі дамыту және өзін-өзі тануда табысты педагогикалық қолдауды жүзеге асыру негізі

Жеткіншектердің жаңа психологиялық мүмкіндіктерін қалыптастыруға бағыттау, баланың психикалық дамуы, оны ілгері өрбіту, мақсатқа бағдарлай ұйымдастыру, тәрбиелеуді басқару және өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруға кең өрісті жағдай туғызады. Сондықтан біздің зерттеуімізде оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің теориялық-әдіснамалық негіздері зейін қасиеттерін дамыта отырып қарастырылған. Бұл мәселелер Л. С. Выготскийдің адам тұлғасының жалпы дамуында «интеллект және аффект» байланыс идеялары арқылы зерттелді.Қазіргі кезде білім беру жүйесіндегі психологиялық-педагогикалық үрдісте оқушының өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі ерекше маңызды. Бұл зерттеу, өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің теориялыҚ-әдіснамалық және эксперименталды әдістемелік мүмкіндіктерін қарастыруға бағдарланған.Жұмыстың негізгі мазмұнын тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейіннің қасиеттерін зерттеу және олардың негізінде психологиялық көмекті ұйымдастыру құрайды.Өзін-өзі тәрбиелеу механизмдері жас ерекшелігін ескере, қойылған міндеттерге сәйкес реттей білу психологиялық-педагогикалық зерттеулерді жүйелі қатынас бағытымен жүргізуді талап етеді.Зерттеудін өзектілігі. Педагогикалық психологияда қазіргі кездегі негізгі ағымдарды, жаңа тұжырымдамаларды негіздей отырып, жеткіншектердің өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін белсендендіріп, өнегелілік қасиеттерін қалыптастыру білім беру жүйесінің өзекті мәселелерінің бірі.Бүгінгі әлеуметтік-психологиялық жағдайлар, білім беру жүйесінде тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуіне психологтардың, педагогтардың және физиологтардың ерекше назар аударуларын қажет етеді.Тұлғаның өнегелілік - еріктік өрісін, адамгершілік санасын, түсініктерін, ұғымын, принциптерін, сенімдерін, қылығының адами негіздерін, басқаларға өзінің эмпатияларын, әлеуметке деген қатынасын көрсететін мінез-құлық сапалары мен әдеттерін дамытудағы психологиялық механизмдерді аша отырып, балалық шақтың түрлі кезеңдеріндегі тәрбиелеу үрдісін ұйымдастырудың шарттары мен ерекшелігінің жалпы заңдылықтарын қарастыру жұмысымыздың өзектілігіне дәлел.

Қазіргі психологиялық-педагогикалық үрдістің арнайы толығырақ міндеттерін бейнелейтін құбылыстардың ішінде өзін-өзі тәрбиелеу, әсіресе психикалық әрекеттердің (зейіннің қасиеттерін арнайы дамыту жолдарымен),маңызды мәселенің бірі деуге болады. Бұл бағытта мәдени құндылықты, психологиялық-педагогикалық және жалпы ғылыми категорияларының әлеуметтік өмір аумағында дәстүрлі және жаңашыл байланыстары ерекше қалыптасуда.Өскелең ұрпақты дамытуда соңғы жылдары өзін-өзі тәрбиелеу мәселесі жалпы тәрбиенің өзекті саласы ретінде әр түрлі ғылыми зерттеулердің объектісіне айналуда.Тұлғаны мақсатты түрде қалыптастырудағы айқын заңдылықтарды табу, оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеуін ғылыми негізде құру, сонымен бірге психологиялық теорияның даму мүмкіндіктерін ескеру бүгінгі күннің талабына сәйкес жалпы тәрбие үрдісін қамтамасыз етеді.Тұлға дамуының әлеуметті түрде ұйымдастырылатын оқыту шарттарына байланысты ақыл-ой сияқты саласын дамытуда психикалық әрекеттердің шешуші міндеттері, оның ішінде зейіннің рөлі жетекші екені көптеген психологиялық зерттеулерден Л. С. Выготский, Н. Ф. Добрынин, И. В. Страхов, Ж. Ы. Намазбаева жане т.б. еңбектерінен белгілі.Адамның саналы белсенді іс-әрекеті - оның тұлғалығының психологиялық өзгешеліктерін дамытудың негізі. Қалыптасқан жеке адам өзінің көзқарасы, ұғымы, өнегелілік талаптары, бағалауымен, саналы қойған мақсатымен, өзінің қылығын, іс-әрекетін басқара білуімен сипатталады.Өзін-өзі тәрбиелеудегі өзіндік сананың теориялары Л. С. Выготский, В.В. Столин, ИС. Кон, В.С. Мерлин, И.И. Чеснокова, М.И. Лисина, Ч. Кули, Дж.Г.Мид еңбектерінде жан-жақты қарастырылып талданған, ал педагогикалық психология саласында өзін-өзі тәрбиелеу мәселесін зерттегендер: В. И. Селиванов, Н.С. Ликин, А.Г. Ковалев, Ю.М. Орлов т. б.Жұмыста Б.Г. Ананьевтің, С.Л. Рубинштейннің тұлғаны дамытуда кешенді қатынас жүйелері, және Н.Ф. Добрынин, П.Я. Гальпериннің зейінге байланысты зерттеулерінің эксперименталды бөлімдері, Ж.Ы.Намазбаеваның тұлғаны кешенді жүйемен дамыту теориясы басшылыққа алынды.Сонымен бірге зейінің әр түрлі аспектерін профессор Ж.Ы.Намазбаеваның жетекшілігімен қазақстандық психологгар О.С.Сангилбаев, Ш.С. Сатиева, И.В. Андреев, С.В. Тихомирова зерттеген.

Зерттеу мақсаты: Оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейін қасиеттерін дамыту арқылы ғылыми-теориялық жолмен дәделдеу.

Зерттеу міндеттері:

- зерттеу мәселесі бойынша философиялық, психологиялық, еңбектерді теориялық талдау;

- өзіндік сананың және өзін-өзі тәрбиелеудің теориясын зерттеп ашу;

- өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін және тәсілдерін теориялық талдау;

- зейін теориялары және зейіннің түрлері мен қасиеттерінің мазмұнын сипаттау;

-тұлғаның талаптану деңгейінің контексінде зейіннің қасиеттерін эксперименталды зерттеп, солардың негізінде оқушыларға, ата-аналарға, педагогтарға өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін зейіндерінің қасиеттерін дамыту арқылы психологиялық көмек көрсетуге нұсқа-кеңестер құру.

Зерттеу нысаны: тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі.

Зетттеу пәні: талаптану деңгейі мен оқушылар зейінін өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінің контексінде зерттеу жатады.

Зерттеудің ғылыми болжамдары: өзіндік сананы теориялық талдау өзін-өзі тәрбиелеудің теориялық-әдіснамалық негізін құрайды. Мұндай болжам келесі жеке болжамдармен бекітіледі:

- өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі тұлғалық дамуды кешенді ұйымдастыру

арқылы мақсатқа бағдарлайды;

- зейіннің көлемін, шоғырлануын және тұрақтылығын арнайы дамыту, тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін тиімді етеді.

Қорғауға ұсынылатын ғылыми қағидалар:

1.Өзіндік сананың теориялық мазмұны мен құрылымы өзін-өзі тәрбиелеудегі теориялық-әдіснамалық бағытты анықтаушы ретінде, яғни, өзіндік сана тұтас субъектіге тән және өз іс-әрекетін айналадағылармен қатынасын ұйымдастырудағы қызметі.

2.«Мен-тұжырымдамасы» немесе «Мен-бейнесі» өзіндік сананың нәтижелі жемісі. Өзіндік сананы дамытатын қозғаушы күштерді индивидтің шынайы өздігінше әрекеттене, айналадағылармен ара-қатынасын өзгерте алады.

3.Өзіндік сана – мәдени феномен ретінде өз қылықтарының тұрақтылығын сақтауға және индивидтің игерген әлеуметтік құндылықтарға зейінділікпен жауапкершілік сезімін басынан кешіруге мүмкіндік береді.

4.Жеткіншектің қатынас іс-әрекетінде өзіндік сана қалыптасып, негізгі

жаңа құрылым — әлеуметтік. сананың ішке аударылуына мүмкіндік туады.

Сондықтан, өзін «мен» ретінде ұғынуы, тұлғаның өзіндік санасының дамуы, өз

бетінше шынайы іс-әрекеттің субъектісі ретінде, өсу үрдісінде орын алады.

5.Өзін-өзі тәрбиелеу күрделі реалды үрдіс және бұл құбылысты зерттеу, оның өтуінің объективті заңдылықтарына негізделген. Өзін-өзі тәрбиелеу үрдісі нақты логикалық құрылыммен сипаталады.

6.Тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу үрдісінде зейін механизмдерін зерттеудің практикалық маңыздылығы ерекше.

7.Жеткіншектердің зейін қасиеттерін: шоғырлануын, тұрақтылығын және іскерлігі мен іс-әрекеттерінің деңгейін анықтау, олар оқу-тәрбие жұмысына, өзін-өзі тәрбиелеуіне нақты кеңестер беруге мүмкіндік туғызады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы Өзіндік сананың теориялық мазмұны мен өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдерінің байланысы және талаптану деңгейін, өзін-өзі бағалауды анықтау арқылы нақты зейін касиеттерінің деңгейлері зерттелді. Өзін-өзі тәрбиелеу мен зейін қасиеттерінің теориялық негіздері және эксперименталды зерттеулердің мүмкіндіктері қарастырылды. Солардың негізінде оқушыларға, ата-аналарға және педагог-психологтарға нұсқау кеңестер ұсынылды.Жетекші идея Өзін-өзі тәрбиелеу тұлғаның өзіндік санасымен және зейіннің қасиеттерімен тығыз байланысты. Өзіндік сананың нәтижелігі тәрбиелеу үрдісінде талаптану деңгейі мен өзін-өзі бағалауды ескеріп, оқу-тәрбие шараларын арнайы ұйымдастыруға тәуелді.Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізіне Л.С. Выготскийдің (мәдени-тарихи теориясы), А.Г. Спиркиннің (сана және өзіндік сана тұжырымы), Ч. Кулидің, Дж.Г. Мидтің, Д. Бемдердің (өзіндік сана және оны қалыптастыру туралы теориялары), В.И. Селиванованың, А.Г. Ковалевтің, Л. И.Рувинскийлердің (өзін-өзі тәрбиелеу туралы теориялары), Б.П.Ананьевтің, С.Л. Рубинштейннің және Ж.Ы Намазбаеваның (тұлғаны дамытуда кешенді қатынас жүйелері), Н.Ф. Добрыниннің (зейінді эксперименталды зерттеулері) басшылыққа алынды.

Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы:

-өзіндік сана мен өзін-өзі тәрбиелеу мәселесінің теориялық-әдіснамалық мазмұны ашылды;

-өзін-өзі тәрбиелеуде зейін қасиеттерін дамытудың практикалық

мүмкіндіктері талданды;

- зейін қасиеттерінің өзін-өзі тәрбиелеуде алатын орны мен дамытуға қажет ерекшеліктерін дұрыс бағдарлауға мүмкіндік туғызатыны дәлелденді;

- зерттеу мақсатына байланысты әдістер мен әдістемелерді практикалық іске асыру жолдары жүйеге енгізілді;

-өзін-өзі тәрбиелеуде қолданылатын психологиялық мүмкіндіктероқушыға, ата-аналарға және педагогтарға, нұсқау-кеңес түрінде құрастырылып ұсынылды.Зерттеуде қолданылатын әдістер мен әдістемелер: Шварцландердің «Талаптану деңгейін анықтау», Будассидің «Өзін-өзі бағалау» әдістемелері;

-Мюнстерберг-Дворяшина және Бурдонның «Корректуралық сынақ»

эксперименталды әдістемелері;

-практикалық зерттеуде алынған мәліметтерді статистикалық өңдеуде χ2-критериінің деңгейін анықтайтын әдіс;

-әңгімелесу әдісін кейбір мәселелі жағдайларды толықтыруда қолдану.

Диссертацияның құрылымы мен көлемі. Диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, кестелерден (диаграммалар мен гистограммалардан), суреттерден, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 5026 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

1019 - | 837 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.