Нерв түтігі өте ерте ми мен жұлынға сәйкес келетін екі бөлімге бөлінеді. Оның мидың бастамасы болып табылатын алдыңғы, кеңейген бөлімі, атап көрсетілгендей, жіңішкерген жер арқылы бірінен соң бірі орн үш бастапқы ми көпіршіктеріне бөлінеді: алдыңғы- prosencephalon, ортаңғы- mesenphalon және артқы -rhomboncephalon. Үш көпіршіктен тұратын бұл саты одан әрі қарай дифференциациялану барысында мидың негізгі бес бөліміне бастама беретін бес көпіршіктік сатысына ауысады. Rhomboncephalon екі бөлімге бөлінеді: артқы- myelencephalon- даму соңында сопақша миға айналады да, ал metencephalon деп аталатын алдыңғы бөлімнің вентралды жағынан көпір, дорсалды жағынан мишық өсіп дамиды. горизонтальді кесіндісінде Rhomboncephali-ның ортақ қуысы ромбтәрізді, ол жұлынның орталық өзегімен қатынасатын IV қарынша түз. Ортаңғы ми көпіршігінің- mesenphalon
Қабырғалары ми заты дамығанда бірқалыпты қалыңдайды. Олардан вентралды ми аяқшалары, ал дорсалды жағынан ортаңғы ми төбесі пайда болады. Ортаңғы көпіршік қуысы IV қарыншамен қосылатын тар өзекке-суқұбырға айналады. Артқы – diencephalon(аралық ми) және алдыңғы- telencephalon(соңғы ми) бөліктеріне бөлінетін алдыңғы ми көпіршігі- prosencephalon- жақсы дамып, пішін жағынан көбірек өзгеріске ұшырайды. Аралық мидың бүйір қабырғалары қалыңдап, таламустар(thalami)түз. Сонымен қатар бүйір қабырғалары үлкейе келіп екі көру көпіршігін түз., олардан кейін көздің торлы қабығы мен көру нерві дамиды. Аралық ми қуысын III қарынша түз. Telencephalon ортаңғы, кішілеу бөлікке(pars mediana) және екі үлкен бүйір бөліктерге-үлкен ми сыңарларына- hemispheria dextrum et sinistrum- бөлінеді. Жаңа туылған балада орт салмағы340 гр, қыз балада 330гр, ересек ер адам 1375гр, әйел 1245 гр.
1. Rhomboncephalon- ромбтәрізді немесе артқы ми, ол: а) myelencephalon-нан, сопақша ми және ә) metencephalon-нан, меншікті артқы мидан тұрады.
2. Mesenphalon – ортаңғы ми.
3. Prosencephalon – алдыңғы ми, ол: а) diencephalon- аралық ми және ә) telencephalon- соңғы миға бөлінеді.
Мишық пен соңғы мидан басқа аталған бөлімдердің барлығы ми сабауын құрайды. Бұл бөлімдерден басқа rhombencephalon мен ортаңғы ми арасында мойнақ- isthmus rhombencephali- орналасады. Кіші ми- cerebellum- нен өзгеше, proencephalon- үлкен ми- cerebrum деп те аталады.
157.Мидың дамуы, ми көпіршіктері, олардың туындылары, қалдық қуыстары. Нерв түтігі өте ерте ми мен жұлынға сәйкес келетін екі бөлімге бөлінеді. Оның мидың бастамасы болып табылатын алдыңғы, кеңейген бөлімі, атап көрсетілгендей, жіңішкерген жер арқылы бірінен соң бірі орналасқан үш бастапқы ми көпіршігіне бөлінеді: алдыңғы – prosencephalon, ортаңғы – mesencephalon, және артқы – rhombencephalon. Алдыңғы ми көпіршігі алдынан шекаралық табақшамен – lamina terminalis – тұйықталған.Үш көпіршіктен тұратын бұл саты одан әрі қарай дифференциялану барысында мидың негізгі бес бөліміне бастама беретін бес көпіршіктік сатысына ауысады. Осымен бір мезгілде ми түтігі сагитталды бағытта иіледі. Ең алдымен ортаңғы көпіршіктік аймағында дорсалды жаққа қарай дөңесті бас иілімі, содан кейін жұлынның бастамасымен шекарада тағы да дорсалды жаққа дөңес мойын иілімі дамиды. Олардың арасында артқы көпіршік ауданында вентралды жаққа қарай дөңесті үшінші – көпірлік иілім түзіледі. Осы соңғы иілім арқылы ми көпіршігі – rhombencephalon – екі бөлімге бөлінеді. Олардың артқы бөлімі – myelencephalon – даму соңында сопақша миға айналады да, ал metencephalon деп аталатын алдыңғы бөлімнің вентралды жағынан көпір, дорсалды жағынан мишық өсіп дамиды. Metencephalon алдында жатқан ортаңғы ми көпіршігінен тар жіңішкерген жер – isthmus rhombencephali арқылы бөлінеді. Горизонтальды кесіндісінде rhombencephalon-ның ортақ қуысы ромб тәрізді, ол жұлынның орталық өзегімен қатынасатын IV қарынша түзеді. Оның вентралды және бүйір қабырғалары бассүйек нервтері ядроларының дамуы нәтижесінде қатты қалыңдайды да, ал дорсалды қабырғасы жұқа күйде қалады. Сопақша ми аймағында оның көп бөлігі жұмсақ қабықпен бітісіп кететін тек бір ғана эпителий қабатынан тұрады. Ортаңғы ми көпіршігінің – mesencephalon – қабырғалары ми заты дамығанда бірқалыпты қалыңдайды. Олардан вентралды ми аяқшалары, ал дорсалды жағынан ортаңғы ми төбесі пайда болады. Ортаңғы көпіршіктің қуысы IV қарыншамен қосылатын тар өзекке – суқұбырға айналады. Артқы – diencephalon (аралық ми) және алдыңғы - telencephalon (соңғы ми) бөліктеріне бөлінетін алдыңғы ми көпіршігі – prosencephalon – жақсы дамып, пішін жағынан көбірек өзгеріске ұшырайды. Аралық мидың бүйір қабырғалары қалыңдап, таламустар түзеді. Сонымен қатар бүйір қабырғалары үлкейе келіп екі көру көпіршігін түзеді, олардан кейін көздің торлы қабығы мен көру нерві дамиды. Diencephalon аймағында жеке томпақ түрінде жұп corpora mammilaria-ның іргесі қаланады. Аралық ми қуысын III қарынша түзеді. Telecephalon ортаңғы, кішілеу бөлікке (pars mediana) және екі үлкен бүйір бөліктерге – үлкен ми сыңарларына – hemispheria dextra et sinistrum – бөлінеді, үлкен ми сыңарлары адамда өте күшті ұлғайып өсіп, көлемі жағынан мидың қалған бөлімдерінен едәуір артып кетеді.
158.Ми сыңарының жоғарғы-латералді бетінің жүлгелері және қатпарлары. Ми сыңарының жоғары-латеральды беті үш: латералды, орталық және сыңардың медиалды жағына орналасып, оның жоғарғы жиегінде кертік түзетін шеке-шүйде жүлгелері арқылы үлестерге бөлінеді.Латералды жүлге, sulcus cerebri lateralis, ми сыңарларының негіздік бетінде латералды шұңқырдан басталып, кейін жоғары латералды бетке ауысып, сәл жоғары қарай кетеді.Латералды жүлгенің алдыңғы бөлігінен одан маңдай үлесіне кететін екі кішкене тармақтар – ramus ascendens пен ramus anterior шығады.Орталық жүлге, sulcus centralis, ми сыңарының жоғарғы жиегінен, оның ортасының сәл артқы жағынан басталып, алға және төмен қарай кетеді. Орталық жүлгенің төменгі шеті латералды жүлгеге жетпейді. Ми сыңарының орталық жүлге алдында жатқан аймағы маңдай үлесіне жатады; ми бетінің орталық жүлге артында жатқан бөлігі шеке үлесін құрайды. Ол латералды жүлгенің артқы үлесі арқылы төмен орналасқан самай үлесінен ажыратылады. Шеке бөлігінің артқы шекарасы ми сыңарының медиалды бетінде орналасқан шеке-шүйде жүлгесінің шеті болып есептеледі. Маңдай улесі. Осы үлестің сыртқы бетінің артқы бөлігінде sulcus centralis-ке параллелді sulcus precentralis өтеді. Одан бойлық бағытта екі жүлге шығады – sulcus frontalis superior et inferior. Осының арқасында маңдай үлесі бір вертикальды және үш горизонтальды қатпарға бөлінеді. Вертикальды қатпар, gyrus precentralis, sulcus centralis және sulcus precentralis-тер арасында жатады. Маңдай үлесінің горизонтальды қатпарлары: 1) жоғарғы маңдай қатпары, gyrus frontalis superior, ол sulcus frontalis superior-дан жоғары орналасып, ми сыңарының жоғарғы жиегіне параллелді жүріп, оның медиалді бетіне барады; 2) ортаңғы маңдай қатпары, gyrus frontalis medius, жоғарғы және төменгі маңдай жүлгелері арасында созылып жатады; 3) төменгі маңдай қатпары, gyrus frontalis inferior, латералды жүлгенің төменгі маңдай қатпарына еніп тұратын тармақтары, ramus ascendens және ramus descendens оны үш бөлікке бөледі: sulcus precentralis-тің төменгі шеті мен ramus ascendens sulci lateralis арасында жататын pars opercularis, латералды жүлгенің екі тармағы арасында орналасқан pars triangularis және ramus anterior sulci lateralis алдында жайғасатын pars orbitalis. Шеке үлесі.Онда шамамен орталық жүлгеге параллелді бағытта sulcus postcentralis өтеді, ол көбіне sulcus intraparietalis-пен қосылып кетеді. Осы жүлгелердің орналасуына қарай шеке үлесі біреуі вертикалды, екеуі горизонталды қатпарға бөлінеді. Вертикалды қатпар, gyrus postcentralis, sulcus centralis-тің артында орналасып gyrus precentralis-пен бір бағытта жүреді. Sulcus intraparietalis-тің үстіңгі жағында жоғарғы үлесшесі, lobulus parietalis superior орналасады, ол ми сыңарының медиалды бетіне де таралады. Sulcus intraparietalis-тен төмен lobulus parietalis inferior жатады, ол артқа қарай бағытталып, латералды жүлге мен жоғарғы самай жүлгесінің шеттерін айналып өтіп,шүйде үлесіне өтеді. Үлесшенің латералды жүлгені қоршап жатқан үлесі gyrus supramarginalis, ал жоғарғы самай жүлгесінің жоғарғы шетін шектеп жатқан бөлігі gyrus angularis деп аталады. Самай үлесі. Бұл үлестің латералды бетінің бір-бірінен sulcus temporalis inferior және sulcus temporalis superior арқылы бөлінген үш бойлық қатпары бар. Қатпарлардың жоғарғысы, sulcus temporalis superior, латералды жүлге мен жоғарғы самай жүлгесі аралығында жатады. Оның латералды жүлгенің тереңінде жасырынған үстіңгі бетінде gyri temporales transverse деп аталатын 2-3 қысқа қатпарлар болады. Жоғарғы және төменгі самай жүлгелері арасында gyrus temporales medius созылып жатады. Соңғы қатпардан төмен, одан төменгі самай жүлгесі арқылы бөліне gyrus temporalis inferior өтеді, ол төменгі жиек арқылы төменгі бетте жатқан gyrus occipitotemporalis lateralis-тен бөлінген. Шүйде үлесі. Бұл бөлімнің латералды бетінің жүлгелері өзгергіш және тұрақсыз. Олардың ішінде әдетте sulcus intraparietalis-тің шетімен қосылып көлденең өтетін sulcus occipitalis transverses жиірек кездеседі. Аралша – insula. Бұл үлесшені көру үшін, оның үстінде төніп тұрған латералды жүлгенің жиектерін ашу керек немесе алып тастау керек. Маңдай, шеке және самай үлестеріне жататын бұл жиектер жамылғы, operculum, деп аталады. Аралша ұшы алға және төмен қараған үшбұрыш пішінді. Ол алдынан, үстінен және артынан өзімен көршілес бөліктерден терең жүлге,sulcus cercularis, арқылы бөлінеді. Бетінде қысқа қатпарлар орналасады.
159.Мидың медиалді және базалді беттерінің жүлгелері мен қатпарлары. Ми сыңарының базальды бетінің латеральды шұңқырдан алға қарай жатқан жері маңдай бөлігіне жатады. Осы жерден ми сыңарының медиалды жиегіне параллельды sulcus olfactorius өтеді, онда bulbus et tractus olfactorius жатады. Осы жүлге мен ми сыңарының медиалды жиегі арасында тік (түзу) қатпар, gyrus rectus, созылып жатады. Иіс сезү жүлгесінің латералды жағында gyri orbitalis-терді шектейтін бірнеше тұрақсыз жүлгелер, sulci orbitales, жатады. Ми сыңарының негіздік бетінің артқы бөлігі бұл жерде белгілі шекарасы жоқ самай және шүйде үлестерінен түзіледі. Бұл жерде екі жүлге көрінеді: шүйде полюсінен самай полюсі бағытында өтіп, gyrus occipitotemforalis lateralis-ті медиалды жағынан шектейтін sulcus collateralis, оның алға қарай жалғасы sulcus rhinalis деп аталады. Sulcus collateralis-тен медиалды екі қатпар орналасқан: осы жүлгенің артқы бөлімі мен sulcus rhinalis және ми сабауын орап өтетін терең sulcus hippocampi арасында gyrus parahyppocampalis орналасады. Ми сабауына жанасып жататын бұл қатпар ми сыңарының медиалды бетінде орналасады. Ми сыңарының медиалді беті. Бұл бетте дәл сүйелді дененің үстінен өтіп, артқы шетімен терең sulcus hippocampi-ге созылатын сүйелді дененің жүлгесі – sulcus corporis callosi cinguli өтеді, оның алдыңғы шеті сүйелді дененің құстұмсығы астынан басталып содан кейін артқа жүріп, артқы шетімен ми сыңарының жоғарғы жиегінде аяқталады. Ми сыңарының осы жиегі мен sulcus cinguli арасында орналасқан кеңістік маңдай үлесіне, жоғарғы маңдай қатпарына жатады. Артында sulcus cinguli-дің артқы шетімен, ал алдында кішкене жүлгеше – sulcus paracentralis-пен шектелген, sulcus cinguli-дің үстіндегі кішкене бөлім орталық жанындағы үлесше – lobulus paracentralis – деп аталады, өйткені ол бұл жер бір-біріне ауысатын екі орталық қатпарының жоғарғы шеттерінің медиалді бетіне сәйкес келеді. Орталық жанындағы үлесшенің артында, алдынан белдеулік жүлгенің шетімен төменнен кішкене sulcus subparietalis-пен, ал артынан терең шеке-жүйде жүлгесі арқылы шектелген сына алды – precuneus – деп аталатын төртбұрышты бет жатады. Сына алды шеке үлесіне жатады. Оның артында шүйде үлесіне жататын сына, cuneus, жатады, оны алдынан шеке-шүйде жүлгесі, ал артынан sulcus calcarinus бұрыш жасай түйісе шектейді. Белдеулік жүлге мен сүйелді дене арасында белдеулік қатпар, gyrus cinguli, созылып жатады. Ол қылта, isthmus, арқылы ілмекпен, uncus, аяқталатын gyrus parahippocampalis-ке созылады. Гиппокамп жанындағы қатпар бір жағынан ми сауабын орап өтетін гиппокамп жүлгесімен, ал екінші жағынан, sulcus collateralis (жанама жүлге) және мұрындық жүлге деп аталатын оның алға қарай кететін жалғасымен шектеледі. Қылта белдеулік қатпардың гиппокамп жанындағы қатпарға ауысатын тарылған жері – сүйелді дене буылтығының артында шеке-шүйде жүлгесі мен sulcus calcarinus (топшылық жүлге) қосылуынан түзілген жүлге ұшының алдында жатады. Белдеулік қатпар, қылта және гиппокамп жанындағы қатпарлар бірге қосылып, толық дерлік шеңбер жасайтын күмбезді қатпарды – gyrus fornicatus-ті түзеді. Күмбезді қатпардың жамылғының ешбір үлесіне қатысы жоқ. Ол көмкерме (лимбикалық) аймаққа жатады. Көмкерме аймақ, region limbica, белдеулік және гиппокамп жанындағы қатпарды алып жататын үлкен ми сыңарлары жаңа қыртысының бөлігі, көмкерме жүйенің құрамына енеді. Гиппокамп жүлгесінің жиегін ашып, рудименттік қатпар болып табылатын енсіз тісті сұр жолақты – gyrus dentatus-ты көруге болады.
160. Ми қыртысы, оның қабаттары. Анализатор туралы түсінік. Ми қыртысы орталықтары. Үлкен ми сыңарлар қыртысы бір-бірінен құрамына енетін жасушаларының пішіні жағынан өзгешелігі бар алты қабаттан (табақшадан) тұрады:1) Молекулалық табақша – тікелей pia mater-дің астында жатады және онда нерв жасушаларының тор сияқты айқасып өрілетін өсінділерінің ұштық тармақшалары болады; 2) Сыртқы түйіршікті табақша – құрамына түйіршікке (дәнге) ұқсас көптеген ұсақ жасушалар кіретіндіктен осылай аталады; 3) Сыртқы пирамидалы табақша – ұсақ және орташа пирамидалық нерв жасушаларынан тұрады; 4) Ішкі түйіршікті табақша – сыртқы түйіршікті табақша тәрізді ұсақ түйіршікті жасушалардан құралады; 5) Ішкі пирамидалы табақшада – үлкен пирамидалы жасушалар; 6) Мультипішінді табақша – ақ затпен шектеседі. Бұл 6 қабаттың төменгілері (V және VI) негізінен эфферентті жолдардың басы болып табылады; атап айтқанда V қабат аксондары пирамидалық жүйені құрайтын пирамидалық жасушалардан тұрады (пирамидалық жүйеге бастама бертін пирамидалық жасушалар алдыңғы орталық қатпарларда орналасады). Ортаңғы қабаттар (III және IV) негізінен афферентті жолдармен байланысқан да, ал жоғарғы (I және II) қабаттар ми қыртысының ассоциативті жолдарына жатады. Ми қыртысының алты қабатты типі түрлі аймақтарда қабаттардың қалыңдығы мен орналасуы жағынан да, сол сияқты жасушалардың құрама жағынан да өзгеріп отырады. Қызметтердің ми қыртысында орнығуы ең алдымен қыртыстық орталық туралы ұғыммен байланысты.1874 жылы киевтік анатом В.А.Бец қыртыстың әрбір бөлігінің құрылысы жағынан мидың басқа бөліктерінен айырмашылығы болады деген пікір айтты. И.П.Павлов бойынша, орталық – анализаторлардың мидағы шеті. Анализатор – сыртқы және ішкі дүниенің күрделі тітіркендіргіштің жеке элементтерге ажырап, яғни талдау (анализ) жасайтын нервтік механизм. “Анализатор дегеніміз сыртқы қабылдаушы аппараттан басталып, мида аяқталатын күрделі нервтік механизм” (И.П.Павлов).И.П.Павловтың көзқарасы бойынша ми орталығының немесе анализатордың қыртыстық шетінің қатаң шектелген шекарасы жоқ, ол ядролық және шашыраған бөліктерден тұрады. “Ядро” қыртыста шеткі рецептордың барлық элементтерінің толық және дәл проекциясын береді және жоғары деңгейдегі анализ бен синтезді іске асыру үшін қажетті болып табылады. “Шашыраған элементтер” ядроның шет жақтарында жатады және одан алыста жатуы мүмкін, оларда қарапайым анализ бен синтез іске асырылады. Ядролық бөлім зақымданғанда шашыраған элемент белгілі бір дәрежеге дейін ядроның қызметін атқарады, мұның зор тәжірибелік мәні бар. Тітіркенулерді организмнің ішкі ортасынан қабылдайтын анализаторлардың қыртыстық шеттері 1. Қозғалыс анализаторларының, яғни сүйек, буын, қаңқа бұлшықеттері мен олардың сіңірлерінен шығатын проприоцептивтік тітіркенулердің анализаторының ядросы орталық алдындағы қатпар мен lobulus praecentralis-тің құрамына жатады. Осы жерде қозғалтқыш шартты рефлекстер тұйықталады. Қозғалыс анализаторының жасушалары қозғалыс аймағы қыртысының ортаңғы қабаттарында орналасады. Оның терең қабаттарында (V, ішінара VI) эфферентті нейрондар болып табылатын алып пирамидалық жасушалар жатады. 2. Бас пен көздің қарама-қарсы жаққа үйлесімді бұрылысына қатысы бар қозғалыс анализаторларының ядросы ортаңғы маңдай қатпарында, алдыңғы қозғалыс аймағында орналасады. Көз бұлшықеттері жиырылған кезде ми қыртысына әр уақытта сол бұлшықеттер рецепторларынан ғана емес, торлы қабықтан да импульстар келетіндіктен, түрлі көру тітіркендірулеріне әр уақытта көз алмасының бұлшықеттерінің жиырылуымен іске асатын көз алмасының әртүрлі қозғалыстары үйлеседі. 3. Қозғалыс анализаторының ядросы арқылы мақсатты бағытталған күрделі кәсіби, еңбек және спорттық қозғалыстар синтезделеді. Ол ядро сол жақ төменгі шеке үлесшесінде, gyrus supramarginalis-те, орналасады. Бұл алаң зақымданғанда жалпы қозғалыстар жасауға ғана қабілеттілік сақталады, ал бағытталған әрекет істеуге қабілетсіздік – апракция пайда болады. 4. Бастың орналасу қалпы мен қозғалыс анализаторының ядросы – статикалық анализатордың (вестибулярлық аппарат) ми қыртысында әлі дәл анықталған жоқ. Вестибулярлық аппарат ми қыртысының ұлу проекцияланатын жерінде, яғни самай үлесінде проекцияланады деуге негіз бар. Мәселен, ортаңғы және төменгі самай қатпары аймағында жататын 20 және 21 алаңдар зақымданғанда атаксия пайда болады. Адамның тік жүруінде зор рөл атқаратын бұл анализатордың ұшқыштар мен ғарышкерлердің жұмысында ерекше маңызы бар. 5. Ішкі ағзалар мен тамырлардан келетін импульстар анализаторының ядросы орталық алдындағы және артындағы қатпарлардың төменгі бөлімінде орналасады. Ішкі ағзалар, тамырлар, еріксіз бұлшықет пен тері бездерінен орталыққа баратын импульстар ми қыртысының осы бөліміне келеді, ал бұл жерден қыртыс астындағы вегетативтік орталықтарға импульстар шығады. Организмнің сыртқы ортасынан келетін нерв импульстары сыртқы дүние анализаторларының қыртыстық шеттері. 1. Есту анализаторының ядросы жоғарғы самай қатпарының ортаңғы бөлігінде, аралшыққа қараған бетте, ұлу проекцияланған жерде жатады. Ол зақымдалса кереңдік пайда болады. 2. Көру анализаторының ядросы шүйде үлесіне жатады. Көру анализаторы ядросы зақымданса адам соқыр болып қалады. Осы ядродан жоғарылау жер зақымданғанда әдеттен тыс жағдайда бағдарлау қабілеті жоғалады. 3. Иіс сезу анализаторының ядросы ми қыртысының филогенездік жағынан көне бөлігінде, иіс сезу миы негізінде – uncus-те ішінара гипокампта орналасады. 4. Дәм сезу анализаторы ядросы, кейбір деректер бойынша, орталық артындағы қатпардың төменгі бөлігінде, ауыз бен тіл бұлшықеттері орталықтарына жақын орналасады, басқа бір деректер бойынша uncus ішінде, иіс сезу анализаторының қыртыстық шетімен көрші жатады. 5. Тері анализаторының ядросы (жанасу, қысым сезу, ауырсыну және температура) сезімталдығы орталық артындағы қатпарда және жоғарғы шеке аймағы қыртысында жатады. Тері сезімталдығының жеке түрі – заттарды ұстап білу – стереогнозия жоғарғы шеке үлес қыртысы бөлімімен қиылысып байланысқан: сол жақ ми сыңары – оң қолға, оң жақ ми сыңары сол қолға сәйкес келеді. Бұл қыртыстық беткей қабаттар зақымданғанда көзді жұмып, заттарды ұстап білу қабілеті жоғалады.
161. Комиссуралді және ассоциативті талшықтар туралы түсінік. Сүйелді дене, күмбез, алдыңғы дәнекер, ішкі капсула: құрылысы, функционалді маңызы. Комиссуралық талшықтар, ми комиссуралары немесе дәнекерлері құрамына еніп, екі ми сыңарының симметриялы бөліктерін байланыстыратын комиссуралық талшықтар. Ең үлкен ми дәнекері – сүйелді дене, corpus collosum, neencephalon-ға жататын екі ми сыңарының бөліктерін жалғастырады. Шамасы жағынан едәуір кішілеу екі ми дәнекері, comissura anterior мен comissura fornicis иіс сезу миына жатады және алдыңғы дәнекер иіс сезу үлестері мен екі гиппокамп жанындағы қатпарларды, ал күмбез дәнекері гиппокамптарды байланыстырады. Ассоциативті талшықтар бір ми сыңары қыртысының түрлі аймақтарын өзара байланыстырады. Олар қысқы және ұзын болып бөлінеді. Қысқа талшықтар,fibrae arcuatae cerebri, доға тәрізді будалар түрінде, көршілес қатпарларды өзара байланыстырады. Мұндай талшықтар будалары бірнешеу. Cingulum, белдеу күмбезді қатпарда өтетін талшықтар будасы, ол белдеулік қатпар қыртысының түрлі аймақтарын өзара және сондай-ақ ми сыңарының медиалді бетінің көршілес қатпарларымен де жалғастырады. Маңдай үлесі, fasciculus longitudinalis superior арқылы төменгі шеке үлесшесімен, шүйде үлесімен және самай үлесінің артқы жағымен жалғасады. Самай және шүйде үлестері өзара fasciculus longitudinalis inferior арқылы байланысады. Ақырында, маңдай үлесінің көздік бетін ілмек тәрізді буда, fasciculus uncinatus, самай полюсімен қосады.
162. Иіс сезу миы, оның орталық және шеттік бөлімдері,филогенез. Иіс сезу миы, rhinencephalon, алдыңғы ми әлі де жануардың мінез-құлығын басқаратын ағзаға айналмаған кезде, иіс сезу анализаторымен байланысты пайда болған, алдыңғы мидың филогенездік жағынан ең көне бөлігі. Сондықтан оның барлық құрылымдары иіс сезу анализаторының түрлі бөліктері болып табылады. Балықтардың бүкіл дерлік алдыңғы миы иіс сезу ағзасы болып табылады. Сүтқоректілер мен адамда байқалатын жаңа ми қыртысының дамуына байланысты алдыңғы мидың жаңа бөлігі – жамылғы, pallium, дамиды. Бірақ жамылғы да ұзақ даму жолын өтеді және ол филогенездік жағынан әртүрлі үш бөлікке бөлінеді. 1. Paleopallium – самай үлесінің құрамына енеді. Бұл бөлім алғашында ми сыңарының латералды бетінде орналасады, бірақ одан кейін аса үлкейген neopallium әсерінен шұжық тәрізді түзіліс – гипокампқа айналып, соңғы мидың бүйір қарыншасы қуысының төменгі муйізінің медиалды жағына ығысады. Гиппокамп ежелгі қыртыспен, paleocortex, жабылған. 2. Archipallium – ми қыртысының маңдай үлесіндегі иіс сезу буылтығының қасында жатқан және көнке қыртыспен, archicortex, жабылған вентралды бетіндегі кішкене бөлімі. 3. Neopallium - жаңа жамылғы оның қыртысында, neocortex, жоғарғы иіс сезу орталықтары – анализаторлардың қыртыстық шеттері пайда болады. Бұл күмбезді қатпардың бөлігі болып табылатын – uncus. Осының нәтижесінде адамның иіс сезу миында түрлі текті түзілістер болады, олар топографиялық жағынан екі бөлімге бөлінеді. Шеткі бөлігі – иіс сезу үлесі – lobus olfactorius. Бұл атаумен ми негізінде жатқан бірқатар түзілістер біріктіріледі: 1) bulbus olfactorius; 2) tractus olfactorium; 3) trigonum olfactotius; 4) substantia perporata anterior. Орталық бөлім – ми қатпарлары: 1) гиппокамп жанындағы қатпар – gyrus parahyppocampalis; 2) тісті қатпар - gyrus dentatus; 3) самайлық шеттің қасында орналасқан алдыңғы бөлігі – ілмегімен (uncus) қоса күмбезді қатпар – gyrus fornicates.
163. Соңғы мидың базалді ядролары. Стриопаллидарлы және лимбиялық жүйе. Ми сыңарларының бетіндегі сұр қыртыстан басқа, тағы да оның қабатында негіздік ядролар немесе қыртысасты деп аталатын сұр зат жиындары орналасады. Қыртысасты ядролардың үш жиыны бар: corpus striatum, claustrum және amygdaloidem. 1.Corpus striatum, жолақ дене, бір-бірінен толық бөлінбеген екі бөліктен – nucleus caudatus және nucleus lentiformis-терден тұрады. А. Nucleus caudatus, құйрықты ядро, nucleus lentiformis-тен жоғары және ортаға жақын жатады. Одан ішкі қапшық (капсула), capsula interna, деп аталатын ақ зат қабықшасымен бөлінеді. Құйрықты ядроның жуандаған алдыңғы бөлігі, оның басы, caput nuclei caudati, бүйір қарыншаның алдыңғы мүйізінің латералды, қабырғасын түзеді, ал құйрықты ядроның жіңішкерген бөлімі, corpus nuclei caudati, бүйір қарыншаның орталық бөлігінің түбімен артқа қарай созылады; ал оның құйрығы, cauda nuclei caudati, төменгі мүйіздің жоғарғы қабырғасына қарай иіледі. Құйрықты ядро медиалды жағынан таламуқа жанасып, одан ақ зат жолағымен, stria terminalis, бөлінеді. Алдыңғы және артқы жағынан құйрықты ядроның басы алдыңғы тесіктелген затқа жетіп, сол жерде жасымық тәрізді ядромен, оның putamen деп аталатын бөлігімен қосылады. Екі ядроның бұл кең байланысуынан басқа ішкі қапшықтың ақ будаларымен араласа орналасатын жұқа сұр жолақтары болады. “Жолақ дене” – corpus striatum – деп аталуы осы себептен. Ә. Nucleus lentiformis, жасымық тәрізді ядро, құйрықты ядромен таламустан латералды орналасып, олардан ішкі қапшық арқылы бөлінеді. Ми сыңарларының горизонталды кесіндісінде жасымық тәрізді ядроның ішкі капсулаға қараған медиалды беті, ұшы ортасына қарай бағытталған бұрыш пішінді болып келеді. Бұрыштың алдыңғы жағы құйрықты ядроға, ал артқы жағы таламусқа параллелді жатады. Латералды беті сәл дөңестеу және аралшық аймағындағы ми сыңарларының латералды жағына қарайды. Жасымық тәрізді ядро екі параллелді ақ қабатшалар, lamina medullaris, арқылы үш кішкентай ағзаға бөлінеді. Біреуі күңгірт-сұр түсті латералды қабық, putamen, ал ақшылдау екі медиалдысы бозғылт шар, globus pallidus, деп аталады. Putamen және nucleus caudatus-қа қарағанда globulus pallidus филогенездік жағынан көнелеу түзіліс, paleostriatum, болып табылады. 2. Claustrum, шарбақ, аралшық пен putamen арасындағы орналасқан сұр зат табақшасы. Ол қабықтан ақ зат қабықшасы – capsula externa, ал аралшық қыртысынан capsula externa деп аталатын қабатша арқылы бөлінеді. 3. Corpus amygdaleideum, бадамша тәрізді дене, putamen астында самай үлесінің алдыңғы шетінде орналасқан. Стриопаллидарлық жүйе – экстрапирамидалық жүйенің басты бөлігі, сонымен қатар ол hypothalamus құрамындағы осыған ұқсас вегетативті орталықтарға басымдық жасайтын, жылу реттеу мен көмірсу алмасуға қатысты вегетативтік қызметтерді жоғары реттеуші орталық болып табылады. Көмкерме жүйе түрлі вегетативтік қызметтерді реттеуге, организмнің ішкі ортасының тұрақтылығын сақтауға және сезімге бөленген мінез-құлық реакцияларының эмоционалдық қалпына әсер ететін соңғы, аралық және ортаңғы ми түзілістерінің кешені. Оның негізгі бөлігін бадамша тәрізді ядро аймағы, шекаралық жолақ, гипоталамус, гиппокамп, күмбез, септалды аймақ, емізіктәрізді денелер, емізік-таламус будасы, белдеулік қатпар құрайды. Үлкен ми сыңарының медиалді бетінде көмкерме жүйе белдеулік және гиппокамп жанындағы қатпарлардан тұрады.
164. Мидың латералді қарыншалары, бөлімдері, олардың қабырғалары, қатынасы. Соңғы ми сыңарларында сүйелді дене деңгейінен төмендеу, ортаңғы сызықтың екі жағында ми сыңарларының жоғарғы латералды бетінен бүкіл ми заты қабаты арқылы бөлінген екі бүйір қарынша, ventriculi lateralis, сииметриялы орналасады. Әрбір бүйір қарыншаның қуысы ми сыңары пішініне сәйкес келеді: қарынша қуысы маңдай үлесінде төмен және латералды жаққа қарай иілген алдыңғы мүйіз, cornu anterius, түрінде басталып, осы жерден шеке үлесі арқылы орталық бөлікке, pars centralis, созылады. Ал бұл бөлік сүйелді дененің артқы жиегі деңгейінде төменгі мүйізге, cornu inferius, (самай үлесі қабатында) және артқы мүйізге, cornu posterius, (шүйде үлесіне) бөлінеді. Алдыңғы мүйіздің медиалды қабырғасын septum pellucidum түзеді, ол алдыңғы мүйізді басқа ми сыңарының дәл осындай мүйізінен бөліп тұрады. Алдыңғы мүйіздің латералды қабырғасы мен ішінара түбін құйрықты ядроның басы, caput nuclei caudatі, алып жатады, ал жоғарғы қабырғасы сүйелді дене талшықтарынан түзіледі. Бүйір қарыншаның орталық, ең тар бөлігінің жоғарғы қабырғасы сүйелді дене талшықтарынан тұрады. Ал түбі құйрықты ядроның денесі мен таламустың жоғарғы бетінің бір бөлігінен құралады. Артқы мүйіз сүйелді денеден шығатын – tapetum деп аталатын ақ нерв талшықтары қабатымен қоршалған; оның медиалды қабырғасында ми сыңарының медиалды бетіндегі sulcus calcarinus-тің ішке енуінен түзілген буылтық – құс топшысы, calcar avis, байқалып тұрады. Төменгі мүйіздің жоғарғы латералды қабырғасын артқы мүйізді қоршап тұратын tapetum-ның жалғасы құрайды. Жоғары қабырғаның медиалды жағында төмен және алға қарай иілетін құйрықты ядроның жұқарған бөлігі – cauda nuclei caudate өтеді. Төменгі мүйіздің медиалды қабырғасымен бүкіл өн бойында ұзын ақ түсті дөңес – гиппокамп, hippocampus, созылып жатады, ол сырттан терең енетін гиппокамп жүлгесінен түзіледі. Гиппокамптың медиалды жиегімен күмбез аяқшасының жалғасы болып табылатын шашақ – fimbria hippocampi деп аталатын түзіліс өтеді. Төменгі мүйіздің түбінде аттас жүлгенің сырт жағынан батуынан пайда болған буылтық, eminentia collateralis, жатады. Бүйір қарыншаның медиалды жағынан, оның орталық бөлігі мен төменгі мүйізіне тамырлы өрім, plexus choroideus ventriculi lateralis, түзетін жұмсақ ми қабығы еніп тұрады. Өрім қарыншаның жетілмеген медиалды қабырғасының қалыңдығы болып табылатын эпителимен жабылған. Plexus choroideus ventriculi lateralis, tela choroida ventriculi tertii-дің латералды жиегі болып табылады.
165. Аралық ми, бөлімдері, таламус аймағы: бөлімдері, қызметі. Аралық ми, diencephalon, бүйірлері жағынан соңғы мидың сыңарларымен бітісе өсіп, сүйелді дене мен күмбез астында жатады. Аралық мида екі негізгі бөлікті ажыратады: 1) дорсалды бөлік, thalamencephalon афферентті жолдар орталығы және 2) вентралды бөлік, hypothalamus, жоғары вегетативтік орталық. Қуысы – III қарынша. Thalamencephalon, таламус аймағы өз кезегінде үш бөліктен тұрады: таламус – thalamus, таламусүсті – epithalamus және таламусарты аймағы – metathalamus. Thalamus, таламус, көру төмпесі, аралық мидың бүйір қабырғаларында III қарыншаның бүйір жақтарындағы сұр затттың жұмыртқа пішінді жұп жиынтығы болып табылады, оның алдыңғы шеті – tuberculum anterius түрінде сүйірленген де, ал артқы шеті кеңейіп, жастық, pulvinar, түрінде жуанданған. Таламустың қызметінің маңызы өте зор. Онда афферентті жолдар үзіледі, оның жастығының, pulvinar, артқы ядросында, көру талшықтарының бір бөлігі, алдыңғы ядроларында corpora mammilaria-дан шығып, таламусты иіс сезу аймағымен байланыстыратын будалар, орталық нерв жүйесінің төмен жатқан бөлімдерінен шығатын қалған барлық афферентті сезімтал жолдар қалған ядроларында аяқталады. Epithalamus, таламусүсті.Екі таламустағы striae medullares артқа қарай бағыт алып, екі жағында trigonum habenulae деп аталатын кеңейген жер түзеді. Бұл соңғыдан жүген деп аталатын қысқа, жіңішке түзіліс шығады. Ол қарама-қарсы жақтың жүгенімен бірге томпақ денемен, corpus peniale-ның, қосылады. Corpus peniale алдында екі жүген өзара дәнекермен, comissura habenularum, байланысқан. Біршама қарағай қылқанына ұқсайтын томпақ дененің өзі құрылысы мен қызметі жағынан ішкі секреция бездеріне жатады. Metathalamus, таламусарты. Таламустың артында екі кішкене төмпешік - иінді денелер, corpus geniculatum laterale et mediale, бар. Көлемі кішілеу, бірақ айқын көрінетін медиалды иінді дене төменгі төбешік сабының алдында таламус жастығының астында жатады. Онда есту ілмегінің, lemniscus lateralis, талшықтары аяқталады. Ол ортаңғы ми төбесінің төменгі төбешіктерімен бірге қыртысастындағы есту орталығы болып табылады. Латералды иінді дене үлкен, жалпақ төмпешік түрінде жастықтың төменгі латералды жағында орналасады. Онда көру жолағының латералды бөлігінің көбісі аяқталады. Pulvinar мен ортаңғы ми төбесінің жоғарғы төбешіктері және латералды иінді дене қыртысастындағы көру орталығы болып табылады. Екі иінді дене ядролары орталық жолдар арқылы тиісті анализатордың қыртыстық шеттерімен байланысады.
166. Таламусасты аймағы, оның бөліктері. Гипоталамус-гипофиз жүйесі. Гипоталамус, таламусасты, hypothalamus, сөздің кең мағынасында III қарыншаның түбі астында вентралды, артқы гипоталамус аймағын, regio hypothalamica posterior-ды қоса, substantia perforate posterior-дың, алдында орналасқан түзілістерді біріктіреді. Құрсақтағы дамуға сәйкес hypothalamus екі бөлімге бөлінеді: а) алдыңғы бөлім regio hypothalamica anterior, бұған tuber cinereum, infundibulum және hypophysis, сондай-ақ tractus opticus-пен hiasma opticum біріктіріледі; ә) артқы бөлімге – corpora mammilaria мен region hypothalamica posterior жатады. Гипоталамус аймағының ядросы порталды тамырлар және гипоталамус-гипофиз будасы арқылы гипофиздің артқы үлесімен байланысқан. Осы байланыстар арқылы гипоталамус пен гипофиз ерекше гипоталамус-гипофиз жүйесін түзеді. А. Tuber cinereum, сұр төмпе, corpora mammilaria-ның алдында жатады. Сұр заттың жұқа табақшасынан тұратын III қарыншаның төменгі қабырғасының сыңар қуысты шығыңқы жері болып табылады. Төмпе, ұшы тар қуыс құйғышқа, infundibulum, созылған, оның тұйық ұшында түрік ертоқымында жататын гипофиз, hypophysis, орналасқан. Сұр төмпеде жоғары вегетативті орталық болып табылатын және атап айтқанда, зат алмасу мен жылу реттеуге әсер ететін сұр зат ядролары орналасады. Ә. Hiasma opticum, көру қиылысы, сұр төмпе алдында орналасып, көру нервтерінің, nn. optici, қиылысынан түзілген. Б. Corpora mammilaria, емізік тәрізді денелер, substantia perforata posterior-дың алдында ортаңғы сызық бүйірлері бойында симметриялы жатқан, дөңгелек екі кішкене ақ түсті құрылым. Әр дененің ішінде ақ заттың беткей қабаты астында екі сұр ядро жатады. Қызметі жағынан corpora mammilaria қыртысастындағы иіс сезу орталықтарына жатады. В. Regio hypothalamica posterior, артқы гипоталамус аймағы. Бұл таламус астында орналасқан ми затының кішкене бөлімі. Онда substantia nigra-дан латералдылау аралық мидың құрамына кіретін, сопақша дене, nucleus hypothalamicus posterior, жатады. Ол экстрапирамидалық жүйенің бір буыны болып табылады, оның вегетативтік қызметі бар деп есептеледі.
167. III қарынша, қабырғалары, қатынасы. III қарынша, ventriculus tertius, ортаңғы сызық бойымен орналасқан және мидың фронталды кесіндісінде жіңішке вертикалды саңылау түрінде көрінеді. III қарыншаның бүйір қабырғалары таламустың медиалды беттерінен түзілген, бұл беттер өзара, adhesio interthalamica арқылы жалғасқан. Қарыншаның алдыңғы қабырғасын төменнен жұқа табақша, lamina terminalis, ал одан әрі жоғары қарай көлденең жатқан ақ алдыңғы дәнекер, comissura cerebri anterior, және күмбез бағаналары, columnae fornicis, құрайды. Күмбез бен сүйелді дене астында III қарыншаның жоғарғы қабырғасы tela choroidea ventriculi tertii орналасады. Оның құрамына эпителилі табақша, lamina epithelialis, түріндегі ми көпіршігінің жетілмеген қабырғасы және оның бітісіп кеткен жұмсақ қабық енеді. Ортаңғы сызықтың бүйірлері бойындағы тамырлы негізі, тамырлы өрім, plexus choroideus ventriculi tertii, жайғасқан. Қарыншаның артқы қабырғасы аймағында comissura habenularum мен comissura cerebri posterior жатады. Олардың арасында артқы жаққа қарай қарыншаның тұйық ұңғыл, recessus pinealis, бытыңқырап тұрады. Comissura posterior-дан вентралды III қарыншаға құйғыштәрізді тесікпен су құбыры ашылады. III қарыншаның төменгі қабырғасы ішкі жағынан бүйір қабырғаларынан жүлгелермен, sulci hypothalamici, шектелген, ми негізі жағынан substantia perforata posterior, corpora mammilaria, tuber cinereum, hiasma opticum-мен сәйкес келеді. Қарынша қуысының түбінде екі ұңғыл: сұр төмпе мен құйғышқа батып тұратын recessus infundibuli және хиазманың алдында жатқан recessus opticus, түзіледі. III қарынша қабырғаларының ішкі беті эпендимамен жабылған.
168. Ортаңғы ми, бөлімдері, құрылысы, қызметі. Ортаңғы ми, mesencephalon, филогенез үрдісінде негізінен көру рецепторының әсерімен дамиды. Сондықтан оның ең басты түзілістерінің көзді нервтендіруге қатысы бар. Бұл жерде есту орталықтары да түзілді. Ортаңғы мидың екі негізгі бөлігі болады: қыртысасты есту және көру орталықтары орналасатын төбесі мен негізінен өткізгіш жолдар өтетін ми аяқшалары. 1. Дорсалды бөлік, ортаңғы ми төбесі, tectum mesencephali. Ол сүйелді дененің артқы шетінің астында жасырынған және айқаса өтетін екі – бойлық және көлденең жүлгелер арқылы жұптаса орналасатын төрт төбешікке бөлінеді. Жоғарғы екі төбешік, colliculi superiores, қыртысасты көру орталықтары, ал екі төменгі төбешік – colliculi inferiores – қыртысасты есту орталықтары болып табылады. 2. Вентралды бөлік, ми аяқшаларында, pedunculi cerebri, барлық алдыңғы мидың өткізгіш жолдары өтеді. Ми аяқшалары көпір жиегінен бұрыш жасай ажырап, үлкен ми сыңарлары қабатына бататын екі жуан жартылай цилиндрлік ақ тәж тәрізді. 3. Ортаңғы ми көпіршігінің бірінші қуысының қалдығы болып табылатын ортаңғы ми қуысы - жіңішке өзекше пішінді, ол ми суқұбыры, aqueductus cerebri, деп аталады. Ол IV қарыншаны III қарыншамен қосатын эпендимамен астарланған өзек. Суқұбыр дорсалды жағынан ортаңғы ми төбесімен, вентралды жағынан ортаңғы ми төбесімен, вентралды жағынан ми аяқшаларының жамылғысымен шектелген. Ортаңғы мидың ішкі құрылысы. Оның көлденең кесіндісінде үш негізгі бөлікті ажыратуға болады: 1) төбе таяқшасы, lamina tecti; 2) pedunculi cerebri-дің жоғарғы бөлімі болып табылатын жамылғы, tegmentum; 3) pedunculi cerebri-дің вентралды бөлімі немесе ми аяқшасының негізі. Ортаңғы мидың көру рецепторларының әсерімен дамуына байланысты, онда көзді нервтендіруге қатысы бар түрлі ядролар орналасқан. Қарапайым омыртқалыларда жоғарғы қос төбешік көру нервінің негізгі аяқталатын жері және негізгі көру орталығы. Сүтқоректілер мен адамда көру нервтерінің алдыңғы миға ауысуына байланысты көру нервінің жоғарғы төбешікпен қалған байланәысының тек рефлекстер үшін ғана маңызы бар. Төменгі төбешік ядросында, сондайт-ақ медиалды иінді денеде есту ілмегінің талшықтары, lemniscus lateralis, аяқталады. Ортаңғы ми төбесінің жұлынмен екі жақты байланысы, tractus spinotectalis және tractus tectobulbaris et tectospinalis бар. Соңғылары жамылғыдағы қиылыстан кейін сопақша ми мен жұлындағы бұлшықет ядроларына барады. Бұл жұлынды сипаттаған кезде сөз болған көру-дыбыстық рефлекс жолы. Сөйтіп, ортаңғы ми төбесі табақшасын негізінен көру және есту тітіркендірулері әсерінен пайда болатын әр алуан қимыл-қозғалыстар үшін рефлекс орталығы деп қарастыруға болады.
169. Артқы ми, бөлімдері, құрылысы (Варолий көпірі). Metencphalon екі бөліктен тұрады: вентральді көпірден және дорсальді мишықтын тұрады. Көпір, Pons, ми негізі жағынан қарағанда артқы жағында сопақша мидың жоғарғаы шетімен алдыңғы жағынан ми аяқшаларымен шектеетін жуан ақ түсті түзіліс. Көпірдің латеральді шекарасы үшкіл және бет нерві түбіршіктері арқылы жасанды жүргізілетін сызық - Linea trigeminofacialis – болып табылады. Осы сызықтан латеральді екі жағында мишыққа батып тұратын ортаңғы мишық аяқшалары – pedunculi cerebelares medii – орналасады. Көпірдің дорсальді беті сырт жағынан көрінбейді, өйткені ромбтәрізді шұқырдың жоғарғы бөлігін (IV қарыншының түбі) түзе, мишықтың астында жасырынып жатады. Көпірдің вентральді беті талшықты, талшықтар жалпы алғанда көлденең жүріп, pedunculi cerebellares medii- ге қарай бағыт алады. Вентралды беттің ортаңғы сызығы бойымен жалпақ жүлге – sulcus basilaris – өтеді. Онда – a.basilaris жатады. Көпірдің ішкі құрылысы. Көпірдің көлденең кесінділерінен оның үлкен алдыңғы немесе вентралды (pars ventralis pontis) және кішілеу дорсалды бөліктерден (pars dorsalis pontis) тұратынын көруге болады. Олардың арасындағы шекара ретінде талшықтарды есту жолына жататын көлденең талшықтардың қалың қабаты – трапециятәрізді дене, corpus trapezoideum, жатады. Трапециятәрізді дене аймағында есту жолына қатысы бар ядро – nucleus dorsalis corporis trapezoidei орналасады. Pars ventralis құрамына бойлық және көлденең талшықтар бар, олардың арасында сұр зат меншікті ядролары – nucleus pontis шашырап жатады. Бойлық талшықтар пирамидалық жолдарға – fibrae corticopontini –жатады, ол жолдар көпірдің меншікті ядроларымен байланысқан, ол ядролар мишық қыртысына баратын көлденеі талшықтар – tractus pontocerebellaris – басталады. Өткізгіш жолдардың бүкіл жүйесі көпір арқылы үлкен ми сыңарларын мишық қыртысымен байланыстырады. Үлкен ми қыртысы неғүрлым күштірек дамыған болса, көпір мен мишықта соғұрлым күшті дамиды. Көпір адамда күшті дамыған, бұл оның ми құрылысының өзіне тән белгісі болып табылады. Pars dorsalis құрамында сопақша мидың дәл осындай құрылымының жалғасы болып табылатын formation reticularis pontis жатады, ал торлы құрылым үстінде ромбтәрізді шұңқырдың түбі жатады (ол жерде VIII –V жұп бас сүйек нервтерінің ядролары орналасқан). Орталық сызық пен nucleus corporis trapezoidei арасында орналасқан медиалды ілмек – lemnicus medialis – құрамына кіретін сопақша мидың өткізгіш жолдары - pars dorsalis- ке созылады, медиалды ілмекте сопақша мидың жоғары көтерілетін жолдары – tractus bulbothalamicus – қиылысады.
170. Мишық, құрылысы, ядролары, аяқшалары, қызметі. Мишық, cerebellum, артқы мидың тепе-теңдік рецепторларымен байланысты дамыған туындысы. Сондықтан оның қозғалыстартды үйлестіруге тікелей қатысы бар, организмнің дене массасының негізгі қасиеттері – ауырлық пен инерцияны жеңуге бейімделу ағзасы болып табылады. Мишық жануарлардың қозғалып орын ауыстыру тәсілдерінің өзгеруіне сәйкес филогенез барсында 3 даму кезеңінен өтті. Мишық ең бірінші дөңгелекауыздыларда, жыланбалықтарда, көлденең табақша түрінде пайда болды. Қарапайым омыртқалыларда (балықтарда) құртқа (vermis) сәйкес келетін құлақшатәрізді бөліктер (archicerebellum) мен сыңар дене (paleocerebellum) бөлінеді; жорғалаушылар мен құстарда денесі күшті дамып, ал құлақшатәрізді бөліктері рудименттік күйге келеді. Мишық сыңарлары сүтқоректілерде ғана пайдап болады (neocerebellum). Адамда тік жүруіне және еңбек ету кезінде қодың ұстау-қармау қозғалыстарының жетілуіне байланысты мишық сыңарлары барынша дамиды. Мишық үлкен ми сыңарларының шүйде үлестерінің астында, көпір мен сопақша мидан дорсальды, артқы бассүйек шұңқырында жатады. Оның көлемді бүйір бөліктерін немесе сыңарларын – chemispheria cerebelli – және олардың арасында орналасқан жіңішке құртты бөлігін, vermis, ажыратады. Мишықтың алдыңғы жиегінде ми сабауының жанаса жатқан бөлігін қаститын алдыңғы тілік бар. Артқы жиегінде сыңарларда бір-бірінен бөлетін тар артқы тілік орналасқан. Мишық беті оның қыртысын құрайтын сұр зат қабатымен жабылған, бұл бетте бір – бірінен саңылаулармен – fissurae cerebelli - бөлінген тар қатпарлар, мишық жапырақшалары – folia cerebelli –түзіледі. Олардың ішінен ең тереңі – fissure horizantalis - мишықтың артқы жиегімен өтіп, сыңарлардың жоғарғы бетін – facies superior – төменгі бетінен – facies inferior бөліп тұрады. Мишықтың бүкіл беті горизонталды және басқа ірі жүлгелер арқылы бірнеше үлесшелерге, lobuli cerebelli, бөлінеді. Олардың ішінде ең оқшауланған, әрбір сыңардың төменгі бетінде, ортаңғы мишық аяқшасының артында орналасқан кішкентай бөлік – жырым, flocculus, бар. Құрттың жырыммен байланысқан, жіңішке жолақша медиалды жаққа қарай ай тәрізді табақшаға - төменгі ми желкеніне, velum medullare inferius, ауысады. Мишықтың ішкі құрылысы. Мишық қабатында ақ заттың арасында сұр заттың жұп ядролары жатады. Ортаңғы сызықтың бүйір жақтарында мишық шатырға, fastigium, батып тұрған жерде ең медиалды ядро –шатыр ядросы, nucleus fastigii, жатады. Ол латералды шартәрізді ядро, nucleus globosus, ал одан латералды тығынтәрізді ядро, nucleus emboliformis, орналасады. Жартышардың ортасында олива ядросына ұқсас, иірімді табақша тәрізді тісті ядро, nucleus dentatus, жатады. Оның олива ядросымен ұқсастығы кездейсоқ емес, ойткені екі ядро да өткәзгіш жолдармен fibrae olivocerebellares арқылы байланысқан да, бір ядроның иірімі екінші ядроның иіріміне тура келеді. Сөйтіп, екі ядро да тепе –теңдік қызметін атқаруға қатысады.Аталған мишық ядроларының аталған мишық ядроларының филогенездік уақыттары әр түрлі: nucleus fastii вестибулярлық аппаратпен байланысты мишықтық ең көне бөлігіне - floccus- ке (archicerebellum) –жатады; nuclei emboliformis et globosus тұлғаның қозғалыстарына тұлғаның қозғалыстарына байланысты пайда болған – ескі бөлігіне (paleocerebellum) жатады; nucleus dentatus – қол-аяқтарымен қозғалып жүруіне байланысты дамыған ең жаңа (neocerebellum) бөлігіне жатады. Сондықтан осы бөліктердің біреуі зақымданғанда әр түрлі кезеңіне сәікес келетін түрлі жақтары бұзылады, атап айтқанда: флоккулондулярлық жүйе мен оның шатырядролары зақымданғанда дененің тепе-теңдігі бұзылады. Құрт пен оған сәйкес тығын және шартәрізді ядролар зақымданғанда мойын мен тұлға бұлшықетінің қызметі; мишық сыңарлары мен тегіс ядролар зақымданғанда қол- аяқ бұлшықетінің қызметі бұзылады. Мишықтың ақ заты кесіндісінде әрбір қатпарға сәйкес келетін, шет жағынан сұр зат қыртысымен жабылған, ұсақ өсімдік жапырақшалары тәрізді. Нәтижесінде мишықтың кесіндісінде ақ және сұр заттың жалпы көрінісі ағашқа ұқсайды, сондықтан «тіршілік ағашы» деп аталады. Мишықтың ақ заты түрлі нерв талшықтарынан құралады. Олардығ кейбірі қатпарлар мен үлесшелерге байланыстырады, екіншілер