Ұңғыны бұрғылау үрдісінде көп қолданылатыны шарошкалы қашаулар, олар тұтас және сақиналы түптерге де арналып шығарылады. Тұтас түпті ұңғыны бұрғылауға арналған қашаулар шарошка санына қарай бір, екі, үш, төрт және көп шарошкалы болып бөлінеді. Қашау шарошкалары үш түрге топталады:
1 фрезерлі тісті (М, МС, С, СТ, ТК түріндегі қашаулар үшін);
2 салынбалы қатты балқымалы тістер (МЗ, СЗ, ТЗ, К, ОК түріндегі қашаулар үшін);
3.салынбалы және фрезерлі тісті МСЗ түріндегі қашуға арналған.
Жуу арналарының орналасу және тағайындалуына байланысты қашаулардың келесі түрлері жасалынады:
- орталықтан жуу – Ц;
- бүйірден (гидромониторлы) – Г;
- орталықтан үрлеуші – П (продувной);
- бүйірден үрлеуші – ПГ.
Қашаулардың құрылымдық ерекшеліктері тербеліс мойын тіректерінде–В, ал екі және одан көп сырғанау мойын тіректерінде – А, бір сырғанау мойын тірегінде (қалғаны тербелу) – Н түріндегі тіректер жасалынады. Егер шарошка тіректері саңылаусыздандырушы қосымша сақиналармен бекітілсе және майлауға арналған резервуары болса онда У әрпі қойылады.
МЕСТ-20692-75 бойынша бұрғы қашауларының диаметрлері 46 мм-508 мм 39 түрі шығарылады. Ең көп қолданылатыны 190,5 мм және 214 (215,9) диаметрлі қашаулар.
Бұрғылау кезінде қашау диаметрлері тағайындалуына, құрылымына және түріне қарамастан бұрғылау тізбегінің диаметрімен сәйкес болуы керек. Бұрғылау қашауларының көрсеткіштері шартты белгілермен көрсетіледі. Мысалға Ш-469,9, СЗ-ГНУ қашауы – саңылаусыздандырушы тығыздағыш сақиналы бір сырғанау мойын тіректі, бүйірден жуатын, орташа қаттылықтағы тау жыныстарын бұрғылауға арналған, диаметрі 469,9 мм үш шарошкалы екенін білдіреді. Сол сияқты АҚШ лицензиясы бойынша шығарылған Ш-469,9 СЗ-ГНУ-Р16 қашауы - Р – импортты лицензия, 16 – жинау нөмірін білдіреді.
Қашаулар тұтас және пісірілген корпуспен жасалынады. Тұтас корпусты қашаулар құйылады және оларға қалақшалар пісіріледі. Корпуста жуу сұйығы берілетін арнайы тесіктер болады. Корпусты құрылымдар 394 мм жоғары қашауларда қолданылады.
Пісірілген корпусты қашаулар секциялы болып жасалынады. Секциялы қашаулар (1 сурет) алдын ала жиналған секциялардан пісіріледі, олардың саны шарошка санымен тең болады. Шарошканың айналу өсі мен қашау өсі арасындағы бұрыш 52...570.
1 сурет. Секциялы қашау
Шарошкалы қашаудың жұмыс жасау үрдісін қарастырайық (2 сурет).
Шарошка түпте айналып жатып алдымен 1-тіске, сонаң соң 2-тіске тіреледі. Шарошка 1-тіске тірелгенде статикалық күш әсер етеді және ұңғы түбі соңы тістен қажалады. Келесі моментке айналып, шарошка бұрылғанда тістің түпке соқтығысуы болады және корпус төмендейді, сонан соң шарошка g/2 бұрышқа бұрылғанда қайтадан төмендейді. Көтерілу биіктігі тістер саны мен тау жыныстарының механикалық қасиеттеріне тәуелді болады. шарошканы айналдырғанда тістердің түпке статикалық және динамикалық әсер етуі болады. Бірақ шарошка тек өз өсінен айналып қана қоймай, сонымен бірге қашауға салыстырмалы түрде қиын қозғалыстар жасайды.
Ұңғылар қолданылуына қарай әр түрлі топтарға бөлінеді. Бұрғылау жұмыстарының ең көбі тау-кен өнеркәсібінде қолданылады. Онда бұрғылау пайдалы кен орындарын іздегенде, барлағанда және сол кен орындарын өндіргенде қолданылады. Бұрғы ұңғылары атқаратын қызметі бойынша карта жасаушы, структуралық, іздеме, барлау, өндіру, техникалық және т.б. болып келеді. Карта жасаушы ұңғылар деп, геологиялық карталар жасауға керекті деректер жинауға арналған ұңғыларды айтады. Структуралық ұңғылар тиімді свиталардың структурасын көрсететін маркалық горизонттардың деректері арқылы, структуралық ұңғылар карталар жасау үшін бұрғыланады. Кейбір жағдайларда структуралық ұңғылар кен орындарын іздеу үшін де бұрғыланады. Ондайда бұрғылау барысында кездескен тиімді горизонттарға зерттеулер жүргізіледі. Мұндай ұңғылардың тереңдегі 300- 500 метрден 2000 метрге дейін болады. Іздеме ұңғылар геологиялық іздеме жұмыстар жүргізіліп дайындалған учаскелерде жаңа кен орындарын ашу үшін бұрғыланады. Барлау ұңғылары кен орны барлығы анықталған учаскелерде, сол кен орнының өндірістік категориядағы қорын дайындау үшін және оны өндірудің жобасын жасау үшін бұрғыланады. Бұл ұңғылардың негізгі мақсаты кен орнының кемерін анықтау және осы кен орындарының жаңа горизонттарын барлау болып табылады. Өндіруші ұңғылар сұйық, газ тәріздес пайдалы қазба және минералдық кен орындарын аршу және өндіру үшін бұрғыланады. Техникалық ұңғыларға әр түрлі мақсаттармен бұрғыланатын бір топ ұңғылар жатады. Олар: су алатын ұңғы, су құрғатқыш ұңғы, су төмендеткіш ұңғы, бақылау ұңғысы, мұздатқыш ұңғы, сейсмикалық ұңғы ж.т.б.