Лекции.Орг


Поиск:




ХII. Тақырып: Қазақстан Республикасының салық құқығы.




Мақсаты: Салық құқығының түсінігі, түрлері мен элементтеріне түсінік беріп, Қазақстан Республикасында экономикасындағы салық жүйесінің ролін айқындау.

Жоспар:

  1. Салық құқығының түсінігі, түрлері, элементтері, топтастырылуы.
  2. Салық жүйесі.
  3. Салық қызметінің органдары.

Бұл тақырып бойынша негізгі түсініктер: дивидент, бересі, роялти, преференция, салық берешегі, резидент, рента.

 

Негізгі мазмұны:

Салықтық құқық – бюджеттік құқықтың айрықша институты ретінде, республикалық және жергілікті бюджеттердің, сондай-ақ бюджеттен тыс мақсаты қорлардың кірістерінде белгіленіп, алынатын салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді реттейтін құқықтық – нормалардың жиынтығы.

Салық – мемлекет тарапынан бір жақты шығарылған заңдардың негізінде, республикалық немесе жергілікті бюджеттің кірістерін қалыптастыру үшін, нақты салық төлеушілер – заңды және жеке тұлғалардан айқындалған мөлшерде, белгіленген мерзімде, сондай-ақ жүйеленген тұрақты түрде мемлекет (немесе жергілікті мемлекеттік басқару органдарының) қарамағына алынатын жекелей – баламасыз, қайтарымсыз, ақшалай (кейде заттай) міндетті төлем.

Салық бір уақытта материалдық, экономикалық заңи категория болып табылады.

Салық материалдық мағынада – салық төлеуші белгілі бір тәртіпте, мерзімде ақша сомасын (немесе салық материалды болса, материалдық құндылық) төлеуге тиіс.

Экономикалық мағынада – бұл ақша (мүліктік) қатынастары.

Құқықтық мағынада – бұл мемлекет белгілеген, тұлғалардың мемлекетке белгілі бір мөлшерде, мерзімде, тәртіпте ақша сомасын төлеу міндеттілігі. (А.И. Худяков «Финансовое право РК». Особенная часть. Оқулығын қараңыз).

Салық элементтері: салық субъектісі, объектісі, салық базасы, салық ставкасы, салық кезеңі, салықты есептеу тәртібі, салықты төлеу тәртібі, салық жеңілдіктері.

Салық субъектісі – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға (заңды немесе жеке, резидент немесе резидент емес).

Салық объектісі – заң салық міндеттемелерінің пайда болуымен байланыстыратын заңды фактілер (жағдайлар, оқиғалар, әрекеттер)».

Салық пәні – салық объектісінің материалдық көрінісі.

Салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізінде бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы айқындалады.

Салық ставкасы – салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді (процентпен немесе абсолютті сомамен белгіленеді).

Салық кезеңі – салықтар мен басқа да міндетті төлемдерге қатысты белгіленген уақыт кезеңі.

Салық жеңілдіктері – салық салу объектісі бойынша толығымен немесе жартылай салық төлеуден босату; салық субъектісі бойынша салық төлеуден толығымен немесе жартылай босату; қайырымдылық (ізгілік) жасаған заңды немесе жеке тұлғаларды заңда көзделген көлемде салық төлеуден босату; инвестициялар бойынша заңды немесе жеке тұлғаларға заңда белгіленген мерзімге салық преференцияларын беру.

Салықтардың түрлері:

Корпорациялық табыс салығы.

Жеке табыс салығы.

Қосылған құн салығы.

Акциздер.

Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.

Әлеуметік салық.

Жер салығы.

Көлік құралдары салығы.

Мүлік салығы.

Төлеуші субъектілер бойынша: заңды тұлғалар және жеке тұлғалар; алу тәсілі бойынша: жанама салықтар және тікелей салықтар; түсім көздерін пайдалануға орай салықтық және реттеуші салықтар; өкімет билігі мен басқару деңгейлеріне байланысты: республикалық аумағындағы салықтар және жергілікті салықтар; салық салу объектісі бойынша: тұтынуға салынатын салық, табыс салығы, мүлік салығы, ренталық сипатағы салықтар.

Салық жүйесі тікелей және жанама болып бөлінеді. Жанама салыққа қосымша құн салығы мен акциздер жатады.

Қазақстан Республикасының салық жүйесі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында барлық салық төлеушілерге қатысты біртұтас болып табылады.

Салық қызметі органдарының міндеттері мен құрылымы:

Салық қызметі органдарына салық, және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің толық түсуін, міндетті зейнетақы жарналарының толық және дер кезінде аударылуын қамтамасыз ету жөніндегі, сондай-ақ салық төлеушілердің салық міндеттемелерін орындауына салық бақылауын жүзеге асыру жөніңдегі міндеттер жүктеледі.

Салық қызметі органдары уәкілетті мемлекеттік орган мен салық органдарынан тұрады.

Салық органдарына облыстар, Астана және Алматы қалалары бойынша салық комитеттері, ауданаралық салық комитеттері, аудандар, балалар және қалалардағы аудандар бойынша салық комитеттері жатады. Арнайы экономикалық аймақтар құрылған жағдайда бұл аймақтардың аумағында салық комитеттері құрылуы мүмкін.

Салық органдары тиісті жоғары тұрған салық қызметі органына төменнен жоғары қарай тікелей бағынады және жергілікті атқарушы органдарға жатпайды. (Салық кодексі. 2002 ж. 1 қаңтар).

Қорытынды:

Сонымен салық бұл мемлекетке міндетті түрде төленетін төлем болып табылады. Әрбір азамат салықты төлеген кезде, мемлекеттің әлеуметтік жағының жақсартуына, мемлекеттің көркендеп өсуіне белгілі бір үлесін қосады. Яғни біздің бюджетке түскен қаржылар қомақты болған сайын біздің мемлекет көркендеп гүлдене береді.

Әдістемелік нұсқаулар:

Бұл тақырыпты терең ұғыну үшін, алдымен негізгі түсінігіне назар аударып олардың маңыздылығына мән беру қажет. Теориялық жағынан білімді нығайту үшін салық құқығы бойынша берілетін тапсырмаларды орындау қажет. Негізгі теориялық мәселелермен танысып нормативтік актілерге сараптама жасап түсіну.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. А.И. Худяков «Финансовое право Республики Казахстан». Особенная

часть. Алматы, 2002г.

  1. С.Г. Пепеляева «Налоговое право». Москва, 2002 г.
  2. Салық кодексі. 2002ж. 1 қаңтар.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1262 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Стремитесь не к успеху, а к ценностям, которые он дает © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

748 - | 745 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.