Лекции.Орг


Поиск:




XІV Тақырыбы: Банк құқығының негіздері.




Мақсаты: Қазіргі уақытта Қазақстандағы нарықтық типтегі банк жүйесі қалыптасу сатысында. Нарықтық экономика принципінде құрылған банктердің маңыздылығын, банкілік жүйенің қызмет етуіндегі экономиканың дамуын және осы саладағы теориялық зерттеулердің маңыздылығын қарастыру.

Жоспар:

  1. Банк құқығының түсінігі.
  2. Банк құқығының институттары.
  3. Банкілік қатынастардың ерекшеліктері.

Тақырып бойынша негізгі түсініктер: несие, валюталық операциялар, банктік операциялары, банктік ақша қоры.

Негізгі мазмұны:

Банкілік құқық термині заң әдебиеттерінде кең тараған. Әдетте, оған банкілік жүйені ұйымдастыруды және банкілік операцияларды жүргізуді реттейтін, азаматтық және қаржылық құқықтардың ортасында құрылатын кешенді құқықтық институт деп анықтама беріледі.

Банкілік құқық қаржылық және азаматтық құқықтардың нормаларынан тұратын кешенді құқықтық институт екендігі даусыз. Бірқатар авторлардың айтуынша, қаржылық құқыққа елдегі-банкілік есептесу және банкілік несие шартын өз мойнына алады. Бұл көзқараспен келісе қою қиындау, себебі, мемлекеттік банктер атқаратын банкілік қызмет қаржылық құқықтың пәні болады, ал жеке банктер іске асыратын қызмет азаматтық құқықтың пәні. Елдегі банк ісін ұйымдастыру жөніндегі банкілік істің кешенді теориясының авторларымен келісуге болады, яғни, ол қаржылық құқықтың аясына жатады.

Мемлекеттің қаржылық қызметінің бір түрі ретіндегі банкілік қызметке арналған банкілік құқықтың бір бөлігін қаржылық банкілік құқық деп атауға болар еді. (А.С. Тасыбаева «Банкілік құқық» оқулығын қараңыз).

Банкілік құқық көптеген нормалардан тұрады. Олардың жиынтығы тұтас күрделі жүйені құрайды. Біртұтас жүйеге кіретін нормалар белгілі бір тәртіпке келтірілген және өзара байланысты әр түрлі институттар мен бөлімдерге топталады. Банкілік құқықтың нормаларын топтау олардың реттейтін қатынастарының ерекшеліктері мен арақатынастарына байланысты.

Банкілік құқық кез келген құқық саласы секілді жалпы және ерекше бөлімдерден тұрады.

Жалпы бөлімге банкілік құқықтың жалпы принциптерін, негізгі бастауларын, банкілік қызметті іске асырудың құқықтық формалары мен әдістерін, елдің банкілік құрылымының негіздерін, банкілік бақылаудың негіздерін бекітетін нормалар кіреді. Бұл нормалар банкілік құқықтың ерекше бөлімінің барлық бөлімдері мен институттары үшін жалпы ереже- лерді бекітеді.

Банкілік құқықтық жүйесі мынадай болады:

Жалпы бөлім.

Елдің банкілік құрылымының құқықтық негіздері.

Ақша-несие саясатының құқықтық негіздері.

Банкілік шарт туралы жалпы ережелер.

Банкілік бақылаудың құқықтық негіздері.

Ерекше бөлім.

Уақытша бос ақша қаражаттарын тарту тәртібі мен банктің несие қорын қалыптастыруды құқықтық реттеу.

Қолма-қол ақшасыз есептесуді құқықтық реттеу.

Банктің ақша қорларын орналастыруды құқықтық реттеу.

Валюталық операцияларды, бағалы метталлдар және тастармен жүргізілетін операцияларды құқықтық реттеу.

«Банкілік құрылымның құқықтық негіздері» институтына банкілік істі ұйымдастырудың принциптерін, банкілік мекемелердің жүйесін, банктерді құру және жоюдың тәртібі мен шарттарын, Орталық эмиссиялық банк пен екінші деңгейдегі банктердің арақатынасының сипаты мен формасын, банкті ашуға келісім беру тәртібін, банк басшыларына қойылатын талаптарды, банкілік қызметті лицензиялау тәртібін анықтайтын құқық нормалары кіреді.

Банк қызмет аясын жетілдірудің негізгі мақсаттары мен міндеттері:

− банк жүйесінің кешенді базалық қызмет көрсетуіне қажетті

қабілеттілігін жоғарылату;

− банктік капиталға қатысушылар ретінде шетелдік инвесторлар

мен отандық ауқатты адамдарды тарту;

− банк жүйесін тиімді жетілдіру үшін оның нормативтік- құқықтық

− базасын нарықтық талаптар мен өмір тынысына сай түзетіп отыру;

− жеке меншік салымшылардың мүдделерін бірінші кезекте

қорғау;

− қаржылық рыноктардың ойдағыдай қызмет атқаруларын

қамтамасыз ету;

− жоспарлы және жоспардан тыс тексерулерді жүргізу;

− банктік заңдардың сақталуын қамтамасыз ету;

− есеп айырысу жүйесінің тиімді қызмет атқаруын қамтамасыз ету.

Банкілік қатынастар төмендегідей ерекшеліктермен сипатталады:

Банкілік қатынастардың объектісі ақша б.т. Осы сәтте екі жағдайды атап өткен жөн: біріншіден: ақша ақша-несие нарығында товар ретінде болса, екіншіден, айналымдағы ақша уақытша бос жағдайда болады. Банк салымшылардың ақшалай салымдарын қабылдап, орналастырып қана қоймайды, олардың сақталуы мен кез келген уақытта сұрағанда тауып бере алатындай еріктілік жағдайын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

Банкілік қатынастардың міндетті субъектісі ақша-несие нарығында делдалдық қызмет атқаратын банк немесе банкілік емес мекеме болып табылады. Банк халықтан, шаруашылық субъектілерінен, басқа банктерден сатып алған ақша қаражаттарын сататыны белгілі. Сонымен қатар, банк есептесу процесінде делдалдық қызметтерді орындайды және сатушы мен сатып алушының арасында есептесуді жүргізу міндетін мойнына алған делдалдың пайда болуына байланысты есептесу қатынастары еріктілікке ие болады.

Банктер қарызға ақша беру, оларды жинау және бөлумен байланысты кәсіпкерлік қызметтің ерекше бір түрі.

Қазақстан Республикасының банк жүйесі екі деңгейден тұрады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі (Қазақстан Ұлттық Банкі) Қазақстан Республикасының орталық банкі болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесінің жоғары (бірінші) деңгейін білдіреді. («Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заң күші бар жарлықты қараңыз).

Қорытынды:

Банкілік құқық теориясының тек қана банктерге тән негізі міндеттерін анықтау, банк және банкілік емес қаржылық мекеме тероминдерін ажырату, банкілік операцияларды іске асыру барысында пайда болатын қатынастарды зерттеу, олардың сипатын, пәнін және банкілік құқықтың құқықтық реттеу әдістерін, банкілік қызмет пен банкілік құқықтың принциптерін, банкілік құқықтың жүйесін, оның құқық жүйесіндегі орны мен ролін анықтау сияқты мәселелерін қарастырады.

Әдістемелік нұсқаулар:

Банк құқығының пәнін және институттарын, яғни банкілік қатынастарының мәні мен белгілері және оның ақша қатынастарының басқа түрлерінен айырмашылығын білу қажет. Банк құқығының заңдарына, нормативтік актілеріне сараптама жасай келе, банк құқығы тақырыбы бойынша тапсырмаларды және практикум есептерді орындауына көмек береді.

Қолданылған әдебиеттер:

  1. Қазақстан Республикасының Конституциясы. 1995ж. 30 тамыз.
  2. А.С. Тасыбаева «Банкілік құқық». Алматы, 1999ж.
  3. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы Заң күші бар жарлығы.




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1149 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

1335 - | 1174 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.