Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Бақылау сұрақтары. 1. Құрылыс гипсінің қасиеттерін атап шығыныз




1. Құрылыс гипсінің қасиеттерін атап шығыныз

2. Қату мерзіміне қарай гипсті тұтқыр заттарды қандай түрлерге бөлуге болады?

3. Жартысулы гипстің ерігіштігін өсіретін заттарды не деп атаймыз?

4. Жартысулы гипстің ерігіштігін кемітетіндерді не деп атаймыз?

№3 Дәріс (3 сағат)

Тақырыбы: Гипстің түрлері

3.1 Беріктігі жоғарғы гипс

3.2 Ангидридті цемент

3.3 Әрлегіш гипс (цемент)

3.4 Жоғарғы температурада күйдірілген гипс

3.5 КНАУФ – полимер түрлері

3.6 Әкті-шлакты және әкті-пуццоланды тұтқыр заттар

3.7 Қышқылға төзімді цемент

3.1 Беріктігі жоғарғы гипс. Екі сулы табиғи гипс тасын температура 550—700°С жагдайында қысқа уақытты күйдірген соң, оған натрий мен алюминийдің сульфаттарын және басқа да тұздарды қосып, майда ұнтақтау арқылы жоғарғы берікті гипсті өндіреді. Гипстің бұл түрі баяу қатаяды, бірақ оның қысқандығы беріктігі 30 МПа-ға жетеді. Кәдімгі жағдайда оның түсі ақ.

Жоғарғы берікті гипс қамырының қалыпты қоюлыгы 40—50%, кәдімгі құрылыс гипісіндегідей 60—70% емес, жеті тәуліктен кейінгі беріктігі 15—40 МПа-ға жетеді.

Құрылыста жорғарғы берікті гипсті еденнің құйылмалы жабы- лымдарын төсеу үшін, сондай-ақ металлургия өндірісінде қалыптарды дайындауда қолданады.

3.2 Ангидридті цемент — табиғи гипс тасын температура 600—700°С күйдіріп алынған сусыз гипсті ұнтақтау арқылы алынған өнім. Ангидридті цементтің беріктігін арттыру үшін оған катализатор есебінде әкті, күйдірілген доломитті, домналы шлакты, қатпар тасты, натрий мен кальцийдің сульфаты мен сулы сульфаттарын қосады. Ангидридті цемент баяу қатаятын тұтқыр зат: ұстасудың басталуы 1—1,5 сағат, ұстасудың аяқталуы 24 сағатқа дейін болады.

Ангидридті цементтің суға шьщамдылығы құрылыс гипсіне қараганда жоғары. Қысқандағы беріктігі жағынан ангидридті цемент 50, 100, 150, 200 деген маркаларға бөлінеді. Нағыз тығыздығы 2,8—2,9 г/см3, тығыздалғаннан кейінгі төгілмелі тығыздығы — 1200—1500 кг/м3.

Ангидридті цементке домналы шлак қосатын болсақ, оның суға шьщамдылығы артады. Ангидридті цементтен өңдірілген бұйымдар алма-кезек мұздану мен ерудің 15 циклі әсер еткен жағдайдың өзінде бұзылмайды.

Ангидридті цементтерді тұрғын үйлердің едендерін жіксіз жабу, әр түрлі мәнерлі сылақты ерітінділерді өндіру, органикалық және анорганикалық толтырғыш негізіндегі жеңіл бетондарды алу, ауыр бетондарды қолдану, сонымен қатар жасанды гранитті өндіру жұмыс-тарында қолданады.

Ангидридті цементтен алынған құрылыс бұйымдар пайдалану кезіндегі ауа ылғалдығы 60—70%-дан көп емес жерлерде қолдануға тағайындалған.

 

4-сурет. Қоғамдық және түрғын ғимараттардағы ішкі

Көрінісін әрлегіш гипс.

 

3.3 Әрлегіш гипс (цемент) — құрамында ластағыш қоспалары жоқ табиғи гипс тасы температурасы 550—700°С жағдайда күйдіріп алынған өнім. Күйдірілген гипсті ұнтақтау процесіңде оған көмір қышқылды алюминийді қосады.

Әрлегіш гипстің түсі ақ, шығылыстыру коэффициенті 90%-дан асады. Ұстасу уақытының басталуы 1 сағат, аяқталуы 12 сағатқа дейін.

Ақ гипстің 100—400 маркалары шығарылады.

Әрлегіш гипсті құрылыста жасанды мәрмәр плиталарды, сәулеттік бұйымдар мен бөлшектерді дайындауда қолданады.

3.4 Жогаргы температурада күйдірілген гипс — табиғи гипс тасын немесе ангидридті 800—1100°С температурада күйдіріліп алынған тұтқыр. Күйдіру кезінде гипс тасы суды толығынан жоғалтады, ал пайда болған сусыз гипстің біразы, белсенді әктің (СаО) пайда болуы арқылы ыдырайды:

 

2СаЅ04 = 2СаО + 2Ѕ02 + 02.

 

Күйдірілген гипсте СаО қатысуы катализатор қоспай-ақ тұтқырдың қалыпты қатаюын қамтамасыз етеді. Жоғарғы температурада күйдірілген гипстің 100, 150 және 200 маркалары шығарылады. Оның нағыз тығыздығы 2,8—2,9 г/см3, төгілмелі тығыздығы 900—1100 кг/м3. Жоғарғы температурада күйдірілген гипсті баяу ұстасатын тұтқырлар тобына жатқызады. Гипстердің басқа түрлеріне қарағанда суға төзімділігі жоғары.

Қабырғаға кірпіш төсеуде, ішкі сылақ жұмыстарында, бетон бұйымдары мен жасанды мәрмәр плиталарын дайындауда қолданылады.

3.5 КНАУФ полимер түрлері

КНАУФ-Фунгенгипсті полимер қосылған құрғақ сылақ араласпа. Негізінен ішкі бөлме қабырғасының бетін тегістеуде қолданылады. Сонымен қатар КНАУФ гипсті картон табақтың (ГКТ) тұтас және кесілген жіктері қағаз желімді лентамен бекітіледі (5-сурет).

 

5-сурет. Кабырға бетін гипсті картонмен қаптау





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 990 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2675 - | 2239 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.