Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ауалы тұтқыр заттар




Ауа әгі. Бор, әктас, доломитті және мергельді әктастар сияқты, құрамында кальций мен магнийдің карбонаттары бар тау жыныстарын күйдіру жолымен, арзан, тек ауада ғана қатаятын ауа әгін өндіреді. Осындай жолмен алынған ақ немесе сұр түстес өнімдер сусызданған кальций тотығынан және бірен-саран магний тотығынан тұрады. Оларды сөнбеген немесе тасты әк деп атайды. Күйдірілген соң, оны ұнтақтау арқылы қайнақты әкті алады.

Ауа әгін өндіруге керекті шикізатта 85% кальций (СаС03), 7% аздап магнезит (М§С03) және 8% аздап глинозем (А1203) болуы керек. Күйдіру процесінде әктастың массасы 44% дейін, ал көлемі 12—14% азаяды.

Әкті куйдіру шахталы немесе сақиналы пештерде 950— 1100°С температурада іске асырылады. Әктасты күйдіретін шахталы пеш 2-суретте көрсетілген. Сыйымдылығы 120 т жететін пештің ішіндегі әктас, 24 сағат бойына жылумен өңделген соң, сөнбеген әкті тасқа айналады.

Әктің қасиеті. Әкті тұтынушыға сөнбеген әктас және гидратты әк-қамыр немесе ұнтақ күйінде жеткізеді. Әк қамырының тығыздығы 1400 кг/м3, ұнтақты гидратты әктікі — 500 кг/м3, ал диірменге тартылған сөнбеген әктікі — 600 кг/м3.

Мемлекеттік стандарт бойынша, бірінші сорты ауа әгінде белсенді тотықтардың мөлшері 85%-дан, ал екінші сортына — 75%-дан, үшінші сортына 65%-дан кем болмауы керек.

Отынға жұмсалған шығын күйдірілген әк өз құндылығының 15-17%-ын құрайды.

 

 


 

2-сурет. Шахталы пеш:

1 — шахта;

2 — шикізатты беріп тұратын қондырғы;

3 — ауа жеткізгіш;

4 - тарақ;

5 — дайын әкті түсіру.


 

Әктіц сөнуі. Күйдірілген әк судың әсерімен мынадай реакция бойынша сөнеді:

СаО+Н20 = Са(ОН)2+15,64 ккал (65,5 кДж).

Сөнбеген әктас сумен (35—50%) біріккен уақытта, ол шашылып ұнтаққа айналады — гидратты әк пайда болады.

Сөну жылдамдығы бойынша әкті жылдам сөнетін (20 минутқа дейін) және баяу сөнетін (20 минуттан көп) түрлерге бөледі. Әктің сөну жылдамдығы сөнбеген әкке су қосқан соң, температураның ең жоғарғы шегіне дейін көтеруге кеткен уақытпен анықталады. Жеке жағдайларда әктің сөну жылдамдығын тездету үшін қыздырылған суды қолданады.

Сөндіріліп болган соң, әкті 1—2 күн бойына ұстайды. Әктің ұнтақтығы оны № 02 (900 тесік 1 см2) електен өткізу арқылы анықталады. Мұндай елеу кезінде елек арқылы әктің 85%-ы өтуі керек (1-кесте).

1-кесте. Әктің ұнтақтығы

 

Керсеткіштері Ауа әгінің түрі Ұнтақты немесе қамыр күйіндегі әк
Кальцийлік Магнезиялық
I II III I ІІ III I II III
Са0+Мg0 белсенділік саны (кебу кезінде), % аз емес                      
Сөнбеген белшектер- дің саны, % көп емес               -   -   -

 

Әктің қатаюы. Әктің қамырында дайындалған құрылыс ерітіндісі бірнеше тәулік бойына, ал сөнбеген ұнтақты әк негізіндегі ерітінділер — 30—60 минут уақытында қатаяды. Сөнбеген әктен алынған ерітінділердің қысқандағы беріктігі, тығыздығы және тұрақтылығы, сөнген әктен алынған үлгілермен салыстырғанда әлде- қайда жоғары.

Әкті тасымалдау, сактау және пайдалану. Қабырғаларды тұрғызу кезінде жұмсалатын қалау мен сылауға керекті әк-құмды, әк-шлакты, әк-цементті ерітінділерді кеңінен қолданады. Өкінішке орай әкті ерітінділерді ылғалды ғимараттарда, іргетасты қалауды және көп қабатты үйлерді тұрзызуда қолдануға болмайды. Егер әк қағаз қапшықтармен қапталса, оны 10—20 күн бойында пайдалану керек. Құрылыста әктастың пайдаланылуы 2-кестеде берілген.

Қазақстанда әк өндірісіне керекті сапалы кен орындары жеткілікті. Республика зауыттарындағы әк өндірісінің технологиялық процестері шикізатты күйдірумен аяқталады, ал ұнтақтау мен әкті сөндіру пайдаланылатын жерде орындалады, мұның өзі технологияның кемістігі болып табылады.

2-кесте. Құрылыста әктастың пайдаланылуы

Әктастың түрі Пайдалану саласы
  Сөнбеген 1. Ұсақталған сөнбеген әктас, сөнген гидратты әктас, әктасты ерітінді алуда 2. Автоклавты силикат бұйымдар мен кеуек бетон алуда 3. Құрылыс ерітіндісін алуда 4. Тұтқыр зат алуда 5. Әктас бояуын дайындауды пайдаланылады
  Ұсақталған сөнбеген 1. Автоклавты силикат бұйымдар мен кеуек бетон алуда 2. Құрылыс ерітіндісін алуда 3. Тұтқыр зат алуда 4. Әктас бояуын дайындауда 5. Қоспа ретінде пайдаланылады
  Сөнген гидратты 1. Автоклавты силикат бұйымдар мен кеуек бетон алуда 2. Құрылыс ерітіндісін алуда 3. Тұтқыр зат алуда 4. Әктас бояуын дайындауда пайдаланылады
  Гидратты 1. Құрылыс ерітіндісін алуда 2. Маркасы төмен бетон алуда 3. Силикат кірпіш алуда пайдаланылады

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1368 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинать всегда стоит с того, что сеет сомнения. © Борис Стругацкий
==> читать все изречения...

2349 - | 2104 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.013 с.