Тіл білімінде аталым теориясы төңірегінде арнайы зерттеулер баршылық. Мәселен, Е.С.Кубрякова былай дейді: «Чтобы быть единицей номинации, эта единица должна удовлетворять одному требованию – обозначать, служить названием, выделять именуемое как отдельную сущность и величину, осуществлять номинативную функцию» (Кубрякова 1977: 222-304). Бұл айтылған пікірдің қазақ тіліндегі заттанған сындар арқылы жасалған аталымдарға да қатысы бар. Заттану арқылы жасалған аталымдар тілде бірден пайда болған жоқ, олардың жасалуының белгілі бір кезеңдері болған. Заттану нәтижесінде туған жаңа аталымдардың тілде бірден жасалмайтындығы, олардың екінші заттық мағынасының тілде әбден орнығып, жалпыға танылып үлгеруі үшін ұзақ уақыт қажет болатындығы осы мәселені қарастырған зерттеушілердің еңбектерінде айтылады.
Семантика (көне грекше: σημαντικός - танбалаушы, білдіруші) — тіл және тіл бірліктері (сөз, грамматикалық тұлға, сөз тіркесі, сөйлем) арқылы білдірілетін хабарды, заттар мен құбылыстардың мән-мазмұның зерттейтін тіл білімінің саласы, семиотиканың негізгі бөлімдерінің бірі. Семантика сөз мағынасын, сөз құрамындағы элементтердің өзара мағыналық қарым-қатынасын, сөз мағынасы түрлерінің даму зандылықтарын зерттейді.Тілдік талдау арқылы сөз құрамындағы морфемалар (түбір, аффикстер)
мен синтагмалық тіркестердің Семантика сын анықтауға болады. Аффикстер білдіретін грамматикалық мағыналар екі түрге бөлінеді:
· Заттық мағыналарды жинақтап, жалпы категорияларды жасайтын категориалдық мағына Категориалдық мағына "субъект — предикат", "субъект — объект", "жанды — жансыз", "белгілі — белгісіз", "іс-әрекет—жағдай" т.б. білдіретін синтаксиспен байланысты. Категориалдық мағынаның реляциялық мағынадан ерекшелігі өзара жұптық қарама-қарсы жүйеден тұратындығында.
· Сөйлем құрамындағы сөздерді өзара байланыстыратын ішкі тілдік реляциялық мағына. Реляциялық мағына ұлттык тарихи ерекшелігі бар нақты тілдің морфологиясымен тығыз байланысты. Оған қиысу, менгеру, септік жүйесі т. б. жатады.
Семантика тіл білімінің бір тарауы ретінде эр түрде сипатталады. 1. Парадигматикалық сипатта, оған тіл жүйесінде топтасқан оппозициялық сөздер тобы: синонимдер, антонимдер, гипонимдер, паронимдер, сөздік уя сияқты лексика-семантикалық топтар және сөздердің өpic деп аталатын жалпы тобы жатады.2. Синтагматикалық сипатта, оған сөйлеу кезіндегі сөздердің бір-біріне қатынасына қарай орналасуын білдіретін тобы (тіркесімділік) жатады. Бұл қатынастардың негізінде дистрибуция (дистрибутивтік талдау) жатыр.
Семантика ғылым ретінде 19 ғасырдың 2-жартысынан бері В. фон Гумбольдт идеясының негізінде X. Штейнталь, А. А. Потебня, В. Вундттың күрделі еңбектері жарық көрген сондами бастады. Бұл еңбектерде Семантиканың психологиялық және эволюциялық деп аталатын бірінші кезені айқындалған. Ол кезеннің басты ерекшелігі — онда мәдениетке кен эволюциялық көзқарас пайда болды және тіл Семантикасы халық психологиясына жақындастырылып қаралды. Семантиканың салыстырмалы-тарихи деп аталатын 2-кезеніңде ол "семасиология" деген атпен тіл білімінің жеке саласы ретінде бөлініп шықты. Бұл кезенде нақты тарихи салыстырмалы зерттеу принциптері негізінде Семантиканың тарихи зандылықтары қалыптаса бастады, салыстырмалы-тарихи көзқарас этимологиялық зерттеулерде айқын көрінді. (Э. Бенвенист, В. И. Абаев, Э. В. Севортянт. Семантиканың З-кезені 20 ғасырдың 20 жылдарынан басталады. Оған тән сипат — Семантиканың логика мен философияға жақындасып, синтаксиске бағыт алуы. Сол себепті бұл кезенді синтаксистік-семантикалық немесе логикалық-семантикалық кезен деп атауға болады. Оған тән негізгі теориялык тұжырымдар:
1. Шындық өмір заттардың жиынтығынан емес, онда болатын окиғалар мен фактілердің жиынтығынан тұрады деп қарау. Соған байланысты Семантиканың негізгі бөлігі заттардың атын білдіретін сөз емес, фактілер туралы айтылатын сөйлем болып табылады деп қарау;
2. Тілдегі кейбір сөздер тілден тыс болмыспен тікелей байланысты, олар заттарды білдіретін терминдер арқылы анықталады деп қарау;
3. Баска мағыналарға негіз болатын бастапқы мағынаны сипаттау Семантиканың басты міндеті деп есептеу. Бұл сияқты пікірлер тілге жалпы методологиялық көзқарастан туған.
20 ғасырдың 70 жылдарынан бастап Кеңес тіл білімінде дистрибуциялық талдау сынға ұшырап, Семантикалық құбылыстар жан-жақты зерттеле бастады. Сөздің болмыстағы және тілден тыс байланыстары зерттеліп, Семантиканың шындық өмірдегі көріністерін ашуға мән берілді. Мұның өзінде негізгі бағыт абстракты немесе жекелеген сөйлемдерді емес, тілдің прагматикасын ескере отырып, сөйлеу кезіндегі, диалогтегі, мәтіндегі нақты сейлемді талдауға арналды.Семантиканың ең негізгі категориясы – мағына. Сөз мағынасы және мағына түрлерінің даму заңдылықтары семантика саласында зерттеледі. Сондықтан лексикалық семантика семантика ілімінің басты саласы болып табылады. Лексикалық семантикада сөздің лексикалық мағынасы семасиологиялық және ономасиологиялық аспектілерде қарастырылып, семасиологиялық аспектіде таңбадан мағынаға, ал ономасиологиялық аспектіде мағынадан таңбаға қарай бағыты негізге алынады.
3. Прагмалингвистика. Прагмалинвистика гр.(прагматос- іс- əрекет.) –Тіл біліміндегі функционалдық бағыттың құрамдас бөлігі.Прагмалингвистика – адамдардың қарым-қатынас әрекетін зерттейтін ғылым. Ол семантика мен тіл біліміндегі тілдік таңбалардыңқызметін зерттейді. Прагматика терминін 20 ғасырдың 30жылдарында семиотиканың бір бөлігі ретінде Ч. Морррис енгізген болатын.
Ч.Моррис еңбегінде прагматика туралы ұғымең алғаш рет ғылымға енгізілген болатын. Онда ғалым семиотикадан тараған негізгі үш саланы қарастырады. Біріншісі таңба мен ұғымды – семантика зерттесе, таңба мен таңба арасындағы қатынасты синтактика зерттейді. Ал прагматика таңба мен қолданушы арасындағы қатынасты зерттейді. Яғни прагматика семиотиканың бір бөлігі ретінде тілдік таңбаның іске асуын білдіреді. Прагматика – ой иесінің мақсаты мен уәжіне сай тілдік құралдарды таңдаудың мәнін, сондай-ақ тыңдаушының айтылған ойды, тіл арқылы берілген бағаны түсінуін зерттейтін сала.Соңғы жылдары тіл ғылымының дербес саласына айналған прагмалингвистиканың алғышарттары қазақ зерттеушілерінің еңбектерінде бастау алғаны белгілі. Атап айтқанда, М.Оразов сөз семантикасының прагматикалық аспектісін қарастырса, А.Алдашева публицистикалық терминдердің прагматикалық ерекшеліктерін, Б.Момынова газеттік лексиканың прагматикалық аспектісін, З.Ерназарова сөйлеу тілі синтаксисінің прагмалингвистикалық аспектісін, Д.Әлкебаева қазақ тілі стилистикасының прагматикасын, С.Аташев бұқаралық ақпарат құралдарының прагматикасын, Б.Хасанов сөздің лексикалық мағынасы мен прагматикасын, Б.Райымбекова қазақ және орыс тілдеріндегі газет мәтінінің прагматикалық аспектісін, Ф.Жақсыбаева газет мәтінінің прагматикалық функциясын қарастырса, Г.К.Ихсанғалиева тақырыпаттарға прагматикалық талдау жасаған. Т.Ш.Мырзахметова тыныс белгілердің, оның ішінде көп нүктенің қолданысын прагматикалық тұрғыдан зерттеген.Ал Р.А.Омарова неміс тіліндегі газеттер материалы бойынша баспасөз дискурсына прагмалингвистикалық талдау жүргізсе, С.Қ.Ережепова орыс және қазақ тілдеріндегі ресми-іскерлік стильдің прагмалингвистикалық аспектісін салыстыра зерттеді.
Сондай-ақ, соңғы жылдары газет мәтінінің жекелеген жанрларына арналған зерттеулер де пайда болды.Мысалы, М.С.Абишева ақпараттық жазбаның (информационная заметка) құрылымы, семантикасы және прагматикасын диссертациялық деңгейде арнайы қарастырған.
Прагмалингвистика қарым-қатынас іс-әрекеті туралы ғылым саласы болғандықтан, тілдің барлық аспектілерінің қызметіне тікелей қатысаалады.
Ю.С. Степанов: «Синтактика таңба мен оның нені таңбалайтыны арасындағы – адамның сыртқы әлемі мен ішкі әлемі арасындағы қатынасты зерттеумен айналысса, ал прагматика таңба мен сол таңбаны қолданушы сөйлеуші, тыңдаушы, жазушы, оқырман арасындағы қатынасты зерттеумен айналысады».
Ғалым Нұргелді Уәли «прагматика – тілдің өмірдегі қолданысын, оның ұжымдық тәжірибеде жүзеге асыруын көрсетеді. Ал мұның өзі ұжымның өмір заңдылықтарымен, тілді қолданушының психологиясымен, дүниетанымымен, оның когнитивтік базасымен, мәдени стреотиптермен, ұлттық дәстүрмен байланысты» деп есептейді.
Прагмалингвистикалық зерттеулердің мақсаттары:
1) Дискурсты, оның түрлерін қатынас мақсатына қарай және оның нақты бір коммуникация үрдісінде вербалды/вербалды емес қатынастармен жүзеге асырылуын зерттеу;
2) Мәтінді, оның түрлерін және мәтін ішіндегі байланыстарын зерттеу.
Прагмалингвистикалық зерттеулердің түрлі бағыттары бар, алайда прагматикаға бағытталған концепциялардың басын біріктіретін нәрсе тілді әрекет барысында зерттеуде жатыр.
Прагматиканың негізгі ұғымдары ол – адресат пен адресант ұғымдары. Бұл екі ұғым үнемі тығыз байланыста және өзара арақатынаста болады. Бірінсіз-бірі коммуникация кезінде коммуниканттар көздеген коммуникативтік мақсат өз мәресіне, діттеген прагматикалық міндетіне жете алмайды.
Адресат тіліне байланысты қаралатын екінші аспект төмендегідей мәселелерді қамтиды: сөйлеу интерпретациясы сөйлесімнің адресатқа әсері (перлокутивті әсер), яғни адресаттың өзіндік көзқарасының, бағасының, эмоционалды күйінің өзгеруі т.б.; көзделген мақсатқа жету барысындағы тілдік реакциялар типі.
Ал үшінші аспект коммуникацияға қатысушылармен қарым-қатынас барысындағы жағдаяттарды қарастырады: сөйлесім қатынасының формасы (ақпараттық диалог, достық сұхбаттасу, пікірталас т.б.); тілдің әлеуметтік- этикалық қыры (қарым-қатынас стилі); белгілі бір сөйлеу актісі барысындағы қарым-қатынас жасаушылардың өзара тіл табысуы (өкініш, бұйрық); дейктикалық таңбалардың интерпретациясы, сөз мағынасындағы индексальды компоненттері; сөйлесім жағдаятының коммуникация формасы мен тақырыбына ықпалы».
Прагмалингвистиканың пәні (гр.pragma-қимыл, қатынас) нақты коммуникация үрдісінде тілдің субстанциялық және функционалдық қасиеттерін, яғни нақты бір ситуация кезіндегі нақты индивидтердің вербалды және вербалды емес қатынас құралдарын қолданып, пікір алмасуды зерттеу болып табылады. Яғни адам өз ойын оқырманға қалай жеткізеді, қатынас құралдарын қалай қолданады және тағы сол сияқты мәселелерді зерттейді.
Зерттеушілер прагматиканы коммуникатор прагматикасы және реципиент прагматикасы деп екіге бөледі. Мәтінді түзуші коммуниканттар өз мәтінімен бірге нақты жағдаятқа, белгілі бір тілдік контекстке тән алуан түрлі мәтіндерді интерпретациялаушы болып табылады. Коммуниканттар айтылымда өз хабарламасының екіжақты түсінілуі мүмкін екендігін біліп, ойын соған бейімдейді. Аудиторияның мәтінді барынша дұрыс түсінуі үшін адресант ақпаратты жеткізу барысында оқырманның қажеттілігін, білім деңгейін, әлеуметтік ұстанымдарын ескереді. Осыған байланысты мәтіннің прагматикалық сипаттамасын арнайы қарастыру қажеттігі туындайды. Өйткені мәтіннің прагматикалық компоненті тілдік құралдардың жұмсалуына қатысты заңдылықтарды анықтауға мүмкіндік береді. Газет мәтінінде адресанттың белгілі бір прагматикалық ұстанымы көрініс табады. Зерттеушілер оны 3 түрге жіктейді:
1) Ақпараттық ұстаным (мәліметті іріктеп ұсыну);
2) фатикалық ұстаным (материалды оқырман назарын аударту үшін пайдалану);
3) манипулятивтік ұстаным (мәтінде баяндалатын оқиғаларға қатысты оқырман көзққарасын қалыптастыруды мақсат ету).
ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Қазіргі тіл ғылымындағы жаңа бағыттар, ғылыми-теориялық сипаты. Бұған когнит лингвистика, паралингвистика, нейролингвистика, лингвомәдениеттануды айтамыз.
2. Тіл біліміндегі өріс теориясы, өріс түрлері. «Өріс» семасиологияда қолданылады. Мағыналас форма мен мағыналас мазмұн функционалды семантикалық өрісті құрайды. Семантикалық өріс тематикалық қатарды түзейтін сөз бен сөз тіркестерінің жиынтығы. Сол жиынтық арқылы белгілі бір саланы қамтитын сөздер мен сөз тіркестері. Өріс белгілері:
1. Ортақ мағына болады;
2. Бір-біріне қарама-қарсы 2 мағынадан тұрады.
3. Көлденең және тік болады.
Өріс теориясы тіл білімінде көптеген көзқарастармен 20 ғ пайда болды. Тіл білімінде өріс теориясын ғалым Г.Ипсен енгізген. Ал лексиканы семантикалық өрістер арқылы зерттеудің теориялық негізін салушы ғалым И.Трир болды. Ғалым сөздік құрамның белгілі бір ұғымға байланысты болатын сөздердің табына құралатындығын атап көрсетті.Ол сөздің жеке тұрып ешқандай мағынаға ие болмайтындығына, оның мағына тек өріс құрамында ғана анықталатындығына назар аударды. Ғалымның бұл пікіріне ғалымдар қарсы болған еді. Дегенмен де бұл теория сәтті шықты. Басқа ғалымдардың қызығушылығын тудырды. Өріс теориясын М.Копыленко, Т.Аяпова, З.Ахметжанова назар аударды.
Өріс дегеніміз – мағына ортақтығының негізінде біріккен және білдіріп отырған құбылыстарының ұғымдық, заттық қызметтерінің ұқсастықтарын бейнелейтін тілдік бірліктердің жиынтығы. Мағына арқылы сөз семантикалық өрісті құрайды.
Өріс ішіне енетін сөздер бір бірімен жүйелі байланыста болады, өрісті құрайтын элементтердің жалпы мағыналары бңрдей болып келеді және олар тілде бірдей қызметте жұмсалады. Қазіргі күні тіл білімінде семантикалық өріс теориясын зерттеу жұмысының саны күннен күнге артуда.
3. Генеративті лингвистика, зерттеу нысаны, өзекті мәселелері. Генеративтік лингвистика (лат. generativus – туындаушы) (орыс. генеративная лингвистика) - 20 ғасыр 50 - 60 жылдарында Н. Хомский (АҚШ) идеяларының ықпалымен тіл білімінде пайда болған формалды бағыттардың бір тармағы. теория американдық дескриптивизмге және сөйлемді құрамына қарай талдау тәсіліне жауап ретінде АҚШ-та туған. Генеративтік лингвистика 20 ғасыр 60 жылдарында АҚШ-та және басқа жерлерде кең өріс алды.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Когнитивтік зерттеулер және психолингвистика, өзекті мәселелері. Когнитивті лингвистиканы танымдық тіл білімі немесе немесе тілдің танымдық сипатын зерттеуші антропоцентрлік бағыттағы тіл білімінің үлкен бір саласы. Танымдық тіл білімінің негізгі зерттеу нысандары – таным мен ақыл, ой мен сана, тіл мен таным, тіл мен ой.
Когнитивтік лингвистикалық зерттеулерде түрлі ұлттарда дүниенің тілдік бейнесі түрліше қалыптасқаны айқындалып отыр.
Когнитивті лингвистика саласындағы негізгі бағыт тіл мен адам санасын, тіл мен танымды біртұтас жүйеде қарастыру. Айнала қоршаған ортаның адам санасында бейнеленіп, тілде көрініс табуы, тілдің танымдық сипаты когнитивті лингвистикада тереңнен қарастырылады.
Танымдық ғылымның аясының кеңдігі мен күрделілігі, оның зерттеу нысаны болып табылатын білім мен танымның табиғатын, білімнің шығу көздерін, оларды жүйелеу, білімнің дамуын, бұның бәрі психология, антропология, философия, нейрология, тіл және де жасанды интелектіні үлгілеу т.б. ғылымдардың өзара карым-қатынасы негізінде жан-жақты зерттеуді талап ететіндігі сөзсіз.
Когнитивті лингвистика ғылымының осындай ерекшеліктеріне қатысты ғалымдардың пікірлері де кей жағдайда бір біріне қарама-қарсы келіп қалатын кездері де болады. Бұл туралы А. Исламның пайымдауынша: «Біздің ойымызша қоршаған ортаны танып білудегі ұлттық мәдениеттің ерекшеліктерінен ескермеу сананы таза структуризациялауға әкеліп соғары сөзсіз. Таным өзінің күрделілігімен сипатталатыны хақ» деген ой айтады
Когнитивтік ғылымның негізгі ерекшеліктеріне, зерттеу нысанына, бағыттары мен ұғымдарына алғаш рет көңіл бөлген шетелдік ғалымдар болатын. Дж. Миллер когнитивті ғылымды «XX ғасырдың 50 жылдарында дүниеге келген ақпраттар теориясының сипозиумы» деп бағаласа, 1960 жылы Гарвард университетінде американдық профессор Дж. Бруннер Дж. Миллермен бірге когнитивтік зерттеу орталығын ашады. Аталған орталық когнитивтік лингвистика ғылымының негізін қалауға айтарлықтай үлес қосады.
XX ғасырдаң ортасында когнитивтік лингвистика қазіргі антропоцентристік парадигмадағы базалық ілім деңгейінде қарастырылады. Осы бағытта көптеген зерттеу жұмыстары жүргізіледі. Осының нәтижесінде Еуропада XX ғасырдың соңына қарай когнитивтік ғылымның теориялық бағыттары жетіліп, зерттеле бастайды.
Тілді танымдық тұрғыда зерттеу бүгінгі таңда дамып келе жатқан жаңа бағыттардың бірі. Адамзат өзін қоршаған дүниелегі әлем бейнесін қалай таниды, ұлттың дүниеге деген көзқарасы негізінде менталитеттік танымдар қалай пайда болады деген сауалдар осы когнитивтік лингвистикада қарастырылады.
Жалпы когнитивтік лингвистиканың алғашқы идеялары Гумбольдт, Уорф, Сепир сияқты ғалымдар еңбегінен бастау алып, қазақ тіл білімінде Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, М.М.Копыленко, Ж.Манкеева, Н.Уәлиев, Қ.Жаманбаева, Б.Ақбердиева, Б.Дина, Г.Снасаповалардың еңбектерінде қарастырылады. Орыс тіл білімінде когнитивті лингвистикаға қатысты зерттеу жүргізген ғалымдар – Н.Д.Арутюнова, В.Н.Телия, Н.Н.Болдырев.Ю.Н.Караулов, В.А.Маслова т.б.
Когнитивті лингвистика ХХ ғасырдың ортасына қарай қарқынды дами бастады. Осы бағытта көптеген ғылыми зерттеу еңбектері жарық көрді.
Қазақ тіл білімінде соңғы кездері когнитивтік лингвистика мәселелеріне ерекше көңіл бөліп зерттеу нысанына айналдырған Р. Сыздық, Ә. Қайдар, Е. Жанпейісов, Г. Гиздатов, Қ. Жаманбаева, Ж. Манкеева, Э. Сүлейменова, Г. Смағұлова, Б. Момынова, А. Салқынбай, К. Күркебаев, Э. Оразалиева, Г. Снасапова, Ф. Қожахметова, Н. Айтова, А. Әмірбековалар секілді зерттеушілер бұл мәселені лексикология, этнолингвистика, когнитология, лингвомәдениеттану салалары тұрғысынан қарастырып зерттеу үстінде.
Академик Ә.Қайдардың этнолингвистика саласына қатысты ойлары қазақ тіл біліміндегі жаңа ғылыми бағыттардың қалыптасуына негіз болды.
Когнитивтік бағыттағы зерттеу еңбектері бойынша Г.Гиздатовтың еңбегін атауға болады. Зерттеушінің «Сөйлеу қызметіндегі когитивтік модельдер: типологиясы мен динамикасы» атты еңбегінде адам санасындағы білімнің көріну деңгейі, берілу тәсілдері, құрылымы мен динамикасы қарастырылған. Когнитивтік модельдер универсумдар ретінде қарастырылады.
Қазақ тілін когнитивтік зерттеуге арнаған алғашқы жұмыстардың бірі ретінде К.Ә. Жаманбаеваның "Тіл қолданысының когнитивтік негіздері: эмоция, символ, тілдік сана" монографиясын атауға болады. "Зерттеу проблемаларын тілдік сана төңірегінде жинақтап, негізгі мәселені психофизиологиялық, психологиялык, философиялық, тілдік әдебиеттану тұрғысынан кешенді түрде когнитивтік жүйеге біріктіру арқылы ғылыми негіздерге талпыныс жасаймыз. Бұл жұмыста тілдік сана құрылымы, гештальт теориясы, тілдік сана және мәтін құрылымы, тілдік модельдер, мұң концептісі т.б. когнитивтік мәселелер қарастырылған
Профессор Ж.Манкееваның "Қазақ тілін зерттеудің когнитивтік негіздері" атты мақаласында М.Бирвиш, Хомский, Лакофф, Коок, Г.В.Колшанский, Ю.Д.Апресян, А.Н.Леонтьев, Б.Касевич және тағы басқалардың есімдерімен байланысты когнитивтік лингвистиканың пайда болуы мен дамуына қысқаша шолу (экскурс) жасалды. Ж.Манкеева мұнда былай деп атап өтеді: "Тіл мен ойлау бірлігінің өзіндік ерекше қасиеттерін тіл білімінің дәстүрлі, таза тілдік және ғылым саласы шеңберінде зерттеу мүмкін емес. Оған қажет ғылыми парадигма - когнитивті лингвистика, социолингвистикамен тұтасуы".
С.Ақаев «Сөздің когнитологиялық сипаттары» атты мақаласында когнитологиялық талдаудың тәсілдеріне тоқталып, ойлау ой түю, қабылдау, қорыту сияқты абстрактілік құбылыстарды зерттеу әдісі ретінде қарастыру жайлы мәселені көтереді. Сонымен қатар жас зерттеушілер Г.Снасапова, Ш. Елемесова, А.Әмірбековалар көркем мәтінге концептуалдық талдау жасаудың үлгілерін ұсынады. Ал А.Сыбанбаева, Н.Зайсанбаевалар метафораның танымдық сипаты туралы пікірлерін ортаға сала отырып, диссертациялық жұмыстарын осы бағытқа арнайды.
Ш.К.Жарқынбекованың докторлық диссертациясында қазақ және орыс тілдерінің түр-түс концептілері когнитивтік және лингвистикалық мәдениеттану парадигмаларын біріктіретін дүниенің ұлттық бейнесін тілдік ретте іске асыру мәселесі шеңберінде талданады және әр этноста орын алған когнитивтік механизмдер мен лингвомәдениеттану факторлары тұрғысынан түр-түс концептілерінің қалыптасу ерекшелігі айқындалады.
Қазақ және салыстырмалы тіл білімінде когнитивтік лингвистиканың түрлі мәселелері мен проблемаларын зерттеу әзірлемелері белсенді түрде жүргізілуде, екі не одан да көп нәрселер мен құбылыстардың артық-кемдігі сарапқа салынуда, өйткені тілге деген когнитивтік әдіс "тілдің адаммен, оның ақыл-ой, рухани жағынан күшті дамуымен, барлық ойлау және ақиқат дүниені, өмірді танып білу жөніндегі білім процестерімен, сондай-ақ соның негізін құрайтын механизмдер және құрылымдармен алуан түрлі байланысындағы тілдің жарқын болашағын көре білуге жол ашады".
Ал когнитивті лингвистика ғылымының қазақ тіліндегі орны мен қазақ тіл білімінің негізін салушы ғалымдардың еңбегіндегі танымдық ғылымның орны мен олардың теориялық аспектілерін зерттеуші Э. Оразалиева мынадай ерекшеліктерін көрсетіп береді: XX ғасырдың 30-жылдарында қазақ тіл білімінде Қ.Жұбанов лингвистикалық зерттеулерді жаңа мазмұнда, жаңа идеялық бағытта дамыту қажеттігіне назар аударды. А.Байтұрсынұлының «Тіл-құралын» жоғары бағалай келе, ғалым «...тіл құбылыстарын жалаң түр жағын ғана зерттеумен біліп болмайды. Бұл-сөзсіз сыңаржақтық... Түр-форма деген тілде жоқ белгі емес, бар нэрсе...түр тілдің бар тарауы емес, бір тарауы» деген аса құнды қорытынды жасады.