ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Тіл білімі ғылымының қалыптасу тарихы. Қазақ тіл білімі - түркі тілдері ішіндегі зерттелу деңгейі біршама жоғары, кемелденген, теориялық-методологиялық негіздері сараланған ғылыми сала. Аталмыш саланың өсіп-өркендеуі, биіктерге көтерілуі, жеткен табыстары, әрине, жеке адамдарға, тұлғаларға байланысты. Ана тілі білімінің қазіргі деңгей талабынан көрінуіне Ахмет Байтұрсынұлы көшін бастаған ғалымдар шоқтығы Х.Досмұхамедов, Е.Омаров, Қ.Кемеңгерұлы, М.Малдыбаев, Т.Шонанов, Қ.Жұбанов, Х.Басымов, С.Аманжолов, Н.Т.Сауранбаев, М.Балақаев, І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев сынды бұл күнде көзі жоқ ғалымдарымыздың үлесі зор.
А.Байтұрсынұлының 1912 жылы Орынборда жарық көрген «Оқу құралын» (қазақша əріппен)өзінен буын, дыбыс, нүкте, дауыста дыбыстар, жарты дауысты дыбыс, дəйекші, жіңішкелік белгісі,хəріп əріп) сияқты терминдерді ұшыратуға болады. Ал 1914 - 1915 жылдары жəне одан кейінгіжылдары 1928 жылға дейін бірнеше дүркін басылып тұрған «Тіл - құрал» оқулықтарында (қазақтілінің сарфы) дене қалыптасып, бүгінгі күнге дейін қолданылып жүрген жəне қолданыла беругетиіс зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, қосымша, жалғау, жұрнақ сияқтыжүздеген терминдердің терминге қойылатын талаптарға жауап беретіндігін дəлелдеп жату артық,өйткені олар кезінде арнайы шеттетілгендігіне қарамастан тұрақты қолданылытын дəрежеге жетті.
Ғылым Ө.Айтбайұлы А.Байтұрсынұлының “Оқу құралы” еңбегін саралай келіп, мынадай пікірайтады: «Қазақ тілі білімнің қалыптасуында айрықша роль атқарған бұл еңбектерді саралағанда,жалпы лингвистика ғылымының өрістеуіне даңғыл жол ашқан термин жасау мəселесін тіпті де аттапөте алмаймыз.
Қошке Кемеңгерұлы «Жабропалықтарға арналған оқу құралы» - өзге ұлт өкілдеріне қазақ тіліноқытуға арналған алғашқы оқулықтардың бірі. Отандық əдістеме ғылымында тыңдарман грамматикасыныңнегізін қалаған. Əдістемелік мұрасының бір ерекшелігі – сөздік түзуінде. «Оқу құралында» «əліпбилітілмаш», «мақалалы тілмаш» деген екі түрлі сөздік берген.
С. Аманжолов тіл ғылымының өзекті мəселелеріне ат салысып отырды. Орысалфавитіне көшу ісіне С. Аманжолов белсене қатысты. Жаңа алфавиттің құрамында 41 əріп болды. Бұл алфавитте орыстың əріптері түгел сақталып, қазақтіліне тəн 8 əріп қосылды.С. Аманжоловтың жасаған жобасыбекітілген болатын. 1940 жылы орыс алфавитіне негізделген С.Аманжолов жасаған қазақтың жаңа алфавиті мен орфографиясы басылып шықты.
«Қазақ диалектологиясының негізгі проблемалары»деген докторлық диссертациясын аяқтап, 1948 жылдың басында қорғады. Осы жылы С. Аманжоловқапрофессор деген атақ берілді.Ғалым 1959 жылы «Қазақ тілінің тарихы мен диалектологиясының мəселелері» атты монографиясынжарыққа шығарды.Профессор С.Аманжолов үйірлі мүшелерді басқа зерттеуші ғалымдар тəрізді (С.Жиенбаев,Н.Т.Сауранбаев, Т.Р.Қордабаев) құрмалас сөйлем тұрғысынан емес, жай сөйлем синтаксисі тұрғысынанзерттейді, екіншіден, үйірлі мүше құрылыс жағынан сөйлемге ұқсағанымен, сөйлемге тəн басқа белгілері –предикативтік қасиеті, интонациясы болмағандықтан, сөйлем бола алмайды, тек сөйлем мүшесінің ғанақызметін атқарады деп көрсеткен. Профессор С.Аманжолов құрмалас сөйлемнің «аралас құрмалас» деген түрін қазақ тілі синтаксисінеалғаш рет енгізіп, оның грамматикалық айырықша белгілерін, ішінара бөлінетін түрлерін жəне орынтəртібін теориялық тұрғыдан жан-жақты зерттеді.
Қ.Жұбановтың «Қазақ тілінің емлесін өзгерту жайлы» (1935), «К постановке исслеования историифонетики» (1935), «Из истории порядка слов в казахском предложении» (1936), «Заметки овспомогательных и сложных глаголах», «Қазақ тілінің грамматикасы (жалпы морфология)» (1936), «Жаңаграмматиканың жаңалықтары жайында» (1937), «Шылаулар, қос сөздер, біріккен сөздер» (1937) тəріздіжарық көрген еңбектері мен жазылып, бірақ көзі тірісінде жарияланбай қалған «О частях речи», «Двойныеслова синонимического типа», «Возникновение фонематического различия глуких и звонких»,«Подражательные слова, как особые формы словоупотребления», «Скотоводческие междометия казахов»,
«Элементы кинетической сигнализации в женской речи казахов», «Структура местоимении в казахскомязыке», «Материалы к научной грамматике казахского языка (1-том, Фонетика)», «Причины выпадениябеглых гласных в казахском языке», «Еще раз о глагол де -» атты зерттеулері қазақ тіл білімінің ғылымитеориялық - методологиялық негізін қалыптастырған аса құнды зерттеулер болғаны сөзсіз.
С.С.Жиенбаевқа тіл секторына басшылық еткен кезеңде қазақша-орысша сөздіктің екі томыжарияланды. С.Жиенбаев қазақ тіл білімінің аталып жүрген кезеңінде кенже қалған салаларының бірі –лексикологияның ғылыми курсын жасаудың көш басында тұрды. Оның жазған докторлықдиссертациясының тақырыбы: «Қазақ лексикасының мəселелері» деп аталған.
Академик Ə.Қайдар “Түркі этимологиясы: өзекті мəселелер мен міндеттер” атты еңбегіндеэтимологиялық реконструкцияны зерттеудің барлық жағдайына арналған универсалды ғылыми-теориялықталдау əдістері мен критерийлердің болмайтындығын ескерте келіп, этимологияның фонетикалық,морфологиялық критерийлерімен қатар, семантикалық критерийлерді де белгілейді. Ғалым 1962 жылы жарыққа шыққан “Қазіргі қазақ тілі” оқулығыавторларының бірі, 1966 жылы басылған “Қазақ тілінің қысқаша этимологиялық сөздігі” еңбегінің негізгіавторларының бірі болды. Бұлардан соң “Структура односложных корней и основ в казахском языке” (1986),“Сырға толы түр мен түс” (1986) еңбектері жарияланды. М.Оразовпен бірігіп “Түркітануға кіріспе” (1992)оқулығын жазды.Т.Жанұзақпенбірлесе отырып “Атамекен атауларындағы ақтаңдақтар” атты мақала жазған болатын. Əбекеңнің ономастикасаласы бойынша этнолингвистикалық мазмұнда жазылған еңбектерінің бірі “Қаңлы; тарихи шежіре” депаталады. Зерттеуде ғалым қазақ халқының құрамындағы ең көне тайпалардың бірінің тарихи жолы, құрамы,
атақты адамдары туралы сөз етеді.
2. Әлеуметтік лингвистика, зерттеу нысаны. Әлеуметтік лингвистика пәні ( с о ц и о л и н г в и с т и к а) – тіл мен қоғамдық өмір деректеріндегі себептік байланыстарды зерттейтін тіл білімінің саласы. Ә. т. б-нің негізгі объектісі – тілдің функционалды жағы, қарастыратын басты мәселелері: тілдің қоғамдық табиғаты, әлеум. мәні, тілдің әлеум. қызметі, тілдік болмыстың формалары (әдеби тіл, ауызекі сөйлеу тілі, қарапайым тіл, территориалдық диалектілер, койне, пиджин), тілдің әлеум. саралануы (жаргон, арго, кәсіби тіл), тілдік қалып, тілдік жағдай, тіл саясаты, диглоссия,мультилингвизм, билингвизм, пиджинизация жәнекреолизация процестері т. б. Тілдің әлеум. табиғатына алғаш рет назар аударған XIX ғ. ғалымдары – П.Лафарг, А.Мейле, А.Соммерфельд. XX ғ. 20 ж. бастап Прага структурализмі, Женева мектебі, неміс тарихи диалектолографиясы (Г. Розенкранц, Т. Фирнгс, Р. Гроссе т. б.), әлеум. бағыт, функционалды грамматиканың екілдері, сонымен қатар орыс ғалымдары Р.О.Шор, Е.Д.Поливанов, Р.Якобсон т.б. әртүрлі тілдік болмыстың формаларын дәлелдеп, сөйлеушінің бұл формалардың белгілі бір жағдайға, әлеум. ортаға, сейлеушілердің жастарына қарай т.б. қолданыстарын айқындап, Ә. т. б. негізін қалаған.Қазіргі таңда Ә. т. б. дербес ілім ретінде бірнеше бағытқа белінген: жеке, тарихи, ілеспелі, салыстырмалы, ингеренттік, (анық көрінбейтін тілдік құбылыстарды зерттейді), адгеренттік (сөйлеушілер сезетін, анық көрінетін тілдік қүбылыстарды зерттейді).
3. Аталым теориясы және сөзжасам мәселелері: екінші аталым, лексикалық таксономия. Атау -табиғаттағы заттың немесе құбылыстың ерекше номинативтік белгілеріне сәйкес берілетін есім, атау. Аталым теориясы табиғаттағы заттар мен құбылыстардың аталу себебін түсіндіреді. Номинация (лат.nominatio)-аталу, атаулық қызмет атқаратын тілдік бірліктердің жасалу жүйесін зерттейді. Номинацияның құрылымы мен орындалу процесін тіл білімінде мынадай үштік қатынаспен анықтау дәстүрі бар: болмыс-ұғым-есім. Бұл қатынасты ғылым тілінде кейде семантикалық үшбұрыш деп те атайды. Болмыс -атаудың денотаты, яғни атау арқылы таңбаланған бүкіл заттар мен құбылыстардың қасиеттері мен белгілерінің жиынтығы. Ұғым -есімнің мәні, яғни атаудың категориялық-тілдік белгілерінің жиынтығы. Есім -белгілі мағына мен мәнге негізделген дыбыстық қатардан тұратын тілдік танымдағы атау сөз.
Атау мен сөзжасам теориясы бір-бірімен тығыз байланысты. Сөз жасаудың негізгі мәселесі жаңа атау туғызу болса, атаудың тууы табиғаттағы заттар мен құбылыстардың адам санасында бейнеленген мүсінінің таңбалануы арқылы анықталады.
Дәстүрлі грамматикада атаулардың жасалуы 4 түрлі әдіс арқылы түсіндіріледі.
1.Тілдегі ішкі сөзжасамдық ресурстар арқылы
2.Жаңа мағыналардың тууы (көпмағыналылық, мағыналардың ауысуы)
3.Сөз тіркесінің жасалуы
4.Кірмен сөздер мен калькалау
Номинациялық процестің уақыт мөлшерінде өтетіндігіне байланысты оны екіге бөліп анықтауға болады:
Алғашқы номинация тек тарихи аспектіде сөздердің этимологиялық шығу төркінін зерттеу барысыныда айқындалатын атаулардың ең көне мағыналық сипаты ретінде бағаланады.
Екіншілік номинация:
-әр түрлі сөзжасамдық тәсілдер негізінде жасалады;
-зат не құбылыстың танымдық ұғымы мен белгісі дамыған, толыққан сипатта көрінеді;
-сөздің мағынасы алғашқы өзін туғызуға негіз болған атаудың мағыналық қырларын сақтайды.
ЕМТИХАН БИЛЕТІ
1. Тіл білімі тарихындағы ғылыми парадигмалардың ауысуы. Лингвистика ғылымының даму тарихында бүгінгі күні дәстүрлі үш түрлі ғылыми парадигма анықталып отыр. Олар: салыстырмалы- тарихи, жүйелі-құрылымдық және антропоцентірлік.Бүгінгі таңда жалпы тіл білімінде, сондай-ақ жекелеген тіл біліміндегі көптеген зерттеулерде антропоцентристік парадигма басымдылыққа ие болып барады. Мұның негізгі себебі лингвистикадағы антропоцентристік принцип алдымен тілді тұтынушы ұлтты бірінші кезекке қояды. Антропоцентристік парадигма өз шеңберіңде этнолингвистика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, лингвопсихология тәрізді жаңа бағыттарга жол ашады. Антропоцентристік бағыттағы зерттеулер ең алдымен қабылдау (восприятие), ойлау (мышление), тіл (язык), есте сақтау (память), әрекет ету (действие) тәрізді адамның когнитивтік құрылымына ерекше мән беріп, ден қоя бастады. "Қабылдау", "ойлау", "тіл", "есте ұстау", "әрекет ету", "білім" тәрізді когнитивтік құрылымдар ғылым салаларында бұрын да зерттеу нысанасы болған. Бірақ олар жалпы есім деңгейінен шығып, жалқы есім деңгейінде бір мақсат, бір міндет аясынды бір-бірімен тығыз байланыста қарала қойған жоқ.Тілді зерттеудің когнитивтік парадигмасы тіл мен ойлаудың арасына теңдік қоймайды. Керісінше тілдің ойды ұйымдастырушылық қызметін атап көрсетеді. Осы байланыстың негізінде тілдің таңбалық жүйесі арқылы терең құрылымдарда грамматикалық байланыстар, категориялар және модельдер түрінде тұтас тілдік құрылым түзеді. Тілдің болмысын анықтаудың когнитивтік парадигмасында тілдің мазмұндық жағы грамматикалық құрылыммен тікелей байланыстырылады. Осы тұрғыдан түсіндірілетін ғаламның тілдік бейнесі-мифтік танымнан поэтикалық ойға дейін жетілген ой мазмұнын, тілдік модельдердің сандық және сапалық қатынастарын бойына сіңіретін даму үстіндегі жүйе болып табылады.XXI ғасырдағы тіл білімі құрылымдық, жүйелік парадигмамен сабақтастық, жалғастықпен және тілді тек қарым-қатынас пен ойды білдірудің құралы деп емес, ұлттық рухани-мәдени коды ретінде қарастыратын антропоцентристік бағытпен сипатталады. Оның ірге тасы В.Гумбольдт, И.Гердер, Г.Штейнталь, А.Потебня сияқты ғалымдардың теориялық еңбектерімен қаланғаны белгілі. Олардың еңбектеріне сәйкес, адам өзінің парасаттық, рухани, әлеуметтік талаптарын қанағаттандыратын ұғымдар (концепт) әлемін жасау үшін ақпараттарды тілдік арна арқылы алады. Тіл мен ойлау, тіл мен таным бірлігінің өзіндік ерекше қасиеттерін тіл білімінің дәстүрлі, «таза», тілдік жеке ғылым саласы шеңберінде зерттеу мүмкін емес. Оған қажет ғылыми парадигма-когнитивті лингвистика, онымен сабақтас этнолингвистика, псхолингвистика, социолингвистикамен т.б. байланысуы қажет. Осы байланыс адам санасы қалай құрылған, адам дүниені қалай таниды, қабылданған мәліметтер қалай танымға айналады, ментальдық кеңістіктер қалай жасалады деген сүрақтарға жауапты тілдің терең құрылымдарын зерттеу арқылы анықталады да бұл мэселелер этнолингвистикалық аспектіде - В.Гумбольдт, Ф.Баос, Э.Сепир, Б.Уроф, А.Потебня, Н.Толстой, Ә.Қайдаров, Е.Жанпейісов т.б.; псхолингвистика тұрғыда-К.Юнг, А.Н.Леонтьев, А.Шахнарович т.б.; лингво мәдениет танымдық сипатта - Э.Тейлор, Э.Маркарян, Ю.Лотман, Ю.С.Степанов, Н.Д.Арутюнова, Е.М.Верещагин, В.Г.Костомаров т.б. ғылымдардың, ғылыми зерттеу еңбектерінде философиялық, психологиялық, этностық, лингвистикалық теорияларының жүйесі дүниені тұтас танудың теориясы шеңберінде тіл қызметінің когнитивтік негіздерін айқындайды.
2. Тілтаным теориясының әлеуметтік, мәдени және психологиялық негіздері. Әлеуметтік танымның қажеттілігі тілдің шығу тегін зерттеу, оның табиғатын сұрыптау, өзге тілді меңгеру, базис пен қондырма мәселелерін анықтау, яғни адамның бар болмыс-табиғатын түсіну-түсіндіру процестерінің шешілу мүмкіндігімен сараланады. «...таласы көп сөздер әлеумет мәселелері турасындағы пікірлерде болады. Тұрмыс мәселесі – тоқсан түйіннің тоғысып шиеленісетін жері. Оны дұрыс шешуге көпті көрген көсем болуға керек. Адамның, халықтың, я бір таптың мінезін, құлқын, салт-санасын, жан жүйесін, ой жүйесін, тарихын, мұң-мұқтажын жақсы білетін дана болу, ғалым болу керек. Тұрмыс мәселелері деп қандай мәселелер айтылады? Тұрмыс мәселесі деп айтатын, айтылатын шын адамшылық мәселесі, өмір мақсатының мәселесі, яғни өмір бақытты болу мәселесі, ошақ басының, жұрт қамының, мемлекет жайлылығының, дүние тыныштығының мәселесі» [20; 221-б.] деп қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі А.Байтұрсынұлы ұсынған мәселелер жіктемесіне назар аударсақ, адам атаулының қоғамдағы, күнделікті тіршіліктегі жүзеге асырар қызмет-қасиеттері оның әлеуметтік танымын айқындауға, когнитивтік бірліктерді қоғамдық ұғымдармен сабақтастыруға мүмкіндік береді. Қоғам мен адам арақатынасы, ең алдымен, тілдік құралдар арқылы көрініс табатындықтан, жеке тұлғалардың қатысымдық әрекеті, топпен араласу қабілеті, қоғамда атқарар қызметі, соған орай анықталар әлеуметтік жағдайы – барлығы дерлік тіл арқылы, тілдік қатынас негізінде дәйектелетін экстратанымдық факторларды құрайды.
“Халықтың әдеби тілінің қалыптасып, дамуы сол халықтың әлеуметтік тарихымен тығыз байланысты...Әдетте қоғамның азаматтық тарихының тіл дамуына әсері едәуір кідіріспен, кешеуілдеп жүреді. Әлеуметтік-саяси, идеологиялық өзгерістер болған күннің ертеңіне тіл өзгеріп шыға келмейді. XІX ғасырдың ІІ жартысынан бермен қарай қазақ халқының әлеуметтік-саяси өмірінде не бір өзгерістер, жаңалықтар болып өтті, бірақ тіл өзінің негізгі сипатын түбегейлі өзгерткен жоқ, рас, сөздік қазына молықты, грамматикалық нормалар тұрақтала түсті, функционалдық стильдердің жеке белгілері айқындала түсті т.т...,”-деп атап көрсетеді тілші Р.Сыздықова
Тіл адам қоғамында өмір сүріп, оның “қажетін”жүзеге асыратын құрал болғандықтан, тіл білімінің әлеуметтік лингвистика деп аталатын саласының атқарар қызметі де, ғылыми маңызы да ерекше. XІX-XX ғғ. бастап, лингвистикалық бағыттар мен мектептердің бірі ретінде негізі қаланған бұл саланың бүгінде өз нысаны, мақсат-міндеті, заңдылықтары қалыптасып орныққан. Әлеуметтік лингвистика тілдің қоғамдық сипатын, стильдік саралануын, әлеуметтік ерекшелігін, қоғамдағы қостілділік, көптілділік мәселелерін, тілдік жағдай, тілдік саясат ұғымдарын және т.б. айқындауға мүмкіндік береді, анығырақ айтқанда, тілші Э.Д.Сүлейменова “Әлеуметтік лингвистика - тілдің қоғамдық қызметтерін, әлеуметтік шартталған белгілері мен заңдылықтарын кешенді түрде зерттейтін қазіргі тіл ғылымының маңызды бағыттарының бірі.
Олай болса, қазақ тіл біліміндегі тілтанымның әлеуметтік негіздерін қоғам, қоғамдық сана мен ой-өріс, қоғамдық таным, әлеуметтік тыйым, әлеуметтік картина, заман, тұрмыс мәселелері, тәжірибе сынды ұғымдар құрайды, себебі ғалым Ә.Хасенов атап өткендей, «Қоғамсыз тіл болмайды, тілі жоқ қоғам – адамзаттың ешбір қауымы болмайды. Демек, қоғам үшін тіл керек; тілдің өмір сүруі үшін оның қоғамы болу керек. Бұл – ақиқат та тарихи шындық», яғни қоғамдық құрылыстың құрамды бөліктері тілтанымның универсалды әлеуметтік негіздерін анықтау үшін, ал тіл мен танымның ұғымдық бірліктері қоғамның даму сипатын айғақтау үшін аса қажет.
Тілтаным теориясының психологиялық негіздері. «Тілдің қоғамдық құбылыс ретіндегі және тілдің психологиялық сипаты арасындағы сәйкестік немесе тілде көрініс табатын жүйе мен қабілет арасындағы байланыс олардың динамикалы әрі біріне-бірі ауысып өте беретін өзгешелігіне қатысты болады»,- деп А.А.Леонтьев атап көрсеткендей, тілде байқалатын әлеуметтік және психологиялық сәйкестіктер қазіргі қазақ тіл білімінде де тіл мен ойлаудың арақатынасын, олардың бір-біріне әсерін, адамның сөйлеу әрекеті арқылы айғақталатын болмысын, ерекшелігін танымдық негізде лингвистикалық тұрғыдан дәйектеуге мүмкіндік беріп отыр. «Психология адамның жанын қарайтын ғылым делініп келеді...»,- деп Қ.Жұбанов атап көрсеткендей, тіл адамдардың өзара қарым-қатынас жасау нормаларын жүзеге асырумен қатар, олардың өзге жаратылыс иелерінен табиғи айырмашылығын айқындайтын, ойлау қабілетінің даму деңгейін сипаттайтын өзгеше аксиология болып табылады, сондықтан оның адам «жанын» айғақтайтын қасиеті де универсалды құбылыс деп танылады. “Логика сөйлемі”, “психология коммуникациясы”, «психологиялық қиялдау» секілді тіркестерді қолдану негізінде Қ.Жұбанов та “ойды сөзбен білдіру” амалдарын жеке-жеке түсіндіріп көрсетуді мақсат етті. Сөйтіп, тек қазақ тіл білімінде ғана емес, бүкіл әлемдік лингвистикада алғашқылар қатарында “сөйлеуші тас емес, тірі адам, сезімі бар, жүрегі бар адам” деген өзекті де мәнді қорытынды негізінде адамзатқа тән психологиялық ерекшеліктерді, олардың тілдік қатынас арқылы байқалу сипатын, өзін және қоршаған ортаны тану кезінде атқарар маңызды қызметін саралап берді. С.Аманжолов та “...тіл мәселесі ойлаусыз ешбір шешілмек емес” дей келе, кез келген тілдің құрылымдық элементін, олардың бір-бірімен қарым-қатынасын адамның ойлау әрекетімен бірлікте қарастыру қажеттігін ескертті. Осындай сабақтасқан байланыстың нәтижесінде лингвистиканың бір саласы психолингвистика дүниеге келді. ХХ ғасырдың 50-60 ж.ж. бастау алған аталмыш сала психология ғылымының маңызды концепцияларына сүйене қалыптасты, яғни, К.Аханов көрсеткендей, «...психикалық құбылыстарды, атап айтқанда, түйсік пен қабылдау, елес пен ой, сезім мен тілек, бейімділік пен қабілет, ерік сапалары мен мінез белгілерін зерттейтін» психология лингвистикамен байланыса келе, олардың «сөйлеу процесімен» ұштасу ерекшелігін айқындауға мүмкіндік берді.
3. Когнитивті лингвистиканың басқа ғылымдармен байланысы. Когнитивтік психология. Когнитивтік социология. Когнитивтік антропология. Когнитивтік лингвистика. Бұл ғылымдардың қазіргі қоғамда алатын орны, оны зерттеудің қажеттігі, оның өзектілігі. Когнитивтік психологияның нысанын білімнің құрылымы мен түсінік аппараты немесе адамның ойлау әрекеті құрайды. «Когнитивтлк психология» деген терминді 1967 жылы У.Найсер ұсынды. Психологияның танымдық бағыты субъектілердің қабылдау, ойлау, тану, пайымдау, түсіну әрекеттерін жан-жақты талдау негізінде адамның iшкі, көзге көрінбейтін әpi нақты механизмдер мен процестер арқылы емес, сана, жады қызметтерінің көмегімен бақыланатын мәселелерді шешуге бағытталды. Когнитивизм бойынша алғашқы кезде сынға катты алынған ойлау, шешім, қабылдау сияқты қасиеттер ділдік үдерістерге жатқызылады. Танымдық, яғни когнитивтік үдерістер табиғатын зерттейтін когнитивті психология алғашқы кезден бастап-ақ жасанды интеллект саласындағы зерттеулер тарапынан қатты әсер алды. Алайда осыған негізделген теориялар адамның танымдық үдерістері аталмыш үдерістердің механизмдерін түсіндіріп жеткізуге жеткіліксіз болды да, мұның өзi философтар, психологтар, лиигвистер, нейрофизиологтер, жасанды интеллект саласындағы мамандарды біріктірген когнитивті ғылым ретінде жүзеге асатын пәнаралык әдістің кажет екенін мойындатуға әкелді. Когнтивтік психология мен когнтивтік лингвистиканың қарастыратын ортақ мәселелері: жады (есте сақтау), ішкі сөздік қор, сөйлеу әрекетін туғызу мен қабылдау. Когнитивтік социология. Когнитивтік социология социолингвистика мен когнитивтік лингвистика ғылымдарының қалыптасып дамуына ықпал жасады. Бүгінгі таңда әлеуметтік лингвистика тілдің әлеуметтік табиғаты мен қоғамдық қызметін, әлеуметтік фактордың тілге әсер ету тетігін қоғам өміріндегі тілдің атқаратын қызметін зерттейтін ғылым. Социолингвистика тілдің негізгі қызметі коммуникативтік, яғни тілді адамзаттың қарым-қатынас құралы деп есептейді.