Қазақстанның қазіргі экологиялық жағдайы ғаламдық шеңберде проблема тудыратын мәселегс айналып отыр. Ксңес дәуірінде ірі өндіріс орындарының қауырт дамуына байланысты табиғат байлығын игеру мәселелерінде қоршаған ортаның бұзылуы ескерілмей, тек қана мол өнім алуға көңіл бөліп, ал табиғаттың ерекшелігін ескермей, көптеген зиян әкелгенін енді ғана біліп отырмыз.[15,16]
Қазіргі кезеңде адам мен оны қоршаған орта арасындағы қарым-қатынастың күрделене түскені мәлім. Жер шарындағы халық санының жедел өсуі мен өндіргіш күштердің күрт дамуы адамның табиғатқа жүргізілетін ықпалын күшейтті. Әсіресе, ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап, адам мен табиғат арасында жаңа жағдай қалыптасты. Адамзат қажетіне керек шикізатқа сұраныс материалдық өндірістің көлемін арттырды, жер қойнауы мен мұхит байлығы жедел игеріле бастады. «Табиғатқа бағынбаймыз, оны өз игілігімізге айналдырып, бермесін тартып аламыз» деген көзқарас қалыптасты. Мұның барлығының жер бетіндегі тіршілікке тигізген әсері табиғаттың өзіне тән құбылыстардан – табиғи өзгеріс пен жел, су тасқыны, жер сілкінісі әсерінен әлдеқайда асып түсті.
Жер бетіндегі экологиялық жағдайдың өзгеруі, әсіресе, ғылыми-техникалық өрлеумен тікелей байланысты. Екінші дүние жүзілік соғыстан кейін әлем елдерінің көбі өнеркәсібін дамыту жолына түсті. Егер соғысқа дейін дамыған елдер қатары оннан аспайтын болса, соғыс аяқталысымен индустрияландыру науқаны жаппай етек алды. Өнеркәсіптің дамуы жер қойнауындағы қазбаларды игеруді ұлғайтты. Өз кезегінде бұл ауаның ластануын күшейті.
Еліміздегі экологиялық дағдарысқа химия, мұнай, металлургия, отын өнеркәсібінің жедел және көп мөлшерде дамуы да әсерін молайтып отыр. Жыл сайын Қазақстандағы су қоймаларына химиялық қоспалармен ластанған
6 млрд. м3 ағын су құйылады, 3 млн тонна заттар ауа қабатына сіңеді, 200 млн. тонна қаттты қалдықтар қоқысқа тасталады. Басқа да шикізат көздерін игеру ауаны ластаумен қатар жүргізілуде, олардың қатарына мыс, қорғасын, мырыш, күміс, хром, ванадий, фосфорит, барит, сурьма, тас көмір, мұнай, т.б. кен орындары жатады. Ірі өндіріс орны болмаса да Алматыда да ауаның қалыптан тыс ластануы байқалады. Бұл әрине, қаланың географиялық орналасқан орнына байланысты.
Ірі өнеркәсіп орындары шоғырланған, ірі көлік торабы бар облыс орталықтарының көбінде- ақ экологиялық жағдай нашар. 2000 жылы республиканың 19 қаласында жүргізілген атмосфераның ластану мөлшерін анықтайтын мониторинг қорытындысы бойынша Өскемен (атмосфераның ластану кодексі -17,8), Шымкент, Ақтөбе (10,0), Алматы (9,9) қалаларының ауасы өте лас болды. Республика қалалары бойынша атмосферадағы зиянды шаңдардың жиынтығы зиянды заттардың шектеулі мөлшерінен орта есеппен 1,2 есе көп. Ауаның шаңдануының ең көп мөлшері (3-5 РЗШ) Жезқазғанда, Шымкентте, Ақтауда байқалған. Атырау, Алматы, Балқаш, Семей, Теміртау қалаларында бұл көрсеткіш 1,3 – РЗШ –ні құрайды. Ауадағы адам организміне аса қауіпті улы газдардың мөлшері 1328,2 тонна күкірт сутегінен, 7732,7 тонна аммияктан, 4621,4 тонна қорғасыннан, 1606,6 тонна мышьяктан, 335,6 тонна күкірт қышқылынан құралады. Бір Қарағанды облысының өндіріс орындары ауағы 1108,1 тонна улы газды таратады екен.
Экология қазіргі дәуірде адамзатты толғандырып отырған аса маңызды проблемаға айналды. Табиғатты, қоршаған ортаны жою арқылы бүкіл қоғамды, тіршілікті жойып жіберуге болатынын көптеген елдер түсіне бастады. Біздің өмір сүріп отырған дәуірімізде техникалық құралмен қаруланған адамдардың жер шарын аз уақытта айналып өтуі де, құрта салуы да оп-оңай. Сондықтан әлем халықтары ел тағдырларын экологиямен байланыстырып, экологиялық апатқа қарсы тұруы қажет. Қазақстан табиғатының өлшеусіз байлығын игере отырып, бізді қоршаған ортаның бүтіндігін сақтау да республикада шешімін күтіп тұрған мәселе. Сырт қарағанда, оңай көрінгенмен, бұл мәселені шешудің күрделілігін де түсінуге болады. Ол үшін адамның менталитетін, оның моральдық, этикалық дағдыларын өзгерту керек, табиғат пен адамның арасында жаңа көзқарас қалыптастыру қажет.
Елде жүргізіліп жатқан әлеуметтік- экономикалық өзгерістердің табысты аяқталуы да, ең алдымен, ұстанған экологиялық саясатқа байланысты.
Қоршаған орта мен табиғатты тиімді пайдалана отырып, оны сақтау үшін келеңсіз әрекеттерді жасамау осы кезеңдегі ең басты бағыты болуы тиіс. Мектеп табалдырығынан бастап жоғары оқу орындарында, ғалымдардың ғылми жұмыстарында табиғаттың байлығын адамның игілігіне тиімді жаратуды қарастыру керек. Табиғаттың байлығын адамның игілігіне тиімді жаратуды қарастыру керек. Табиғаттың байлығын адамның қажеттілігіне жаратудың орнына жаппай үлкен қауіп төндіретін, ядролық, экологиялық, биологиялық (бактериологиялық) қарулардың сыналуы, сол сияқты адамның күнделікті өмірінде ормандарды отау, аң мен құстарды есепсіз аулау, адамның ақыл ойын аздыратын арақ пен есірткінің таралуы экологиялық апаттың індеті болып табылады.
Экологиялық жағдайдың нашарлауына жаңа жобалар мен бағдарламаларды экологиялық сараптау және модельдеудің сапасының төмендігі қосалқы әсер етуде. Керекті зерттеулерді жобалардың жүзеге асуына мүдделі салалардың мамандары жүргізетіні кері әсерін тигізуде. Яғни, қажеттілік кімге керек, сараптауды сол жүргізеді, сапаны сол анықтап, болашақ дағдарыстарға жол ашып береді. Бұлардың да өздерінің ақталатын жерлері бар: олар құрылыс құнын арзандату, салыну мерзімін қысқарту т.б. Бұл үшін бірінші кезекте құрылыс тізімінен лас суларды, атмосфералық қалдықтарды тазалайтын және басқа да табиғатты қорғауға байланысты объектілерді алып тастайды. Ол үшін жердің құнарсыздануы мен жер бедерінің жүдеушілігі (аумақтың 60 %-н құм баса бастады), су ресурстарының тапшылығы (сумен қамтамасыз етуде Қазақстан ТМД мемлекеттері ішінде ең соңғы орында), Арал, Балқаш көлдерінің суалуы, Семей ядролық полигоны мен басқа да әскери полигондардың, Каспий жағалауының проблемалары, елді мекендерде ауаның, топырақ пен судың ластану жағдайлары сияқты маңызды мәселелерді шешу мемлекеттік деңгейде қаралуы керек. Қазақстан жерінің табиғи байлықтарының азаюы экономикаға қатты әсер ететін әлеуметтік шараларды іске асыруға қол байлау болатыны өзінен өзі түсінікті.
Бізде бүгінгі экологиялық дағдарысқа ғылыми-техникалық өрлеуі кінәлі, қазіргі даму жағдайларында ол болмай тұрмайды деген бір жақты пікір қалыптасқан. Ғылым жетістіктері табиғатқа зиян келтіруге арналмаған ғой. Сонымен бірге ол қоршаған ротаны қорғаудың да, қалпына келтірудің де тәсілдерін ашты. Табиғи ресурстарды үнемдеуге мүмкіндік беретін немесе қалдықсыз технологияны өндіріске еңгізу, өндірісті сумен қамтамасыз етудің қайтымды және тұйық айналымдарын қолдану, жылу мен энергияның дәстүрлі көздерін табиғи көздерімен алмастыру, топырақты табиғи тыңайту мен ондағы ылғалдың жиналуын, атмосферадағы газдың тепе-теңдігін сақтауды қамтамасыз ететін орман алқаптарын сақтау және қалпына келтіру – міне, экологиялық дағдарыстың бетін қайтаруға ғалымның берер ақыл кеңесі осылар. Ғылыми-техникалық өрлеудің қазіргі деңгейі, қуатты компьютерлердегі талдаудың жүйелілік әдістері үлкен жобалардың моделін алдын ала талдауға мүмкіндік береді. Жобаны іс жүзінде асырмас бұрын оның табиғатқа тигізетін залалында есептеп, болдырмаудың жолдарын іздестіру қажет.
Қазіргі заманда қалыптасқан экологиялық жағдайлардың туындау себептері:
1. Ғылыми-техникалық прогрестің дамуы – табиғи ресурстар қорының азаюымен қатар олардың тозуы, ластануы, экологиялық жағдайдың шиеленісуімен қатар жүруде. Дамудың соңғы сатысы: ҒТП негізіндегі жоғары технологияға ауысу, табиғатты пайдаланудың жаңа стратегиясының қалыптасуы арқылы жүзеге асады. Оның өзі өз кезегінде мемелекеттік және қоғамдық экологиялық саясатты қалыптастырады.
2. Қоршаған ортаның ластануы адам баласының тіршілік ортасын сапасыздандырып, бүкіл қоғамның қалыпты дамуына кері әсерін тигізуде. Бүкіл дүние жүзі қоғамдастықтарымен қатар Қазақстандықтар да қалыпты салт-тұрмыс экологиялық жағдайларға қарай тұрақсыздық, алаңдаушылық күйге түсуде. Сондықтан елдегі экологиялық жағдайлар экономика тәуелсіздігіне де әсерін тигізуде.
3. Экологиялық жағдайлардың нашарлай түсуі Қазақстан жағдайында бұрын-соңды болмаған жаңа проблемалар тудыруда. Олар – ауа, су, топырақ ресурстары мен өсімдік пен жануарлар әлеміндегі соңғы жылдардағы өзгерістер.
4. Антропогендік қысымдар табиғат ресурстарының барлық түріне тікелей және жанама әсер ете отырып кейбір жағдайда қайтымсыз экологиялық апаттар әкелуде. Мәселен, Қазақстан Республикасының біршама жерлерінің (180 млн-га 60 %) шөлге айналуы бүкіл мемлекеттік проблемалар туындап отыр. Сол сияқты республиканың барлық жерінің 30 млн.га көлемін өнеркәсіп, көліктік қатынас жолдары, елді мекендер, т.б. нысандар алып жатыр.
Біздің ірі өндіріс орындарының барлығында жоғарыда аталған экологиялық шарттар ескерілмеген. Ірі өндіріс орындарынан шығатын улы газдар, ауыр металдар, өндіріс орындарынан шыққан лас су көздері, өндіріс орындарының айналасындағы халықтың денсаулығына, топырақтың, ауаның құрамының өзгеруіне үлкен әсер етуде.
Қазақстандағы қазіргі калыптасқан экологиялық жағдайды қанағаттанарлық деп айта алмаймыз. Елімізде қазіргі кездегі қалыптасқан экологиялық мәселелерге байланысты бірнеше өнеркәсіптік аймақтардың экологиялық жағдайына тоқтала кетейік.
Мұнай газды өндіру және өңдеу кезіндегі табиғатты қорғау бойынша маңызды бағыттар экологиялық таза процестер игеру және қалдықтарды азайту, мұнай-химиялық өндірістердің газды қалдықтарын тазарту,лас суларды тазарту,қоршаған ортаның мұнаймен және мұнай өнімдерімен ластанбауын қадағалау және т.б. болып табылады.
Қалалар жағдайында қалдықтарды қайта өңдеп, тұрмыста пайдалану жұмыстары жүргізіледі. Көбіне металл қалдықтар балқытылып, қайтадан жаратуға келсе, пластмассадан жасаған бұйымдарды жоюға тура келеді.
Қалдықтардың көбін құрылыс материалдарын шығаруға, шикізат өндіруге жұмсайды. Ал кейбіреулерінен кәдімгі тыңайтқыштар алынады. Органикалық қалдықтар құрамында қоректік элементтер: азот, фосфор, кальций, магний, калий көп болады.
Өндіріс және тұрмыс қалдықтарын залалсыздандыру халықаралық
проблема. Ең бастысы зиянды заттарды пайдалы заттарға айналдыру.
Орытынды
Бұл курстық жобада түрақтандыру бағанасының конструкциасын жетілдіруге негізделген. курстық жобада процесттің сипаттамасы негізінде, оның конструктивті элементтерін дайындауға қажетті материалдар тұжырымдалып алынған. Техникалық шешім ретінде механизмнің динамикалық жүктемелерін реттестіру үшін беріліс механизмі енгізілді. Сонымен қатар жабдықты құраушы элементтердің (бөлшектері мен түйіндерінің) конструкциалары, жұмыстың параметрлер мен пайдаланылу ерекшелігін ескере отырып, негізгі объект бойынша есептеулер жасалынды.
Жабдықты құраушы элементтердің бөлшектері мен түйіндерінің, жұмыс параметрі мен пайдаланылу ерекшелігін ескере отырып тұжырымдалды. Осы ерекшеліктерді ескере отырып жабдықтың негізгі жеңіл-желпі және күрделі жөндеулер жүргізілді.
Сонымен қатар техкика қауіпсіздігі жөніндегі нүсқаулар мен қоршаған ортаны қорғау іс-шаралар берілген.