Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ХVІ. Тақырып: Балалар мен жасөспірімдерде уақытша және тұрақты тістерді жұлу операциясын жүргізу.




1. Мақсаты: Студенттерді балалар және жасөспірімдерде уақытша және тұрақты тістерді жұлу операциясын жүргізу дағдысына үйрету.

2. Үйрету әдісі: кіші топтар.

3. Ақырғы нәтиже: Балалар және жасөспірімдерде уақытша және тұрақты тістерді жұлу операциясын жүргізу дағдысын игеру.

4. Медициналық заттар мен қондырғылар тізімі: муляж

5. Дағдыны орындау алгоритмін сипаттау (8 қадам)

№ п/п Тапсырма сатыларының критерийлері Орындал мады Жартылай орындалды 0,5 Орындалды 1,0
  Жоғарғы жақсүйекте тістерді жұлу операциясын жүргізу.
  Құралдарды таңдау: лоток, пинцет, гладилка, тік немесе S – тәрізді қысқыштар.      
  Дәрігер стоматологтың орналасуы:науқастың оң және алдынан, сол қолының саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекіту (І-сақсақ – таңдай жағынан, ІІ саусақ ерін жағынан). Науқастың қалпы:Науқас креслода жартылай отырыңқы қалыпта, басын басқойғышқа қойып, аузы жартылай ашық, жоғарғы жақсүйек тістері дәрігердің иық буыны деңгейінде орналасады.      
  Тістің айналмалы байламын ажырату: сол қолмен альвеолярлы өсіндіні бекітеді, оң қолға гладилка алып, тісқызылиек қалтасының астына енгізеді және тістің айналмалы байламын тістің мойны деңгейінде ажыратады.      
  Қысқыштарды ұстау тәсілі: үлкен саусақпен қысқыштың бір сабын қапсыра ұстап, ІІ және ІІІ саусақтарды кысқыш сабтарының ортасына орналастырады, ал ІV және V саусақтармен екінші сабын бекітеді. Қысқыш саптарының ұштары алақанға тіреледі. ІІІ саусақ тікейтіліп және ІV, V саусақтар бүгітіліп қысқыштың қиылысы ашылады. Қысқышты салғаннан кейін ІІІ саусақты сыртқа қарай шығарып, қысқышты сұқ саусақтан басқа саусақтармен қысады.      
  Қысқышты ашылған күйде салу: қысқыштың ұртбасы осі тіс осіне сәйкес келу керек. Қысқыштардың ұртбастарын ажыратылған тістің айналмалы байламының астына біреуін - таңдай жағынан, екінші - ерін жағынан салады.      
  Қысқышты жылжыту: қысқыштың ұртбастарын жұлынатын тістің сауыты беткейімен, тіс мойны деңгейінде айналмалы байламының астына қарай жылжыту. Қысқыштың Іқұлпына баса отырып, оң қолмен жылжытады.      
  Қысқышты бекіту – қысқыш сабы орналасқан ІІІ және ІV саусақтарды босатқаннан кейін жүзеге асырады. Ұртбасының жымдасуы - шағындау, ал бекітілген қысқыш пен тіс біртұтас болуы тиіс.      
  Тістерді ырғау (бұрау) - маятник тәрізді қимылдармен таңдай және вестибулярлы таңдау жаққа қарай қозғау амплитудасын біртіндеп арттыру қажет. Жоғарғы жақсүйекте бір түбірлі тістерді жұлғанда бірінші қозғалыс бағыты таңдайға қарай. Бірінші қозғалысты ұртқа қарай (ІІмоляр) және таңдайлық бағытта (Імоляр) Тіс ұяшығынан шығару (тракция): тісті ырғалту аяқталғаннан кейін және тістің ұяшықпен байланысы толық жойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Тісті төменге және сыртқа қарай шығарады.      
  Төменгі жақсүйекте тістерді жұлу операциясын жүргізу.
  Құралдарды таңдау:лоток, пинцет, гладилка, құстұмсық тәрізді қысқыш.      
  Дәрігер – стоматологтың орналасуы:сол жақ тіс қатарынан жұлатын болса – науқастың оң және алдында; оң жақ тіс қатарынан жұлатын болса – науқастың оң және арт жағында орналасады.Сол қолының саусақтарымен альвеолярлы өсіндіні бекіту (І-сақсақ – тілдік беткейінен, ІІ саусақ ерін жағынан). Науқастың орналасу қалпы:науқас басын басқойғышқа қойып, креслоға отырады, аузы ашулы, төменгі жақсүйек тістері дәрігердің шынтақ буыны деңгейінде орналасады.      
  Тістің айналмалы байламын ажырату: сол қолмен альвеолярлы өсіндіні бекітеді, оң қолға гладилка алып, тісқызылиек қалтасының астына енгізеді және тістің айналмалы байламын тістің мойны деңгейінде ажыратады.      
  Қысқыштарды ұстау тәсілі:үлкен саусақпен қысқыштың І сабын ұстайды, ІІ және ІІІ саусақтар екі саптың ортасында орналасады, ал ІV және V саусақтар келесі сапты ұстау керек. Қысқыштың екі сабының да ұштары алақанда орналасады. ІІІ саусақ тікейтіліп және ІV, V саусақтар бүгітіліп қысқыштың қиылысы ашылады. Қысқышты салғаннан кейін ІІІ саусақты сыртқа қарай шығарып, қысқышты сұқ саусақтан басқа саусақтармен қысады.      
  Қысқышты ашылған күйде салу: қысқыштың ұртбасы осі тіс осіне сәйкес келу керек. Қысқыштардың ұртбастарын ажыратылған тістің айналмалы байламының астына біреуін – тілдік беткей жағынан, екінші - ерін жағынан салады..      
  Қысқышты жылжыту: қысқыштың ұртбастарын жұлынатын тістің сауыты беткейімен, тіс мойны деңгейінде айналмалы байламының астына қарай жылжыту. Қысқыштың Іқұлпына баса отырып, оң қолмен жылжытады.      
  Қысқышты бекіту – қысқыш сабы орналасқан ІІІ және ІV саусақтарды босатқаннан кейін жүзеге асырады. Ұртбасының жымдасуы - шағындау, ал бекітілген қысқыш пен тіс біртұтас болуы тиіс.      
  Тістерді ырғау (люксация, ротация)тісті маятник тәрізді қозғалыспен вестибулярлы және тілдік беткей жаққа қарай қозғау. Біртүбірлі тістерді жұлу кезінде алғашқы ырғау қозғалысы вестибулярлы бағытта. Бірінші молярды жұларда алғашқы қозғалыс бағыты – ұрттық, ал екінші молярда – тілдік жағына. Тіс ұяшығынан шығару (тракция): тісті ырғалту аяқталғаннан кейін және тістің ұяшықпен байланысы толық жойылғаннан кейін жүзеге асырылады. Тісті жоғары және сыртқа қарай шығарады.      





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-25; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 377 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

2298 - | 1987 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.