37. Құқық әлеуметтануының пәні. Әлеуметтану мен құқық әлеуметтануының таным объектісі біреу - әлеуметтік құбылыстарды зерттеу, олардың ішкі қозғаушы тетігін, тіршілік ету заңдылықтарын ашу. Құқық әлеуметтануы құқықтың қоғамдық қатынастарға, әлеуметтік субъектілердің өзара әрекеттестігіне, әлеуметтік жүйенің қалыптасуы мен атқаратын қызметіне ықпал жасауын қарастырады. Ол қоғамды біртұтас жүйе ретінде қарастырып, осы бүтіндікте, қоғамдық қатынастарда құқықтық кұбылыстардың алатын орнын, оны әлеуметтік жүйенің бірігуіне немесе ыдырауына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі ретінде талдау жасайды. Демек, кұқық әлеуметтануының мақсаты дайындалатын құқықтық мөлшердің, институттардың және тұтас алғанда құқықтың әлеуметтік шарттылықтарын ашып және дәлелдейтін шын, ақиқатта бар қоғамдық қатынастардың терең талдауын талап етеді. Бірақ қоғамдық қатынастардың дамылсыз жетілу үдерісіне, тұрақты өзгеретіндігін ескеріп, дамудың да бағыттарын анықтау керек. Ал мұндай талдау құқықтың тиісті саласының дамуын болжайтын, негізін қалауға және қоғамның дамуының белгілі кезеңіне сәйкес нормалар мен институттарды құруды дайындауға мүмкіндік береді. Бұл - құқық пен қоғамдық қатынастардың арасындағы байланыстардың бірінші бағыты.Екінші бағытқа құқық пен әлеуметтік құбылыстардың араларындағы өзара байланысына жататын талдау - ол әлеуметтік әрекет пен құқықтың әлеуметтік тиімділігін, оның институттары мен нормаларын зерттеуді жатқызамыз. Бұдан әлеуметтік жүйенің дамуындағы және жеке адам мен институттардың әлеуметтік әрекеттестігіндегі кұқықтың пайдалы, не теріс әсер коэффиценті қандай екені анықталады.Құқықтық ұйғарымдардың тиімділігі мәселесі олардың әлеуметтік шарттылығы мәселесінен маңыздылығы ешбір кем емес. Құқықтың тиімділігін анықтау дегеніміз ол бұзылған мүдделерді қалпына келтіруде, құқық бұзушыны жазалау мен оны түзеуде, ұнамсыз қылықтардың алдын алуда, бүкіл халықтың құқықтық санасын қалыптастыруда т.т. оның өз мақсаттарына жетудегі қабілеттілігін дәлелдеу. Яғни, ең ақырында құқықтық емес құбылыстарға, шын қатынастарға құқықтық мөлшердің қаншалықты тиімді ықпалы болатынын анықтау қажет. Құқықтық әлеуметтану әлеуметтік-құқықтық құбылыстардың эмпирикалық зерттеулеріне сүйеніп, осымен айналысуы тиіс. Әлеуметтанудың зерттеу пәні қоғамдық қатынастардың қалыптасуы мен дамуына ықпал ететін әлеуметтік қозғаушы күштердің өзара әрекет ететін жүйесі мен тетігі болып табылады. Ал құқық әлеуметтануы өз аясындағы құқықтық құбылыстарға әсер ететін әлеуметтік құбылыстардың бәрін қамтиды. Яғни құқық әлеуметтануы бүкіл қоғамдық шындықты, ұжымдық іс-қимылдарда айқын және көзге түсетін көріністерден бастап, одан әрі материалдық болмыста бейнеленетін құбылыстардың бәрін зерттейді. Осы аталғанның біріншісіне жаңа қоғамдық ұйымдар, күнделікті тәжірибе және дәстүрлер немесе мінез-құлықтың жаңа әлпеттері жатады. Екіншісіне кеңістіктегі құкықтык институттардың кұрылымы кіреді.
38.Тұлға әлеуметтенуінің құқықтық факторлары.Құқықтық әлеуметтендіру білім алу мен тәжірибе беру арқылы өтеді. Үйрету арқылы әлеуметтену бәрінен бұрын әлеуметтік рөлдердің, саяси және құқықтық жүйенің белгілі көлемдегі аса керекті ережелеріне сыйластықты, құрмет сезімін білдіріп дағдыландыратын мөлшерлерді тану мен игеруге негізделеді. Бұл үдеріске саяси және құқықтық мөлшерлерді, қоғамдық және саяси институттарды, олардың міндетті қызмет атқару тетігін білу кіреді. Осындай білім байлығы оқиғалар өрбуін, барысын түсінуге және өзінің азаматтық парызын орындауға мүмкіндік береді. Бұл жағдайда дара тұлғаның алған білімі бастапқы жорамалдардың өзгеше жиынтығы есебінде ұсынылады. Бірақ бұл үдеріс объективті сипатта болуы мүмкін емес, өйткені тұлғаның түйсінуі бейтарап болмайды. Пән туралы кез келген ұғымдар, әр түрлі түсініктер кабылдаушы адамның тәжірибелік құндылықтар жүйесімен аракатынаста болуымен анықталады. Жеке адамның өзі оларды тұтастыққа біріктірілген түрде меңгеруге және оқып білуге әрекет жасайды және өзінің бағалау жүйесіне сүйенеді. Тәжірибе беру арқылы әлеуметтендіру тұлғаның әлеуметтік саяси және құқықтық жүріс-тұрысының және іс-әрекетінің жемісі ретінде көрінеді. Адам атқаратын міндетті қызметтері арқылы қоғамның ұйымдастырылуының әр алуан қағидаларын және саяси басқару тәртібін жете ұғына бастайды. Тәжірибеде ол игерген мөлшерлер мен құндылықтардың дұрыстығын сынай алады. Жеке тәжірибеде көргені мен жазылған мөлшерлердің араларындағы алшақтықтың тереңдігі оның алғашқы ұстанымдарына қай бағытта ықпал ететінін көрсетеді: олар әлсіреп, мүлдем өзгереді, не күшейеді. Білім алу және тәжірибені иеленумен қатар, бейнелі түрдегі әлеуметтену арнасы сана мен жүріс-тұрыстың қалыптасуына маңызды ықпал жасайды, яғни жеке адамның тікелей тәжірибесі мен оқудан басқа жолы болатын құқықтық әлеуметтенудің түрі. Бұл жағдайда тұлғаның түсініктері өзі кіретін партия тобының, таптың, тағы басқа қауымдасулардың мүшелерінің пікірлері, бағалаулары, сыртқы ықпалға берген жауаптары арқылы қалыптасады. Солай қалыптасқан ұғымдарға - “ел”,“отан", “ұлт”, "отбасы” т.с.с. бейнелі сөздерге саяси, құқықтық, әлеуметтік мағына беріледі. Ол әр қауымдасу тұрғысынан өзіндік мәнге ие болады және оны дәл осы деңгейде зерттеу керек. Тұлға өзінің басқа пікірлермен арақатынасының мағына жүйесін белгілеп, өзінің саяси және кұқықтық ойлауындағы әр түрлі түсініктер мен ұғымдарды ассоциативті (ойда байланыстыру арқылы) біріктіріп тұрады. Дерексіз ойлаудың құдіреті сол, кей кезде тұлға нақты тәжірибемен байланыстырмай, сезу арқылы әлеуметтік-құқықтық ғажайыптардың кез келгенін түйсінуге қабілетті. Себебі, барлық ұғымдардың мағынасын бұрын танылған басқа саяси және құқықтық шындықтың құбылыстарымен жанама түрде ойша байланыстырады. Бірақ ешқандай түсінік, тіпті өте дерексізі де, айналадағыларға жайдан-жай тәуелді болып табылмайды. Даралық әлеуметтік және басқа да түсініктердің бәрі де, әрбір жеке адамның өзінің даму сатысына лайықты, тәжірибенің және саяси, әрі құкықтық ойлау заңдарына сай әрдайым өзгертілген және таңдалып алынған күйде қалыптасқан. Адамның мәні қоғаммен бірге өзгереді және дамиды. Оның қоғамға енуі, қосылуы әр түрлі әлеуметтік қауымдасулар, жіктер, топтар арқылы өтеді және осыған байланысты сан алуан әлеуметтік жүйелерге енгізіледі. Бұл жүйелер адамға ықпалын тигізеді. Бірақ адамның дүниетанымының өзгешелігі табиғи ерекшіліктердің негізінде қалыптасады. Адам өзіне ғана тән ұстанымдар мен құндылықтардың, ойлау таптаурындары мен жүріс-тұрыстың қалыптарының, сүйіспеншілікгер мен жек көрушіліктерінің, мақсаттары мен ниеттерінің, нанымдары мен теріс түсініктерінің кешенін, жиынтығын иеленеді. Бұл адамның балалық шақтан бастап қандай әлеуметтік ортада, отбасында, көшеде, мектепте және т.б. өскенін бейнелейтін жағдайларды көрсетеді. Әлеуметтік ортаның өзгеруіне бейімделу ағымында адамның үнемі өзгеріп, дамуына әсері тиеді. Әлеуметтену жеке адамды қоғамның әлеуметтік маңызды ерекшеліктері мен әлеуметтік қатынастарының тұлғада айқын |
39. Әлеуметтік құрылым және әлеуметтік жүйе түсінігі. Әлеуметтік құрылым қоғамды жекелеген, бір немесе бірнеше белгілер белгілер негізінде біріккен қабаттарға, топтарға объективті бөлуді білдіреді. Бұл – элементтердің әлеуметтік жүйедегі тұрақты байланысы. Әлеуметтік құрылымның негізгі элементтері болып алеуметтік қауымдастықтар (таптар, ұлттар, кәсіпкерлік, демографиялық, территориялық, саяси топтар) табылады.
Әлеуметтік құрылымның болу мен даму механизмдері адамның іс-әрекеті жүйесінде жасырулы. Адамдар тіршілік ету үшін белгілі бір қоғамдық, ең алдымен өндірістік қатынастарға түседі, топтарға бөлінеді, кооперацияланады, функцияларын бөледі. Топтардың қалыптасу процесі үшін әлеуметтік айырмашылықтардың терең көзі ретіндегі еңбектің қоғамдық бөлінуі маңызды болып табылады. әлеуметтік құрылым – бұл адамдардың беделіндегі, өмір сүру жағдайындағы және өмір сүру тәсілдері ретінде бейнеленген жүйе.
Әлеуметтік құрылымның дамығандығының көрсеткіші болып оның әртүрлілігінің дәрежесі, яғни байланыс тәсілдерінің әртүрлілігі табылады.
Әлеуметтік құрылым әрқашан бір де бірінің басымдылығы жоқ көптеген факторлардың нәтижесі болады. Нақты жағдайларды кейбір белгілер алдыңғы шетке шығады, немесе, маңыздылығынан айрылады. әлеуметтік құрылымды қалыптастыруда ең маңызды ретінде өндіріс тәсілінің басымдылығын мойындай отырып, біз оны абсолюттендіре алмаймыз. Әлеуметтік жүйе – бейөндірістік аяны білдіретін салалар жүйесі. Әлеуметтік жүйе салаларының құрамы осы ая салалары жіктелімінің өзгеруіне сәйкес ауысып отырады. Қазақстан Республикасының Статистика жөніндегі агенттігінің жіктеліміне сәйкес бейөндірістік ая салалардың 2 тобын қамтиды:
ұжымдық қажеттіліктерді қанағаттандыратын салаларды (геология және жер қойнауын барлау; су шауашылығы; басқару, ғылым және ғылыми қызмет көрсету, несиелендіру, т.б.)
қызмет көрсетуі халықтың мәдени-тұрмыстық және әлеуметтік қажеттіліктерін қанағаттандыратын салаларды (тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, білім беру, мәдениет пен өнер, жолаушы көлігі мен байланыс, денсаулық сақтау, әлеуметтік сақтандыру, т.б)
БҰҰ-ның халықаралық жіктегішіне (Халықаралық стандарттық шаруашылық жіктелімі) сәйкес қызметтің барлық салалары қызметтің белгілі бір түрін қамтитын 10 салаға бөлінген, олар: кен қазу өнеркәсібі, өңдеуші өнеркәсіп, ауыл және орман шауашылығы, аңшылық пен балық аулау, электртехника, газ және су шауашылығы, құрылыс, көтерме және бөлшек сауда, қаржы, сақтандыру, жылжымайтын мүлікпен жасалатын операциялар, коммерциялық қызметтер (20 түрі бар), көлік, қойма шауашылығы және байланыс (20 түрі бар), коммуналдық, қоғамдық және жеке басылық қызмет көрсету (49 түрі бар), т.б. Халықаралық және отандық жіктелім арасында елеулі айырмашылық бар. Қазақстанның нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты, бұл қатынастар қоғамдық өндірістің сипаты мен құрылымына ықпалын тигізеді. Сондықтан қазіргі кезде басқару тәжірибесінде “әлеуметтік ая”, “бейөндірістік ая” ұғымдарымен қатар “әлеуметтік инфрақұрылым” (сауда, қоғамдық тамақтандыру, халыққа тұрмыстық қызмет көрсету, денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру нысандарының жиынтығы) ұғымы да қолданылады
40. Құжат талдау әдісі. Құжат деп – адамның белгілі бір материалға түсірген мәліметтерді сақтап, керек кезіндеалып қолдану үшін құрған арнайы затын айтамыз. Құжат қолжазба, тасқа басылған мәтін, баяндаманың стенограммасы, магнитофон жазбасы, фотосурет, сурет, кинофильм, видеожазба күйінде болуы мүмкін. Мәліметті жазып алу, беру және сақтау үшін микрофильм, микрофиша, компьютер дискеті, лазер дискасы жиі қолданылады.
Құжаттарды түрлі белгілеріне қарай жүйелеуге болады. Мәліметтерді тіркеу тәсіліне қарай төмендегідей бөлінеді:
1. Жазба құжаттар (іштей тағы вербальды және статистикалық болып бөлінеді). Вербальды жазбаша құжаттарға – кітап, хат, баспасөз, ал статистикалыққа – халық санағының, әлеуметтік сұраудың мәліметтері, елдің немесе аймақтық экономикалық және әлеуметтік даму көрсеткіштерінің статистикалық материалдар жинақтары т.б. жатады.
2.Фонетикалық, яғни есту арқылы қабылданатын құжаттар (грампластинка, лазер дискасы, магнитофон жазбасы, радио хабарлары).
3. Иконографиялық құжаттар (картиналар, фотосуреттер, видеожазбалар).
Құжаттарды талдауға қалыпқа түспеген (сапалық) және қалыпқа түскен (сапалық-сандық) әдістер қолданылады. Сапалық талдауда құжаттар оқылып, оның мазмұны логикалық операцияларды пайдалана отырып түсіндіріледі. Яғни талдаудың сапалылығы субъективтік (зерттеушіның білімі, қабілеті т.б.) жағдайларға тікелей байланысты. Осы субъективизмнен арылу мақсатында құжаттарды талдаудың қалыпқа түскен тәсілдері жасалып, ол контент-талдау деп аталады. Оның дамуы мен кеңінен таралуына ақпараттық процестердің бұқаралық сипат алуы, осыған байланысты кең ауқымдағы мәліметтерді талдау қажеттілігі маңызды алғышарты болды. Контент-талдау алғашында бұқаралық ақпарат құралдарын зерттеуге қолданылса, кейіннен бұл әдіс кең тарап, әлеуметтік өмірдің басқа салаларында, құжаттарда қолданыла бастады.
Сонымен, осындай әдістер арқылы жиналған алғашқы социологиялық ақпараттар талданып, қорытылып және ғылыми интерпретацияланады. Респонденттердің барлық жауаптары (анкета, сұхбат бланкілері) алдымен тексеріліп, математикалық жағынан өңделіп, зерттеуде берілген қажетті түрлеріне қарай топтастырылады.
Қорытындылау нәтижелері социологиялық ақпараттар деп аталады.
Соңынан социологиялық зерттеу нәтижелері бойынша есеп құрастырылады. Ол есеп ғылыми қорытынды мен ұсыныстардан тұрады. Есептің бірінші бөлімінде зерттелінетін проблема, сұрыптау сипаты, ақпараттар жинау әдістері, зерттеуге қатысушылар саны көрсетіледі. Екінші бөліміндегі зерттеу объектісі әлеуметтік-демографиялық белгісіне қарай сипатталады. Ал есептің келесі бөлімі бағдарламада көрсетілген болжамдарға жауап іздеуге арналады. Есептің тіркемелері бағдарлама, жоспар, анкета немесе сұхбат бланкілері, компьютерлік таблицалар, кестелерден т.б. тұрады.