Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


О.Конттың қоғам дамуының кезеңдерін сипаттаңыз. 1 страница




Конт жүйесінде позитивті ойлау орнын өзінің ашқан басты жаңалығы деп есептейтін атақты “үш саты” немесе “үш жағдай” заңымен байланысты түсінуге болады. Осы заңға сәйкес, жеке адам, қоғам және адамзат жалпы алғанда өзінің дамуында міндетті түрде және біртіндеп үш сатыдан өтеді.Теологиялық немесе жалған сатыда (адамзаттың пайда болуынан бастап біздің заманымыздың 1300 жылына дейін) адам санасы құбылыстардың бастапқы немесе соңғы себептерін табуға тырысады, ол “абсолюттік білімге ұмтылады”. Теологиялық ойлау, өз кезегінде, дамудың үш кезеңінен өтеді: фетшизм, политеизм, монотеизм. Бұл саты өз заманында қажетті болып есептелді, себебі ол адамның әлеуметтенуінің алдын ала дамуы мен ақыл-ойдың өсуін қамтамасыз етті.Метафизикалық немесе абстрактілі сатыда (1300 - 1800) адам санасы құбылыстардың ішкі табиғатын, олардың бастамасын, қалыптасуының басты амалдарын ұғынуға тырысады. Бірақ теологиямен салыстырғанда метафизика тылсым күштер факторымен емес, мән-мағына немесе абстракциялар жолымен түсіндіреді. Бұл сатыда құбылыстарды “бақылаудың орнына дәлелдеуге ұмтылудың салдарынан” оның спекулятивті және дерексіз бөлігі өте жоғары болады. Метафизикалық ойлау, теология сияқты болмай қоймайтын кезеңді құрай отырып, өзінің табиғаты бойынша шиеленісті және жойқын болып табылады.Позитивті не шынайы немесе ғылыми кезеңнің (1800 жылдан бастап) негізгі белгісі – мұнда қиялдың бақылауға тұрақты бағынатын заңы қолданылады. Бұл сатыда ақыл-ой түпкі себептер мен мәндердің ақылға қонымсыз анықтамаларынан бас тартып, оның орнына заңдарды қарапайым зерттеуге, яғни “бақыланатын құбылыстар арасындағы тұрақты қатынастарға” жүгінеді. Конт бүкіл болмыстың, соның ішінде адамзат болмысының бірлігі мен иерархиялық құрылымы жөніндегі ұғымға сүйенеді. Мұндай ұғым негізінде ол кеңінен таралған ғылымның өзі жасаған топтамасын құрады. Бұл топтамаға негізгі ғылымдар: математика, астрономия, физика, химия, биология және әлеуметтану кірді.

9. Г.Спенсердің әлеуметтануға қосқан үлесін сипаттаңыз Спенсер Герберт -- ағылшын философы және әлеуметтанушы, позитивизмнің негізін салушылардың бірі.Спенсердің басты еңбегі – «Синтетикалық философия» жүйесінің он томы, ол теориялық жаратылыстану мен қоғамдық ғылымдарды ортақ эволюциялық идеямен біріктіре отырып, мыналарды қосты: «Негізгі бастамалар» (1862, болмыстың алғашқы принциптері жайында), «Биологияның негіздемелері» (1876-1896). Сонымен қатар, басқа да маңызды социологиялық еңбектері «Әлеуметтік статистика» (1850) және «Социология зерттеу пәні ретінде» (1873).Спенсерді позивитизмнің негізін қалаушылардың бірі деп есептейді. Оның өмірі мен шығармашылық уақыты социологияның жеке ғылыми пән ретінде қалыптасу уақытымен сәйкес келеді. Ол тек социологияның ғана емес, антропологияның дамуына үлес қосып, классикалық әлеуметтік ілімнің органикалық және эволюциялық мектептерінің негізін салушы.Спенсер дүниедегі құбылыстарды білгенімізбен олардың мәнін танып, жете алмаймыз деді. Оның дәлелдеуінше кез келген ғылым ұғым қарама-қайшылыққа толы, сондықтан да түсініксіз. Ғылым жеке тұлғаның тәжірибесіне немесе жалған негізге сүйенгендіктен құбылыстардың ішкі мәніне бойлай алмайды деп білді. Объективті дүниені танып-білуге болмайды деген ұйғарым діни көзқараспен сабақтасып жатуынан, Спенсер дің ғылым мен дінді ұштастыратыны көрінеді. Спенсер дің ілімінде агностицизм объективті идеализм элементтерімен ұштасып жатады. Спенсер дің эволюц тұжырымдамасы оның әлеум. көзқарасымен қоғамның органик. теориясы деп аталатын іліміне негіз болды. Спенсер социалдық құрылымға қарсы болып, төңкерісшілдікті қоғамдық организмнің індеті деп білдіГ.Спенсер “әлеуметтік институт” терминін алғаш ұсынған адам. Кез келген мекеме (әлеуметтік институт) әлеуметтік әрекеттердің орнықты құрылымы ретінде қалыптасады. Ол институттар қоғам өмірін реттеу мен жайластыру және адамдардың мінез-құлқына ықпал ету ісінде маңызды рөл атқаратынын атап өткен. Ол әлеуметтік институттардың алты түрін сипаттап, талдаған: өнеркәсіптік, кәсіподақтық, саяси, әдет-ғұрыптық, шіркеулік, үйішілік. Спенсер қоғамның өсуін әлеуметтік дамудың негізгі факторларының біріне жатқызады, әлеуметтік эволюцияның себебі де, салдары да содан туындайды. Спенсердің ойынша, әлеуметтік организм үш негізгі органдар (институттар) жүйесіне бөлінеді: реттеуші (басқарушы), өндірістік (қолдаушы) және реттеп-таратушы (қатынас жолдары, көлік, сауда, т.б.). Түптеп келгенде, оның ойынша, бүкіл әлеуметтік бақылауды үрей мен қорқыныш билейді. Спенсердің өз әлеуметтануынан шығарған саяси доктринасының мәні мынада: әлеуметтік жоспарлау, әлеуметтік ауқаттылықты орталықтандыру және қоғамдық процестерге мемлекеттің араласуы индустриалдық қоғамда жеке бостандыққа кепілдік беретін әлеуметтік эволюция мен прогреске кедергі келтіреді.

10.Э.Дюркгеймнің әлеуметтанулық көзқарасын, негізгі еңбектерін, қарастырған мәселелерін айқындаңыз. Француз әлеуметтанушысыЭмиль Дюркгейм (158-1917) әлеуметтану ғылымын дамытуға елеулі үлес қосты. Ол көптеген ғылыми еңбектер жазды,солардың арқасында оның негізгі туындыларына «Қоғамдық еңбек бөлінісі туралы», «Өзіне -өзі қол салу», «Әлеуметтанулық әдістің ережелері», «Діни өмірдің қарапайым формалары» жатады. Э.Дюркгейм қоғамдық өмірде болатын құбылыстарды индивидуалдық және психологиялық тұрғыдан түсіндіруге қарсы шықты.Бұл көзқарастар бойынша адамның мінез-құлқы мен жалпы тарихи процесті саналы түрде ұғыну, психологиялық факторлар, яғни адамдардың әуестігі, талаптануы және мүдделері негізгі рөл атқарады.Ол өзінің әлеуметтік реализм теориясында қоғамдық құбылыстардың табиғатын әлеуметтік факторлармен түсіндіру керек деп пайымдайды, индивидтердің, әлеуметік топтардың және әлеуметтік институттардың өзара әрекет ету жүйесі ретінде қоғам адамдардың мінез-құлқына, олардың сан салалы қызметіне талдау жасаудың түп-төркіні, бастауы болады деп санады.Мұнда әлеуметтік орта үлкен рөл атқарады.Дюркгеймнің әлеуметтік реализм көзқарасының негізгі ережелері осылар.Дюркгейм «социологизмнің» басты принципі мен ерекшелігі –оның әлеуметтікті әлеуметтікпен түсіндіруінде еді.Бұның мәні-құндылықтар мен идеялардың әлеуметтік нормаларда жүзеге асуы мен әлеуметтік реттеушіліктің түтқасына айналуында. Э.Дюркгейм әлеуметтанудың ғылыми әдістерін дайындауды қолдаушылардың бірі болды. Мұндай әдіс кезінде байыптылық, яғни қоғамдық өмірдегі құбылыстарды түсіндіруде қатаң логикалық әдіс сақталу керек, дейді ол. Өзіне деңгейлердің негізін алғанда қоғам дамуы туралы ойша, дерексіз теориялар жасауға көп көңіл бөлінгенін және олардың әлеуметтік факторларды зерттейтін ғылыми әдіс әзірлеумен аз айналысқанын айта келіп, әлеуметтанудың әдісін дайындауды қолға алады.Оның пікірінше әлеуметтану – әлеуметтік факторлар туралы ғылым.Бұл дегеніміз- адамдардың ұжымдық санасы қалыптастырған саяси, құқық, мораль, діни және басқа да идеялар, нормалар мен құндылықтар және жекелеген индивидтерді осы идеялар, нормалар мен құндылықтарға сәйкес қалыптастыруға мәжбүр етушілік.Дюркгеймнің ойынша социология құрылымы үш негізгі саладан тұруы тиіс: морфология, социология және жалпы социология. Әлеуметтік морфология, анатомия тектес, қоғам қалай құрылған, оның құрылымы көріністерінің материалдық формалары: әлеуметтік ұйымдар, халықтың құрамы, оның тығыздығы, алып жатқан аумағы бойынша орналасуы т.б. қандай деген мәселелерді зерттеумен айналысуы тиіс. Әлеуметтік физиология қоғам тіршілігінің әр тектес салаларын зерттеп, бірнеше дербес социологиялық теорияларға бөлінеді: дін социологиясы, мораль социологиясы, құқық социологиясы, экономикалық социология және т.б. Ал соңғысы, жалпы социология алғашқы екі бөлімнің жетістіктері мен тұжырымдарын синтездейді және біршама ортақ әлеуметтік заңдарды орнықтырады.

11.М.Вебер әлеуметтануы: идеалды тип теориясын, дін әлеуметтануға қосқан үлесін мазмұндаңыз М. Вебер өзінің әлеуметтану зерттеулерінде түсіну, ұғыну әдістеріне көп көңіл аударуына байланысты, оның әлеуметтану теориясы «түсіну, ұғыну теориясы» деп аталады. Осыған орай ол нақтылы өмірге сәйкес методолгиялық, логикалық жалпы ұғымдарды қалыптастырады. Бұл оның «идеалды типтері» әдісінде жақсы көрінеді. М. Вебердің пікірінше, идеалды тип (яғни, адалдықтың үлгісі шығармашылық қиял, елес жемісі). Ол зерттелетің маңызды құбылыстарды адамның ой – пікірі мен идеализациясы (яғни, асыра дәріптеушілік, шындыққа теориялық бейнелеу – А. И.) негізінде жасалады.Идеалды тип дегеніміз, ол объективтік эмпирикалық (яғни, тәжірибелік) шындықты бейнелеу емес, бұл зерттеуші ғалымның ойлануының, ой – пікірінің жемісінің теориялық құрылымы (яғни, идеясы). Идеалды тип зерттеушілірінің нақты материалды жүйелеп реттеудің бейне – кестесі. Идеалды типтік құрылымдар – бұл қажетті құбылыстар мен процестердің жалпы түйінді ұғымдары. Мысалы, «капитализм», «экономикалық адам», «дін», «христиандық», т.б.М. Вебер әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясының негізін салды. Веберлік әлеуметтік стратификацияның өлшемі бойынша жалғыз ғана экономикалық факторлар, яғни меншік формасына ғана емес, сонымен бірге оған саяси (өкімет) және статус, престиж (қадір, бедел, мәртебе), өлшемдері қолданылады. Осыған сәйкес әлеуметтік стратификация (жіктелу) теориясы көп өлшемді болуы мүмкін деп тұжырымдайды.Идеалды типте сол немесе басқа құбылыстың «мәдени мағнасы»шоғырланады, және зерттеуші, сонымен одан қарастырылатын объектінің алыс және жақындығы анықталатын, критерийге қолы жетеді. Солай, М. Вебер үстемдіктің «таза» үш типін бөліп көрсетті.Біріншісі үстемдік етушілердің және бағынушыларың рационалды мүдделерімен себептелген, екіншісі – типтің негізінде дәстүрлер жатар, үшіншісі билікті сезімдік тұрғыдан қабылдауға негізделген. Осыған сай, үстемдіктің рационалды типіне құқықтық мемлекет сәйкес келеді, онда ең бастысы-заң; үстемдіктің дәстүрлі типі дәстүрлердің мызғымайтындығына негізделген (патриархалдық қоғам); үшінші тип – харизматикалық («харизма»-сый), онда үстемдік етушілер бағынушыларды өздеріне иландыруға және толық бақылауға ұмтылады. Мысалы ретінде М.Вебер дүниежүзілік діндердің негізін қалаушылардың есімдерін (Будда, Иисус, Мұхаммед), ұлы қолбасшыларды (Македонский, Цехарь, Напалон), көрнекті саяхатшыларды.Осындай социология пәнінің жалпы тұжырымдамасына сәйкес М.Вебер дінді зерттеуге социологиялық ыңғайдың спецификасын қалыптастырады. М.Вебер тұрғысынан социолог, теолог пен философқа қарағанда діннің шығу көзі жайлы мәселеге араласпау керек және діннің қандай да бір метафизикалық "мәнін” орнатпай оның өмір сүру жағдайын орнатып немесе проблеманы сену объектісінің шынайылығы, құдай болмысы, т.б. жөніндегі сұрақтарды шешумен алмастыру керек. Басқаша айтқанда, дін социолог үшін тек адамдардың әлеуметтік жүріс-тұрысы дәледенуінің ерекше түрі ретінде ғана қызық болады. Сонымен, М.Вебердің ойынша социология діннің шынайылығы және жалғандығы, оның шығу көздері жайындағы мәселесін қозғамай, көзқарастардың діни идеялармен ынталандырушы әсерін зерттеумен, олардың қоғамдық өмірге әсерін анықтаумен шектелуі керек. Бұл ХІХ ғасырдың соңында ұсынылған маңызды ережелер, бұрын көбіне дінді атеистік дүниетанымдық үгіт шеңберінде сынау үшін эмпирикалық материал жасаумен айналысуға үйреніп қалған қазіргі заманғы социологтар үшін айрықша өзекті болып отыр.Дін социологиясының пәніне мұндай баға беру діннің әлеуметтік қызметін Вебер бойынша түсіндіруге негізделеді. М.Вебер дінді өзінде мәдени жүйенің белгілерін сәйкестендіретін әлеуметтік-мәдени институт ретінде қарастырды, яғни білім саласын, символдары және индивид пен қоғамның құндылықтарын анықтайды және онымен бірге ол өзінше әлеуметтік институт ретінде қызмет атқарады.М.Вебер дінді құндылықтардың бастапқы негізі ретінде көрсетеді және осындай тұрғыда ол әлеуметтік әрекетке мән берудің ең маңызды амалдардың бірі болып табылады, оның мағынасы мен мақсаттарын анықтайды. Дәл осыдан діни нұсқаулардың негізінде адам өмірінде болып жатқан оқиғалардың бәрі өз тарапынан өмірлік маңызды немесе маңызды емес болып жіктелінеді. Дүниеге діни түсіндірме беру ондағы бағыт ұстану және жүріс-тұрысты реттеу құралы болып табылады. Дін дүниенің белгілі бір бейнесін суреттейді және сонымен қатар құндылықтар мен нормалардың жүйесін ұсынады және соларға сәйкес бір әрекеттерге тиым салынады, екіншілерге рұқсат етеді. Сонысымен ол адамның жүріс-тұрысының моралдық нормаларын құрады.Вебердің дін социологиясының тағы бір маңызды бөлігі - "шіркеу мен секта” арақатынасын қарастыруға келіп тірейтін, діни ұйымдар түрлерін зерттеу.

12.М.Вебер әлеуметтік іс-әрекет теориясы талдаңыз. Вебер социологиясының басты ұғымдарының бірі әлеуметтік іс-әрекет болып табылады. Ғалымның өзі оған мынадай анықтама берген: “іс-әрекет” деп біз (ішкі және сыртқы сипатына, араласпауға немесе шыдай білуге саятындығына қарамастан) әрекет етуші индивид немесе индивидтер онымен субъективті мән-мағынаны байланыстыратын адамның іс-әрекетін атаймыз. “Әлеуметтік” деп біз әрекет етуші тұлғаның немесе тұлғалардың шамалауы бойынша өзге адамдардың әрекетіне байланыстырылып, соған бағытталған іс-әрекетті атаймыз.Алайда адамдардың іс-әрекеті мен қылықтарын көптеген басқа ғылымдар атап айтқанда тарих пен психология зерттейді. Таза социологиялық әдістердің сапалық ерекшелігі неде? Ең алдымен, социология адамдардың жалпы іс-әрекетінің қандай да бір жетілген жағдайдағы күйін зерттейді. Оған қоса оның басқа адамдарға бағытталуымен қатар, бір мәнге ие болу мәселесі де қызықтырады. Мән ұғымы мақсат пен құрал арақатынасынан келіп шығады. Мұндай арақатынастың түрлі нұсқаларын зерттеу Вебердің әлеуметтік іс-әрекеттердің жетілген типологиясын жасауына алып келді.Әңгіме адам баласы іске асыратын кез келген іс-әрекеттер мен қылықтар осы өзіндік эталондар арқылы “өлшене” алатынын, яғни жақындаудың жоғарғы және төмен деңгейде төрт жетілген типтердің біріне жатқызылуы мүмкін.Мақсатқа сай ұтымды іс-әрекет - іс-әрекеттің ең жоғарғы деңгейдегі ұтымды түрі, алға қойылған мақсаттың айқындылығымен сипатталады, оның үстіне дәл осы мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін ұтымды ойластырылған құралдар да осыған кіреді.Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет - әлеуметтік іс-әрекеттің жетілген типі, ол құндылықтың толықтығына сенуге негізделген қылықтарды жүзеге асыруды білдіреді, яғни бұл жерде мақсат ретінде іс-әрекеттің өзі болады. Құндылыққа сай ұтымды іс-әрекет, Вебердің ойынша, белгілі бір талаптарға бағындырылған, ал оларды ұстанып отыруды индивид өзінің борышы деп есептейді.Дәстүрлі іс-әрекет - дәстүрді ұстану негізінде қалыптасатын іс-әрекет, яғни мәдениетте қалыптасып, қосталған, сондықтан да іс жүзінде ұтымды ойластыруға және сынауға жатпайтын іс-әрекеттің қандай да бір үлгісіне еліктеу.Жан азабына сай іс-әрекет - барлық іс-әрекет түрлерінің ішіндегі ең аз ойластырылғаны. Оның басты сипаттамасы - қорқыныш, өшпенділік, ашу, құмарлықтың және т.б. өршуі сияқты белгілі бір эмоционалды күй болып табылады. Жан азабына сай іс-әрекеттің “мәні” алдымен пайда болған эмоционалды шиеленісті тез арада басуында, бәсеңдетуінде.

13.Қазақстандағы әлеуметтану ғылымының даму бағыты және кезеңдері. Әлеуметтанудың ғылым ретінде пайда болуына алдымен әлеуметтік-саяси және әлеуметтану идеяларын қалыптастыратын әлеуметтік ойдың даму кезеңі негіз болған. Әлеуметтану ойы қоғам, оның өзара байланыстары, әлеуметтік қатынастар, әлеуметтік шынайылықтың теориялық конструкциясының құрылымы туралы көзқарастардың, ұғымдардың жиынтығын білдіреді, ол белгілі бір тарихи уақыт ішінде белгілі бір әлеуметтік-саяси және экономикалық жағдайларда қалыптасады. Ол заңдардың, механизмдердің, зерттеу амалдарының айқын ресмиленген және қатаң жүйесін қалыптастырудың негізі болып табылады. Қазақстандағы әлеуметтік ой қалыптасуының қазақ халқының қоғамдық және әлеуметтік болмысының, дүниетанымының, әлеуметтік құндылықтар жүйелерінің айрықша нысандарына байланысты өзіндік ерекшеліктері бар. ХІХ ғасырдағы ХХ ғасырдың басындағы әлеуметтік және әлеуметтік-саяси ілімдер қалыптасуының объективті шарттары мынадай факторлар болды: 1) рухани көтерілу - мәдениет, тарих, жаратылыстану, әдебиет өркендеді, сондай-ақ халықтың саяси және әлеуметтік санасы сапалық жаңа деңгейге көтерілгені атап өтілді; 2) әлеуметтік-саяси даму - Қазақстандағы патшалық отаршыл-дық саясат әкімшілік, сот нормалары арқылы қоғамдық құрылымның дәстүрлік нысанының өзгеруіне әкеп соқты. ХІХ ғасырдың аяғында Қазақстанның қоғамдық ойында қазақ ағартушылығы қалыптасты, оның жарқын өкілдері Шоқан Уәлиханов (1835-65), Абай Құнанбаев (1845-1904), Ыбырай Алтынсарин (1841-89) болды. Қазақ ағартушылығының философиялық мұрасы Қазақстан ғылымында кеңінен зерттелген, онда қазақ ағарту ісінің екі кезеңі қарастырылады:

1. Классикалық кезең - Ш.Уәлихановтан, А.Құнанбаевтан және Ы.Алтынсариннен бастау алады;

2.Дамыған ағарту ісі кезеңі. Оның өкілдері: М.Сералин, С.Торайғыров (1893-1920), С.Дөнентаев. Қазақстандағы әлеуметтану көзқарастарының қалыптасу процесі Батыс Еуропада әлеуметтанудың ғылым ретінде қалыптасуымен қатар жүрді. Қазақ ойшылдарының теориялық мұраларын шартты түрде үш бағытқа бөлуге болады. Бірінші бағыт Ыбырай Алтынсариннің, Шәкәрім Құдайбердиевтің, Ахмет Байтұрсыновтың (1873-1938) білім (білім беру) әлеуметтануы саласындағы еңбектерімен және қызметімен байланысты. Олар білімді, оның әлеуметтік маңыздылығы мен құндылығын насихаттауды мақсат етті. Ыбырай Алтынсарин бұл проблемаға адам жасының психологиясы мен әлеуметтік педагогика тұрғысынан қарады. Шәкәрімнің философиялық, әлеуметтанушылық, психологиялық көзқарастары оның “Үш анық” атты еңбегінде көрсетілген, онда үш сәтті бөліп қарауға болады: 1) Шәкәрім Батыс Еуропа ойшылдары-ның еңбектерін сын көзбен зерделеп, Спенсердің, Конттûң еңбектерін талдайды, олардың көзқарастарына қатысты ұстанымын білдіреді; 2) дамыған халықтардың білімдерін өз халқына жеткізуге әрекеттенеді; 3) ақиқат ғылымды іздеу - басқа жат проблемалардан бас тарту деп есептейді. Ғылыммен еркін, жалтақтамай шұғылдану қажеттігін айтады. Екінші бағыт - таныммен, танымдық қызметпен, танымдық белсенділікпен және олардың дамуының белгілі бір әлеуметтік институттардың нақты қызметімен ұштасуына байланысты. Бұл кезеңде қазақ даласында мектептер ашыла бастады, қоғамда Ыбырай Алтынсариннің есімімен тікелей байланысты білім беру жүйесінің институттану процесі басталды. Оның ағартушылық қызметінің ерекшелігі мектеп ашумен шектеліп қоймай, оқытудың дидактикалық принциптерін жасағанында, инспекторлық бақылаудың негізін қалап, мұғалімдер даярлау жүйесін енгізуінде. Үшінші бағыт - “Адам дүниені қалай танып біледі” атты сауалға жауап іздеумен шұғылданды. Білім берудегі әлеуметтану бұл проблеманың кейбір қырларын өз зерттеулерінің пәні ретінде қарастырады. Осы тұрғыдан алғанда Шәкәрімнің “Үш анық” атты еңбегі аталмыш проблеманы зерттеу құралы болып табылады. Төменгі саты - бей-берекеттік және жарым адам. Ортаңғы сатысы - тұлғаның материалдық молшылығы мен рухани тепе-теңдігінің үйлесуі. Қазақтың классикалық ағарту ісінде проблемалар мынадай бөліктерге бөлінеді:

адам, оның әлеуметтік мәні;

білім, білім беру, ғылым;

әлеуметтік-мәдени құндылықтар жүйесі;

Қоғамның әлеуеттік мүмкіндіктерінің көрінісі ретіндегі жеке адамның әлеуметтік-экономикалық және саяси қызметі, адам тыныс-тіршілігінің механизмдері, тәсілдері мен әдістері.

14. Ресейдегі әлеуметтану ғылымының даму кезеңдері. Ресейдегі әлеуметтану ойының қалыптасуы мен дамуы XIX ғасырдың екінші жартысы мен XXғасырдың үлесіне тиді. Дүниежүзілік әлеуметтану ғылымының дамуына Ресейлік әлеуметтанушылар да белгілі бір мөлшерде өз үлестерін қосты. Соның негізінде Ресейде Батыс әлеуметтанушыларын бетке ұстап,қалыптасқан бірнеше мектептер мен бағыттар пайда болды. Олардың көзқарастары мен ілімдерінде ұқсастықтар мен айырмашылықтар баршылық.Сол себепті Ресейдегі әлеуматтанудың дамуын 2 кезеңге бөліп қарастырсақ болады.XΙX ғ-ң 2 жартысындағы Ресей әлеуметтануында қалыптасып, дамыған әлеуметтанулық ілімдерге көңіл қойылды.XXғ-да осы елде әлеуметтанудың даму процесінің қалай жүргені сөз ітіледі.Ресейде әлеуметтану ғылымы саласында зерттеулер жүргізген көптеген ойшылдар шықты. Олар әр түрлі әлеуметтану бағыттары мен ағымдарын қалыптастырды. XΙX ғ-ң 2 жартысындағы ғалымдарды айтып кетсек, олар Л.И.Мечников, А.И.Стронин, П.Ф.Лилиенфельд, П.Л.Лавров, Н.К.Михайлоский, М.Бакунин, П.Кропоткин, Е.В.Де-роберти мен Н.И.Кареев, М.М.Ковалевский, К.Маркс ж/е Ленин болып табылады.олардың кейбіреулеріне тоқталып кететін болсақ,Географиялық идеядағы бағыт географ-ғалым әрі әлеуметтанушы Л.И.Мечниковтың еңбектерінде байқалады. Л.И.Мечниковтың әлеуметтану теориясы тұрғысынан қарастырған мәселелері оның «Өркениет ж/е ұлы тарихи өзендер» деген ірі еңбегінде баяндалады. Социал-дарвинизмнің әлеуметтік заңдылықтарды механикалық тіршілік үшін күрес заңына ұқсастыру тұжырымдамасын жоққа шығарып, зерттеуші әлеуметтануды нақты ғылыми пәнге айналдыруды көздеді.Әлеуметтануды дүниедегі бір клеткадан бастап, адамдардың өндірістік кооперацияларына дейінгі ынтымақтастықтың бүкіл құбылыстарын қамтыған ғылым ретінде анықтап,Л.И.Мечников қоғам мен биологиялық организм арасындағы өнімдер ұқсастығын пайдалануға бағыт ұсынады, сонымен қатар ол қарапайым биологиялық редукционизмді жоққа шығарды.Ресей әлеуметтану дәстүрінде органикалық деп аталған бағыттың өкілдері А.И.Стронин (1826-1889) ж/е П.Ф.Лилиенфельд (1829-1903) қызықты ережелерді қалыптастырды. А.И.Строниннің биолог-қ редукционизмі механицизммен бірігіп, оның әлеуметтану тұжырымдамасының эвристік шектеулігін негіздеді. Соған қарамастан оның бірнеше теориялары Ресейдің интеллектуалдық ой пікірінде белсенді пікір тартыстарыноятты,одан әрі әлеуметтанулық теориялардың дамуына әсер етті.әлеуметтануда органикалық бағытты пән ретінде жақтаушы «Болашақтың әл-к ғылымы туралы ойлар» атты кітаптың авторы П.Ф.Лилиенфельд болды.Қоғамды табиғаттың барлық организмдері сияқты өмір сүретін шынайы организм іспетті қарастыра отырып, П.Ф.Лилиенфельд әл-к заңдар әл-к күштердің ж/е табиғаттағы органикалық күштердің арасындағы әрекеттерді ұқсастыру жолымен шығарылуы мүмкін деген қорытынды жасады.М.Бакунин қоғам дамуының бүкіл эконои-қ, саяси,рухани процестерін мемлекет реттейтін «мемл-к социализмді» сынға алды.Оның пікірі б/ша, мұндай социализм өзінің негізсіздігін толығымен көрсетті. «Реттеушілік» ж/е «деспоттық» болғандықтан социализм көпшілік халықтың қажеттерін ж/е заңды талаптарын қанағаттандыру мұратынан шалғайда тұрды.XXғ-ғы Ресей әлеуметтануының дамуы.Қазан төңкерісінен кейін Ресейде әлеуметтану ғылымының дамуы шиеленіскен қарама-қайшылықты жағдайда жүрді.Онда институттандыру прцесі жүрді. Кеңес үкіметінің алғашқы жылдарында әлеуметтану ғылымының өрлеуі байқалды. Әлеуметтанулық зерттеулер жүргізілді ж/е әлеуметтану кафедралары құрылды.Жоғары оқу орнының осындай бөлімі Петроград пен Ярослав университеттерінде жұмыс істей бастады.1919ж Социобиблиографиялық институт ашылды.Сол жылы инстит-ң директоры К.М.Тахтарев бұл институтты Ресей әлеуметтану институтына өзгерту туралы мәселе көтерді.М.М.Ковалевский атындағы Ресей әлеуметтану қоғамы өз жұмысын қайта жалғастырды. Оның төрағасына Н.И.Кареев тағайындалды. Петроград университетінің маңызды буыны саналатын қоғамдық ғылымдыр факультетінің қатарында елдегі алғашқы әлеуметтану бөлімі 1920ж ашылып оқу процесіне орыстың ірі әлеуметтанушылыры тартылды.Осы әлеуметтану бөлімін басқару ісі Сорокинге тапсырылды. Осы жылдары негізінен теориялық мәселелр қарастырылған көптеген әлеуметтанулық әдебиеттер баспалардан жарыққа шықты. Мысалы: П.А.Сорокиннің, Н.А.Бухариннің, Н.А.Салбнскийдің, В.М.Хвостовтың, т.б. шығармаларын айтуға болады.П.А.Сорокин марксистерді қоғамның әл-к құрылымының бүкіл проблемасын топтарға бөлумен шектелуін сынады, адамдар арасындағы жойылмайтын сапалы өзгешеліктерге байланысты тапсыз қоғам орнатудың (принципі мүмкін емес) екендігін де айтты. Марксизмге адал К.М.Тахтарев,С.И.Солнцев, т.б. елеуметтанушылар қоғамынынң таптарға бөлінуі шешуші рөл атқаратындығын атап көрсетті, таптардың шығуы мен эволюциясын Спенсер мен Дюркгейм тұрғысынан түсіндірді.А.А.Богданов пен Н.И.Бухариннің таптар тұжырымдамаларының негізіне қоғамның әл-к-таптық құрылымын қалыптастыратын техникалық-ұжымдық қатынастар қоғамдық еңбек бөлінісінде басқарушы ж/е атқарушы болады деген түсініктер алынды. Мұндай бөліну тіптен әл-к ұйымдар-ң нышаны көрініс берген жерлердің бәрін де болатын болды. Сондықтан таптар қоғамның табиғи ж/е қажетті элементі деп танылды.Кеңестік әлеуметтанудың «екінші рет дүниеге келуі» 60-ж болды. Шет елдердегі әлеуметтанудың қарқынды дамуы мен кейбір субъективтік жағдайлар бұған негізгі себеп болған еді. 30-60ж аралығында Кеңес қоғамында әлеуметтанулық ойдың дамуында бірқатар үзіліс болды.Әлеуметтанудың жандана бастағаны,ғылыми пән ретінде алғашқы еске алынуы 1955ж басталды. Академик В.С.Немчинов зерттеу пәні- қоғамның дамуы дей отырып, әлеуметтануды философиялық білімнің бір саласы ретінде сипаттады.Бұдан кейін 1965ж әлеуметтану қоғам дамуының заңдары мен қозғаушы күштері туралы ғылым ретінде айқындалды





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-01-28; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1327 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2357 - | 2221 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.