СӨЖ түрі сан алуан. Тақырыпты бөлу кезінде студенттер оны орындау жөніндегі әдістемелік нұсқаумен, ұсынылған әдебиеттермен, нәтиже талаптарымен, бағалау критерилерімен танысады.
СӨЖ 5 деңгейі бар, оның негізіне қабылдау және творчестволық үрдістердің қатынасы алынған (Ипатова М.А., 2004).
СӨЖ бірінші деңгейі – мәліметті сөзбе-сөз беру (рефераттар).
Екінші деңгей – үлгі бойынша өз бетімен жұмыс: дәріс мәтініне сұрақтар, тестік тапсырмалар құрастыру. Бұл үлгі студенттің ойлауын
жауап іздеуге бағыттайды.
Үшінші деңгей – құрастырушы-өздік жұмыс, бұған ребустар, кроссвордтар, сұхбат алу, сауалнама жасау, ситуациялық есептер құрастыру
жатады.
Төртінші деңгей – оқытушы берген қиын ситуациялық есептерді шешу, іскерлік ойынға дайындық.
Бесінші деңгей – творчестволық (зерттеушілік) өзіндік жұмыс.
Кафедрада өзіндік жұмыс ретінде келесі тапсырмалар белгіленген:
- Реферат жазу
- Презентация
- Эссе
- Кроссворд құрастыру, тестік тапсырмалар құрастыру
- Диагностика алгоритмін, диспансерлік бақылау үлгісін дайындау
- Емдеу алгоритмін дайындау
- Амбулаториялық жағдайда науқасты қараудың өзекті мәселелері бойынша нақты мәліметтерді іздеу
- Ситуациялық есептер құрастыру
- Берілген нозология бойынша зертханалық тестілер жиынтығын дайындау
- Дені сау балабөлмесінде жұмыс істеу, атқарған жұмысына есеп беру, егу жоспарын құру
5 курс студенттері үшін СӨЖ 3-4-5 деңгейін қолдануға болады.
Жұмыс бағдарламасының әрбір тақырыбы бойынша студенттерге тапсырманың 6 түрін таңдау ұсынылады. Студенттер тапсырманы орындау үшін 2-3 адамнан топтасуына болады, немесе тапсырманы жеке орындаса да болады. Студенттерге көмек ретінде кафедрада СӨЖ әр түрін орындау үшін әдістемелік нұсқаулар дайындалған. СӨЖ-ді жеткілікті түрде объективті бағалауды қамтамасыз ету үшін баллдық бағамен арнайы критерилер дайындалған. Ол силлабусқа қосымша беріліп отыр.
СӨЖ тақырыптық жоспары
№ 7 БЛОК ЖТД жұмысындағы балалар аурулары | |||
Жас нәрестеге үйге патронажға бару, есептік амбулаторлық картасын толтыру | - жаңа туған баланы бөлімшеде дәрігермен бірге қарау - амбулаторлық карта | ||
Дені сау бала бөлмесінде жұмыс істеу. | - дені сау бала бөлмесінде жұмыс істеу -есеп беру | ||
Фондық патологиясы бар балаларға жеке егу күнтізбесін құрастыру. | -иммундық алдын алу кабинетінде тақырыпты тереңдетіп оқу - фондық патологиясы бар балаларға жеке егу күнтізбесін құрастыру | ||
Созылмалы аурулары бар балаларды диспансерлік бақылау үлгісін құрастыру | - бөлімшеде диспансерлік топпен жұмыс - диспансерлік бақылау сызбасы | ||
Жас нәрестелер мен аналарды перзентханадан шыққаннан кейінгі ерте кезеңде бақылау ерекшеліктері | - презентация - сұрақтарға жауап беру | ||
Амбулаториялық жағдайда ауруларды жүргізудің өзекті мәселелері бойынша нақты ақпараттар іздеу (дәлелді медицина принциптері негізінде) | - презентация - сұрақтарға жауап беру | ||
Барлығы |
СЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТ
Негізгі:
Қазақ тіліндегі негізгі әдебиеттер:
1. Дадамбаев Е.Т. Учебник: Амбулаторлық-емханалық педиатрия. /Алматы, 2010ж. - 306б.
2.Дадамбаев Е. Учебник: Бала дәрігерінің серігі./ Алматы, 2011.-292б.
Орыс тілінде:
1.Дадамбаев Е.Т. «Амбулаторно-поликлиническая педиатрия» 2015., 344стр
2. «Поликлиничекая педиатрия» под редакцией А.С. Калмыковой. 2011. 720 стр.
3. Руководство по амбулаторно-поликлинической педиатрии. / Под ред. А.А. Баранова. - М.,ГЭОТАР.-Медиа,2009.-592с.
3. Амбулаторно-поликлиническая педиатрия. / Под ред. В.А. Доскина.-М., МИА, 2008.-464с.
8Қосымша:
1. Хабижанов, Б.Х. Педиатрия: Оқулық. Т2 / Б.Х. Хабижанов, С.Х. Хамзин.- Алматы, 2012.- 687бет.
2. Рахимрва К.В. Первичное звено здравохранения: Принципы диспансеризации детей " Учебник. Эверо" 2015-365с.
3.Шабалов, Н.П. Детские болезни том 1 / Н.П. Шабалов.- Санкт-Петербург: Питер, 2010.- 928с.
4.Шабалов, Н.П. Детские болезни том 2 / Н.П. Шабалов.- Санкт-Петербург: Питер, 2010.- 928с..
5.Приказ МЗ РК №145 от 16.03.2012 г. «О внесении изменений в приказ и.о. министра здравоохранения РК от 10.11.2009 «Об утверждении Правил проведения профилактических медицинских осмотров целевых групп населения»
6. Приказ МЗ РК №164 от 31.03.2011 г. «О мерах по совершенствованию медицинской помощи в области охраны материнства и детства»
7. Приказ МЗ РК №89 от 17.02.2012 г. «Патронажное наблюдение за беременными женщинами и здоровыми детьми 0-5 лет в Республике Казахстан»
8. Постановление Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2009 года № 2295 "Об утверждении перечня заболеваний, против которых проводится профилактические прививки, правил их проведения и групп населения, подлежащих плановым прививкам» (с изменениями и дополнениями от от 12.02.2013г.).
9.Приказ Министра национальной экономики Республики Казахстан от 6 марта 2015 года № 190 Об утверждении Санитарных правил «Санитарно-эпидемиологические требования по проведению профилактических прививок населению»