Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы




Күні: 22.04.2015ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Бөлімі: Экология.

Тақырыбы: Көбелек және инелік.

Мақсаты: көбелек және инелікпен таныстыру. Олардың айырмашылығын байқап айтып беруге үйрету. Көбелектің қалай пайда болатындығын көрсету. Жәндіктердің тіршілігіне қызығушылығын тудыру. Оларға қамқорлықпен қарап, қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: бірнеше көбелек түрлері мен инеліктердің суреттері.

Керекті құралдар: жұмыс дәптері, әр бала санына жететіндей дайын қиылған көбелектер мен гүлдердің силуэті, көбелек пен инеліктің дене мүшелері.

Алдын ала жасалатын жұмыстар: көбелектер мен инеліктерді бақылау, жәндіктердің тіршілігі туралы әңгімелесу.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Билингвальді компонент: көбелек-бабочка; инелік-стрекоза

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Тәрбиеші музыка қойып, балаларды шаттық шеңберіне шақырып, өлең жолдарын айтқызады. Өздеріне таныс өлең жолдарын айтады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар, шалғынды жерге серуендегілерің келе ме? -Олар болса біз қазір көп гүлдер өсіп тұрған шалғынды жерге барамыз. -Енді гүлге назар аударыңдаршы, гүлдің үстінде қонып отырған қандай жәндік? Өзі сондай әдемі көбелек екен. -Балалар, көбелекті қай жерден кездестіруге болады. -Олар күндізгі және түнгі көбелектер болып бөлінеді. Неліктен көбелектерді күндізгі, түнгі деп айтады? Күндізгі көбелектер түсі жағынан қанық болады. Сол себепті олардың гүлге қонып отырғаны көрінбей де қалады. Қанатының түсі арқылы күндіз ұшатын көбелектер өз түріне жататын көбелектерді ажыратады, сондай-ақ қанатының түсі мен оның бетіндегі өрнегінің қорғаныштық та маңызы бар. Олардың қанаты нәзік болып келеді. Ал түнгі көбелектер күндіз демалып, түнде ғана ұшып жүреді. Сондықтан олардың түсі қанық болмайды. Алайда олар дыбысты жақсы естиді екен. түсіндіреді. -Көбелектің табиғатқа әкелер пайдасы қандай? -Дұрыс айтасыңдар олар гүлден шырын алып жүргенде, біріншіден өздері тамақтанса, екіншіден гүлдердің өсуіне көмектеседі. -Қандай зияны бар? Дұрыс, жұлдызқұрттардың ағаш жапырақтарын жеп қойғандығынан өсімдіктер ауырып, тіпті соңында солып қалады. Жұлдызқұрттардың құстар үшін пайдасы қандай? «Артығын тап»ойыны. Бірнеше көбелектердің ішінен, көбелекке ұқсамайтын жәндікті табуын айтады. Миға шабуыл: Тәрбиеші көбелек пен инеліктің суреттерін балаларға таратып беріп салыстыруды ұнатады. Балалар жауап бергеннен кейінқосымша ақпарат береді: инеліктің түрі көп. Олардың аузы кеміруге бейімделген. Өте үлкен көздері бар. Мұртшалары қысқа, көзге әрең көрінеді. Қанаттары торланып жүйкеленген. Жай тұрған кезде көбелектер сияқты емес, қанаттарын денесіне жинамай, жайып жібереді. Қорегін (ұсақ су жәндіктерін т.б) астыңғы ерні арқылы ұқсайды. Шыбын, маса, шіркей, ұсақ жәндіктерді ауада ұшып жүріп ұстайды.   Сергіту сәті. Тәрбиеші балаларға орталықтардағы орнын ауыстыруды ұсынады. «Жауап бер»ойыны. -Көбелек қандай? Инелік неге ұқсайды? Көбелектің неше аяғы, неше қанаты бар? Көбелек не істейді? Көбелек пен инелік жәндік пе, өсімдік пе, аң ба? Жәндіктер не істейді?   Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді. -Келеді.   Балалар таңырқап қарап қалады, қуанып, көңіл күйлері көтеріледі. -Даладан, гүлдерге қонып отырған, ұшып жүрген көбелектерді көрдік. -Күндіз ұшатын көбелектерді күндізгі, түнде ұшатындарды түнгі деп атайды.     Балалар ұстағандарын немесе ұстамағандарын айтады.   -Олар гүлдердің көбейіп, өсуіне көмектеседі.   -Құрт болып тұрған кезде ағаштардың жапырақтарын жеп қояды.   -Құстар олармен қоректенеді.   Бір бала инеліктің суретін немесе ойыншықты алып келеді.   Балалар жәндіктерді салыстырып, айырмашылықтарын айтып береді.   Сергіту сәтін орындайды.     Орталықтағы орындарын ауыстырып отырады.   Сұрақтарға жауап береді. Ұшады, жорғалайды, секіреді, ызыңдайды.   Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: көбелек және инелікті танып, ажыратуды, олардың дене бөліктері туралы, олардың жәндіктер тобына жататындығын, табиғат үшін маңыздылығын.

түсінеді: көбелек және инелікті таниды, ажыратады, жәндік екенін біледі, көбелек және инеліктің тіршілігі туралы, көбелектің жұмыртқа, дернәсіл, қуыршақ болатындығын.

қолданады: қамқорлықпен қарайды, жәндіктерге жәбір көрсетпеу керектігін ұғынады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 821 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Логика может привести Вас от пункта А к пункту Б, а воображение — куда угодно © Альберт Эйнштейн
==> читать все изречения...

2225 - | 2154 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.