Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы




Күні: 25.02.2015ж Тәрбиеші:

Білім беру саласы: Әлеуметтік орта. Бөлімі: Экология.

Тақырыбы: Шырша мен балқарағай. Өздеріне таныс жануарлады айтады.

Мақсаты: қылқанжапырақты өсімдік шырша туралы түсінігін бекіту. Балқарағаймен таныстыра отырып, оның шыршадан және басқа ағаштардан айырмашылығын байқап, сипаттап бере білуге үйрету. Қазақстанның табиғи байлығын сақтау үшін адамдардың мінез-құлық ережелерін түсінуге үйрету. табиғатқа қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Қысқы орман табиғаты бейнеленген көлемді сурет, ағаштар мен қылқанжапырақты өсімдік шыршаның және балқарағайдың суреттері.

Қажетті құрал-жабдықтар: жұмыс дәптері, шырша мен балқарағайдың қылқандары, бүрлері, мата.

Алдын ала жасалатын жұмыстар: қысқы табиғатты, қарды бақылау, балқарағайдың, шыршаның бүрлерін жинау.

Әдіс-тәсілдері: сөздік, көрнекілік, практикалық.

Билингвальді компонент: шырша – ёлки, балқарағай - лиственница

 

Іс-әрекет кезеңдері Педагогтің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық- Қозғаушылық Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, табиғаттың өсіп-өркендеуі үшін жылы лебіздер мен тілектер айтуды ұсынады. Балалар табиғатқа деген ықыластарын білдіреді.
Ұйымдастырушылық- ізденістік Тәрбиеші балаларға қыс мезгілі, онда болатын өзгерістер, ересек адамдардың еңбегі мен балалардың әрекеті, ойыны, ауа-райы т.б туралы сұрақтар қояды. Миға шабуыл: Тәрбиеші балаларға қысқы орман табиғаты бейнеленген суретті көрсетіп өздеріне таныс қандай ағаштарды көріп тұрғандарын сұрайды. -Неліктен олай ойлайсыңдар? -Мынау-шырша (суретін көрсету). Енді осы шырша туралы есімізге түсірейік. Шыршаның түсі қандай? -Шыршаны қай жерлерден көп кездестіруге болады? Тағы қай жерлерден кездестіруге болады? Шыршаны адамдар не үшін пайдаланады? -Шырша мен балқарағайдың қандай ұқсастықтары бар? -Айырмашылығы қандай? -Дұрыс айтасыңдар, шыршаның инелері қысқа әрі жиі орналасады ал балқарағайдың инесі ұзын болғанымен сирек болып келеді, бұл инелерін қылқан деп атауға болады. -Енді бүрлеріне қараңдар, айырмашылығы бар ма? Тәрбиеші балалардың жауаптарын толықтырып, балқарағай туралы толық ақпарат береді. Балқарағайдың да басқа өсімдіктер сияқты тамыры, діңі, бұтақтары, жапырақтары болады. Жапырақтары қылқан деп аталады. Сол себепті де оны қылқанжапырақты деп атайды. Шыршаға және басқа қылқанжапырақтыларға қарағандағы ерекшелегі, олар қыс мезгілінде қылқанын түсіреді. Қылқандары жұмсақ, нәзік болады. Балқарағай ерте көктемде, қылқаны шыққан кезде гүлдейді. Гүлі деп қызыл, сары түсті бүрлерін айтады. Балалар өздерінің алдын ала бақылағандарын: қар жамылған ағаштарды, қар ұлпасының өзгешелігі,қардың үстіне сурет салғандарын еске түсіре отырып жауап береді.     Балалар орман ағаштарының барлығы бірдей болып тұрғандығын айтады.     -Өйткені ағаштардың бұтақтарына қар жабысып тұр. -жасыл -Музыкалық аспап,қағаздар жасайды.Жаңа жыл ағашы ретінде пайдаланады.Балалар жаңа өсімдіктер түріне таңырқай қарайды Педагогтің жанына барып, екі өсімдікті салыстырады.     Екеуінің де инелері бар және түстері де жасыл, әрі биік.   Шыршаның инелері қысқа балқарағайдың инесі ұзын   -Шыршаның бүрі ұзынша, ал балқарағайдың бүрі сопақша болғанымен, басы домалақтанған қысқа     Балалар тәрбиешінің айтқанын мұқият тыңдайды
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиынна алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын не үйренгендерін сұрайды.   Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді Қойылған сұрақтарға жауап беріп, пікірлерімен бөліседі.

Күтілетін нәтиже

жасайды: балқарағайдың қылқанжапырақты өсімдіктер екендігін, оның жануарлар мен адамдар үшін пайдасын,олардың көбінесе орманда өсетіндігін.

түсінедi: балқарағайдың басқа ағаштардан айырмашылығын байқап,сипаттауды,олардың басқа өсімдіктер сияқты тамыры,діңі,бұтақтары, жапырақтары болатындығын,жапырағының қалқан деп аталатындығын, қылқанжапырақты өсімдіктердің тұрмыстағыы, медицинадағы пайдасын, табиғатқа қамқорлықпен қарау керектігін.

қолданады: тәжірибе жасау,тапсырманы орындау барысында құралдарды ұқыпты пайдалануды.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 688 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2242 - | 2052 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.