Қазақстан Республикасының Үкiметi:
1) мемлекеттiк меншiк объектiсi ретiнде жер қойнауының мемлекеттiк қорын басқаруды ұйымдастырады;
2) кен орындарын игерудiң оң iс-тәжiрибесiн негiзге ала отырып, жер қойнауын пайдалану және қорғау ережелерiн белгiлейдi;
3) минералды шикiзаттың стратегиялық және тапшы түрлерiне деген мемлекеттiң қажеттiлiгiн қанағаттандыруға арналған жер қойнауы учаскелерiн анықтайды, ұлттық қауiпсiздiктi, қоршаған ортаның сақталуын, халықтың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жер қойнауын пайдалануға шек қояды, болашақ ұрпақ мүддесiне орай минералды шикiзат қорларын сақтау үшiн жер қойнауы учаскелерiн консервациялайды;
4) кең тараған пайдалы қазбалардың тiзбесiн анықтайды;
5) өндiрушi өнеркәсiптiң әртүрлi салаларында қызметтi жүзеге асыратын жер қойнауын пайдаланушылар үшiн арнайы төлемдер мен салықтардың төлеу тәртiбiнiң ерекшелiктерiн белгiлейдi;
6) контрактылар жасасу тәртiбiн белгiлейдi;
7) конкурсқа шығарылуға тиiс, кең таралған пайдалы қазбалары бар жер қойнауы учаскелерiн қоспағанда, жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн, оның iшiнде ұлттық компанияның қатысу үлесi бар жер қойнауы учаскелерiнiң тiзбесiн бекiтедi;
8) модельдiк контрактылар әзiрлейдi және бекiтедi;
Зыреттi органның (уәкiлеттi мемлекеттiк органның) атқаратын қызметтерi
Құзыреттi органның атқаратын қызметтерiне мыналар кiредi:
1) барлау, өндiру және бiрлескен барлау мен өндiру жүргiзуге жер қойнауын пайдалану құқығын беру үшiн конкурс дайындау және ұйымдастыру;
2) контрактiнiң шарттары туралы жер қойнауын пайдаланушымен келiссөздер жүргiзу, жер қойнауын пайдаланушымен бiрлесiп контрактiнiң жобасын дайындау;
3) жер қойнауын мемлекеттiк зерттеу жөнiндегi жұмыстарды жүргiзуге арналған жобалық-сметалық құжаттаманың сараптамасын қоспағанда, келiсiм-шарттық құжаттардың жобаларына сараптама жүргiзудi ұйымдастыру;
4) кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға, өндiруге немесе бiрлесiп барлау мен өндiруге арналған келiсiм-шартты қоспағанда, келiсiм-шарт жасасу және оны тiркеу;
5) жер қойнауын пайдаланушылардың келiсiм-шарттардың талаптарын орындауының мониторингi және оны бақылау.
Келiсiм-шарттардың талаптарын орындауды сақтау мониторингiнiң және оны бақылаудың құрылымын, мазмұнын және оны жүзеге асыру тәртiбiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi;
6) контрактiнi заңдарда көзделген тәртiппен және негiздер бойынша атқаруды және бұзуды қамтамасыз ету;
Жер қойнауын пайдалану құқығы мынадай операцияларды жүргiзу үшiн берiледi:
1) жер қойнауын Мемлекеттiк геологиялық зерделеу;
2) барлау;
3) өндiру;
3-1) бiрлескен барлау және өндiру;
4) барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану.
Жер пайдалану құқығы тұрақты немесе уақытша, иелiктен алынатын немесе алынбайтын, өтемдi және өтемсiз болуы мүмкiн.
Жер қойнауын пайдаланушыға жеке меншiк немесе уақытша жер пайдалану құқығымен тиесiлi жер учаскелерiндегi кең тараған пайдалы қазбаларды өз мұқтажы үшiн өндiру жер қойнауын пайдаланудың тұрақты және өтемсiз құқығы бойынша жүзеге асырылады. Жер қойнауын пайдалану операцияларының басқа түрлерiнiң бәрi уақытша және өтемдi жер қойнауын пайдалану негiзiнде жүзеге асырылады.
Жер қойнауын пайдалану құқығының субъектiлерi қазақстандық және шетелдік жеке және заңды тұлғалар болуы мүмкiн.
Жер қойнауын тұрақты пайдаланушылар - олардың жер қойнауын пайдалану құқығының мерзiмсiз сипаты бар тұлғалар.
Жер қойнауын уақытша пайдаланушылар - жер қойнауын пайдалану құқығы белгiлi бiр мерзiммен шектелген тұлғалар.
Азақстан Республикасының мемлекеттік жер қойнауы қорының түсінігі мен құрамы және оның жеке бөліктерінің құқықтық режимі.
Жер қойнауының мемлекеттiк қоры Қазақстан Республикасының жер қойнауларынан құралады.
Жер қойнауының мемлекеттiк қорын тиiмдi пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында мыналар жүргiзiледi:
1) жер қойнауының мемлекеттiк мониторингi;
2) жер қойнауына мемлекеттiк сараптама;
3) геологиялық ақпаратты мемлекеттiк сақтау;
4) пайдалы қазбалар қорының мемлекеттiк балансын жасау;
5) мыналарға:
а) пайдалы қазбалар кен орындары мен көрiнiс - белгiлерiне;
ә) жер қойнауына зиянды заттарды, радиоактивтiк қалдықтарды көметiн және қалдық суларды ағызатын орындарға;
б) техногендiк минералдық түзiлiмдерге мемлекеттiк кадастрлар жасау.
3. Жер қойнауын пайдаланушылар алғашқы есепке алу материалдарына негiзделген жер қойнауының жай-күйi туралы геологиялық есептi Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен арнаулы нысандарға сәйкес бередi.