Табиғат объектілеріне меншік құқығының мазмұны жоғарыда аталған үш заңдылық болып табылады: иелену құқығы, пайдалану құқығы, билік ету құқығы.
Иелену құқығы табиғат объектілеріне нақты иеленуді жүзеге асырудың заң жүзінде қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғат объектілеріне ие бола отырып, мемлекет мұндай табиғат объектілеріне қол жеткізуді шектеуі не жалпы тыйым салуы мүмкін. Мысалы, ҚР «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда азаматтардың болуы оларды қорғау режимдерінің ерекшеліктеріне сәйкес шектеледі және осындай аумақ туралы жеке-дара ережелермен реттеледі. Қолайсыз сыртқы әсерлерден қорғау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың төңірегіне осы аумақтардың экологиялық жүйелерінің жай-күйіне және калпына келтіруге теріс ықпал ететін осы аймақтар шегінде кез келген қызметке тыйым салына отырып қорғау аймақтары белгіленуі мүмкін.
Пайдалану құқығы табиғат объектілерінен қоғамның қажеттерін канағаттаңдыру үшін пайдалы касиеттерін алудың заңдылық тұрғысында қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғи ресурстарды пайдалану құқығы нормативтік құқықтық актілерде баянды етілген белгілі бір ережелердің ауқымында жүзеге асырылады, ол ережелерді сақтауды арнайы құрылған уәкілетті мемлекетгік органдар қадағалайды. Табиғат объектілерін экологиялық пайдаланғаны үшін салық және өзге де төлемдер мемлекеттік бюджетке алынады.
Билік ету құқығы табиғат объектілерінің зандық мәртебесі мен заңдық тағдырын анықтаудың заңдық тұрғыдағы қамтамасыз етілген мүмкіндігі болып табылады. Табиғат объектілерінің заңдық мәртебесін нысаналы мақсатына қарай мемлекет анықтайды және өзінің санаттары болады. Табиғат объектілерін санаттандыру іс жүзінде барлық табиғат ресурстарына қатысты орын алады және табиғат объектілеріне билік етудің бірінші кезеңі болып табылады.
Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлінеді: 1) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер; 2) елді мекендердің (қалалардың, поселкелердің және селолық елді мекендердің жері); 3) өнеркәсіп, көлік, байланыс, қорғаныс жері және ауыл шаруашылығынан өзге мақсатқа арналған жер; 4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жері, сауықтыру, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер; 5) орман қорының жері; 6) су қорының жері; 7) босалқы жер.
Пайдалы қазындылар екі санатқа бөлінеді: 1) жалпы таралған пайдалы қазындылар, олардың тізбесін ҚР Үкіметі белгілейді (жұмыр тас және қиыршық тас, қиыршық тас құм қоспасы, құм, саз балшық, саз балшықты жыныстар, құмдақ, қабыршақ және т.б.); 2) жалпы таралған пайдалы қазындылар санаттарына жатпайтын пайдалы қазындылар (мұнай, газ және т.б.).
Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының түсінігі және жалпы сипаттамасы. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының мазмұны. Табиғи ресурстарға жеке меншік құқығының объектілері мен субъектілері.
Меншіктің басты элементі нақты субъектіге жататындығы болып табылады, сондықтан да меншік нысандары атап айтқанда олардың субъектісі бойынша болады. Мысалы, азаматтық-құқық нормаларына сәйкес меншіктің екі нысаны болады: 1) мемлекеттік меншік, оның өзі республикалық және коммуналдық меншіктен тұрады; 2) жеке меншік, яғни азаматтардың және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың және олардың бірлестіктерінің меншігі.
Сонымен, табиғат объектілеріне меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады: бірінші кезекте мемлекеттің өзі, одан әрі жеке және заңды тұлғалар.
Мемлекет жекеше занды және жеке тұлғалардан өзгеше барлық табиғат ресурстарының меншік иесі бола алады. Осымен байланысты табиғат объектілеріне мемлекеттік меншік табиғат ресурстарына меншік нысандарының құрылымында басымдыққа ие болады.
Қазақстанда жуық уақыттан бері жерге жеке меншік енгізілді, сөйтіп меншіктің сан алуан нысандары заң актілерімен баянды етілді. Жерге жеке меншікті енгізу аса күшті күрес жағдайында өтті жөне Қазақстан қоғамында үлкен серпіліс туғызды. Жерге меншік құқығын жақтаушы өзінің айқындамасын атап айтқанда жерге жеке меншік ауыл шаруашылығын жақсартуға жәрдемдеседі деген дәлелді алға тартты.
Жалпы ережелер бойынша, жер учаскесіне жеке меншік құқығы осы учаскенің шекарасында болатын үстіңгі топырақ қабатына, тұйық су тоғандарына, өсімдіктерге қолданылады. Жердің астындағының бәрі (мұнай, газ және басқа да пайдалы қазындылар) жердің меншік иесі болып табылатын жеке адамға тиесілі бола алмайды.
ҚР-ның Жер Кодексінің 20-бабына сәйкес жерге меншік құқығының субъектілері деп мыналар танылады:
1) республика аумағындағы жерге мемлекеттік меншік құқығының субъектісі - Қазақстан Республикасы;
2) жер учаскелеріне жеке меншік құқығының субъектісі жер Кодексімен белгіленген негіздерде, шарттар мен шектерде - азаматтар және мемлекеттік емес заңды тұлғалар. Бұл ретте, осы Кодексте өзгеше белгіленбесе, азаматтар деп Казақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар ұғынылады.
Алайда бұдан бұрын аталып көрсетілгендей, табиғат объектілерінің бәрі жеке меншікте бола алмайды. Мысалы, КР-ның Жер Кодексі мыналар орналасқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды деп белгілейді:
- қорғаныс және мемлекеттік қауіпсіздік, мемлекеттік меншіктегі қорғаныс өнеркәсібі қажеттеріне;
- Қазақстан Республикасының - Мемлекеттік шекарасын қорғау және күзету үшін тұрғызылған инженерлік-техникалық құрылыстар, комімуникациялар орналасқан;
- кеден қажеттеріне арналған жер учаскелері;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар;
- жасанды ормандар орналасқан, жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғалардың қаражаттары есебінен жасалған және оларға жеке меншікке берілген жасанды ормандар орналасқан жеке орман қорының жер учаскелерін қоспағанда, орман қорының жері;
- ауданаралық (облыстық) және шаруашылықаралық (аудандық маңызы бар) жеке меншікке жекешелендірілген су шаруашылығының қүрылыстары (суландыру және кәріз жүйелері), сондай-ақ бір шаруашылық жүргізуші субъектінің жер учаскесіне қызмет көрсететін жекешелендірген суландыру кұрылыстары орналасқан су қорының жері құрамындағы жер учаскелерін қоспағанда, су қорының жері;
- магистралдық темір жол желілері мен ортақ пайдаланудағы автомобиль жолдары;
- жеке меншік құқығындағы үйлер мен ғимараттардың және оларға қызмет көрсетуге қажетті жер учаскелерін қоспағанда, елді мекендердегі ортақ пайдаланудағы аумақтар орналасқан жер учаскелері жеке меншікте бола алмайды.
Қазақстан Республикасы азаматтарының жеке меншігінде шаруа (фермер) қожалығын, өзіндік қосалқы шаруашылық жүргізу, орман өсіру, бағбандық, жеке тұрған ұй және саяжай құрылысы үшін, сондай-ақ үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимаратгарды) және олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды тұлғаларының жеке меншігінде тауарлы ауыл шаруашылығын жүргізу орман өсіру үшін, үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде тұрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және олардың кешендерін салуға берілген (берілетін) немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.
Шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың және шетелдік заңды тұлғалардың жеке меншігінде үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды), олардың мақсатына сәйкес қызмет көрсетуге арналған жерді қоса алғанда, өндірістік және өндірістік емес, оның ішінде түрғын үйлерді (құрылыстарды, ғимараттарды) және олардың кешендерін салуға немесе олар салынған жер учаскелері болуы мүмкін.
Сонымен бірге, мемлекет меншігінде болатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері тек Қазақстан Республикасының азаматтарына ғана шаруа (фермер) қожалығын жүргізу үшін және Казақстан Республикасының мемлекеттік емес заңды түлғаларына тауарлы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу және орман өсіру үшін беріледі.
Меншік құқығының объектілері жер, орман, су, жер қойнауы, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі болады. Бұған сондай-ақ кешенді объект ретінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтар (мемлекеттік табиғат қорықтары, ұлттық табиғат парктері, табиғи резерваттар және т.б.) жатады.
Жоғарыда қандай табиғи объектілердің жеке меншікте, ал қан-дай объектілер тек мемлекетке тиесілі болатыны аталып көрсетілді.
Табиғи ресурстар ретінде табиғат объектілерін мынадай топтарға бөлуге болады:
1) Сарқылмайтын объектілер - бұл кемшілігі жуық болашақта күтілмейтін табиғи ресурстар (күн энергиясы, атмосфералық ауа, жел энергиясы және т.б.);
Сарқылмайтын ресурстар мыналарға бөлінеді:
а) жаңартылатын, яғни қалпына келтірілетін табиғат ресурстары (өсімдіктер, жануарлар);
б) жаңартылмайтын, яғни жуық болашақта қалпына келтірілмейтін табиғат ресурстары (пайдалы қазындылардың көпшілігі);
в) ауыстырылатын (мысалы, көмір күн энергиясымен ауыстырылуы мүмкін) және ауыстырылмайтын (су, ауа және т.б.);
2) Сарқылатын объектілер - бұл босалқылары толық жойылу қатерінде тұрған табиғат ресурстары.
Табиғат объектілері қоршаған ортадан бөлінбейтін белгісімен сипатталады.
Өзін-өзі бақылау сұрақтары: