Лекции.Орг


Поиск:




WordPad мәтіндік редакторында жұмыс жасау технологиясы.




WordPad мәтіндік редакторы қарапайым мәтіндік құжаттарды жасауға пайдаланылады. WordPad құжаттарында мәтінді түзетуге және абзацты, шекараны жылжытуға, әртүрлі қаріпті қолдануға, сонымен қатар графиктік бейнелерді қоюға болады.WordPad редакторын іске қосу үшін төмендегі амалдарды орындау қажет:

Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты → WordPad.

Редакторды іске қосқаннан кейін дисплей экранында мәтіндік редактор WordPad терезесі шығады.

Терезе төмендегі элементтерден тұрады: тақырып жолы, мәзір, құралдар тақтасы, пішімдеу тақтасы, сызғыш және терезенің жұмыс бөлігі.Терезенің жұмыс бөлігі үлкен орын алады да, оған мәтін теріледі. Терезенің тақырып жолында құжат аты және WordPad бағдарламасының аты көрінеді.

Құралдар тақтасында жиі пайдаланылатын әмірлерді шақыру батырмалары орналасқан. Әрбір батырманың міндетін білу үшін, тышқан көрсеткішін сол батырма үстіне орналастырсақ, аз уақыттан соң кішкене төртбұрыш ішінде оның аты жазылады. Батырманың аты оның орындайтын қызметін бейнелейді.

Терезеде орналасқан екінші тақта – пішімдеу тақтасы. Бұл тақтада мәтінді пішімдеу әмірлеріне тез қатынасу батырмалары орналасқан.

WordPad редакторында құжат жасау үшін төмендегі негізгі сатыларды орындау қажет:

1. Қаріп және оның өлшемін таңдау.

2. Мәтінді енгізу, оны түзету-редакциялау.

3. Мәтінді пішімдеу.

4. Құжатты сақтау және ашу.

5. Баспаға беру (басу).

Осы сатыларды толық қарастыралық.

1.Қаріп және оның өлшемін (размерін) таңдау.

Қазақ, орыс, ағылшын әріптерімен мәтінді енгізу үшін, олардың қажеттісін таңдап алу қажет. Яғни, пернетақта индикаторындағы Ru, En немесе Ko батырмасының бірін басу қажет.

Қазақ тілінде мәтін жазу үшін, құралдар тақтасында Қаріп батырмасын шертіп, Times New Roman қарпін таңдайды және пернетақта индикаторында Ko батырмаларын шертеді. Бұдан кейін созылған мәзірден қаріп өлшемі мәзірін ашып, қаріптің қажетті өлшемін айналдырма батырмасының көмегімен таңдайды. Бір мезгілде әріптің түсін, түрін, өлшемін өзгерту үшін Пішім→Қаріп әмірін орындайды. Бұл мезгілде экранда сөйлесу қаріп терезесі пайда болады, одан қажетті параметрлерді таңдап алуға болады.

2.Мәтінді енгізу және редакциялау

Мәтін пернетақтадан енгізіледі. Кейбір пернелер WordPad қосымшасында жұмыс атқарғанда қажет болады, соларды қарастыралық.Мәтіннің жолдарын енгізгенде, олар автоматты түрде төмен жылжып отырады. <Enter> пернесін тек абзац соңында немесе жаңа жол алу үшін басады.

Бас әріп теру үшін, <Shift> пернесін басып тұрып, қажетті әріпті тереді. Барлық жолдың әріптерін бас әріппен теру үшін, <Caps Lock> пернесін басып қояды, ал кіші әріпке көшу үшін, оны екінші рет басады.<Backspace> пернесі арқылы қате әріпті, символды алып тастауға болады. Егер осы пернені көп басып тұрсаңыз, онда меңзер тұрған орынның сол жағындағы мәтін өшеді.

Әріптерді, мәтінді алып тастау үшін <Delete> пернесін пайдалануға да болады. Егер алып тастайтын әріптің алдына меңзерді қойып, <Delete> пернесін басса, оның соңындағы әріп(таңба) өшеді. Егер осы пернені көп басып тұрсаңыз, онда меңзер тұрған орнының оң жағындағы барлық таңбалар өшеді.Мәтіннің бүтін бөлігінде өшіруге болады, ол үшін өшірілетін мәтіннің бөлігін тышқанның көмегімен белгілеп, <Delete>пернесін басады.

3. Мәтінді пішімдеу.

Мәтіндерді жазғанда, таңбалардың, әріптердің түрлерін (пішімін) таңдауға болады, яғни жартылай қара, курсив(көлбеу), асты сызылған, сонымен қатар мәтінді беттердің шеттері бойынша тегістеуге болады. Мәтіндерге жоғарыдағы үрдістерді пайдалану мәтінді пішімдеу деп аталады.

Мәтінді пішімдеудің ең жылдам әдістері пішімдеу тақтасындағы: жартылай қара, курсив және астын сызу батырмаларын қолдану болып табылады.

Мәтінді туралау үшін құралдар тақтасында туралау батырмалары бар, онда мыналар: сол жағы, оң жағы, ортасы, ені бойынша туралау. Бұл әмірлерді Пішім→Абзац мәзіріндегі туралау алаңында да таңдауға болады.Бұл терезеде шекараның оң жақ және сол жақ шеттерінен кейін және тек бірінші қатар үшін сол жақ шекарадан ілгері қызыл жол қоюға болады.

4. Құжаттарды ашу және сақтау

Құжатты жазып болғаннан кейін, оған ат беріп, файл түрінде дискіге сақтау қажет. Файл аты мазмұнына сәйкес болуы керек. Файл аты ретінде бір таңбадан 255 таңбаға дейін кез келген тізбекті пайдалануға болады, бірақ ат қанша көп таңбалар тізбегінен тұрса, пайдалануға сонша қолайсыз болады.

WordPad редакторында бірінші рет терілген мәтінді сақтап қою үшін, Файл мәзірінен Қалай сақтау әмірін таңдайды. Бұл жағдайда экранда Қалай сақтау сөйлесу терезесі пайда боады.

5.Құжаттарды баспаға беру

Құжат құрудың соңғы сатысы – оны баспаға беру. Құжаттың қағазда қалай көрінетіндігін білу немесе қағазды үнемдеу мақсатында, мәтінді принтерге жіберу алдында, Фай→Алдын ала көру әмірін орындайды немесе құралдар тақтасынан алдын ала көру батырмасын шертеді. Бұл кезде құжат принтерге қалай берілетін болса, экранда сондай түрде көрінеді.

Егер сізде бір ғана принтер болып, бір дана құжат шығару қажет болса, онда құралдар тақтасындағы Баспа батырмасын басу жеткілікті.Егер сізде бірнеше принтер болып, құжаттың бірнеше данасын басу қажет болса, онда Файл→Баспа әмірін орындау керек. Баспа сөйлесу терезесінде төменгі параметрлерді беруге болады. Аты алаңынан қажетті принтерді таңдайды. Көшірме саны алаңында көшірме санын көрсетеді(үнсіз келісім бойынша бір ғана дана шығады). Егер құжатты бір дана етіп түгелдей басып, одан соң оның екінші, үшінші және т.с.с. даналарын алу керек болса, жалаушаны көшірмелері бойынша анықтау жағдайына орналастырады. Ал егер алдымен 1-беттің көшірмесінің данасын, одан соң келесі беттердің барлық даналарын шығаруға тура келсе, жалаушаны алып тастау керек.Басу бөлігінде құжаттың қай бөлігі баспаға берілетіндігі көрсетіледі. Құжатты толық басу үшін іс-әрекеттен Барлығы, ал бөліп алған бөлігін басу үшін Ерекшеленген үзінді дерегін таңдайды. Мәтіндегі бірнеше бетті басу үшін іс-әрекеттен беттер әмірін таңдап, қай беттен бастап, қай бетке дейін басу қажеттігін көрсетеді.

 

62. «Paint» графикалық редакторында жұмыс технологиясы.

Paint (Paintbrush) – Windows жүйесінің стандартты бағдарламалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан кәсіби графикалық редактордан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өндеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады.

Редакторды іске қосу үшін Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты → Paint әмірлер тізбегін орындасақ, экранда бағдарламаның терезесі пайда болады.

Терезенің сол жақ шеткі қабырғасында құралдар тақтасы орналасқан. Одан сіздер Paint-та кездесетін барлық сурет салу құралдарын көре аласыздар. Кез келген құралды таңдау үшін соның белгісіне тышқан курсорын жеткізіп, оны шерту жеткілікті. Осыдан кейін таңдап алынған құралдың бейнесі(белгісі) айқын түспен ерекшеленеді.

Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мұнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мұнан былай оны фондық түс деп атаймыз). Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішене екі тіктөртбұрыш тұр, олардың үстінгісі – негізгі түсті, ал астынғысы – фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы – фондық түсті өзгертуге болады.

Paint графикалық редакторының құралдарымен жұмыс жасау технологиясын қарастырайық. Құралдар тақтасы қарапайым суретшінің құралдарының жиынына ұқсас болып келеді. Мұндағы әрбір құралдың қызметіне тоқталайық.

Аспап Міндеті Баптау
Қарындаш Бір нүктенің қалындығындай сызық жүргізуге мүмкін жасайды. Сызық қатаң тігінен немесе көлденең болуы үшін сурет салу кезінде SHIFT пернелігін басулы ұстау қажет. Бұл тәсіл басқа көп бағдарламаларда да қолданылады. -
Қылқалам Қарындаштың жүргізген сызығынан да қалың сызық жүргізуге мүмкін жасайды. Бұл сызықтың түрі аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден таңдалатын қылқаламның формасымен анықталады.
Өшіргіш Бейнені өшіру үшін қызмет етеді. Өшіргіштің өлшемін аспаптар тақтасының төменгі жағындағы терезеден таңдайды.
Шашыратқыш Аспаптар тақтасының төменгі жағындағы терезедегі дақ түрлеріне сәйкес жасайды. Шашыратқыш аспабын бейне-леудің нақты формасы қажет емес жағдайларда, яғни түтін, бұлттар, ағаштар және т.б. салуда пайдаланған тиімді.
Құйғыш Суреттің тұйық контурына негізгі түсті құяды. Егер де контур тұйық болмаса, онда барлық бос аймаққа құяды. -
Түзу сызық Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті түзу сызықты салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден сызықтың қалындығын таңдауға болады.
Қисық сызық Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті қисық сызықты салады. Қисық сызықтың формасын 2 рет қана өзгерте аласын. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден қисық сызықтың қалындығын таңдауға болады.
Тік төртбұрыш Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті (Shift-ті басып тұрып квадрат) тік төртбұрыш салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден: тік төрбұрыштың контурын, боялған тік төртбұрыш т.б. таңдауға болады.
Сопақша Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті (Shift-ті басып тұрып дөңгелек) эллипс салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден: эллипстің контурын, боялған эллипс т.б. таңдауға болады.
Қырлары иілген төртбұрыш Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті қырлары иілген төртбұрыш салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден: қырлары иілген төртбұрыш контурын, боялған қырлары иілген төртбұрыш т.б. таңдауға болады.
Көпбұрыш Батырманың сол жағымен негізгі түсті, оң жағымен фондық түсті көпбұрыш салады. Аспаптар тақтасының астында орналасқан терезеден: көпбұрыш контурын, боялған көпбұрыш т.б. таңдауға болады.
Жазу Суреттерге қосымша мәтін жазуға мүмкіндік береді.
Пипетка Суреттен байқау түсін алуға және бұл түсті негізгі түс ретінде орнатуға мүмкіндік береді. -
Үлкейткіш шыны Суреттің масштабын үлкейтуге, мысалы ұсақ бөліктерін қайтадан салуға мүмкіндік береді. -
Еркін аймақты ерекшелеу Суреттің үзіндісін ерекшелеп алу үшін төртбұрышты қайшы батырмасы қолданылады.
Еркін аймақты ерекшелеу Фигуралы қайшы көмегімен суреттің үзіндісін ерекшелеу Қылқаламмен жұмыс істеу сияқты орындалады (ерекшеленген аумақты қисық тұйық сызықпен қоршап шығу).  

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1600 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

818 - | 778 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.