Лекции.Орг


Поиск:




Фондық түстерді өзгерту. Бояу тәсілдерін таңдау.




Paint (Paintbrush) – Windows жүйесінің стандартты бағдарламалар тобына кіретін қарапайым нүктелік графикалық редактор. Paint өзінің мүмкіндіктері жағынан кәсіби графикалық редактордан біршама төмендеу болғанымен ол едәуір күрделі әрі тартымды, түрлі-түсті және ақ-қара суреттерді, схемаларды, сызбаларды даярлауға мүмкіндік береді. Бұл редакторды игеру онша қиын емес, оның құрамында сурет салу, сызу және оларды өндеуге арналған стандартты қарапайым аспаптар жиыны бар, дайындалған бейнелер файлдардың кең тараған графикалық форматында сақталады.

Редакторды іске қосу үшін Іске қосу → Бағдарламалар → Стандартты → Paint әмірлер тізбегін орындасақ, экранда бағдарламаның терезесі пайда болады.

Терезенің төменгі жақтауы бойымен түстер палитрасы орналасқан. Paint-та бір уақытта екі түспен сурет салуға болады: қалам түсімен (мұнан былай оны қысқаша негізгі түс деп атаймыз) және фон түсімен (мұнан былай оны фондық түс деп атаймыз). Палитраның сол жақ шетінде бірі екіншісінің ішіне орналасқан кішене екі тіктөртбұрыш тұр, олардың үстінгісі – негізгі түсті, ал астынғысы – фондық түстерді көрсетеді. Кез келген сәтте түстерді өзгерту мүмкіндігі бар. Ол үшін курсорды палитрадағы жаңа түске апарып, тышқанның сол жақ батырмасын шерте отырып негізгі түсті, ал оң жақ батырмасын басу арқылы – фондық түсті өзгертуге болады.

Бояулармен жұмыс. Бояуды таңдап алу тышқанның сол жақ бастамасы арқылы іске асырылады. Суретті салу үшін – тышқанның сол жақ батырмасын, ал фондық түстерді өзгерту үшін оның оң жақ батырмасын пайдаланамыз. Қалам түсі негізгі түс деп саналады.Құйғыш (Заливка) құралы тұйықталған сызықтар үшін негізгі түспен бояуға арналған. Бұл үшін құйғышты боялатын аймаққа әкеліп, тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басу жеткілікті.Бүріккіш (Распылитель) құралы кез келген бейнені бояулар арқылы өрнектеуге негізделген.Түстер палитрасының кескіні. Түстер палитрасы Paint терезесінің төменгі бөлігінде орналасқан. Палитраның сол жақ шетінде бірінің үстінде бірі қабаттасып, орналасқан кішкене екі төртбұрыш көрсетілген, олардың үстіңгісі негізгі түсті, астыңғысы фондық түсті көрсетіп тұрады.Егер бояуға қажетті түс палитрада жоқ болса, онда керекті түсті палитраға шығарып алу үшін сол палитраның кез келген жеріне курсорды алып барып, тышқанның сол жақ батырмасын екі рет басу керек немесе меню қатарынан Параметрлер-Паоитраны өзгерту (Изменение палитры) командасын таңдау керек. Команда орындалғаннан кейін, экранға «Ищменение палитры» сұхбат терезесі шығады.Пайда болған терезенің Базалық палитра: (Базовая палитра:) қатарынан керекті түсті таңдауға болады, егер керекті түс ол жерде болмаса, онда оны Қосымша түстер: (Дополнительные цвета:) қатарына (керекті түсті) осы терезеде көрсетілген түстер айнасының керекті жерінде тышқанды шертіп, шығарып алып, таңдауға да болады. Егер сурет салу барысында сол суретте бұрын қолданылған түсті таңдап алу керек болса:

-Түс таңдау (Выбор цветов) құралын пайдалануға болады. Ол үшін сол салынып жатқан суреттің қажетті түсі бар жерінде тышқанның сол жақ батырмасын бір рет басу жеткілікті.

Графикалық модель.

Графикалық модель-графикалық редакторда құруға болады. Графикалық модель – объектіні көрнекі бейнелеу тәсілі: сурет, сызба,схема.

Графиктік объектілерді енгізу. Көптеген құжаттарда әр түрлі иллюстрация түріндегі сурет- тер бар. Word редакторында мәтінді құжатқа алдын ала басқа программаларда дайындалған фирмалық таңбалар, диаграммалар, графиктер, суреттер сияқты объектілерді енгізуге болады. Мәтінге суреттерді енізу Енгізу =>Сурет (Вставка=>Рисунок) команда- сының көмегімен іске асады. Графиктік форматтар. Әр түрлі графиктік объектілерді Word ортасындағы мәтінге енгізу оның құрамындағы сыртқы форматты түрлендіретін программалар арқылы немесе графиктік фильтрлер көмегімен орындалады. Алдын ала орнатылған ішкі графиктік фильтрлер биттік қарталар форматындағы файлдарды (заты BMP болатын) немесе векторлық графика форматындағы файлдарды (заты WMF болатын) оқи алады. Ал басқа форматтағы файлдар сыртқы фильтрлік программалар көмегімен түрлендіріледі. Аталған ішкі формат — графиктік информацияны файлда сақтаудың әр түрлі принциптеріне негізделген. Растрлық графика Растрлық (немесе биттік) графика файлдары бейненің әpбip нүктесін белгілі бip жиынның қатарласа орналасқан тізбегі ретінде қарайды. Әр нүкте туралы информацияда оның түсі жайлы да мәлімет бар. Paint программасы – осы биттік графика бейнелерін өндеуге арналған Windows ортасының қарапайым қалыптағы (типтeгi) программасы. Осындай BMP форматыңдағы файлдармен бipгe биттік графика тобына жататын. PCX немесе TIFF форматындағы файлдар да болады. Осы биттік графика тобына жататын файлдардың негізгі кемшілігіне сурет масштабын өзгерту барысында олардың сапасының к‰рт төмендеуі жатады. Мысал ретінде. BMP форматындағы суретті Енгізу=>Сурет (Вставка=>Рисунок) меню командасының көмегімен мәтін ішіне орналастыруға болады. Растрлық графикада бейне көптеген н‰ктелердің жиынтығы түрінде көрсетілетіндіктен, мысалы, салынған шеңбер cypeтi біртұтас объект ретінде өңделмейді. Векторлық графика Векторлық графикада суреттің әр жеке элементі вектор Графикалық компьютерлік модельдеу 19 түрінде немесе сандар массиві түрінде, дәлірек айтсақ, осы фигура жайлы информация – оның мөлшері, центрінің коорди- наталары және түсі жайлы информацияны құрайтын қарапайым геометриялық фигуралардың (сызықтар, тіктөртбұрыштар, дөңгелектер және т.с.с.) математикалық сипаттамасы түрінде жазылады және сақталады. Мысалы, дөңгелекті сақтау үшін оның центр координаталары (х=і0, у=5), радиусы (34), түсі (көк) туралы информация қажет. Сондықтан бейне масштабының өзгеруі (өcyi немесе кемуі) оның сапасына әсерін тигізбейді. WMF форматы – бұл күрделі векторлық графика форматы, сондықтан ол Word-та оның құрамында бipгe орнатылған графиктік фильтр арқылы іске асырылады. Кез келген графиктік редакторда сурет салып, оны WMF форматында сақтауға болады. Енгізу. Мәтінге сыртқы ортадан енгізілген объект оны өңдеуге қажетті барлық мәліметтерді сактайды. Мұндай объектінің айрықша бip файлмен байланыста болуы қажет емес, ол сыртқы ортадан тәуелсіз күйде толығымен автономды бола алады. Оны өңдеу үшін сурет салынған негізгі программа автоматты түрде іске қосылады. Суреттерді мәтінге енгізу және олардың көшірмесін алу Word редакторына сурет енгізу барысында оны мәтінге, кадрға немесе кесте ішіне орналастыруға болады. Бұл тәсіл- дердің ең қарапайым түрі – суретті мәтін ішіне енгізу. Мысалы, суретті кадр iшiнe енгізу барысында мәтін фрагменттері иллюстрацияның белгілі бip элементтерін көрсетіп тұра алады. Ал, егер де сурет кестенің бip бағанасына орналасса, онда келесі бағанаға түсіндірме мәтін фрагментін жазуға болады. Сурет салу саймандар панелімен жұмыс icтеy барысында суретті мәтін жазылатын терезе ішіне немесе сурет қобдишасына (контейнерге) орналастыруға болады. Сонымен, Word редакторында текст ішіне суретті енгізу үшін мынадай тәсілдер қолданылады: • Енгізу Сурет (Вставка Рисунок) командасының көмегімен сурет енгізу. • Енгізу Объект (Вставка Объект) командасының көмегімен суретті енгізу. Графиктік элементтерді графиктік объект ретінде пайдалану Графикалық компьютерлік модельдеу 20тәсілі мәтінге енгізілгеннен кейіннен де өзгертіле береді. Егер компьютерде PhotoFinish (Photoshop немесе CorelDRAW) графикалық редакторы орнатылған болса, онда PhotoFinish-тe де (Photoshop, не CorelDRAW, сондай-ақ CorelCHAТT немесе CorelPHOTO-PAINT программаларында) дайындалған графиктік элементтерді мәтінге енгізуге болады. Алайда графиктік эле- менттердің тек сурет болуы міндет емес. Мысалы, егер компьютерде МS Excel (немесе PowerPoint) программасы болса, онда мәтінге осы программаларда құрылған объектерді де енгізуге болады.

Кері іс-әрекет.

Оқушыларға алгоритм ұғымын бермес бұрын алдымен іс-әрекет ұғымымен таныстырған дұрыс.

Бізді қоршаған әлемде көптеген әртүрлі заттар бар. Олардың әрқайсысының көптеген іс-әрекеттерін атауға болады. Яғни оны өзі жасайтын немесе онымен жасайтын әрекеттер.

Мысалы: Сиыр (мөңірейді немесе сүт береді).

Кітап (оны оқиды).

Нан (оны пісіреді немесе оны жейді).

Іс-әрекетті сипаттауға мысал ретінде жұмбақтарды да пайдалануға болады. Іс-әрекетті сипаттауға арналған жұмбақты берейік:

Қазша қанатын жаяды,

Үйрекше мойнын созады.

Құсша қонады.

Іс-әрекеттердің орындалу ретіне қарай қадамға реттеп, кестелерге орналасуын қарастырайық. Мысалы, қой жүнінен қолғап тоқу керек болса да, мынадай іс-әрекеттер ретімен орындалады.

ҚАДАМ ІС-ӘРЕКЕТ
1. Қойдың жүнін қырқу
2. Жүнді түту
3. Жүннен жіп иіру
4. Жіптен қолғап тоқу

 

Әрекеттердің нәтижесі деп, осы әрекеттің нәтижесінде алынатынды айтады.

Мысалы: 1) Аспазшы сорпа пісіреді.

2) Бала кішкене кеме жасады.

Әр әрекеттен кейін қандай болса да нәтиже алынады және бірдене болады немесе өзгереді. Бірақ бұдан кейін барлығын бұрынғы қалпына келтіретін әрекет жасауға болады. Бұны кері әрекет деп атайды.

Мысалы:

Дұрыс іс-әрекеттер Кері іс-әрекеттер
Баулау Бауын шешу
Кіру Шығу
Түймелеу Ағыту
Ашу Жабу
Бару Қайту

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1315 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

1343 - | 945 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.