Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып. Классицизм әдісі. Сентиментализм өнері.




1. Кесте бойынша 17-18 ғасырлардағы Батыс еуропа әдебиетіндегі қай ағымға тән сипатты ажыратыңыз.

 

 
 
Дәріс бойынша тапсырмалар Кейіпкері қарапайым адамдар емес, патшалар, қолбасы, батырлар. Сирек кездесетін тосын жайларды бейнелеуге тырысты. Жеке тұлға емес, оның мемлекет, қоғамдағы орны суреттелді. Өкілдері: Теофиль де Вио, Поль Скаррон, Шарль Сорель, Фюретьер, Сирано де Бержерак. Драматургия жанры алға шықты. Италиян тілінен аударғанда «эшекейлі» деген мағынаны береді. Шығармадағы тартыс парыз бен сезім арасынан туындады. Француз тілінен аударғанда «үлгілі» деген мағынаны береді. Сатира жанры дамыды. Әдеби жанрлар қатаң деңгейленді. Өнердегі шьшдьщты бағалап: «Мен ақиқатты тым қатты қадірлеймін», «Мен ақиқатты жасыратындай тым ашықпын» деп үрандады. Өкілдері: Корнель, Расин, Мольер. Бұл ағымдағы ақын-жазушылар қайта өрлеу шеберлерінің фэлсафалық фантастикасына қызығушыльщ танытты. Еліктеудің қажеттілігін қостады. Ең ірі өкілі испан жазушысы - Кальдерон. Мысал жэне афоризм жанры осы ағымның эстетикалық нормасына сай келді. ХҮІІ ғасырдың басында Испанияда ең мықты, ең жемісті, терең халықтық көркем бағыт ретінде көрінді. Үш бірлікті қатаң сақтауды талап етті. Теориясы Францияда туып, сол жерде өрістеді. Тақырыбы- ел өміріндегі елеулі оқиғалар болды.


2.Берілген сипаттамалардың қай дәуірдің тынысынан хабар беретіндігін тарих ғылымымен байланыстыра отырып, кесте арқылы анықтауға тырысыңыз:

1.Кейіпкері көбіне шіркеу қызметкері.

2.Готика стилі дамыды.

3.Діни қағидалардан ада, рухани тәуелсіз,

еркін өнер пайда болды.

4.«Житие», «видение» жанрлары

 

 

 

5..Өнердегі кейіпкері қарапайым адам

6. Бұл кезеңде теологияга, аскетизмге,

схоластикаға, мистикаға қарсы шықты.

7.Ең маңызды ескерткіштері - эпос.

8. Гуманитарлық ғылым дардың әмбебаптығы.

9. Құдайы кітаптарға негізделген

схоластика ғылымы пайда болды.

10..Сенімі үшін тауқымет тартқан

адамдар суреттеледі.

11.Адам тәні эстетикалық әдеміліктің

жоғарғы көрсеткіші ретінде суреттеледі.

 

10-тақырып: Әдебиеттегі модернистік бағыт-агымдар Тапсырмалар :

1. Классицизм теоретигі кім болды? Еңбегін, ондагы негізгі тұжырымдарды еске түсіре отырып, ХУІІ ғасырда француз королінің қойған сұрагына классицизмнің негізін салушы саналатын Буалоның жауабын тауьш, оның жауабының дұрыс-бұрыстығына тарихи тұрғыдан жауап беріңіз. Классицизм эстетика сының біржақтылығын мысалмен дәлелдеп көріңіз.

2. Ағартушылық дәуір эстетикасының прогрессивті сипаты, бірақ біржақтылығы неде? Оған атақты ағартушылар Дидро, Руссо, Вольтердің ықпалы болды ма? Салыстыра отырып, анализ жасаңыз.

3. Әдеби бағыт, әдеби ағым, эдеби мектептің жақьшдығы және айырмашылығы неде екендігін ағылшын (сентиментализм), француз (классицизм), орыс (натурализм), қазақ (зар заман) әдебиетіндегі агымдар бойынша салыстырып, ажыратыңыз.

4. Натурализм ағымының кемшілігін, өмір сүруін тоқтатқан себебін табыңыз. Оған белгілі бір дәрежеде дэл осы натурализм ағымының негізін салушы Эмиль Золя шығармаларьшьщ әсері болған, болмағандығын «Нана» романы бойынша дәлелдеңіз.

5. Импрессионизм, экспрессионизм, акмеизм неге әдеби ағым дәрежесіне көтеріле алмады? Себебін табыңыз. З.Қабдоловтың «Сөз өнері» оқулығын пайдалана отырып, ғалымның не себепті бұл ағымдарға сатиралық тұрғыда баға берген себебін табыңыз.

6. Декаданс сөзі қандай мағынаны білдіреді? Декаданс ағымы әдеби қүбылыс ретінде өзіне лайықты бағасын алды деп ойлайсыз ба? Неге бүгінгі таңдағы көптеген жазушылар декаданс ағымына бой ұрып жатады? Оған қоғамның, өмір ауыртпалығының себебі бар деуге бола ма? Болса, ойыңызды тарқатыңыз.

7. Өмір құбылыстарын табиғи қалпында айтып, баяндауды мақсат ететін әдеби ағымның бір түрі.

8. Әдеби ағьм - тарихи категория деген тұжырыммен келісесіз бе?

9. Әрбір әдеби ағымның пайда болып, дамығанын, қалай құрығанын зерттейтін әдебиеттану ғылымының бір саласы?

10. Әдеби ағымның стильден ерекшеліғі. Мұны теориялық оқулықтарды пайдалана отырып, таза тарихи тұрғыдан дәлелдеп шықсаңыз.

11. ХУІІ ғасырда батыс еуропада бір емес, бірнеше әдеби ағымдардың дүниеге келгені мәлім. Бірақ соның ішінде Италия жерінде дүниеге келген классицизм ағымыньщ Францияда кең қанат жайып, өрістеуінің әдеби, эсіресе саяси себебі болды ма? Болса қандай тарихи тұлғамен байланыстыруға болады?

12. Классицизмдегі «үш бірлік» ережесі. Осы «үш бірлік» ережесін кардинал Ришелье қандай мақсатпен енгізді деп ойлайсыз? Аталмыш ереженің ақьш-жазушылардың талантына, ақындық шабытына, дарынына тосқауыл қойып, кедергі жасап отырды ма?

13.Классицизм ағымының кемшілігі неде? Не себепті классицизм ағымын тарих сахнасынан сентиментализм ағымы ысырып шығарды? Оған қоғамньщ, тарихтың қатысы бар ма, әлде тек оқырманның талабына ғана қатысты ма?

13. Бір әдеби ағымға жататын қаламгердің дүниетанымы, идеологиялық, суреткерлік концепциясы әртүрлі болуы мүмкін бе?

14. «Гогольдың натуралдық мектебінен» «Абайдың ақындық мектебінің» өзіндік даралығы бар ма? Әлде шын мәнінде Абай тек орыс әдебиетіндегі жаңашылдықты ғана қайталаушы болды ма? Абайдың қазақ әдебиетінде өзіндік келбеті болмады ма?

Тест сұрақтары:

Сұрақ нөмірі
1. Сөз өнерінің өмір шындығын бейнелеуде ұстанатын басты заңдылығы?
  А) Шығармашылық қиял
  В) Жинақтау+
  С) Авторлық баяндау
  Д) Бейнелеу құралы
  Е) Кейіпкер тілін даралау
2. Көркемөнердің, әдебиеттің басты нысаны
  А) Тақырып
  В) Адам
  С) Идея
  Д) Өмір шындығы+
  Е) Сюжет
3. Әдебиет теориясы бойынша алғашқы еңбек авторы
  А) Платон
  В) Анахарсис
  С) Әл-Фараби
  Д) Аристотель+
  Е) Буало
4. Мына пікірді айтқан әдебиетші ғалым: «Роман -әлі қалыптасып болмаған жанр».
  А) Белинский
  В) Гегель
  С) Бахтин+
  Д) Қабдолов
  Е) Храпченко
5. Қай туындысында Абайдың өлең-өнерге деген жоғары талғамы, сыншылдығы танылады?
  А) “Өлсем орным қара жер, сыз болмай ма”
  В) “Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін”
  С) “Өлең сөздің патшасы, сөз сарасы”+
  Д) “Құлақтан кіріп бойды алар”
  Е) “Адамның кейбір кездері”
6. Абайды “қазақтың бас ақыны” деп бағалаған әдебиетші ғалым
  А) Ә.Бөкейханов
  В) А.Байтұрсынов+
  С) М.Дулатұлы
  Д) М.Әуезов
  Е) С.Мұқанов
7. Әдебиеттегі эпикалық, лирикалық, драмалық деп үш текке жіктеу себебі?
  А) Шындықты тануға – көзқарасқа байланысты
  В) Тақырыпқа
  С) Идеяға
  Д) Шындықты бейнелеу тәсілінің ерекшелігіне байланысты+
  Е) Автордың эстетикалық мұратына байланысты
8. Сыншы Белинский шығармашылығын шын мәнінде халықтық деп таныған қаламгер
  А) Крылов
  В) Гоголь+
  С) Толстой
  Д) Тургенев
  Е) Достоевский
9. Әл-Фараби өзінің “Өлең өнері қағидалары туралы трактат” еңбегінде ақындарды қанша топқа бөлген?
  А) 3+
  В)  
  С)  
  Д)  
  Е)  
10. Әдебиет, өнер дамуының үрдісіндегі көркемдік әдістерді, бағыт-ағымдарды, әдеби мектептерді әдебиеттану ғылымының қай саласы қарастырады?
  А) Мәтінтану
  В) Әдебиет тарихы
  С) Әдебиет сыны
  Д) Библиография
  Е) Әдебиет теориясы+
11. Ғылыми айналымға “лирикалық кейіпкер” терминін енгізген әдебиетші
  А) Тынянов
  В) Веселовский
  С) Байтұрсынов
  Д) Гинзбург
  Е) Поспелов+
12. “Сурет – мылқау поэзия, ал поэзия –сөйлейтін сурет” Кімнің пікірі?
  А) Гете
  В) Байтұрсынов
  С) Гегель
  Д) Вольтер+
  Е) Қабдолов
13. АБАВГГГ. Бұл ұйқастың қай түрі?
  А) Ерікті ұйқас
  В) Аралас ұйқас+
  С) Қайталама ұйқас
  Д) Қара өлең ұйқасы
  Е) Кезекті ұйқас
14. Орыс өлеңі қандай өлеңдік жүйеге жатады?
  А) Метрикалы
  В) Силлабо-тоникалық+
  С) Ақ өлең
  Д) Тоникалық
  Е) Силлабикалық
15. Қазақ өлеңі қандай өлең жүйесіне жатады?
  А) Тоникалық
  В) Силлабо-тоникалық
  С) Силлабикалық+
  Д) Метрикалық
  Е) Ақ өлең үлгісі
16. Қазақ әдебиеті тарихын зерттеуді алғашқылардың бірі болып бастаған ғалым, жазушы
  А) М.Әуезов+
  В) С.Мұқанов
  С) М.Мағауин
  Д) Б.Кенжебаев
  Е) А.Қыраубаева
17. “Әсемдік дегеніміз - өмір”. Бұл кімнің тұжырымы?
  А) Н.Буало
  В) А.Байтұрсынов
  С) Н.Чернышевский+
  Д) М.Горький
  Е) Платон
18. Сөз өнерін алғашқылардың бірі боп тектерге, жанрларға бөліп, оларға байыпты талдау жасаған көне дәуір ғұламасы
  А) Конфуций
  В) Гердер
  С) Буало
  Д) Аристотель+
  Е) Демокрит
19. А.Байтұрсыновтың теориялық еңбегіне байыпты баға берген көрнекті әдебиетші ғалым
  А) С.Қасқабасов
  В) С.Қирабаев
  С) З.Қабдолов+
  Д) З.Ахметов
  Е) Б.Майлин
20. А.Байтұрсынов қалыптастырған төл әдебиеттану терминдерінің бір тобы
  А) эпос, лирика, драма
  В) жыр, терме, өлең
  С) роман, повесть, эпопея
  Д) шығарма сөз, сөз өнері, көріктеу+
  Е) сюжет, идея, пафос
                   




Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1161 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2672 - | 2238 -


© 2015-2025 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.