1. Мазмұн мен форма
2. Сюжет пен композиция бірлігі
Тапсырмалар:
1. «Мазмұн мен пішін» тақырыбына З.Қабдоловтың «Сөз өнері» оқулығынан конспект жасап кел.
2. Композициялық құрылымның ірқайсысьша жеке-жеке тоқталып, жазбаша схема түрінде сызьш бер.
Глоссарий:
Сюжет (французша 8и]еі - зат) - көркем шығарманың мазмұнын ашып, мазмұнды пішінге көшірудің негізгі түрі, жолы немесе тәсілі.
Фабула - көркем шығармада суреттелген оқиғаны рет-ретімен жүйелеу, мазмұндау.
Тартыс (латынша-қақтығыс, айқас; кейде ала ауыздық, талас)- өмірдегі қайшылықтардың өнердегі көрінісі, адам тіршілігіндегі түрліше қарама-қарсылықтардың, адамға тән әралуан көзқарастағы, идеядағы, сезімдегі, нанымдагы, іс-әрекеттегі, мақсат-мүддедегі кереғар құбылыстардың өнер туындысындағы жинақталуы, суреттелуі. Өнердегі тартыс-ойдан шығарылған не қолдан жасалған әлдене емес, ақиқат шындығы ала ауыз әлеуметтік күштердің айқасы, «драмаға толы, ұлы һэм күлкілі қайшылықтарға толы өмірдің» (Горький) өз арпаласы.
Композиция (латынша сотро^ііо - қүрастыру, қиыстыру) бірер сөзбен айтқанда, көркем шығарманың құрылысы, оның үлкен - кішілі бөлім - бөлшектерінің бір - бірімен қисынды түрде қиюластырылып, әр түрлі тәсілмен байланыстырылған тұтастық - бірлігі.
Сюжеттің басталуы (латынша ехзрозіііо - дәйектеме). Оның кіріспесі іспеттес; мұнда әдеби қаһарамандар озара қарым-қатынасқа көшпес бүрьшғы хал-жағдайды, тіршілік, қоғамдық орта, болашақ қақтығыстар алаңы, оқиғалар орны суреттеледі.
Сюжеттік байланыс - адамдар арасындағы әрекеттің басы, тартыстың басталуы іспеттес, шығарма арқауындағы негізгі оқиғаның әуелгі туындау себебі.
Сюжеттік даму адамдардың өзара қарым-қатынасьшан, қимыл-әрекетінен туған түрліше жағдайларға шиеленістерге байланысты. Шығарманың фабуласы да бірінен-бірі туатын әр алуан ситуациядан, интригадан құралады. Бұлар жоқ жерде сюжеттік даму да, фабулалық оқиға да жоқ.
Шарықтау шегі(латынша - шың) - сюжеттік дамудың ең жоғарғы сатысы; адамдар арасьшдағы қимыл-әрекеттің мейлінше күшейіп, өрбіп жеткен жері; шығармадағы драмалық тартыстың өрістеп шыққан биігі.
Шешім (развязка) - суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған «үкімі»; адамдар арасындағы қарама-қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал-күйі; күллі құбылыс-көріністердің соңғы сахнасы.
Сонымен,сюжеттік дамудың кезең-кезеңдерін тәртіпке сальш, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе - шығарманың композициясы.
Ал композицнялық шеберлік - шығармадағы барлық бөлшекті бір ғана бүтінге тұгастыру, бәрін бір ғана нәрсеғе - негізгі идеяға - бағындыру.
Блиц - тест:
1. Пішін дегеніміз:
А) Шығарманьщ сыртқы формасы. В) Шығарманың идеясы. С) Шығарманың көлемі. Д) Шығарманың ішкі формасы. Е) Шығарманың бастауы.
2. Көркем шығарманың кіріспесі:
А) Пролог. В) Эпилог. С) Соңғы сөз. Д) Тақырып. Е) Алғы сөз.
3. Көркем сөз өнерінде ақиқат өмірді танып-білу мен сараптаудан, сонымен бірге бейнелеуден тұратын тұтастық деп нені танимыз?
А) мазмұн В) композиция С) идея Д) тақырып Е) пішін
4. Әдебиетке тән мағыналық-пішіндік категория, немесе шығарманың«ішкі пішіні» деп нені айтамыз?
А) идея В) фабула С) композиция Д) сюжет Е) көркемдік
5. Драмадағы ең шешуші нәрсе:
А) тартыс.В) шарықтау шегі, С) тәсіл, Д) персонаж, Е) экспозиция,
6. Сюжеттік дамудың кезең-кезендерін тәртіпке салып, реттеп, қиыннан қиыстырып тұратын нәрсе-шығарманың...
А) композиңиясы, В) байланыс,С) экспозиция, Д) шешімі, Е) шарықтау шегі,
7. Композиция дегеніміз:
А) сюжетті көркем шығарманы бір жүйеге түсіретін көркем туындьшың құрылысы.В) өнер туындысының іргетасы.С) шығармадағы автор ойы. Д) шығармадағы кейіпкерлер арасындағы тартыс. Е) шығармаға көпшіліктің берген бағасы.
8. «Абай жолы» роман-эпопеясындағы ең басты сюжеттік желі
А) Абай мен Халық арасындағы қарым-қатынас бейнеленетін желі В) Абай мен ел билеушілер арасьшдағы қарым-қатьшас желісі С) Абай және эйелдер Д) Абай мен орыс достары Е) Абай мен Құнанбай арасындағы сюжеттік желі
9. Сюжеттің іркіліп барып негізгі оқиғаға еш қатыссыз нәрселерден :басталуы: А) Бұрма экспозиция. В) Басталу.С) Шешім. Д) Арнау. Е) Тура экспозиция.
10. Туындыдағы адамдар арасындағы байланыстар мен қарама-қайшылықтар анықталап, адам мінезінің түрлі қырлары айқындалатын және кейіпкерлердің қалыптасуы мен өсу тарихы көрінетін сюжет бөлшегін атаңыз.
А) әрекет дамуы В) пролог С) шарықтау шегі Д) экспозиция Е) байланыс
Әдебиеттер:
1. Әдебиеттану терминдердің сөздігі. Алматы,1996.
2. Литературный энциклопедический словарь. Москва, 1987.
3. Атымов М. Идея жэне композиция. Алматы,1970.
4. Кенежебаев Б. Шьшдық пен шеберлік. Алматы,1986.
№4 практикалық сабақ тақырыбы: Әдебиетті текке, түрге бөлу принциптері
Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымындағы жанрлар, тек, тип турасында әңгімелеу, жанрлардың өзіндік ерекшелігі турасьшда сөз ету.
Сабақтың жоспары:
1. Аристотель және оның эдебиеттану ғылымына қосқан үлесі
2. Аристотель эдебиет тектерін қалай жіктеді?
Бақылау сұрақтары:
1. Аристотельдің «Поэтика» атты еңбеғіндегі негізгі идея.
2. Поэзия өнері Аристотельдің пауымдауында.
3. Комедия және трагедия ұғымдарьшың жалпы сипаттамасы
4. Аристотельдің ақындыққа қоятын талабы.
Глоссарий:
Поэтика. өнер, комедия, трагедия.
Блиц -тест:
1. Алғаш әдебиет жанрларьш эпос, лирика, драма деп бөлген ойшыл А) Буало Ә) Аристотель Б) ГорькийВ) Шеллинг Г) Черньппевский
2.Әл-Фараби поэтиканы нешеге бөледі?
А) 3 Ә)2 Б) 4 В) 5 Д) 6
2. Әбу-Насыр Әл-Фараби «Поэзия туралы» атты еңбегінде бәйіт жазудың неше түрлі шартын атап береді?
А)5 Ә) 6 Б)7 В) 10 Д) 11 '
3. «Диуани лұғат ат-Түрік» еңбегінің авторы
А) А.Иүгінеки Ә) Ахмет Яссауи Б) М.Қашқари В) М.Дулати Д) Бақырғани
4. Ж.Баласағұнның «Құтты білік» дастанын ғылыми деңгейде зерттеген қазақ ғалымы
А) А.Ісмақова Ә) С.Қасқабасов Б) Т.Жұртбай В) А.Егеубаев Д) З.Қабдолов
5. Көркем шығарманың мазмұны мен пішін бірлігі
А) Өмір шындығын мол қамтуы В) Тақырыптың өзектіліғі С) Автордың идеялық мақсатын үздік көркемдікте таныту шеберлігі Д) Көркем бейнелердің нақтылы іс-қимылдарымен танылуы Е) Идеяның шынайылығы
6. Тақырып таңдау мәселесі
А) Қоғамдық ортаға байланысты В) Шеберлікке байланысты С) Мамандық- кәсіпке байланысты Д) Қиял-ой жүйріктігіне байланысты Е) Шығармашылық тәжірибе мен дүниетанымға байланысты
7. Әдебиет өнердің қай түріне жатады? ;
А) сөз В) мүсін С) ән Д) саз Е) кескін
8. Көркемдік қарым-қатынастың аса маңызды құралдарының бірі:
А) көркем әдебиеттің тілі В) стиль С) фабула Д) жанр Е) көркемдік тәсілдер
9. Бұл қандай кейіпкердің сөзі?
«...Өмірден адасып, суығына ұшьш, қаңғып келіп...қасыңа жығыльш ем. Тоналып кеп, талып жығылып ем...»өлме!» деген иембісің, жаным!,- деді»
А) Әбдірахман В) Ербол С) Асқар Д) Абай Е) Тәңірберген
Әдебиеттер:
1. Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы, 1992.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1959.
3. Әл-Фараби. Өлең өнерінің қағмдалары туралы трактат. - Алматы, 1980.
4. Холшевников В.Е. Основы стиховедения. - Ленинград, 1972.
5. Дербісэлин Ә. Әдебиет туралы толғаныстар. - Алматы, 1990.
6. Потебня А.А. Эстетика и поэтика. - М., 1987.
№5 практикалық сабақ тақырыбы: Әдебиеттің тегі мен түрлері. Эпикалық шығарма ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Әдебиеттік тектері, оның ішінде эпикалық текке тоқтала отырып, жанрлық түрлеріне тоқталу.
Сабақтың жоспары:
1. Әдебиеггің тектері мен түрлері.
2. Әдебиеттің бір тегі - эпос.
3. Эпостың түрлері және оның құрамындағы бөлшектер
Бақылау сұрақтары:
1. Шағын көлемді эпикалық шығармалар деген не оларға нелер жатады?
2. Орта көлемді эпикалық шығармалар деген не оларға не жатады?
3. Кең көлемді эпикалық шығарма деген не оларға не жатады?
Глоссарий:
Миф - табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял- ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян.
Мифологиялық эпос - жалпы эпос атауының басы. Бұл эпостың идеялық- тақырьштық негізі - адам баласының табиғат пен қоғам туралы ғылым тумай тұрғандағы сонау алғашқы қауымға тән идеолоғиялық синкетизм тұсында етек алған аңқау әрі аңғырт ұғым нанымдары.
Мысал - эпостық шығармалардың ішіндегі ең қысқа түрі.
Әңгіме новелладан кейін туғанымен, екеуінің табиғаты бір екені даусыз.
Оның үстіне, әңгіме - шағьш көлемді эпикалық түрдің соңғы жүз жьш ішіндегі аса бір әсем үлгісі.
Тапсырмалар:
1. Шағын көлемді эпикалық жанрдьщ бір түріне шығармашылық жұмыс орында (эссе, новелла, әңгіме, очерк т.б.)
Блиц-тест:
1. М.Атымовтың ғылыми еңбегі:
А) Қазақ романдарьшың поэтикасы В) Сөз өнері, С) Жазушы еңбегі.
Д) Ж.Аймауытов туындыларьшдағы тұлға, Е) Қаһарманның рухани әлемі,
2. Зерттеу нысанасы әдеби шығармадағы бейнелеу құралдарының жүйесі болып табылатын әдебиеттанудың көнеден келе жатқан саласын көрсетіңіз.
А) поэтика В) библиография С) текстология Д) историография Е) әдебиет тарихы
3. Әдебиеттің өмір сүру амалын атаңыз.
А) әдеби шығарма В) тақырып С) көркем образ Д) қаламгер Е) көркем идея
4. Көркем шығарма тілін ақын тілі, әшейін тіл деп екі топқа бөлген эдебиетші ғалым.
А) А.Байтүрсынов В) М.Горький С) З.Ахметов Д) А.Кұнанбаев Е).Маяковский
5. Диалогқа қүрылған өлең
А) «Ыбыраймыз, Ыбыраймын» В) «Кел, балалар, оқылық» С) «Кедейге»
Д) «Бостандық» Е) «Мен жастарға сенемін»
6. «Әзім әңгімесі» поэмасьшың авторы:
А) А.Құнанбаев В) А.Байтұрсынов, С) Ш.Құдайбергенов Д) М.Жұмабаев, Е) Ж.Жабаев,
7. Классиңизм эстетикасы бойьшша қандай жанрлар төменгі саналды?
А) Комедия, сатира В) Трагедия, ода С) Эпопея, элегия Д) Поэма, роман Е) Сонет, арнау
8. Баяндаушы, эпикалық жанрлар
А) Әңгіме, поэма В) Элегия, сюжет С) Ода, мадригал Д) Комедия, трагедия Е) Толғау, арнау
9. Көркем мэтіннің материалы
А) Сөз В) Идея С) Өмір оқиғасы Д) Тақырып Е) Адам тағдыры
10. Көркем шығарма пішінінің элементтері
А) Көркем образ, композиңия, суреттеу жүйесі В) Тақырып пен идея С) Тартыс пен оның шешімі Д) Шиеленісуі мен шарықтау шегі Е) Проблематикасы
Әдебиеттер:
1. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. - Москва: Просвещение,
1966. стр. 382.
2. Нұртазин Т. Жазушы жэне өмір. -Алматы,1960. 200-201 б.б.
3. Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы: Санат, 2000.
4. Әдебиеттану терминдер сөздігі. - Алматы: Ана тілі, 2000.
№6практикалық сабақ тақырыбы: Лирикальщ шығарма ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымының екінші тегі - лирика жөнінде мағлұмат бере отырып, оның жанрлық түрлерімен таныстыру.
Сабақтың жоспары:
1. Лирикалық түр және оның сипаттамасы
2. Әдебиет тегінің бір саласы - лирика жэне оның жанрлары.
Бақылау сұрақтары:
1. Лирика жанрының басқа жанрлар мен тектерден айырмашылығы неде?
2. Лирикалық текке қандай жанрлар жатады?
Тапсырмалар:
1. Баллада жанрының табиғатын аш. Оның аралық жанрындағы ақауларға қалай қарайсың? (Ол лирикалық па әлде эпикалық жанр ма?)
2. Романс жанрына сипаттама бер, қазақ әдебиеттану ғылымында романс жанры бар ма? Бар болса кімнің қандай шығармасын білесің?
Глоссарий:
Лирика (грекше - ежелгі гректер үніне қосылып ән салған музыка аспабы) - әдебиеттің Аристотель заманьшан бері келе жатқан дәстүрлі үш тегінің бірі, шындықты адамның ішкі көңіл-күйіне бөлеп, ойы мен сезіміне астастыра суреттейтін терең психологияльщ шығармалардьщ түрі.
Ода (грекше осіе - ән) - есімі елге тараған жеке адамдарды не батырларды мадақтаған я болмаса ел ішіндегі елеулі оқиғаларды дәріптеген аса көтеріңкі, көңілді жыр.
сонет (итальянша зопейо; зопаге - сылдырау, сыңғырау) - арнаулы өлшеммен, әр түрлі тақырыпқа жазылатын сыршыл өлең;
идиллия (грекше еісіуіііоп - суреттеу, сурет) - әлдебір парықсыздау салтанат, қарекетсіз қызық, уайымқайғысыз қызғылт өмір туралы жыр.
баллада (итальянша Ьаііаге - билеу) - лироэпостық сипаттағы, шағын сюжетті өлең.
Блиц-тест.
1. Күлімсіреп аспан түр
Жерге ойлантып әр нені
Бір себепсіз қайғы құр
Баса ма екен пендені?
Қапамын мен, қапамын
Қуаныш жоқ көңілде
Қайғырамын, жатамын
Нені іздеймін өмірде?
Өлеңнің жанрын белгіле.
А) Сонет.В) Элегия; С) Романс; Д) Табиғат лирикасы; Е) Ода;
2. Хайуанаттар немесе заттар туралы сатиралық сипаттағы өлең қалай аталады? А) Мысал; В) Мемуар.С) Очерк; Д) Ертегі; Е) Роман;
3. Ш.Уәлиханов қазақ әдебиетінің қай жанрын зерттеді?
А) өлең; В) айтыс; С) лирика; Д) дастан.Е) поэма;,
4. Новелла-эпиканың қай түрі?
А) шағын көлемді эпика; В) орта көлемді эпика; С) тар көлемді эпика.Д) кең көлемді эпика; Е) лирикалық эпика;
5. Өмір шындығьш көтеріңкі көңіл, салтанатты сарынмен толғайтьш лирикалық жанр үлгісі
А) Ода; В) Идиллия; С) Толғау; Д) Сонет.Е) Элегия;
6. «Бойда қайрат,ойда көз,
Болмаған соң айтпа сөз...»-дегенде толғаудың қай түрі қолданылған?
А) налыс толғау; В) марқайыс толғау; С) сап толғау; Д) налыс толғау. Е) сұқтаныс толғау;
7. Театр өнерінің үлгісі байқалатын ауыз әдебиет түрі:
А) Айтыс; В) Ертегі;С) Мысал; Д) Тұрмыс-салт жыры. Е) Наурыз жыры;
8. Жүрегім менің қырық жамау
Қиянатшыл дүниеден.
Қайтіп аман қалсын сау
Қайтқаннан соң әрнеден 4
Өлеңдегі ой көңіл-күй сарыны тұрғысынан лириканың қай жанрына жатады?
А) Элегия В) Толғау С) Сюжет Д) Арнау Е) Баллада
9. Күлімсіреп аспан түр,
Жерге ойлантып әр нені.
Бір себепсіз қайғы құр
Баса ма екен пендені?
Қапамын мен, қапамын,
Қуаныш жоқ көңілде.
Қайғырамын, жатамын,
Нені іздеймін өмірде?
Өлең лирикалық поэзияның қай түріне (жанрына) жатады:
А) Ода. В) Элегия. С) Романс. Д) Сонет. Е) Табиғат лирикасы.
10.Көркем шығарманың тарихи қалыптасып, даму үстінде болатын типін көрсетіңіз. 1
А) әдеби шығармаВ) әдеби ағым С) әдеби үрдіс Д) әдеби бағыт Е)әдеби жанр
Әдебиеттер:
1. Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы, 1992.
2. Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. - Алматы, 1959.
3. Әдебиттану терминдер сөздігі. - Алматы, 1996.
4. Ахметов 3. Өлең сөздің теориясы. - Алматы, 1973.
5. Абрамович Г. Введение в литературоведение. - Москва, 1976.
6. Головенченко Ф.М. Введение в литературоведение. -М., 1976.
№7 практикалық сабақ тақырыбы: Драмалық шығарма ерекшеліктері
Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымьшың үшінші саласы драма тегінің жанрлық ерекшелігі мен оның басты арналары - трагедия мен комедияның теориялық негіздеріне тоқталу.
Сабақтың жоспары:
1. Драма тегінің табиғаты
2. Драма жанрының түрлері
Бақылау сұрақтары:
1. Драма дегеніміз не?
2. Драманың табиғаты қандай?
3. Драма тегінің эпос пен лирика жанрынан айырмашылығы не?
4. Драманың қандай түрлері бар?
Глоссарий:
Драма (грекше - қимыл, әрекет) - эдебиеттің үшінші тегі, шындықты айрықша тәсілдермен синтез қалпына келтіріп, шиеленіскен тартыстар үстінде жинақтап, оқиғаға қатысатын адамдардың сөзі мен ісі арқылы көрерменнің көз алдына қолма-қол көрсететін күрделі жанр - «әдебиеттің ең қиын түрі» (Горький).
трагедия (грекше - текенің әні) - құдіретгі күш иесі, ғаламат қайсар, ақиық ер де өр тұлгалардың жаратылыстағы, жалпы өмір-тіршіліктегі адам жеңіп болмас асыңқы, асқақ кедергілермен кескілесіне, оның жан дүниесіндегі терең тебіреністерге, өзімен-озінің іштей арпалыстарына құрылган күрделі сахналық шығарма.
комедия (грекше - күлкілі, қызық ән) - өмірдегі келеңсіз, керексіз құбылыстарды, адам бойындағы қасиетсіздікті, оспадарлықты, мінездеғі мінді сықақпен сынап, келекеге айналдыратьш күлкілі пьеса.
Блиц-тест.
1. Трагедия жанрының тууына ежелгі гректердің кім жайлы аңызы негіз болған?
А) Дионис жайлы В) Прометей хақьшдағы С) Апполон жайлы Д) Зевс жөніндегі Е) Нептун туралы
2. Ғ.Мүсірепов жазған драмалық шығарма:
А) Ақан сері-Ақтоқты, В) Ұлан асу, С) Абылай хан, Д) Сылаң қыз, Е) Қарагөз,
3. Классицизм өнеріндегі жетекші жанр:
А) Трагедия В) Арнау С) Комедия Д) Сатира Е) Мысал
4. Аристотель «Поэзия өнері туралы» атты еңбегінде қандай жанрдың айрықша жоғары бағалаған?
А) Трагедия В) Сатира С) Драма Д) Эпопея Е) Комедия
5. Классицизм эстетикасы бойьшша қандай жанрлар төменгі саналды?
А) Комедия, сатира В) Трагедия, ода С) Сонет, арнау Д) Эпопея, элегия Е) Поэма, роман
6. Белинскийдің «Өз Отанының тағдырына жаны аши қарап, оның үмітін бөлісіп, дертімён ауыратын жан» деген пікірі кім туралы?
А) Халықтық қаламгер жайлы В) Әдеби мектеп жетекшісі хақында С) Сыншы туралы Д) Қоғам қайраткері жөнінде Е) Мемлекет басшысы
7. Көркем бейнені тікелей қимыл-эрекет үстінде бейнелейтін шығарма үлгісінің бірі
А) Әңгіме В) Баллада С) Повесть Д) Роман Е) Комедия
8. Отеллоның кейіпкер ретіндегі сипаты:
А) Трагедиялық В) Геройлық. С) Комедиялық. Д) Сатиралық. Е) Юморлық.
9. «Комедия жанрының атасы» атанған көне грек драматургі.
А) АристофанВ) Софокл С) Эсхил Д) Эврипид Е) Гомер.
10. Әдеби тек тарапьшан бөлінгендегі образ түрі:
А) юморлық, В) романтикалық,С) сатиралық образ. Д) фантастикалық Е) драмалық,
Әдебиеттер:
1. Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы: Санат, 2002.
2. Әдебиеттану терминдер сөздігі. - Алматы: Ана тілі, 1998.
3. Базарбаев М. Өлең - сөздің патшасы. - Алматы, 1996.
№8практикалық сабақ тақырыбы: Жанр ұғымы, жанр теориясының даму жайы
Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымдағы жанр, оның теориясының даму жайындағы мәселелрді топтастыра отырьш, мағлүмат беру.
Сабақтың жоспары:
1. Әдеби жанр
2. Әдеби шығарманың түрлері
3. Дәстүр мен жаңашылдық мәселесі турасьшда
4. Әдеби проңесс жэне оньщ жанрға әсері ‘
Бақылау сұрақтары:
1. Жанр дегеніміз не?
2. Әдебиетте қандай тектер жэне оньщ жанрлары бар? Рет-ретімен жаз.
Глоссарий:
Эпос - көркем әдебиеттің байырғы негізгі тектерінің бірі. Дәлірек айтқанда, өмір шындығын
мейлінше мол қамтып, кең суреттейтін адам мінезін мүмкіндігінше терең ашып, жан-жақты танытатын іргелі, күрделі жанр.
Миф - табиғат құпияларын, адам не қоғам өмірінің сан алуан сырын қиял-ғажайып оқиғаға айналдыра бейнелейтін фантастикалық баян.
Шағын көлемді эпикалық жанрға тән жанрлық түрлердің бірі - ертегі. Ертегі - адам өміріндегі немесе хайуанат дүниесінде болуға лайық, әралуан қызық, кейде тіпті ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып, өсіре әңгімелейтін көркем баян, әсерлі хикая.
Мысал - эпостық шығармалардьщ ішіндегі ең қысқа түрі.
Новелла - көлемі жағынан әңгімеге теңдес прозалық шығарма, қейде өлеңмен жазылады.
Әңгіме - оқиғаны баяндап айтуға негізделетін, қара сөзбен жазылған шағьш көлемді көркем шығарма.
Фельетон - эпостың шағын түріне жататьш очерк секілді аральщ жанрдьщ бірі.
Повесть - орта көлемді эпикалық түрдің үлгісі
Поэма - орта көлемді эпостың повестен басқа тағы бір түрі.
Роман - сюжеттік құрылымы күрделі, көп желілі, кең тынысты, кейіпкер бейнесін ол өмір сүрген уақыт пен кеңістікті қамтитын көлемді эпикалық шығарма.
Проза - қазақ әдебиетінде кешеңдей туған, бірақ орасан, шапшаң дамыған сала.
Әдеби процесс - адамзаттың эстетикалық, рухани құндылықтарының толығуының тарихы.
Әдеби процесс - эстетика мен әдебиеттанудың, өнердің теориясы мен тарихының, сондай-ақ поэтикасының ортақ көркемдік категориясы. Ғаламда бәрі өзгереді, қозғалысқа түседі. Әдеби процес - көркемдік дүниенің қозғалысы мен дамуьш зерттейтін методологиялық әдіс.
Дәстүр мен жаңашылдық - әдеби процеске тән жалғастықты, жазу творчествосындағы халықтық үлгілер мен өзіндік соны сипат-қасиеттердің бірлігін танытатьш ұғым, қалыптасып, сұрыпталған көзқарас, түсініктер, көркемдік үлгі-өрнектер, тәсілдер жатады.
Өнердегі жаңашылдық деп тың тақырыпты бұрын қолданылмаған әдіспен көркем тіл арқылы суреттеуді, соны мәселеге батыл шешім табуды, шығармалар жасауды айтамыз. Жаңашылдық - әрқашан асқан творчестволық ізденістің нәтижесі, ол өнер өрісін кеңейте түседі.
Блиц-тест.
1. Көркем дәлелдеу не үшін керек?
А) шығарманың тарихильщ сипатын арттыру үшін В) кейіпкерлер іс-әрекеті мен оқиғалардың нанымды суреттелуі үшін С) тақырьш пен идея бірлігі Д) шығарма тілінің әсерліліғі үшін Е) шығарманың проблемалық сипатын арттыру үшін
2. Гегель өнердің дамуын неше сатыға бөлді?
А) 2 В) 3. С) 7 Д) 5 Е) 8
3. Өлеңмен жазылған повесть қалай аталады:
А) Поэма В) Сатира.С) Очерк. Д) Фельетон Е) Мысал.
4. Әдебиеттің даму заңдылықтарын және эдеби шығарма мен әдеби процеске ортақ негізгі белгілерді айқындайтын ғылым?
А) Риторика. В) Әдебиет теориясы. С) Фольклористика. Д) Әдебиет сыны. Е) Әдебиет тарихы.
5. «Әдебиет теориясының қарастыратыны - көркем әдебиеттің әлеуметтік мәні, халықтық сипаты, қоғамға жасайтын ықпалы. Ол ғылыми зерттеудің методологиялық негіздерін ұсынады, талдаудың принциптерін көрсетеді. Тұтас алғанда, әдебиет теориясын әдебиет тану ғылымының көшбасшысы десе де болғандай» - деген пікірді айтушы ғалым?
А) Ысқақұлы Д. В) Нұрғалиев Р С) Қабдолов 3. Д) Қаратев М., Е) Байтүрсьшов А
6. «Көркемдік танымның алғашқы нұсқаларына жататын пікірлер мен бейнелі ойлар Орхон-Енисей, Талас-Шу ескерткіштерінде көптеп кездеседі. Мәселен, «Табғаш халқьшың сөзі тәтті, бұйымы асыл еді. Тәтті сөз, асыл дүниесіне көп алданып, түркі халқы қырылдың, түркі халқы жойылдың» - деген пікірді айтушы ғалым?
А) Егеубай А. В) Жолдасбеков М. С) Кенжебаев Б. Д) Базарбаев М.Е) Дәдебаев Ж.
7. Қазақ әдебиеттану ғьшымьшда әдебиет тарихын зерттеуді жеке дарын шығармашьшығын ғұмырнамалық бағытта сөз етуден бастаған, әдеби-тарихи ой-пікірдің бір жүйеге түсіп нақтылана бастағанын көрсететін зерттеу қалай аталады?
A) К.Ысқақовтың «Абай Құнанбайұлының өмірі» атты мақаласы.
B) Ы.Алтынсариннің «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы.
C) Ә.Бөкейхановтың «Қара қыпшақ Қобыланды» мақаласы.
Д) Ж.Басығариннің «Өлең, жыр, әндер» жинағы.
Е) «Айқап» пен «Қазақ» газеттері.
8. Қазақ әдебиетіндегі тұңғыш зерттеу еңбегі болып табылатын М.Әуезовтің «Әдебиет тарихы» оқулығы қашан жарық көрді?
А) 1927 жылы. В) 1926 жылы. С) 1931 жылы. Д) 1919 жылы. Е) 1925 жылы.
9. XX ғасырдың отызыншы жылдары қазақтағы әдеби-теориялық ізденістердің шындап қолға алынғандығын дәлелдейтін еңбектердің бірі қалай аталады?
A) Ж.Аймауытов. «Мағжанның ақындығы»
B) Тұрсынов Е. «Ақын типінің пайда болу дәуірі жөніндегі пікірлер»
C) Кенжебаев Б. «Қазақ эдебиетінің тарихын дәуірлеу»
Д) Қоңыратбаев Ә. «XX ғасырдың аяғындағы әдеби тіл»
Е) Қирабаев С. «Ахметтің ақындығы»
10. Жылы Семейдегі әдебиет кешінде қазақ әдебиетінің тарихына шолу жасап, ұлттық әдебиеттің өткені мен бүгінін саралаған гылыми түрғыда зерделеген баяндаманың авторы?
А) Мәрсеков Р. В) Досмұхамедұлы X. С) Сейфуллин С. Д) Аймауытов Ж. Е) Байтұрсынов А.
Әдебиеттер:
1. Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы: Санат, 2002.
2. Әдебиеттану терминдер сөздігі. - Алматы: Ана тілі, 1998.
3.Базарбаев М. Өлең - сөздің патшасы. - Алматы, 1996.
№9практикалық сабақ тақырыбы: Көркемдік әдістер мен ағымдар. Стиль және шеберлік шарттары
Сабақтың мақсаты: Әдебиеттану ғылымьшдағы әдістер мен бағыттар, олардың түрлері, айырмашьшықтары, олардың тарихи категория екенін білгізе отырып, ағым мен бағыттың бірнеше қаламгерге тән ерекшелік екенін таныта отырып, стильдің бір ғана қаламгерге тән құбылыс екенін таныту.
Сабақтың жоспары:
1. Әдеби бағыт пен ағым
2. Стиль сыры
3. Әдеби проңесс
Бақылау сұрақтары:
1. Стиль дегенге анықтама бер
2. Әдеби процесс деген не?
3. Әдеби бағыт деген не?
4. Әдеби ағым деген не?
Глоссарий:
Стиль - жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға - білімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.
Әдеби ағым - тарихи категория: белгілі бір қоғамдық жүйенің белгілі кезеңдегі белгілі саяси-әлеуметтік сипатьша сәйкес туады да, сонымен бірге дамып, бірге жоғалып отырады.
Әдіс - стиль де емес, ағым да емес бір сөзді кең мағынасында алып, оған біз акт, процесс, тәсіл деген ұғымдарды сыйғызып отырмыз, өйткені әдіс іс жүзінде осы ұғымдардың қызметін қоса атқарады.
Көркемдік әдіс - алдымен шындықты шын мәніндеғі суреткердің өз көзімен образды түрде тану жолы, содан соң өзі таныған шындықты бар өнерін төге, бар шеберлігін сала көркем жинақтап, өзгеге таныту жолы.
Әдеби әдіс - қатьш қалған қасаң (догмалық) қағидалар қосындысы емес, уақыттың көркемдік концепңиясы. Демек, басынан ешқашан дау арылмаған социалистік реализм де - қолдан құрастырыла салған әлдебір ережелер жинағы емес, өмірдің объективтік даму заңына сай, кеңес дәуірінің құбылысы.
Блиц-тест.
1. Әдеби бағыт дегеніміз:
А) Әдеби ағым. В) Әдеби тіл. С) Эстетикалық шығармашылық бағдарламасы, ортақ принципі бар жазушылар тобы. Д) Әдеби кейіпкер. Е) Әдеби процесс.
2. Мұрат Мөңкеұлының шығармалары жататын ағым:
А) Декаденттік ағым.В) Сентиментализм ағымы С) Социалистік реализм ағамы.Д) Классицизм ағымы. Е) «Зар заман» ағымы.
3. Қазақ әдебиетінде тарихи романның туын көтерген қаламгер.
А) І.Есенберлин. В) М.Жұмабаев С) Ж.Аймауытов Д) М.Әуезов Е) С.Мұқанов
4. Жазушының өмір шындығын танып-білу, сезіну қабілетін бейнелеу шеберлігін, өзіндік суреткерлік тұлға - білімін танытатын даралық өзгешелігі, жазу мәнері, қолтаңбасы.
А) стильӘ) ағым Б) бағыт В) тармақ Г) қолтаңба
5. Стиль де емес, ағым да емес бір сөзді кең мағынасында алып, оған біз акт, процесс, тәсіл деген ұғымдарды сыйғызьш отырмыз, өйткені әдіс іс жүзінде осы үғымдардың қызметін қоса атқарады...
А) әдісӘ) тәсіл Б) бағыт В) ағым Г) сала
6. Алдымен шындықты шын мәніндегі суреткердің өз көзімен образды түрде тану жолы, содан соң өзі таныған шындықты бар өнерін төге, бар шеберлігін сала көркем жинақтап, өзгеге таныту жолы.
А) әдеби эдіс Ә) көркемдік әдіс Б) реалистік әдіс В) романтикалық әдіс Г) фантастикалық әдіс
7. Қатып қалған қасаң (догмалық) қағидалар қосындысы емес, уақыттың көркемдік концепциясы. Демек, басынан ешқашан дау арылмаған социалистік реализм де - қолдан құрастырыла салған әлдебір ережелер жинағы емес, өмірдің объективтік даму заңына сай, кеңес дәуірінің қүбьшысы.
А) әдеби әдіс Ә) көркемдік әдіс Б) реалистік әдіс В) романтикалық әдіс Г) фантастикалық әдіс
8. Қазақ әдебиетінде кешеңдей туған, бірақ орасан, шапшаң дамыған сала.
А) поэзия Ә) айтыс Б) фольклор В) проза Г) драма
9. Ақиқат болмысты өмірлік шындық тұрғысынан жүйелі сипаттап көрсетуге және адам мен қоршаған дүниені саналы түрде көркемдік тұрғыдан танып-білуге ұмтылатын ұстанымдарға негізделген әдеби әдісті атаңыз.
А) реализм В) футуризм С) романтизм Д) акмеизм Е) классицизм
10. Н.Буало сипатталған ағым:
А) классицизм В) пессимистік С) «Зар заман» ағымы Д) сентиментализм Е) декаденттік
Әдебиеттер:
1. Тимофеев Л.И. Основы теории литературы. - Москва: Просвещение, 1966. стр. 382.
2. Нұртазин Т. Жазушы және өмір. -Алматы,1960. 200-201 б.б.
3. Қабдолов 3. Сөз өнері. - Алматы: Санат, 2000.
4.Әдебиеттану терминдер создігі. - Алматы: Ана тілі, 2000
№10 практикалық сабақ тақырыбы: Көркем бейне және оның жасалу жолдары
Сабақ мақсаты: Көркем бейне және оның жасалу жолдары, образ жасаудағы әдіс- тәсілдер турасында мағлұмат беру.
Бақылау сұрақтары:
1.Көркем шығармада қандай мінездеу түрін қолданған ұтымды? Шағын эпикалық тектің түрі бойынша жұмыс жасап, өз тәжірибеңізде тура немесе жанама мінездеуді пайдаланып, досыңыздың характері, көзқарасы жөнінде жазып көріңіз. *
2.Мінездеудің қай түрі реалисттік өнерге тән?
3.Мәтінде кейіпкердің көңіл-күйі қандай суреттеу тәсілімен берілгенін анықта: "Ой, дүние-ай! Тым болмаса, жасаған осындай бір жалбыр шашты қимады ғой! Дүниеде баладан қызық, баладан тәтті не бар дейсің! Қуарған қу бас өмір-бейне жапырақсыз ағаш. Онда не көрік, не сән бар? Баласы болса, Ұрқия да осындай кемзал тігіп, кигізбес пе еді? О да тана-моншаққа омырауын саусылдатпас па еді! Ой, бала шіркін-ай! Неден ыстық болды екен...":
4.Мәтінде суреттеу тәсілінің қай түрі қолданылған: "Инеліктей қатқан қара кісі ақ отаудан шыға келді де, алақ-жұлақ қарап кішкене тұрып, ұмтыла басып жерошақ басына барды. Жерошақ басында бір әйел отты түрткілеп отыр, екі беті ісік секілденіп баржиған, денесінің бәрін май басып, үстіндеғі киімі сөгіліп кететіндей боп тырсылдап тұр.
5.Мәтінде мінездеу тәсілінің қай түрі қолданылған: „Салтанаттың жиған жүгі қандай? Ұстаған үйі қандай? Жайнап тұрған бір сарай! Не кием, не ішем деп әуре болмайды. Сүтті пісірер алдында жалпақ табақтарға құйса, қаймағы да көп түсетінін біліп алған. Ел бір жазда екі-үш сиырдан бір-екі қарын майды әрең жиса, бұл жалғыз сиырдың өзінен төрт- бес қарын май алып, өзі де қарық болып, қалғанын сатып дүние жиып отырғанын көресің. Бір сабақ жібі далаға кетпейді ғой. “
6.Мәтінде мінездеу тәсілінің қай түрі қолданылған: „Сұңғақ бойлы. Жүзі жылы, тартымды. Қыр мұрынды, қой көзді. Жігіттің сұлтаны дерсің. Той томалақ, жиылған жұрттың сэні. Өзімен тілдесіп, ой бөліскен адам „дүниеде ең қымбат нәрсе - адам“ деген қағиданың жай айтылмағанын сезініп, осы қағидаға сенімі нық орнайды. Біреуге жалпақтап жағайын демейді, шертиіп менсінбей де тұрмайды. Жайдары мінезді нағыз жайсаң жан. Жас шамасына қарамастан, парасатты. Алуан түрлі мінездерді де көрген шығар. Пайымдауы сұмдық. Нығырлап өз қөзқарасын таңбайды. Өзі де сөйлейді. Сені де сөйлетеді. Тыңдай да, сөйлей де біледі. Қызықты жан.
Блиц тест
<циез1:іоп> Жеке біреуді мінеп, мысқылдайтын өлең түрі қалай аталады?
<үагіап1> эпиграмма <уагіап1> эпилог
<үагіап1:> новелла