Аталған диагноздардың қайсысы барынша тән?
* Қант диабет 1 типі
* Қант диабет 2 типа
* Иценко-Кушинг ауруы
* Гипоталамикалық семіру
* +Алиментарлы-конституциялық семіру
!. Науқас 16 жаста мынандай шағымдармен келді:бас ауруы, етеккірінің дұрыс келмеуі,бас ауруы,сан аймағындағы қызыл жолақтарға. Соңғы 5 жылда артық салмақ қосуға, диета сақтамайды. Объективті: бойы- 172 см, салмағы-116 кг, сан аймағында стриялар. АД - 160/100 мм рт. ст. Диагноз қойыңыз?
* гипотиреоз
* алиментарлы семіру
* Иценко-Кушинг ауруы
* Иценко-Кушинг синдромы
* +пубертатты кезіндегі гипоталамиялық синдром
! Науқас 50 жаста семіздіктің нәтижесінде қант диабетімен зардап шегеді. Монотерапиялық диета ұстайды (калоражы -2000 ккал/сут). Салмағының азаюына қарамастан, тәуліктік гликемия 10 до 15 ммоль/л, глюкозурия - до 3%. Емдеу тактикасын таңдаңыз?
* +бигуанидтер
* сульфаниламидтер
* диета 1200 ккал/тәулігіне
* қысқа әсерлі инсулин тағайындау
* ұзақ әсерлі инсулин тағайындау
! Семіздіктің 3 дәрежесі мен артериалды гипертензияның фонында қант диабетінің 2 типімен ауыратын 50 жасар әйел физикалық жүктеме кезіндегі жүрек тұсындағы ауру сезімге және физикалық жүктемеге толеранттылығының төмендеуіне шағымданады. Дене қалпын горизонтальді қалыптан вертикалдьды қалыпқа ауыстырған кезде ортостатикалық гипотония пайда болады.
Қандай препаратты тағайындау ең маңызды?
*Сулодексид
*Ситаглиптин
*Реополиглюкин
*Простагландин
* +Альфа-липой қышқылы
! 63 жастағы еркек төс артындағы ауру сезімге, жүрек жұмысындағы бұзылысқа шағымданады. Зерттеу кезінде: ДСИ -37 кг/м2, гликемия – 15 ммоль/л, АҚ – 180/90 мм.с.б.б.Бұл науқастан парасимпатикалық иннервацияның бұзылысын анықтау үшін жүргізу маңыздырақ:
* +Вальсалва тестісі
* Шелонг тестін (ортостатикалық сынама)
* глюкозаны көктамырға енгізу тесті
* пероральді глюкозаға толеранттылық тестін
* Изотониялық бұлшықет жүктемесі кезінде АҚ өлшеу
! Қант диабетінің 2 типімен 10 жыл көлемінде ауыратын 59 жасар ер адам жүрген кезде кушейетін аяқтарындағы ауыру сезімге шағымданады. Қарап тексергенде: аяқтарын ұстап көргенде суық, табандарының трофикалық бұзылыстары, екі жақты arteria dorsalis pedis-те
пульсацияның төмендеуі анықталады.
Аталған препараттың қайсысын тағайындау БАРЫНША маңызды?
* Габагамманы
* Мильгамманы
* Дулоксетинді
* +Простагландин Е1-ді
* Альфа-липойлы қышқылды
!49 жасар ер адамда ДСИ=35 кг/м2, гликозилирленген гемоглобин - 9%, ашқарынға гликемия -10 ммоль/л, АҚ 150/90 мм.с.б.б. жоғары, микроальбуминурия анықталған.
Емде қандай коррекция жүргізу тиімдірек?
* Ақуыз бен тұзды қолдануды шектеу
* Ақуыз және көмірсу алмасуынның компенсациясына жету
* Антибактериальді және инфузионды ем тағайындау
* +Қант диабетінің компенсациясына жету және АПФ ингибиторын тағайындау
* Қабынуға қарсы ем тағайындау және ақуыз қолдануды шектеу
! Дене салмағының индексі 33 кг\м2 болуы куәландырады:
* қалыпты дене салмағын
* артық дене салмағын
* +семіздіктің 1 дәрежесін
* семіздіктің 2 дәрежесін
* семіздіктің 3 дәрежесін
! Семіздік диагностикаланады ДСИ (ИМТ) тең және жоғары болғанда:
* 14,9 кг\м2
* 18,1 кг\м2
* 25,9 кг\м2
* +30,1 кг\м2
* 40,0 кг\м2
! Семіздіктің ІІІ дәрежесіне тән артық дене салмағы:
* 10%- ға дейін
* 20%-ға дейін
* +100%-ға дейін
* 50%-ға дейін
* 100% және одан көп
! Метаболикалық синдром анықталмайды:
* дислипидемиямен
* артериалды гипертониямен
* семіздікпен
* көмірсу алмасуының бұзылысымен
* + гиперазотемиямен
! Экзогенді-конституционалды семіздікке тән клиникалық симптомдар:
* Диспластикалық семіздік, жыныстық дамудың бұзылысы
* +Майдың біркелкі бөлінуі
* Прогнатиз
* Қара акантоз
* Липоидты дерматоз
! Семіздік кезінде жіңішке ішектің бір бөлігін алып тастау әкелмейді:
* қоректік заттардың асқазан-ішек жолында абсорбциясының төмендеуіне
* ішектен тағам жылжуының жоғарылауына
* асқазан-ішек жолы гормондарының секрециясының өзгеруіне
* +науқастардың мүгедектігіне
* терапияның физиологиялық әсеріне
! Аналық безінің поликистозы, семіздік, дисменорея синдромы бар науқасқа ең бірінші кезекте қай топ препараты көрсетілген?
* Прогестерон
* Эстроген
* Эстроген-гестаген
* Дексаметазон
* +Метформин
! Семіздікті бигуанидтермен емдеу әсері негізделген:
* жасуша мембранасының глюкоза өткізгіштігінің жоғарылауына
* +анаэробты гликолиздің жоғарылауына
* антилипидтік және фибринолитикалық әсеріне
* анорексигендік әсеріне
* инсулиннің ақуызбен байланысуының жоғарылауына
! Семіздіктің III дәрежесінде науқастардың негізгі өлім себебі болып табылады:
* +миокард инфаркты
* Өкпенің созылмалы обструктивті ауруы
* пневмония
* ТҚШҰ-синдромы
* гипотиреоз
! Диспластикалық семіру тән:
* қантты диабетке
* +Иценко-Кушинг ауруына
* акромегалияға
* гипотиреозға
* бүйрекүсті безінің жеткіліксіздігіне
! Артық дене салмақтағы және глюкозаға толеранттығы бұзылған науқастарға қайсы препарат көрсетілген?
* Гликлазид
* Репаглинид
* Глимепирид
* Глулизин
+ Акарбоза
! «Метаболикалық синдром» түсінігіне қандай симптом кірмейді:
* Дислипидемия
* Артериалдық гипертония
* Семіздік
*Көмірсу алмасуының бұзылуы
* +Гиперазотемия
! 17 жастағы жасөспірім артық салмаққа, жиі бас ауруына шағымданады. Артық салмақ 5 жыл көлемінде.11-12 жасында қатарластарынан ұзын болған. Бойы 180 см, салмағы 110 кг. Беті домалақ. Іш аймағында,санында қызғылт стриялар. Жыныстық жетілу жасына сәйкес.АҚҚ 160/100 мм рт ст. Болжама диагноз?
* Иценко-Кушинг ауруы
* Қантты диабет 2 тип
* Иценко-Кушинг синдромы
* +Пубертаттық семіздік стриялармен
* Артериальды гипертония
! К. науқаста семіздік андроидті типті,дене салмағының индексі– 34 кг/м2. Бел айналымы – 100 см. Науқастан қандай асқыну күтуге болады?
* Идиопатиялық кардиомиопатия
* Ішек дисбактериозы
* Зәр-тас ауруы
* +Метаболикалық синдром
* Пневмония
! 43 жастағы ер адам дене салмағының жоғарылауына, АҚҚ жоғарылауына,бас ауруына, омыртқа тұсындағы ауру сезіміне,әлсіздікке шағымданады. 2жыл көлемінде ауырады.Объективті: семіздік, кең қошқыл стриялар «минус тін», матронизм, жалған гинекомастия. МРТ: гипофиз аденомасы. Пролактиннің қандағы концентрациясы қалыпты, кортизол -жоғарылаған. Ең дұрыс диагноз?
* +кортикотропинома
* май алмасу бұзылысымен гипоталамикалық синдром
* кортикомамматропинома
* пролактинома
* кортикостерома
! 43 жастағы науқас дене салмағының жоғарылауына, бетінің ісінуіне, терісінің құрғақтығына, іш қатуларға, аменореяға, есте сақтауының төмендегеніне шағымданады. Терісі құрғақ, суық. Қалқанша безі пальпацияланбайды.АҚҚ – 90/60 мм.рт.ст., пульс – 52рет мин. Т3, Т4 төмендеген, ТТГ – жоғарылаған. Қандай ауру туралы айтылып жатыр?
* орталық семіру
* + біріншілік гипотиреоз
* екіншілік гипотиреоз
* аналық безінің поликистоз синдромы
* гипоталамикалық синдром
! Науқас соңғы 1.5-2 жылда дене салмағының ұлғаюы, ауыздың құрғауы, бас ауруы және етеккір ағымының бұзылысына шағымданады. Қарап тексергенде: бойы 160 см, дене салмағы 130 кг, тері асты қабаты диспластикалық тип бойынша орналасқан, іш терісінде созылған сызықтар бар. АҚҚ 170\110 мм.с.б.б. Қант деңгейі-7,05 ммоль\л.
Ықтимал диагнозды атаңыз:
* +Иценко-Кушинг синдромы
* Гипертониялық ауру
* Қант диабетінің ІІ типі
* Менопауза синдромы
* Конституциональды семіру
! Науқас Қ, 47 жаста. Шағымдары: шөлдегіштік (10-12 л дейін тәул. су ішеді), жиі зәр шығару, бас ауруы, тітіркенгіштік. Респираторлы-вирусты инфекциямен ауырғаннан кейін 1 ай бойы ауырады. 8 кг дене салмағын жоғалтқан. Қарап тексергенде: терісі құрғақ. АҚҚ 100\60 мм.сб.б. Пульс 80\мин. Қандағы қант мөлшері-5,5 ммоль\л. Зәр анализі: салыстырмалы тығыздығы-1002, лейк-1-3 к\а.
Сіздің диагнозыңыз?
* +Қантсыз диабет
* Қант диабеті
* Бүйректік диабет
* Психогенді полидипсия
* Гиперпаратиреоз
! Ер бала 10 жаста. Ауруханаға полидипсия, полиурия 9 л дейін\ тәул, әлсіздік, тәбетінің төмендеуімен жатқызылды. Алғашқы симптомдары тұмаумен ауырғаннан 2 аптадан кейін пайда болды. Қандағы қант мөлшері 4.2 ммоль\л.
Клиникалық диагнозды негіздеу үшін қандай қосымша зерттеу жүргізу керек?
* + Зимницкий бойынша зәр анализі
* Клиникалық зәр анализі
* Ацетонға зәр анализі
* Нечипоренко бойынша зәр анализі
* Клиникалық қан анализі
! 16 жасар қыз бала 2 жыл бойы артериалды қан қысымының көтерілуі, дене салмағының ұлғаюы, кеуде және иықта қою қызыл сызықтың пайда болуы, бетте түктену және омыртқаның бел аймағында ауру сезіміне шағымданады. Қан сарысуында кортизол 850 нмоль\л, 17-ОКС 0.9 мкмоль\тәул.
Қандай диагноз ықтимал?
* Кортикостерома
* +Иценко-Кушинг ауруы
* Жасөспірімдік диспитуитаризм
* Эндокринді-алмасу семіздік
* Функционалды гиперкортицизм
! Әйел 32 жаста. Әлсіздікке, апатия, аменорея, тоңғақтық, босанғаннан кейін 1 жылдан кейін пайда болған қан кетуге шағымданады. Қарап тексергенде: бойы 165 см, салмағы 74 кг. Пульс- 56 рет\мин. АҚҚ 90\50 мм.сб.б. Терісі бозғылт, құрғақ. Аш қарынға қант деңгейі 3.3 ммоль\л.
Қандай асқыну айқын орын алады?
* +Гипофизарлы жетіспеушілік
* Бүйрек үсті безінің біріншілік жетіспеушілігі
* Біріншілік гипогонадизм
* Гипоталамикалық синдром
* Гипофиз ісігі
! 43 жастағы науқаста акромегалиямен көрінген гипофиз аденомасы анықталды. Консервативті емге қандай дәрілік препарат қолданылады?
* Левотироксин (L-тироксин)
* Адиуретин
* Гидрокортизон
* +Сандостатин (Октреотид)
* Тироксин
! Науқас 45 жаста. Жарақат алғаннан кейін пайда болған бас ауруы, АҚҚ 150\90 мм.сб.б дейін көтерілуі, тез дене салмағының жоғарлауына, терісінің трофикалық бұзылысына шағымданады. Теріасты май қабаты біркелкі дамымаған, беті гиперемияланған. Денситометрияда: остеопороз белгілері. Қанда кортизол деңгейі сағат 8-де-1100 нг\л (қалыпты 260-720 нг\л), аш қарынға қант деңгейі 6.1 ммоль\л.
Аталған дәрілердің қайсысы ең маңызды?
* сиофор
* +парлодел
* нифедипин
* кальций Д3
* гидрокортизон
! Науқас З, 30 жаста. Шағымы: тұрақты бас ауруы, айқын әлсіздік, дене салмағының жоғарлауы, етеккір ағымының бұзылысы және дене түктенуінің көбеюі. Қарап тексергенде: бойы 160 см, салмағы 90 кг. Май тіндері орналасуы біркелкі емес. Терісі: кеудесінде, ішінде, белінде қызарған стриялар, гипертрихоз. АҚҚ 180\100 мм.сб.б. Қанда: АКТГ мөлшері жоғарылаған, ФСГ, ЛГ мөлшері төмендеген. Натрий мен калий өзгермеген, ашқарынға қант мөлшері 7.0 ммоль\л. 17-ОКС, 17-КС экскрециясы жоғарылаған. Бассүйек рентгенінде: түрік ершігі қабырғасының остеопорозы. Қандай диагноз біріншілік болып табылады?
* +Иценко-Кушинг ауруы
* Иценко-Кушинг синдромы
* Гипоталамикалық синдром
* Феохромоцитома
* Конн синдромы
! 14 жастағы ұл бала бойының өспеуіне шағымданып келді. Созылмалы соматикалық аурулары жоқ. Бойының өспеуін соңғы 2 жылда байқады. Өсу темпі 6-7 см/жылына. Ата-аналарының бойы - орташа.
Объективті: бойы 145 см, дене салмағы 36 кг. Дене бітімі дұрыс пішінді. Ішкі ағзаларының патологиясы анықталмады. Қалқанша безі ұлғаймаған. Сыртқы жыныстық ағзалары дұрыс құрылған. Екіншілік жыныстық белгілері: testis 6 мл. Сіздің диагнозыңыз:
* Туа пайда болған гипотиреоздың классикалық емес түрі;
* +конституциональды бойы мен пубертаттың кешігуі;
* соматотропты жетіспеушілік;
* жанұялық аласа бойлылық.
* Шерешевский-Тернер синдромы
! Иценко-Кушинг ауруындағы МРТ арқылы анықталған гипофиздің микроаденомасы кезінде қандай ем таңдау болып табылады?
* Гипофиз аймағына протонотерапия
* Екі жақты қосарланған трансназальді транссфеноидалды аденомэктомия
* +Трансназальді транссфеноидалды аденомэктомия
* Транскраниальді гипофизэктомия
* Стероидогенез блокаторларымен қосарланған (ортопара, кетоканазол) гипофиз аймағына протонотерапия
! Гипофиздың ацидофильды жасушалары өндіреді:
* ТТГ
* АКТГ
* ФСГ
* ЛГ
* +СТГ және пролактин
! Адренокортикотропты гормон:
* +Бүйрек үсті безінде кортизол түзілуін күшейтеді
* Гонададағы тестостерон түзілуін күшейтеді
* Гонададағы эстроген түзілуін күшейтеді
* Альдостерон деңгейін төмендетеді
* Альдостерон түзілуін күшейтеді
! Қантсыз диабетке тән:
* Зәрдің көп мөлшерде жоғары салыстырмалы тығыздықпен экскрециясы
* глюкозаға толеранттылық бұзылысы
* +Зәрдің аз мөлшерде төмен салыстырмалы тығыздықпен экскрециясы
* гипергликемия
* гипогликемия
! Акромегелияның бастапқы белсенді симптомы болып табылады:
* + тершеңдік,тістерінің арасының алшақтауы, аяқ- киім өлшемінің үлкеюі,білезік буындарының үлкеюі
* артериальды гипертензия,теріде қызыл-күлгін түсті созылу сызықтарының көрінуі
* шөлдеу, аузының құрғауы, тез арықтау
* экзофтальм, жүрек соғысы, аяқ- қолдардың дірілдеуі
* артериалдық гипотензия, тері гиперпигментациясы, тұзды тағамға әуестену
! Экстраселлярлы гипофиздың ісігінің өсуі кезінде типті көрудің нашарлауы байқалады:
* катаракта
* +битемпоральды гемианопсия
* Пролиферативті ретинопатия
* глаукома
* пролиферативты емес ретинопатия
! Қантсыз диабеттің гипоталамикалық түрінде десмопроссинмен сынама нәтижесін бағалаңыз:
* зәр көлемі жоғарылады, меншікті салмағы өзгермеді
* зәр көлемі және меншікті салмағы өзгермеді
* +зәр көлемі азайды, меншікті салмағы жоғарылады
* зәр көлемі жоғарылады, меншікті салмағы төмендеді
* зәр көлемі өзгермеді, меншікті салмағы жоғарыламады
! Қантсыз диабетте зәрдің салыстырмалы тығыздығы мынаған дейін өзгереді:
* 1013-1028 (зәр көлемі 5-20 литр)
* 1012-1015 (зәр көлемі 2-3 литр)
* 1022-1043 (зәр көлемі 2-3 литр)
* +1003-1009 (зәр көлемі5-20 литр)
* 1001-1005 (зәр көлемі 5-20-40 литр)
! Қантсыз диабетпен психогенді полидипсияны ажырату диагностикасын жүргізу үшін сұйықтық жоғалту сынамасы жүргізілді, қантсыз диабетке тән, егер:
* диурез азаюы, зәрдің меншікті салмағы 1010-1012ге тең, дене салмағының төмендеуі болмайды
* дегидратация симптомдары жоқ
* +диурез жоғарылауы, зәрдің меншікті салмағы 1005-1008, 1010 көп емес, дегидратация симптомдарының тез дамуы
* жалпы жағдайы жақсармады
* диурез өзгермеді
! Ер адам 42 жаста,айқын шөлдеу,түсті зәр бөлінуімен полиурия.Зәр тығыздығы:1003–1006. Құрғақ тамақпен сынама кезінде: диурез төмендеді зәрдің меншікті салмағы көбейді. Сіздің болжама диагнозыңыз?
* Қант диабеті, 2 тип
* +Қантсыз диабет, нейрогенді түрі
* Психогенді полидипсия;
* Созылмалы бүйрек жеткіліксіздігі
* Бүйректік диабет.
! Симмондс синдромымен ауыратын 35 жасар науқас 10мг/тәу преднизолон қабылдайды, эстроген гестагенді препарат. Артериальды қан қысымы, зәрдің салыстырмалы тығыздығы,қанда калий және натрий мөлшері қалыпты.Женiл гипотериоз белгiлерi байкалады, Т3, Т4, ТТГ аздап төмендеген. Бул науқасты гипотериоз бойынша жургiзу тактикасы:
* медикаментозды терапиясыз бақылау
* профилактикалық дозада калий йоды
* емдік дозада калий йоды
* +1,0 мкг/кг дозада левотироксин
* 2,3 мкг/кг дозада левотироксин
! Гастроэнтеролог қабылдауына науқас М.38 жаста, мынандай шағымдармен келді: жалпы әлсіздік, шаршағыштық, дене салмағының төмендеуі (жарты жылда 20 кг), естен тануға, тәбетінің болмауы, жүрек айнуға. Объективті: терісі құрғақ, күңгірттенген, пигментациясы ерін айналасында, шынтақ, тізе, алақан қатпарларында айқын көрінеді. АҚ 90/60мм.с.б. Лабораторлы: гликемия-3,5 ммоль/л, плазмадағы калий-5,2 ммоль/л, қандағы аденокортикотропты гормонның деңгейі жоғарылаған.
Қандай ықтимал диагноз деп ойлайсыз?
* +Созылмалы бүйрек үсті безінің жетіспеушілігі
* Симондс синдромы
* Шихан синдромы
* Шиен синдромы
* Асқазандық диспепсия
! Науқас 40 жаста, 1 жылдан бері жүрек қағу ұстамасы мен АҚ 220/130 мм.с.б.на дейін жоғарылауы, дене қызуының 37,5°С көтерілуі, қорқыныш сезімі, бел аймағындағы ауру сезімі, жүрек айну, кейде құсу, бас ауруы және гиперсаливацияға шағымданады. Ұстамадан кейін көп мөлшерде зәр бөлінеді. В-блокаторларды тағайындағанда парадоксальды реакция байқалады. Ұстама кезінде гликемия 8 ммоль/л-ға дейін жоғарылайды. КТ-да: сол жақ бүйрек үсті безінің ұлғайғанын көреміз.
Қандай диагноз болуы мүмкін?
* Глюкостерома
* +Феохромоцитома
* Қант диабеті
* Артериалды гипертензия
* Нейроциркуляторлы дистония
! Қабылдау бөліміне 35 жастағы әйел адам жеткізілді. АҚ 300/130 мм.с.б. Криз қорқынышпен, тахикардиямен, полидипсиямен қатар жүрді. Гликемия -10 ммоль/л.
Диагнозды нақтылау үшін төмендегілердің қайсысын анықтау маңызды?
* Инсулинді
* 17 - ОКС
* Альдостеронды
* Қандағы калийді
* +Катехоламиндерді
! Науқас 26 жаста, хирургиялық бөлімде жатыр. Шағымдары: ішінің қатты ауру сезімі, құсу, бас ауруы, әлсіздік. Кенеттен басталған, айтуынша 2 апта бұрын тұмаумен ауырған. Қарау кезінде: жағдайы ауыр. Терісі бозғылт, тері және шырышты қабаттары дақты пиигменттер. Іші жұмсақ ауру сезімінсіз. АҚ 80/50 мм.с.б. пульсі 120 рет минутына, әлсіз.
Бірінші кезекте қандай емді жүргізген дұрыс?
* + Гидрокортизонның үлкен дозасын изотониялық ертіндімен трансфузия
* Адреналинді көктамыр ішілік енгізу
* Ауру синдромын жою үшін морфинді енгізу
* Көп мөлшерде сұйықтық беру, суық басу
* коргликон немесе строфантин енгізу
! Науқас 24 жаста, дауыс тембрінің төмендеуіне, кеуде және бетінің түктенуіне шағымданады. Болжама диагноз: андростерома.
Андростероманың клиникалық көрінісі неге байланысты?
* Эстроген және альдостерон секрециясының жоғарылауы
* Альдостерон және глюкокортикоидтардың секрециясының жоғарылауы
* Адреналин және норадреналин секрециясының жоғарылауы
* Эстрогендердің өндірілуінің жоғарылауы
* +Андрогендердің өндірілуінің жоғарылауы
! Науқас 35 жаста, жалпы әлсіздіктің, шаршағыштықтың үдеуіне, тәбетінің төмендеуі және жиі жүрек айнуына шағымданады. 2 айдан бері дене салмағының төмендеуіне байланысты аменореямен менструалды циклдың бұзылысы. Соңғы айда бірнеше рет естен тану болған. Анамнезінде туберкулездік зақымдануына байланысты нефроэктомия болған. Объективті: дене салмағының төмендеуі, ауыз қуысының тері және шырышты қабатының гиперпигментациясы. АҚ 70/40 мм.с.б. Қанда: гемоглобин-114г/л, аш қарында гликемия-2,9-ға ммоль/л.
Диагнозды нақтылау үшін қай тексеру әдісін жүргізу керек?
* Бүйрек үсті безінің КТ - сы
* Гликемиялық профиль
* +Кортизол және АКТГ-нің деңгейі
* Аналық бездің УДЗ
* ФСГ және ЛГ деңгейі
! Ер кісі 32 жаста, 1 жылдан бері бұлшықеттердің ауру сезіміне, полиурияға, бас ауруына шағымданады. Объективті: бойы 180 см, салмағы 76 кг. ЖСЖ 76 мин. АҚ 170/105 мм.с.б. Терісі қалыпты түстес. Ісіну жоқ. Гипокалиемия, гипернатриемия, гипохлоремия. Несептің тығыздығы 1007, реакциясы сілтілі, протеинурия 0,033 г/л.
Сәйкес келетін диагнозды табыңыз?
* +Конн синдромы
* Гиперпаратиреоз
* Гломерулонефрит
* Кушинг синдромы
* Пиелонефрит
! Дәрігер-эндокринолог урологиялық бөлімшеге шұғыл түрде шақырылды. Науқас М., 46 жас, бүйрек шаншуымен түсті. Инструменталды зерттеу кезінде есін жоғалтқан. АҚ 40/20мм.с.б. төмендеген. Анамнезінде: 6 жылдан бері глюкокортикоидтарды қабылдайды (ревматоидты артритпен ауырады). Соңғы 3 күн глюкокортикоидтарды қабылдамаған. Объективті: тежелген, терісі қалыпты түстес, ылғалды, жүрек тондары әлсіз, пульсі 100 рет минутына, толымы әлсіз, ритмді. Өкпе және іш қуыс ағзалары өзгеріссіз. Аяқ-қол буындары деформацияланған, ісіну және қызаруы жоқ.
Сіздің болжама диагнозыңыз?
* +Бүйрек үсті безінің жедел жеткіліксіздігі
* Кардиогенді шок.
* Аддисондық криз.
* Гиповолемиялықй шок.
* Анафилактикалық шок
! Әйел кісі 39 жаста, бас ауруына, әлсіздікке, аяқ-қолдарындағы парестезиялар және полиурияға шағымданады. Объективті: жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 94 рет минутына, АҚ 190/105 мм.с.б. Гликемия-5,5 ммоль/л, плазмадағы натрий-151 ммоль/л, плазмадағы калий– 2,7 ммоль/л. Зәрдің меншікті салмағы 1012, белок-0,1г/л, реакциясы сілтілі, лейкоциттер 3-4 көру алаңында, эритроциттер 2-3 көру алаңында. Бүйрек үсті безінің КТ: Бүйрек үсті безінің гиперплазиясы.
Емін көрсетініз?
* ААФ ингибиторы
* кальций антогонистері
* альдостерон антогонистері
* +бета-адреноблокаторлар
* бір жақты адреналэктомия
! 32 жастағы науқасқа Конн синдромы деген диагноз қойылды. Біріншілік гиперальдостеронизмнің патогенезін анықта:
* Кортикотропиннің гиперсекрециясы бүйрек үсті безінің қыртысты қабатының екі жақты гиперплазиясын шақырады;