Қазақстан Республикасының Конституциясы 1995 жылы 30 тамызда қабылданды.1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Дауыс беру еліміздің қалалары мен ауылдарындағы 10253 сайлау учаскелерінде жүрді. Бұл Конституцияның 1993 жылғы Конституциядан айырмашылығы оның мазмұнының сапасында еді. Жаңа Конституцияға алғаш рет азаматтың құқығына қатысты ғана емес, адам дүниеге келген сәттен одан ажырамас құқықтарына да қатысты нормалар енді. Ол бойынша Қазақстан Республикасының Президенті саяси жүйенің басты тұлғасы болып табылады, билік тармақтарынан жоғары тұрады. Бұл президенттік басқару жүйесіндегі мемлекетке сай келеді. Парламент туралы конституциялық бөлім өзгерістерге ұшырады.1995 ж. желтоқсанда екі палаталы (жоғарғы палаталы — Сенат, төменгі палаталы —Мәжіліс) Парламентке сайлау өткізілді.
Згертулер мен түзетулер
Жыл
Азақстан экономикасының нарыққа өту кезеңдері және оның сипаты.
Нарықтақ экономиканың Бірінші кезені шағын жекешелендіруден басталдық Алғашқы кезеңнің барысында 1991-1992 жылдары 5000-ға жуық нысандар жекешелендірілді, олардың катарында ұжымдық меншікке берілгендердің саны 470-тен астам болды.
Екінші кезең«Қазақстан Республикасында мемлекет иелігінен алу мен мемлекеттік меншікті жекешелендірудің 1993-1995 жылдарға арналған,Ұлттық бағдарламасы» негізінде жүргізілді. Бұл кезеңнің аса маңызды қадамы мемлекеттік меншікті басқару мен жекешелендірудің біртұтас жүйесі болды. Сол кезде шағын жэне орта бизнесті дамытуға белгі берілді. Көтерме сауда буынын қоса алғанда бүрынғы кеңеетік сауда жүйесін өзгерту басталды, Қызмет көрсету саласында бәсекелестік орта пайдаболды.
Үшінші кезең 1995 жылғы желтоқсанда заң күші бар «Жекешелендіру туралы» Жарлықтан басталып, 1999 жылға дейін жалғасты. Осы сәттен бастап ол тек ақша қаражатында жүзеге асырылды.
Президент Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлттық валютаны енгізу туралы» Жарлығы және оның маңызы.
1993 жылы 3 қарашада Президенттің Жарлығымен құрылған Ұлттық валютаны енгізу жөніндегі мемлекеттік комиссия ұлттық валютаны енгізудің тұжырымдамасын дайындады. Бұл құжатта жаңа валютаның енгізілу мерзімі, тәсілі, жаңа валютаны айырбастау пункттеріне жеткізу мәселелері, қолма-қол ақшаны айырбастау коэффициенті мен лимиттері, валюта бағамын қалыптастыру және басқа маңызды мәселелер айқындалды. 1993 жылы 12 қарашада «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасын енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы шықты. Онда Қазақстан Республикасы Конституциясының (1993 ж.) 78 бабына және Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 1993 жылғы 29 қазанындағы қаулысына сәйкес: «Қазақстан Республикасы аумағында 1993 жылы 15 қарашада сағат 08.00-ден Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы-теңге айналымға енгізілсін; 1993жылғы 18 қарашада сағат 08.00-ден бастап теңге Қазақстан Республикасының заңды төлем құралына айналады. Теңге 100 тиыннан тұрады. Қазақстан Республикасындағы қолдағы ақша банкноттар мен монеталар түрінде айналыста болады»- деп көрсетілген
102.Қазіргі кезеңдегі Қазақстанның халықаралық байланыстары мен сыртқы саясаты.
Қазіргі халықаралық катынастар деп әлемдегі халықаралық қатынастар субъектілерінің арасында пайда болатын әр түрлі байланыстар мен кездесулер, акциялар мен әрекеттер түсіндіріледі.
Аталмыш шаралар экономикалық және дипломатиялық қатынастарды, коммуникациялық байланыстарды толықтай немесе жеке л ей үзу тұрінде болуы мүмкін. Қазіргі халықаралық қатынастар дүниедегі екі саяси жүйені, (капитализм және социализм) жокқа шығару жағдайында дамуда және мемлекеттер өзінің сыртқы саясатын анықтағанда халықаралық қатынастардың осы ерекшелігін басшылықка алуы керек.Ел басшылығының негізгі сыртқы саяси мәселесі — Қазақстан Республикасын әлемдік қауымдастықкң бейбітшілікгі жақтаушы және тату көрші мемлекет ретінде интеграциялауға ұмтылу. Қазіргі халықаралық қатынастарға айтарлықтай ықпал тигізетін фактор мемлекеттердің милитарлануы болып саналады.