Оқытушының жетекшілігімен студенттің өз бетінше атқаратын жұмысына арналған әдістемелік ұсыныс
Құрастырған:б.ғ.д., аға оқытушы Молдақарызова А.Ж.
Алматы, 2016 ж.
Кафедра мәжілісінде бекітілді
Хаттама № _____ __________2016 ж.
Кафедра меңгерушісі, профессор Кенесариев У.И.
Тақырыбы: Экология пәнінің зерттеу міндеттері мен нысандары. Экологияның даму тарихы.
2. Мақсаты: табиғи орта мен тірі ағзалардың бір бірімен байланысының негізгі ұстанымдары туралы түсінік беру.
3. Оқыту мақсаты:
1. Пәннің мақсаты, міндеттері, экологиядағы зерттеу әдістері және басқа ғылымдармен байланысы туралы білімдерін қалыптастыру;
2. Экологиядағы табиғатты қорғау және ұтымды пайдаланудың теориялық негіздері туралы білімдерін қалыптастыру;
3. Б.Коммонердің негізгі заңдары мен олардың принциптері туралы білімдерін қалыптастыру;
4. Шектеуші экологиялық факторларды, «эмердженттілік» принципін және В. Шелфордтың толеранттық заңын анықтай білуін дағдыландыру.
5. Экология және табиғи ресурстарды пайдалану бойынша ҚР кодексы мен заңдарын қолдану дағдылары жөнінді білімін қалыптастыру;
6. Кәсіби әдебиеттермен жұмыс істеу кезінде студенттердің талдау қабілеттілігін қалыптастыру және жетілдіру.
4.Өткізу түрі: (кеңсе) кеңес беру
5. Тақырып бойынша тапсырма:
№1. Қазіргі экология құрылымы, Б.Коммонердің негізгі заңдары, олардың принциптері, экология және табиғатты тиімді пайдалану бойынша ҚР кодекстері және заңдарымен танысу
№2. Шектеуші экологиялық факторлар, «эмердженттілік» принципі және В. Шелфордтың толеранттық заңымен танысу
№3.Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша сөзжұмбақ құрастыру, қазіргі экология құрылымын сұлба түрінде сызып көрсету
5. Таратылатын материал: Б.Коммонердің заңы бойынша кесте, экология және табиғатты рационалды пайдалану бойынша ҚР заңдар мен кодекстер.
6. Әдебиеттер:
Экология: учеб. пособие/ C.А. Сергейчик. - Минск: Современная школа, 2010. -400 с., стр. 5-15.
1. Экология в вопросах и ответах: учеб. пособие/ В.И. Коробкин, Л.В.Предельский: Феникс, 2009.-378с, стр. 5-20.
2. Учение об окружающей среде: учеб. пособие/ Г.К. Ерубаева: Алматы, казак универс 2011.-153с., стр 5-10.
3. Экология и устойчивое развитие. учеб. Для вузов/ Аскарова У.Б., Аскаров Н.Б., Алматы, 2014 г., -190 с., стр 4-9.
4. Экология и устойчивое развитие. учеб. пособие/ Колумбаева С.Ж., Бильдебаева Р.М., Шарипова М.А. Алматы, Қазақ университеті, 2012 -133 с., стр. 3-6.
5. Экология: учеб. пособие/ В.И. Коробкин, Л.В.Предельский: Феникс, 2008.-315с, стр. 5-14.
7. Бақылау (сұрақтар): (ауызша сұрау, білім беру құзіреттілігі):
1.Экология ғылымы нені зерттейді және оның негізгі міндеттері?
2. Ғылым ретінде заманауи экологияның құрылымы қандай?
3. Экология ғылымының тарихи даму жолы қандай?
4. Б. Коммонер заңына анықтама беріңіз
5.Жалпы экология нені зерттейді?
5.Қолданбалы экология нені зерттейді?
6. Адам экологиясы нені зерттейді?
7. Жалпы экология тарауын атаңыз?
Тақырып Ағза бүтін тірі жүйе ретінде.
Мақсаты: өмір сүру ортасы туралы, экологиялық факторлар және тірі ағзалардың ұйымдастыру деңгейлері туралы түсінік беру. Ағза мен ортаның өзара әсерлері жөнінде білімін қалыптастыру
3. Оқыту міндеттері:
- Тірі жүйе деңгейлері өнінде, экологиялық факторлар мен олардың ерекшеліктері жөніндегі білімдерін қалыптастыру.
- Тірі ағзалардың тіршілік ету ортасын анықтайтын негізгі заңдылықтар жөніндегі білімдерін қалыптастыру
- Шектеуші экологиялық факторларды, «эмердженттілік» принципін және В. Шелфордтың толеранттық заңын анықтай білуін дағдыландыру.
4. Өткізу түрі: (кеңес) кеңес беру
5.Тақырып бойынша тапсырма:
№1. Шектеуші экологиялық факторлар, «эмердженттілік» принципі және В. Шелфордтың толеранттық заңымен танысу )
№2. Тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша сөзжұмбақ құрастыру,
№3 Ситуациялық есептер специальностей ОМ и
6. Таратылатын материал: қоршаған ортаның экологиялық факторлары бойынша кесте
7.Әдебиеттер:
1. Экология: учеб. пособие/ C.А. Сергейчик. - Минск: Современная школа, 2010. -400 с., стр. 5-15
2. Экология в вопросах и ответах: учеб. пособие/ В.И. Коробкин, Л.В.Предельский: Феникс, 2009.-378с, стр. 5-20.
3. Учение об окружающей среде: учеб. пособие/ Г.К. Ерубаева: Алматы, казак универс 2011.-153с., стр 5-10.
4. Экология и устойчивое развитие. учеб. Для вузов/ Аскарова У.Б., Аскаров Н.Б., Алматы, 2014 г., -190 с., стр 4-9.
5. Экология и устойчивое развитие. учеб. пособие/ Колумбаева С.Ж., Бильдебаева Р.М., Шарипова М.А. Алматы, Қазақ университеті, 2012 -133 с., стр. 3-6.
6. Экология: учеб. пособие/ В.И. Коробкин, Л.В.Предельский: Феникс, 2008.-315с, стр. 5-14.
8. Бақылау (сұрақтар,тапсырмалар):
1. Тіршілік ету ортасы және экологиялық факторлар дегеніміз не?
Экологиялық факторлар және олардың ағзаға әрекетінің жалпы заңдылықтары.
3. Абиотикалық факторлары қалай аталады?
4. Биотикалық факторлары қалай аталады?
5. Антропогенді факторлар қалай аталады?
6. Ағзаның бейімділігі дегеніміз не және ол немен қамтамасыз етілген?
7. Лимиттеуші факторлардың маңызы қандай және толеранттылық заңының мәні неде?
Ситуациялық есептер
№1 есеп.
Жер-әуе ортасы төмен тығыздықпен, температураның үлкен тербелісімен (жылдық, 100оС дейінгі амплитуда), ауаның жоғары қозғалысымен, оттегімен жақсы қамтамасыздалуымен сипатталады.
Сұрақтар:
1. Жер-әуе ортасының лимиттеуші факторларын атаңыз.
2. Жер-әуе ортасына қандай мекендеушілер тән – гомойотермді немесе пойкилотермді ме және неге?
3. Жер-әуе ортасының мекендеушілерінің температуралық факторға экологиялық толеранттылығы қандай?
4. Жер-әуе ортасының мекендеушілерінің температура факторларына және су құрамына негізгі үйрену жолдарын атаңыз.
5. Жер-әуе ортасындағы мекендеушілерге әсер ететін периодты емес факторларға мысал келтіріңіз.
6. Жарық, ағзалардың қандай үйренгіштігіне әкеледі?
7. Бір фактор экстремалды (күйзелісті) болған жағдайда екінші фактордың толеранттық шегі қалай өзгереді?