Дау-дамай себептерінің жіктелуі:
1) ресурстың жеткіліксіз, шектеулі болуы, олардың сандық және сапалық жақтары;
2) мақсаттар арасындағы айырмашылықтар;
3) құндылықтардағы, мінез-құлықтағы, тәрбиедегі айырмашылықтар;
4) қанағаттандырылмаған коммуникация;
5) қақтығысқа қатысушылардың жеке ерекшеліктері.
Бұл жіктеулердің жақсы жағы бар, ол дау-дамайдың қайнар көзі мен қолданылу сферасын ажыратуға мүмкіндік береді. В.Линкольн дау-дамайды талдай отырып, олардың себепті факторларын анықтап, 5 типін көрсеткен:
1. Ақпараттық факторлар:
толық емес, нақты емес фактілер;
дезинформация;
уақытынан ерте немесе кеш жеткізілетін ақпараттар;
2. Мінез-құлықтық факторлар;
3. қарым-қатынас факторлары:
мәртебе бойынша айырмашылық;
құндылықтық факторлар;
құрылымдық факторлар: біздің тілегімізден тыс обúективті жағдайлар, оларды өзгерту өте қиын, т.б.
Тұлғааралық дау-дамайларды бірнеше белгілер бойынша жіктеуге болады:
• іскерлік (басшы, бағынушы);
• отбасылық;
• мүліктік;
тұрмыстық, т.б.
8.
1. Коммуникация мәселелері Коммуникациялық процесс - бұл екі немесе оданда көп адамдар арасындағы мәлімет алмасу, әрі оның негізгі мақсаты мәліметтің түсінікті болуын қамтамасыз ету. Коммуникация-бұл күрделі процесс жәнеде оны жақсы түсіну үшін процесс сатыларын білу қажет.Мәліметті жіберуші идеяны қорытушы немесе мәліметті жинаушы және оны таратып беруші болып саналады.
символдар көмегімен кодталған мәліметтің өзін хабарлау.
канал, мәліметті беру құралы.
алушы, бұл мәліметті қажет ететін адам.
Басқа адамдарды мақтай білу
Есіңізде сақтаңыз:
1)Бәрі де шын көңілден болу керек.Егерде сіздің шын ойыңыздан шықпаса,мақтаудың қажеті жоқ
2)Адамды ісіне қарай бағалау керек
3)Мақтау екі жақты болу керек
Коммуникатордың сенімділігін қабылдау
Коммуникация процесінде тек мәлімет алмасу ғана емес, оны партнерлердің бірдей тура түсінуі қажет. Яғни коммуникация процесінде келіп түскен мәліметті дұрыс түсіну (интерпретация) проблемасы туындайды. Біріншіден, мәліметтің формасы мен мазмұны коммуникатордың жеке даралық ерекшелігі, реципиент туралы көзқарасы, ол туралы өзінің пікірі және қарым-қатынас процесіндегі жағдайларға байланысты. Екіншіден, оның жіберген мәліметі реципиенттің жеке-дара психологиялық ерекшеліктеріне, көзқарасы, пікірлеріне, жағдайға байланысты өзгеріске түседі. Мәселен, бастығы мен өзінің ұлынан естіген бір мәлімет екі түрлі психологиялық реакцияға әкеледі. (Бастықтың айтқанын зейінмен тыңдаса, баласыныкіне ашулануы мүмкін). Мәліметті әр түрлі қабылдау бірнеше себептерге байланысты. Солардың ішінде маңыздысы – коммуникативтік барьердің болуы (түсініспеушілікке әкелетін тосқауыл), ол – коммуникативтік процестің екінші ерекшелігі. Түсініспеушілік барьері, әлеуметтік-мәдени барьер, қарым-қатынас барьерлері болуы мүмкін.
Адамдарды қабылдау мен оларды дұрыс бағалауға кедергі жасайтын факторлар
Адамдарды қабылдау мен оларды дұрыс бағалауға кедергі жасайтын факторлар:адамды қабылдаудан және оны бағалаудан бұрын қалыптасқан ойлар, көзқарастар, бағдарлар;қалыптасқан стереотиптер;тұлға туралы тез қорытынды жасауға ұмтылу;белгілі бір тұлғалық білімдердің тұтас бейнеге бірігуі;“ореол” эффектісі - адамға деген алғашқы көзқарастың тұлғаның тұтас бейнесіне әсер етуі және тұлға туралы жалпы ойдың оның жекелеген қасиеттеріне әсер етуі. Мысалы, адам туралы жақсы ой қалыптасса, оның жақсы қасиеттерін тым жоғарылатып жіберу, ал жаман қасиеттерін елемеу немесе керісінше, адам туралы жаман ой қалыптасса, оның жақсы қасиеттеріне көз жұму;“проекция” эффектісі - адамның басқа адамдарға өзінің қасиеттері мен эмоционалды күйін проекциялауы, басқаша айтқанда, адамның өзінде бар қасиеттерді басқа адамдардың бойынан көруі, адамның басқаларды өзі сияқты бағалауы;“алғашқы” эффект – адам туралы алғашқы көргендегі немесе естігендегі ой-пікірлердің оны қабылдауға әсер етуі;басқа адамның ой-пікіріне құлақ салмау, тек өз ойы мен көзқарасына сүйену;уақыт өте келе адамдарды қабылдау мен оларды бағалаудың өзгеруі“соңғы ақпарат” эффектісі - соңғы алған ақпараттың алдыңғы ойға әсер етуі
9.
1.Әлеуметтік ірі топтардың ұйымдастырылуы Әлеуметтiк топ мүшелері өздерін осы топқа жатқызады және де басқалар да оларды сол әлеуметтік топтың мүшесі ретінде мойындайды (Р. Мертон). Әлеуметтiк топ санына қарай үлкен және кіші; әрекет етудің ұйымдасуы мен реттелуіне қарай ресми және бейресми болып бөлінеді.1. Үлкен әлеуметтік топтарға халықты қамтитын бірлестіктер кіреді, яғни олар: сословиелер, таптар, әлеуметтік жіктер, жыныстық, жас ерекшелігі бойынша, этникалық, діни және т.б. топтар. Үлкен топтар елеулі саяси ықпалға ие болғандықтан әр түрлі әлеуметтік қозғалыстардың базалық негізі болуы мүмкін.2. Орташа топтар өндірістік, аумақтық бірлестіктерден құрылады, олардың арасында әр түрлі мүдделер мен саяси бәсекелестік болуы мүмкін.3. Кіші топтарға, ең алдымен, мүдделер ортақтығы негізінде пайда болатын тұрақты немесе уақытша ассоциациялар жатады. Отбасы, шағын өндірістік бірлестіктер, қоғамдық өмірдің әр түрлі ұйымдары кіші топтар түрлері ретінде есептеледі.Аталмыш барлық топтық бірлестіктер қандай дәрежеде болмасын қоғамның саяси өміріне қатысып, саясат субьектісі бола алады. Осы топтардың ішінде үлкен топтың қызметі ерекше.
2.Қарым-қатынас құрлымы және функциялары Қарым-қатынастың құрылымы мен атқаратын функциясының күрделілігі қарым-қатынастың өзара байланысты үш жағынанбайқалады. Олар:– ақпараттық (немесе коммуникативтік), қарым-қатынасқа түсетін адамдар арасында ақпарат алмасу жүреді;– өзара әрекеттесу (немесе интерактивтік) қарым-қатынас жасаушылардың білім, идея, жай-күй ғана емес әрекет алмасуларымен ерекшеленеді.– түсінісу (немесе перцептивтік), қарым-қатынастағы серіктестердің бір-бірін қабылдауы, бағалауы және түсінуі болып табылады. Коммуникативті жағы- ақпарат алмасуда, интерактивті – қарым – қатынас серіктерінің қарым – қатынасының таңбалық жүйелерін кодтау, өзара әрекеттерін реттеуде, перцептивті - әңгімелесушіні салыстыру, сәйкестендіру, апперцепция, рефлексия сияқты механизмдердің көмегімен «оқу» кезінде бір-бірімен байланысты жүзеге асырылады. Қарым қатынас – а) Бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындайтын, құрамына ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің біртұтас стратегиясын жасау, өзге адамды қабылдау және түсіну, адамдар арасындағы байланыстың орнауы мен дамуының күрделі, көп мақсатты процесі; б) Субъекттердің белгілілік құралдармен жүзеге асырылатын, бірігіп әрекет ету қажеттілігінен туындаған және серіктесінің жай-күйін, мінез-құлқы мен тұлғалық-маңыздылық құрылымын өзгертуге бағытталған өзара әрекеттесуі.Қарым-қатынаста бірінің әрекеті екіншісінің әрекетіне бейімделуіне қол жететін кемінде екі адамның әлеуметтік коммуникациясының не қарым-қатынасының формасы - әлеуметтік әрекеттестік болып табылады. Тұлға диспозициясы – әрекеттің белгілі бір жағдайлары және осы жағдайлардағы белгілі бір мінез-құлықты қабылдауға деген бейімділіктердің жүйесі.Әлеуметтік институт – адамдар бірігіп әрекет етуін ұйымдастырудың тарихи қалыптасқан, тұрақты формалары. Өмір салты – адамның тарихи нақты әлеуметтік қатынастары типтік болып табылатын өмір сүру формасы. Фактілік қатынас – коммуникативтік құралдарды тек қатынас процесін қолдау мақсатында ғана пайдаланатын қатынас.Әлеуметтік-психологиялық біліктілік – индивидтің өзін қоршаған адамдармен тұлғааралық қатынастар жүйесінде тиімді әрекеттесе алу қабілеті.
3.Тұлғаның асоциализациялануы Тұлғаның асоциализациялануы әлеуметтенудегі сияқты хронологиялық кезеңдерде (балалық, жеткіншектік, жастық шақ) болып отырса, десоциализация ересек жаста да болуы мүмкін. °рине, бұл жағдайда әңгіме тұлға қоғаммен, мемлекетпен бір немесе бірнеше байланысын үзіп, қалғандары позитивті түрде болатын шағын десоциализация туралы болып отыр. Мысалы, жасырын қылмыскерлер тобының әсерімен мемлекеттік мүлік ұрлау жолына түскен ересек жастағы адам бір мезгілде жанұяда жақсы, мәдениетті, сыпайы болып, басқа да барлық әлеуметтік рөлдерді қалыпты орындауы мүмкін. Бұл туралы К.Маркс өзінің ертеректегі бір еңбегінде: “°рбір адам мемлекетпен мыңдаған өмірлік жүйелермен байланысқан жоқ па және мемлекет осы адам өз бетінше бір жүйені кесіп тастады деп бұл жүйелердің барлығын кесіп тастауға құқылы ма? Мемлекет қылмыскерді де Отанын қорғауға тиіс жүрегінде қан ойнап тұрған солдат, пікіріне сот құлақ асатын куәгер, қоғамдық қызмет атқаратын қауымдастық мүшесі, қасиетті жанұя басы және ең бастысы мемлекет азаматы ретінде мемлекеттің тірі бөлшегі көруі тиіс. Мемлекет өзінің бір мүшесін бұл қызметтердің барлығынан жеңіл түрде ажырата алмайды, ондай болса, мемлекет әрбір азаматы қылмыс жасаған сайын өзінен тірі бөлшектерді кесіп тастағандай болады”.
4. Қоғамдық қарым-қатынас. Қоғам - жалпы мағынасында, мәдениеті ортақ, белгілі бір аумақта тұратын және өздерін біртұтас, өзгеше бірлестік деп білетін адамдар тобы; тар мағынасында бұрыннан немесе жақсы танымал ұлттық бірлестік. Қоғамдық қатынас мынадай ерекшеліктерімен сипатталады:1) қоғамға қажетті қатынас түрлері болады;2) субьект (жеке адам, адамдар) топтық сипатта болады;3) қоғамның обьективтік сипаты болады, яғни қоғам адамдар сол қатынасқа енгісі келе ме жоқ па, оған қарамастан өмір сүреді.
10.