Батыстық әлеуметтік психологияда әлеуметтік бағдарлау деген сөздің орнына “аттитюд” термині қолданылады (ағылшын сөзі). Ал бағдарлау деген сөз ағылшын тілінде “set” деп аударылады (Д.Н.Узнадзенің берген анықтамасына мағыналас).
Батыстық әлеуметтік психологияда аттитюдті зерттеудің төрт кезеңі бар:
1918 жылы осы терминнің енгізілуі, екінші дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезең (бұл кезеңде мәселенің маңызы мен атағы және оны зерттеу процесі өседі);
1940-1950 жж. (көптеген тығырықтық жағдайларға байланысты мәселені зертттеудің төмендеуі);
1950-1960 жж. (мәселеге қызығушылықтың жандануы, жаңа идеялардың пайда болуы, бірақ мәселені зерттеудің кризистік жағдайда екендігін мойындау);
1970 ж. (көптеген қарама-қайшылықтар әсерінен анық тоқырау).
1918 жылы У.Томас және Ф.Знанецкий польшалық шаруалардың бейімделуін зерттеп, Еуропадан Америкаға эмиграцияланған екі тәуелділікті тапқан: индивидтің әлеуметтік ұйымдастыруға тәуелділігі және әлеуметтік ұйымдастырудың индивидке
тәуелділігі, бұл екі тәуелділіксіз адаптация процесін сипаттау мүмкін емес. Бұл тәуелділіктер бұрынғы тұлға мен қоғам байланысының модификациясы болған. У.Томас пен Ф.Знанецкий сипатталған тәуелділіктерге “әлеуметтік құндылық” (әлеуметтік ұйымдастыруды сипаттау үшін) және “әлеуметтік бағдарлау” немесе “аттитюд” (индивидті сипаттау үшін) түсініктері арқылы сипаттама бергісі келді. Осыдан бастап әлеуметтік психологияда жаңа “аттитюд” термині пайда болды.
Аттитюд ашылғаннан кейін оны зерттеу процесі қарқынды өсті. Аттитюдтің көптеген анықтамалары пайда болды, оларда қарама-қайшылықтар кездесетін. 1935 ж. Г.Олпорт аттитюдті зерттеуге байланысты мақала жазып, оның ішінде аттитюдке берілген 17 дефиницияны көрсетті. 17 анықтаманың ішінен барлық зерттеушілердің ойлары тоғысатын 5 анықтаманы бөліп ашып түсіндірді:
а) сана мен жүйке жүйесінің белгілі бір қалпы;
ә) реакцияға дайын екендігін білдіруші;
б) ұйымдастырылған;
в) алдыңғы тәжірибе негізіндегі;
г) іс-әрекетке динамикалық және бағыттаушы ретінде әсер етуші.
Аттитюдтің теориялық негізін жасау үшін зерттеулер жалғаса берді. Оның қызметі мен құрылымы зерттеле бастады.
Дем беру шеберлігінің тармақтары
1.Адамдармен келісе білуді үйрену және олардың қылығын мақұлдау
2.Сіз басқа адаммен келіскен жағдайда оларға осы туралы айтыңыз
3.Дауларды әділ шешіңіз
4.Келіспесеңіз тура айтыңыз
5.Қателік жіберсеңіз батыл мойындаңыз
6.Адамдармен таласудан аулақ болыңыз
6.
Гіме жүргізу тәртібі
Әзілдесу,Сұрақты өзгеше құру, Көзбен байланыс, Өткір сөз қолдану, Іскер сипат, Мәселе талқылау, Қимылды қадағалау, Балама сұрақ қоймау, Сөйлегенін күту, Қашықтықты сақтау, Кешірім сұрауға болады жалынбау керек, Әңгімеге тарту, Ашық сұрақ қою, Мақсатты сұрақ қою
Оғам психологиясы
Жүйе құрастыратын қабат қоғам психологиясының сапалық ерекшеліктерін білдіреді және оның тұтастығының негізгі ерекшелігін анықтайды. Бұл қабат консервативтіліктің және өзгерістердің қиындығына, ұзақ тарихи тәжірибелер мен тұжырымдарға қатты берілген. Оларға қоғамның қызығушылығы, қажеттілігі, сенімі, мұраттары, есі, нанымдары, дәстүрі, салттары, қоғам пікірлерінің ауысуы, көңіл-күйі, шешімдері, т.б. жатады.
қоғамдық сана - әлеуметтік болмыс пен тұрмысқа, қоршаған әлемге индивидтің сапалы түрдегі түсінігі мен қатынасы. Олар техника және ғылым жетістіктерінде, идеологияда, қоғамдық пікірлерде, мойынсұнатын мінез-құлық нормаларында, қоғамдық мұраттарда, сенім-нанымдарда, құнды ақыл-ойларда (мақал-мәтелдерде), түсіну көрсеткіштері мен оқиғаларды бағалауда, жалпы негізгі түсініктер жүйесінде көрінеді.
қоғамдық өзіндік сана – халықтың қоғам ретінде психологиялық өзін-өзі теңестіруі, бұл басқа мемлекет халықтарына қарағанда өзінің тұтастығымен, ерекшелігімен сипатталады. Тағдыры мен өз өмірінің ұқсастығы, өзінің күшті және әлсіз жақтарына, қоғамдық қажеттіліктері мен қызығушылықтарына өзіндік баға беруі.
Психологиялық-рухани мәдениет халықтың мүмкіншіліктері мен рухани күштерінің тарихи даму деңгейімен, құндылық мәдениеті, қатынастары, мінез-құлық нормалары, ойлары, адамгершілігі, тәрбиелілігі, тілі, ұлттық белгілері (туы, әнұраны, елтаңбасы, жалауы, дәстүрі, салты, рәміздері), өнер мәдениеті, әлеуметтік, саяси, құқықтық, т.б. компоненттерімен анықталады.
Халық ділі (менталитет) – тарихи қалыптасқан психологиялық ойлау тәсілі, ойлау бейнесі, бағалары, рухани бағыттары, әдеттегі әлеуметтік қызығушылықтары мен талғамдары.
14. ²î¹àì ïñèõîëîãèÿñûíû» º½ðûëûìû [5, 174]
қоғамдағы әлеуметтік психологиялық хал-ахуал – халықтың өміріне және іс-әрекетіне, оның топтарына, азаматтарына қолайлы немесе қолайсыз қоғамдық психологияның көріністері.
қоғамдық белсенділік - әлеуметтік тұрғыдан бағаланатын және топтың немесе тұлғаның қызығушылықтарын, бағыттылығын қамтамасыз ететін халықтың мінез-құлқының шынайы тәжірибесі.