Қазіргі генетиканың міндеттері табиғаттың аса маңызды кұбылыстарын білу үшін ғылымның болашағы мен потенциалын ашатын жоғарыда аталған теориялық проблемаларды ғана зерттеу емес, генетиканың алдында көптеген практикалық, мәселелерді шешу үшін аса маңызды және жақын тұрған міндеттер де бар. Өсімдіктің сорты немесе жануардың тұқымы ауылшаруашылығындағы өндіріс құралы. Өсімдіктер сорттары мен жануарлар тұкымдарының жоғары өнімділігі еңбек өнімділігін арттырады. Сорттар мен тұқымдарды шығару дербес бөлек ғылым селекцияның міндеті болғанымен, селекция тұқымқуалаушылық пен өзгергіштіктің заңдарын меңгермейінше дами алмайды. Селекция үшін генетика жаңа жолдар ашып береді.
XX ғасырдың 70-жылдарынан цитогенетика ғылымы хромосоманың құрылымын және қызметін молекулалық деңгейде зерттей бастады. Цитогенетика ғылымының нәтижелері әртүрлі организмдердің кариотиптерінің эволюциясын түсінуге көмектеседі. Қазақстанда кейбір цитогенетикалық мәселелер XX ғ. 30-жылдары зерттеле басталды. Қазақ жерпайдалану ғылыми зерттеу институтында жаздық бидайдың бірнеше сортының моносомалық линиялары шығарылды; Казақ Ұлттық Академиясының Эксперименттік биология институтында жануарлар клеткасы хромосомасының тұқымдық және өзіндік ерекшеліктері анықталып қойдың жабайы тектес тұрмен будандастыру арқылы жаңа тұқымы және басқа да үй жануарлардың шығарылды. Хромосома санындағы ауытқулардан болған тұқым қуалайтын аурулар жүйелі түрде Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің институттарында зерттелуде. Мысалы, Қазақ онкология және радиология институтында қауіпті ісік жасушалырының радиацияны сезгіштігіне, ондағы өзгерістерге, сондай-ақ қауіпті ісік жасушасының хромосомасындағы құбылыстарға сипаттама берілді. Қазіргі кезде цитогенетикалық мәселелермен Қазақстанда жалпы генетика және цитология ғылыми-зерттеу институты, өсімдіктер физиологиясы, генетикасы және биоинженериясы институты, ҚазҰУ-дың биология факультетінде және т.б. ғылыми зерттеу мекемелері шұғылданады
32. Әртүрлі тест жүйелер және олардың сапалылығын салыстырыңыз. Нәтижесінде сүтқоректілер мен адамдарға қатысты мутагендік қасиеттердің бар-жоқтығын биологиялық тестілер арқылы ақпарат алынады. Тексеріс барысында түрлі тест-жүйелер қолданылады. Ортаның түрлі мутагендік факторларын бағалауды есті-жүелердің жиынтығымен өткізу қажет. Көптеген зерттеулерге қарамастан, ертеден келе жатқан тест-жүйелерінің бірі де адам ушін тексеріліп жатқан қосылыстардағы мутагендік қасиеттердің бар-жоқтығын бағалауға қатысты 100% тиімділікке ие емес. Қазіргі кезде жүзге жуық тест-жүйелерінің бар болуына қарамастан, адетте биологиялық тестілеуді өткізген кезде нақты сипатталған юстілердің шектелген жиынтығы ғана қолданылады. Әдетте бірбір тест-объектіде қоршаған ортаның жағдайын қадағалауда мүмкін әдістеріндегі критерийлердің бірі қолданылады. Олар Heir ішінде хромосома аберрациялары, анеуплоидты жасушалардың жиілігі және микроядролық тест. Жеке алынған тест-жүйесының бірі де барлық мутагендерді анықтап сипаттауға бейімсіз болып андықан, Дүниежүзілік денсаулық қастау ұйымының мамандары бернеше тесттерді қолдану ыңғайлы екендігін және оларды сүтқоректілерге қатысты қолдануды ыңғайлы деп ұйғарды. Одан басқа in vitro тест-жүйелерінің қатарын сүтқоректілерге қатысты оііндік сүрақтарды шешу үшін қолдануға болады. Қазіргі кезде түрлі химиялық қосылыстардың мутагенді және канцероген- ді өсер етуін анықтау үшін биологиялық тестілердің кең спектрі қолданылады. Адам үшін мутаген қауіптілігін сапалы анықтауды откізу бірнеше тест-жүйелерді қатар қолдануды талап етеді.
• - Тест-жүйелер келесі талаптарға жауап беруі тиіс:
• - Мутагендердің тіпті кішкентай мөлшерлеріне жоғары сезім- іалдығы;
• - Тек қана мутагендерге емес, одан басқа метаболиттерге де оезімталдығы;
• - Тестілеу әдістерінің жылдамдығы және үнемділігі;
• - Жаңғырту қасиеті (бұл тест-жүйесіндегі барабар нәтижелер- ді алу мүмкіндігі);
• - Тест-жүйелер реакциясы негізгі мутациялық спектрді ажырау керек және ДНҚ және хромосома өзгерістерін объективті тіркеуі тиіс (нүтелік, хромосомдық және геномдық мутациялар);
• - in vitro зерттеулері кезінде алынған мәліметтерді in vivo жағдайына экстраполациялау мүмкіндігі.