Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістерін талдаңыз.




Криптография – мәліметтердің өзгеру әдістерінің жиынтығы, яғни осы мәліметтерді айқынсыз бейнеге әкелуге бағытталған мәліметтерді қорғаудың екі басты мәселесін шешу: 1) жасырындық мәселесін; 2) бүтіндік мәселесін. Ақпараттық жүйелердегі ақпаратты қорғаудың криптографиялық әдістері ЭЕМ-де өңделген немесе есте сақтау құрылғысының әр түрлі типінде сақталған ақпаратты қорғау үшін қалай қолданылса, байланыс жолдары бойынша әр түрлі элементтер арасында берілген ақпаратты жабу үшін де солай қолданылады. Аж-де ақпараттардың криптографиялық жабылуына қойылатын талаптар: 1. Криптографиялық жабудың күрделілігі мен беріктігі мәліметтер құпиялылығының деңгейі мен көлеміне байланысты таңдалуы қажет. 2. Жабудың сенімділігі қаскүнемге жабудың әдісі белгілі болған жағдайда да құпиялылық бұзылмайтындай болуы керек. 3. Жабу әдісі, қолданылған кілттер жиыны және оларды тарату механизмі өте күрделі болуы керек. 4. Тікелей және кері өзгеру процедураларының орындалуы формалды болуы қажет және хабардың ұзындығына байланысты болмауы керек. 5. Өзгерудің орындалу процесінде туындайтын қателер жүйе бойынша таралмауы қажет. 6. Процедуралармен енгізілетін қорғауда артықшылық ең аз болуы қажет. Ақпаратты шифрлеу оны жасау кезінде қолданылатын, ақпараттың мазмұны басқа қолданушы субьектіге түсініксіз болатын үрдіс. Ақпаратты шифрлеу нәтижесі шифрлі мәтін немесе криптограмма деп аталады. Шифрлі мәтінннен ақпаратты қалпына келтіретін кері үрдіс ақпараттың шифрін шешу (расшифровка) деп аталады. Ақпаратты шифрлеу және шифрді шешу кезінде қолданылатын алгоритмдер конфиденциальды емес, шифрлі мәтінің конфиденциальдығы шифрлеу кезінде қолданылатын қосымша параметрлердің, шифрлеу кілтінің көмегімен жүзеге асырылады. Шифрлеу кілтін білу шифрлі мәтінді дұрыс шешуге көмектеседі. Ақпараттың бүтіндігі дегеніміз олардың кездейсоқ және күтілмеген өзгерісі немесе бүлінуі кезіндегі ақпараттың өзгеріссіз қалуы. Бүтіндік ақпаратқа кеңірек сипаттама беруші оның сенімділігінің бір бөлігі болып табылады, ол бүтіндіктен басқа белгілі бір облыстағы ақпараттың толықтығы мен дәлдігін қамтиды. Ақпаратты хештеу дегеніміз оның жасалу үрдісіне белгілі ұзындықтағы хеш мәнді енгізу. Хештеуді қолданудың бір түрі ақпараттың бүтіндігін қамтамасыз ету болып табылады. Криптотүрлендіру Ақпаратық блоктың өлшеміне қарай криптоалгоритм мыналарға бөлінеді: 1. Потокті шифрлеу, онда кодтау бірлігі бір бит болып табылады. 2. Блоктік шифр, кодтау бірлігі бірнеше байттан тұратын блок болып табылады. Айырбастау әдісімен шифрлеу. Бұл шифрлеу әдісінің ең оңай түрі. Шифрленген мәтіннің символдары бір алфавиттен немесе көп алфавиттен алынған басқа символдармен айырбасталады. Біралфавитті қою. Ең оңай қою – шифрленген хабардың символдары сол алфавиттің басқа әріптерімен тікелей айырбастау.

Цезарь шифры - ең жеңіл және кеңінен тараған шифр әдісі. Оны Цезарь коды, Цезарь жылжытуы немесе жылжыту шифры деп те атайды. Шифр орнына қоюдың бір түрі деп те атауға болады. Шифрде әрбір таңба ашық мәтінде әліпби бойынша тұрақты көлемде оңға немесе солға жылжытылып отырады.Мысалы, жылжыту саны 3 болатын шифрде А әрібі В, Ә әрібі Г ауыстырылады. Бұл шифрование көбінесе көптеген күрделі шифрдің бөлігі ретінде қолданады, мысалы, Виженер шифры.Цезарь шифры әлі де ROT13 системасында қолданыс табуда. Барлық монолитті шифрлер секілді Цезарь шифрі де тез сындырылады, практикада мүлдем қолданыс көрмейді. Қазіргі кезде криптологияда әріптерді әріптермен емес оларға сәйкес келетін сандар түінде өзгерту қабылданған. Осылайнан латын алфавитінде 0-ден(сәкесінше А) 25-ке дейінгі сандар қолданылады (Z). Бастапқы мәтіне сәйкес сандық мағынаны білдіретін х, кодталған –у, енді шифрдың қолданылу ережесін жазамыз: y = x + z (mod N), мұнда z – белгісіз кілт, N –алфавиттегі символдар саны. Цезарь шифрында белгіленген мағынасы белгісіз кілттің мағынасымен сәйкес келеді z = 3 (Август Цезарында z = 4). Мұндай шифрлар кілтті білме-ақ оңай анықталынатын: шифрлаудың алгоритмін білсе болғаны кілтті асатолу арқылы білуге болады. Криптология екі бөлімнен тұрады– криптография-шифрлаудың әдістерін және хабардың жалған екенін тексерумен, және криптоанализа-шифршешудің жолдарын қарастырумен и криптограммдарды ауыстырумен айналысды. Ұзақ жылдар бойы бірінші шифрының тұқрақсыздығы криптография атмосферасында белгісіздікті қалыптастырды,криптология ғылымының дамуын тоқтатты. Мыңдаған жылдар бұрын ғылымға дейінгі криптография көптеген қызықты шешімдерді тапты. Қарапайым әрекет – орналастыруды алфавиттік емес ретпен орындау. Хабардағы символдардың орын ауыстырып қоюда жақсы ой.

Шифрлау алгоритмнің классификациясы

Симметриялық (құпия, бірдей кілтпен, біркілттік, single-key).

Ағындық (ағын құрамын шифрлау): Бірпайдаланатын не көппайдаланатын кітпен(infinite-key cipher);

Соңғы кілтпен (система Вернама - Vernam);

кездейсоқ сандар генераторы негізін (ПСЧ).

Блогтық (блог құрамын шифрлау): Қайта жүктеу шифры(permutation, P-блоки);

Ауыстыру шифры (подстановки, substitution, S-блоки): моноалфавиттік (Цезарь коды);

полиалфавиттік(Видженер шифры, Джефферсон цилиндры, Уэтстоун дискі, Enigma);

Құралған: Lucipher (фирма IBM, США); DES (Data Encryption Standard, США); FEAL-1 (Fast Enciphering Algoritm, Япония); IDEA/IPES (International Data Encryption Algorithm/Improved Proposed Encryption Standard, фирма Ascom-Tech AG, Швейцария); B-Crypt (фирма British Telecom, Великобритания); ГОСТ 28147-89 (СССР); * Skipjack (США).

Асимметриялық (ашық кілтпен, public-key): Диффи-Хеллман DH (Diffie, Hellman); Райвест-Шамир-Адлeман RSA (Rivest, Shamir, Adleman); Эль-Гамаль ElGamal.

Олардан басқа шифрлау алгоритмінің шифрлар (ciphers) және кодтар(codes) деп бөлінетіндері бар. Шифрлар бөлек битпен, әріппен, символмен жұмыс жасайды. Кодтар лингвистикалық элемнттерді дұрыстайды (буындар, сөздер, фразалар).

А Б В Г Д Е Ж З И Й К Л М Н О П Р С Т У Ф Х Ц Ч Ш Щ Ъ Ы Ь Э Ю Я

Мысалы:

Z=4 Сөз Е Р Г Е Н Шифрлау Й Ф З Й С

Плейфейра шифры 1854ж. ойлап табылған плейфейра шифры белгілі биграмдық ауыстыру шифры болып табылады.Ол бірінші дүние жүзілік соғыста Ұлыбританияда қолданылған. Шифрдың негізі болып шифрланатын кестеде орналасқан кездейсоқ орналасқан алфавит әріптерінен тұратын хабар. Кестенің бастапқы жолдарын толтыруда хабарды жіберуші мен қабылдаушының арасындағы ыңғайлылық үшін кілттік сөз қолданылған. Плейфер кестесінің құрылыс Трисемус кестесінің құрылымына ұқсас болып келеді. Сол себепті шифрлау мен шифршешудің процедураларын анықтайық. Шифрлау процедурасы келесідей қадамдардан тұрады. 1) Ағымдағы хабардың ашық мәтіні әріптер тобына бөлінеді. Мәтін белгілі бір әріптер санын қамту керек және ол биграмдардан тұрмау қажет. 2) Егер осы талаптар орындалмаса, онда мәтін мәрдімсіз орфографиялық қателерден модификациялануы мүмкін. 3) Ашық мәтіннің кезектелген биграмдары шифрлаушы кесте арқылы шифрмәтіннің кезектелген бигрмдары келесідей ережелерге сай орындалады: a. Егер биграмның екі әрпіде ашық мәтіннің бір жолына не бағанына сай келсе, онда әріпті анықталатын қос әріптің тікбұрышынан анықталады. b. Егер ашық мәтіннің биграмдық екі әрпіде бір бағанда орналасса, онда сол әріптердің астындағы әріп алынады. Егер ашық мәтіннің әрпі төменгі жолда орналасқан болса, онда шифрмәтін үшін сәкесінше сол бағаннан жоғарғы жолдан әріп алынады. c. Егер биграмның екі әріпіде ақыш мәтіннің бір жолында жатса, онда шифрмәтінге олардың оі жағында орналасқан әріп қолданылады. Егер әріп оң жақтағы соңғы бағанда орналасса, онда сол бағанның сол жағындағы әріп алынады. «КОМПЬЮТЕРЫ» мәтінін шифрлаймыз Мәтінгі биграмдарға бөлу нәтижесінде алынады: КО МП ЬЮ ТЕ РЫ Берілген кезектелген биграмм ашық текстті шифрлау кестесінің көмегімен келесідей кезектелген ретпен биграммның шифрмәтінін алады. ГИ ЕТ ЭЯ МП КЩ Шифршешуде орындалған әрекеттер кері қарай жасалынады. Айтып кететін жайт биграммдық шифрлау шифрлардың тұрақтылығын тез көтеріп жібереді. Бірақ Трисемустың полиграфия деп жазылған жақсы ойлары тек 300 жыл өткеннен кейін ғана қолдау тапты.

3. Ақпараттық технология пәнінің приоритеті бағыттарын сараптаңыз. Ақпараттық технологиялар - ақпараттық нарықта алға қойған мақсаттарға қол жеткізу үшін саяси субъектілер қолданатын әртүрлі әдіс-тәсілдер мен техникалар. Ақпарат ағындарын анықтайтын, коммуникаторлар мен рецепиенттер әрекеттерінің мақсаттары мен тәсілдерін, қарым-қатынас стилін, басқа да ақпараттық іс- әрекеттер параметрлерін айқындайтын жүйелер ретінде мыналарды атауға болады: шешім қабылдау, сайлау кампанияларын жүргізу, халықаралық және ішкі саяси дағдарыстарды реттеу және т.б. Ақпараттық технологиялардың мазмұны, көп жағдайда, оның ақпарат нарығындағы әрекетінің стратегиясы мен тактикасына байланысты. Ең негізгілері ретінде мемлекеттің ақпараттық әрекеттеріне және оның органдарының, басқару бөлімдерінің жұмысына сапалық шектеу қоятын төмендегідей ұстанымдарды атауға болады:

• мемлекеттің алға қойған мақсаттарына халықтың жаппай бұқаралық қолдау көрсетуі және оларды жүзеге асыруда жұртшылықты жұмылдыру ("талаптандыру", "сезімді ояту" стратегиясы);

• оны орындауға аса күш жұмылдырмай-ақ, қандай да бір мәселенің шешімін қабылдауда ұстанған өз ұстанымы жайынан қоғамды хабардар ету ("қоғаммен байланысты үзбеу" стратегиясы);

• бағыныңқы төменгі құрылымдарға және басқару органдарына қызметтік тұрғыдағы шешімдерді жүзеге асыру үшін арнайы нұсқауларды тарату ("қызметтік" стратегия);

• қабылданған және жүзеге асырылып жатқан шешімдерді бақылау ("бақылау" стратегиясы);

• қандай да бір әлеуметтік мәселелерді талқылауда мемлекеттік, саяси және қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер белсенділігін үйлестіру ("күштер тепе-теңдігі" стратегиясы);

• саяси тәртіп және басқару түрінің жағымды бейнесін қалыптастыру, соған сәйкес оппозицияның сыны ("имидж қалыптастыру" стратегиясы);

• қоғамдық пікірді тәртіпке қолайсыз әлеуметтік мәселелерді талқылауға барғызбай, көңілін аулау ("назарын басқаға аудару" стратегиясы).Ӏс жүзінде мемлекет қызметіне ақпараттық стратегиялар және олармен байланысты техникалық міндеттер кедергі туғызуы да мүмкін.Ақпараттық технологиялардың мақсаты, адамның талдау жасай отырып, нәтижесінде белгілі бір әрекетті орындау арқылы шешімдер қабылдай алатындай ақпаратты өңдіру болып табылады. А.т құралдарына техникалық, программалық, ақпараттық құралдар жатады. Техникалық құралдарға дербес компьютер, байланыс желілері, желі жабдықтары енеді. Техникалық жабдықталуына тәуелді болып келетін ақпараттық технология түрі ақпаратты жинақтауға, өңдеуге мүмкіндік береді. Техникалық және ақпараттық жабдықтамаларға тікелей тәуелді болып келетін программалық құралдар жинақтау, өңдеу, талдау қызметін атқарады. Ақпараттық технологиялардың даму кезеңдері:Бірінші кезең ХІХ ғасырдың екінші жартысымен шектеледі және ең бастысы, қылқалам, қағаз сияқты жабдықтарды пайдаланып, ақпаратты пошта, шабарманның көмегімен тарататын технологияларды білдіреді. Бұл технологиялар ақпаратты құру мен оны қажетті түрде ұсынуға бағытталған. Екінші кезен ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың 40-жылдарына дейінгі аралықты алып жатыр. Ол жазу машинкалары, телефон, фонограф сияқты жабдықтарды, поштамен жеткізудің жетілдірілген (механикалық) тәсілдерін пайдаланумен сиппаталды. Технологиялар ақпаратты ұсынудың аса ыңғайлы формаларын қамтамасыз етеді.

Үшінші кезең ХХ ғасырдың ортасы (40-жылдардың соңынан 80- жылдарға дейінгі аралық). Ақпаратты өңдеудің акпараттаық технологиялары дами бастады. Оның жабдықтарына үлкен ЭЕМ, электрлік жазу машинкалары, көшірме аппараттары, магнитафондар жатады. Адам іс- әрекетерін түрлі салаларында ақпаратты өңдеуге арналған автоматтандырылған басқару жүйелері, базалық және арнайы программалы-техникалық кешендер, автоматтандырылған жұмыс орындары пайда болды. Төртінші кезең (1980 жылдан бастап ХХІ ғасырдың басына дейін) дербес компьютерлерді және олардың әр түрлі программалық жабдықтамаларын, факсимальді байланыстарды, электрондық пошталарды, компьютерлік желілер мен Интернетті кеңінен қолдануға бағытталған «ақпараттық» кезең ретінде анықталды. Пайдаланушылардың компьютермен немесе бір-бірімен қарым-қатынас жасаудың интерактивті режимі жүзеге асырылды. Жаңа ақпараттық технологияның негізгі буыны-білімді ұсыну мен өңдеу.Технологиялар пайдаланушылардың қажеттіліктерін ең жоғарғы дәрежеде қанағаттандыруға және компьютерлік ортада жұмыс істеудің сәйкес интерфейсін құруға бағытталған. 4.Типтік логикалық құрылғыларды талдаңыз:триггер,сумматор,регистр, шифратор, дешифраторлар. Типтік логикалық құрылғыларға: триггер, сумматор, регистр, шифратор, дешифраторлар жатады..Логикалық элементтерден триггер деп аталатын, кең таралған есептеуіш машина элементін құрастыруға болады. Ол екі тұрақты қалыпта бола алады және бір екілік ақпарат бірлігін сақтауға қабілетті. Жадының қазіргі кездегі микросхемаларында миллиондаған триггерлер бар.Бірнеше триггерден тұратын қалыптар жүйесі және ол көпразрядты екілік кодты қысқа уақытқа сақтауға арналған болса регистр деп аталады.Регистр енгізген ақпаратты есте ұстайды және оны қажетті уақытқа дейін сақтайды.Сумматорлар(қосындылауыш) екілік сандарды қосуды орындайтын электрондық схема. Қосындылауыш, ең алдымен компьютердің арифметикалық- логикалық құрылғысының орталық торабы қызметін атқарады, сонымен қатар ол машинаның басқа құрылғыларында да қолданылады.Шифратор. Бұл құрылғы өзінің кірістерінің біреуінде сигналды шығысында сәйкесінше сигналдар теріміне түрлендіреді. Ол сигналды кодқа айналдырады да және оны машинаға ыңғайлы етеді. Дешифратор шифратордың әрекеттеріне кері амалдарды орындайды, яғни әрбір кіріс сигналдарының комбинациясына тек бір ғана шығу сызығын береді. Дешифратор амалдар кодтарының шифрын ашу үшін пайдаланылады.Бұл элементтер шала өткізгішті диодтармен, транзисторлармен құрылады.Бірақ соларды басқару үшін аргументтік мәндерді тағайындайтын тізбектер қажет. 5.Алгоритм ұғымы,қасиеттерін, көрсетілімін және құрылымын мысалдар келтіре отырып талдаңыз. Алгоритм ұғымы, қасиеттері Туғаннан бастап баланы тәрбиелеу, оларды әртүрлi ережелердi сақтауды, ертеңгiсiн жуыну, киiну, шешiну, тамақ iшу, сабаққа бару, жолдан өту.т.б. меңгерудi және қатаң орындауды талап етемiз. Одан әрi бала-бақшада және мектепте тәрбиеленудiң күн тәртiбi болады. Оларды оқыту белгiлi ретпен өтедi. Ал барлық мүмкiн болатын ойындар ереже бойынша ұйымдастырылады. Демек кез-келген iс-әрекеттер анықталған жарлық бойынша жүзеге асады, яғни анықталған алгоритм бойынша орындалады.Адам жас кезiнен бастап күнделiктi өмiрде алгоритмдi меңгередi және орындайды. Яғни, алгоритм дегеніміз – жеке қадамдардан тұратын, формальды түрде жазылған реттелген нұсқаулар тізбегі.Алгоритм сөзі IX ғасырда өмір сүрген ұлы өзбек математигі Әл-Хорезмидің атымен аталған жазудың латындық формасы. Әл-Хорезми бірінші рет арифметикалық амалдарды орындаудың ережелерін тұжырымдаған ғалым.Алгоритм ұғымы кез-келген программа құру кезінде негізгі орын алады, себебі программа – енгізілген берілгендерді өңдеу үшін арнайы және қатаң түрде қандай да бір программалау тілінде дайындалған алгоритм. Кез-келген алгоритм қандай да бір орындаушыға негізделген. Орындалған командалар жиынтығы орындаушының командалар жүйесі болып табылады. Орындаушы ретінде – адамдар және техникалық құрылғылар, яғни роботтар, компьютерлер және автоматтар болуы мүмкін. Алгоритмнің қасиеттері және оған қойылатын талаптар:

1.Алгоритмнің дискреттігі (үздіктілігі) – ақпаратты өңдеу процесі ретімен жазылған, аяқталған нұсқаулардан құралған тізбектерден тұруы тиіс, яғни орындаушының келесі қадамға өтуі алдыңғы қадамның аяқталуынан кейін жүзеге асуы керек; 2.Алгоритмнің түсініктілігі – алгоритмді құру барысында оның орындаушыға түсінікті болатындығы ескерілуі керек; 3.Алгоритмнің анықтылығы – алгоритм жалпы түрде қабылданған символдарды, алфавитті пайдаланып жазылуы тиіс. Орындаушы (адам, компьютер) алгоритмді түсініп, орындай алатын болуы керек. Оның үстіне түрліше түсінілетін нұсқаулар енгізілмеуі тиіс. Ол орындаушыға алгоритмді орындау үшін басқа нұсқаулар іздеуіне жол қалдырмайтындай етіліп және орындалу реттері дәл көрсетіліп қатаң түрде жазылуы қажет. 4.Алгоритмнің көпшілікке бірдейлігі – қарастырылып отырған ақпараттың кез-келген мәндерінде нақты бір ғана тапсырманы емес, соған типтес бүкіл тапсырманы шеше білуі. Мысалы, квадрат теңдеуді шешу алгоритмі – коэффиценттің кез-келген мәнінде оның түбірін табуға мүмкіндік береді немесе жолда жүру ережесі барлығымызға бірдей. 5.Алгоритмнің нәтижелілігі. Нұсқаулар шексіз көп болмай, қорытындысында оның нәтижесі болуы тиіс. Егер алгоритм бойынша құрылған сандық программа шексіз есептеулерге әкелсе, онда алгоритмнің талапқа сай жазылмағаны не есептің шешуі жоқ болғаны.

Алгоритмнің берілу тәсілдері *табиғи тілдегі алгоритм – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – қазақ, орыс және ағылшын алфавиті; *графикалық тілдегі алгоритм – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – әрбір әрекеті түрлі жазықтықтағы геометриялық фигура ретінде бейнеленіп, олардың арасындағы байланыстар түзу сызықтар мен бағыттаушылар арқылы көрсетіледі; *алгоритмдік тіл – орындаушысы адам, қажетті құрал-жабдықтары – жаратылыстану тіліндегі қандай да бір мағынаны, бұйрықты білдіретін сөздер жиынтығы; *программалау тілі – орындаушысы компьютер, қажетті құрал-жабдықтары – арнаулы программалау тілінің командалары. Алгоритмнің тұрғызылу тәсілдерінің құрылысын зерттеу үш түрде беріледі:

*алгоритмдік тілде; *блок-схема түрінде; *программалау тілінде.

Алгоритмдік тіл – табиғи тілде жазылған алгоритм сияқты өзіміз күнделікті пайдаланып жүрген тілге жуық, бірақ ол құрылымы нақтыланған, бірыңғай және дәл жазылатын арнайы символдар мен түрлі ережелер жүйесінен тұрады. Кез келген тіл сияқты ол символдар жиынтығынан (алфавит), алгоритмдік тілдерді жазу ережелерінен (синтаксис) және жазуларды түсіндіру мәтіндерінен (семантика) тұрады. Үйренуге арналған алгоритмдік тілде алфавит шектелмеген. Ол үшін ұлттық әріптерді, сандарды программалау тілдерінде пайдаланылатын арифметикалық операция таңбаларын, түрлі жақшалар және тағы басқа символдарды алуға болады. Мысалы; латын, орыс, қазақ алфавиттерінің әріптері, ондық санау жүйесінің цифрлары, арифметикалық амал таңбалары. Алгоритм түрлері Сызықтық алгоритмдер. Сызықтық алгоритм қарапайым командалар тізбегінен тұрады. Әрекеттердің тізбектей орындалуын сипаттайтын алгоритм – сызықтық алгоритм деп аталады. Тармақталу алгоритмі. Күнделікті өмірде алгоритмдер негізінен тармақтарға бөлінеді. Бұл тармақтардың орындалуы шарттың орындалуына байланысты болады. Тармақталу алгоритмінде біріншіден, арифметикалық теңсіздік түрінде берілген логикалық шарт тексеріледі. Егер шарт орындалса, алгоритм бір тармақ бойынша (1 - ші серия), ал егер орындалмаса, екінші тармақ бойынша (2 - ші серия) орындалады. Циклдік алгоритмдер. Көптеген алгоритмдерде белгілі бір әрекеттер бірнеше рет орындалады. Математикада, есеп шығару барысында айнымалы мәні өзгеруіне байланысты бір теңдеудің көмегімен бірнеше рет есептеледі. Алгоритмнің белгілі бір бөлігі бірнеше қайталанатын болса, ондай процессті цикл деп атайды. Қайталанатын бөлігі бар алгоритмдер циклдік алгоритм деп аталады. Циклдік алгоритмдер қолдану арқылы программаны қысқа да нұсқа жазуға болады. Қайталану бөлігіне қайталану (циклдік) командалары қолданады. Қайталану саны белгілі немесе белгісіздігіне байланысты циклдер екі түрге бөлінеді. Қайталану саны белгілі болса, ондай цикл арифметикалық, ал егер белгісіз болса, итерациялық деп аталады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1697 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наглость – это ругаться с преподавателем по поводу четверки, хотя перед экзаменом уверен, что не знаешь даже на два. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2599 - | 2175 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.