Лекции.Орг


Поиск:




Ақпарат дегеніміз не? Ақпарат түрлері. Ақпараттарға қолданылатын амалдарды талдаңыз.




Адамдардың барлық қызметі ақпаратпен байланысты. Кез келген жұмысты орындауымыз үшін ол жайлы қажетті ақпаратты білуіміз керек.

Ақпарат – сақтау, түрлендіру, жөнелту және пайдалану нысаны болып табылатын қоршаған әлем туралы мәліметтер.

Біз күнде қандай да бір ақпарат аламыз. Ақпаратты ала отырып, оны қабылдаймыз, игереміз, қайта өңдейміз. Ақпаратты ата- аналарымызға, достарымызға жеткізуіміз мүмкін. Ягни, ақпарат көзі және оны қабылдаушы бар. Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды.

Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81% -ын көру арқылы, 10%- ын –есту, 4%-ын – иіскеу, 3%-ын – дәм сезу және 2%-ын сезу арқылы аламыз.

Сонымен қатар әрбір адам жеке-дара мүмкіндіктерге ие. Мысалы, дизайнердің көру қабілеті, музиканттың есту қабілеті жақсы дамыған. Адамдардың кейбіреулері жаңа материалды кітаптан оқып жақсы түсінеді, әлдекім біреу айтып берсе артық түсінеді, ал тағы біреулеріне түсіну үшін практикалық тапсырманы өздері орындап шыққандары ыңғайлы.

Ақпараттың түрлері

Адамның ақпаратты қандай ақпараттық арнамен қабылдауына байланысты, ол әртүрлі болады.

Мысалы, таңертең сағаттың шылдырын адам есту мүшесі- құлақпен қабылдайды. Ақпарат көзі қоңыраулы сағат болып табылады. Ал ақпаратты қабылдаушы –адам. Ақпарат ұйқыдан оянатын уақыт келгені туралы мәліметті жеткізіп тұр. Ақпараттың мұндай түрі естілетін ақпарат деп аталады.

Сонымен, адамның қабылдау тәсілдері бойынша ақпарат көрінетін, естілетін, дәм сезу, иіскеу және сезу арқылы болып бөлінеді.

Бір ақпараттың өзі (мысалы, көрінетін) әртүрлі бейнеленуі мүмкін: сан, мәтін немесе сурет түрінде. Мәселен, автотұрақтағы машиналардың санын 5 санымен, «бес» сөзінің жазылған мәтінмен және олардың суретін салу арқылы бейнелеуге болады.

Яғни, ақпаратты тағы бейнелеу тәсілдеріне қарай да бөлуге болады. Бейнелеу тәсілдеріне қарай ақпарат сандық, мәтіндік, графикалық, дыбыстық және видеоақпарат болуы мүмкін. Ақпараттың бұл түрлері қазіргі кезде компьютерде табысты көрсетіледі.

Ақпараттың қасиеттері

Бір ғана ақпарат әртүрлі жағдайда өзекті немесе өзекті емес болуы мүмкін. Мәселен, 2 мамырға арналған ауа райы болжамы кез келген адам үшін 1 мамырда өзекті болғанымен, 10 мамырда өзектілігін жояды. Сонымен, ақпарат өзектілік қасиетке ие.

Ақпарат толық немесе толық емес болуы мүмкін. Мысалы, сендердің достарың «Ертең» десін. Егер сендер достарыңа: «біз киноға қашан барамыз?» деген сұрақ қойған болсаңдар. Онда бұл ақпарат түсінікті болады. Басқа жағдайда бұл ақпарат түсініксіз болады, себебі –ол толық емес. Ақпараттың бұл қасиеті толықтық деп аталады.

Ақпарат шығу облысына байланысты былай бөлінеді:

• Қарапайым – бұл жансыз табиғатта болып жатқан құбылыстар мен процестерді бейнелейді.

• Биологиялық – өсімдіктер мен жануарлар әлеміндегі процестерді бейнелейді.

• Әлеуметтік – қоғамдағы адам туралы процесті бейнелейді. Ол адамның практикалық өмір тіршілігімен тығыз байланысты, сондықтан адамның қанша тіршілік түрі болса, сонша әлеуметтік ақпараттық түрі мен типін ажыратуға болады. мысалы, қоғамға байланысты ақпаратты көпшілік, арнайы және жеке деп жіктеуге болады.

Ақпаратты беру және қабылдау әдістеріне байланысты келесідей ажыратады:

• визуальды – көрнекі бейнелер мен арнайы белгілер арқылы таратылады;

• аудиальды – дыбыс арқылы таратылады;

• тактильді – сезім арқылы;

• органо-лептикалық – иіс және дәм арқылы;

• машиналық – есептеу техникасының көмегімен таратылады.

 

Информатикада ақпараттың екі түрін қарастырады.

1. аналогтік, яғни кез-келген уақытта және кез-келген өлшемге өзгере алатын үздіксіз процесті сипаттайтын ақпарат (мысалы, адам денесінің қызғаны, музыкалық шығармалар.)

2. үзілісті, яғни дискретті процесті сипаттайтын арнаулы уақытта және алдын-ала белгіленген мәндерін қабылдап өзгеруі мүмкін сигнал. Дискретті процесті сипаттайтын ақпарат (мысалы, жыл мезгілдері, Морзе әліппесіндегі нүкте және тире).

 

Ақпараттың қасиеттері:

* өзектілігі (ақпараттың өз уақытында берілуіне байланысты);

* толықтығы (ақпараттың көлеміне байланысты);

* объективтілігі (адам факторына байланысты);

* жеткіліктігі (қойылған талаптарға байланысты);

* адекваттылығы (шындыққа сәйкестігі);

* қолжетімділігі (қажетті ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі).

Ақпарат жасалады, жеткізіледі, сақталады және өңделеді. Ақпаратпен орындалатын әрекеттер ақпараттың кезеңдері деп аталады. Қандай да бір әрекеттер ақпараттық кезеңдерде орындалады.

Ақпаратты сақтау

Ақпаратты сақтаудың маңызы өте зор. Ақпаратты сақтау үшін адамдар жадыны немесе «сыртқы» тасығыштарды қолданады. Ерте заманда бұл мақсатта тастар мен папирус пайдаланылды. Қазіргі ақпарат қағаз бен электрондық тасығыштарда – дискілер мен флешкаларда сақталады.

Егер ақпараттың көлемі үлкен болса, онда өзіңе керекті ақпаратты табу қиынға түседі. Бұл жағдайда ақпарат белгілі бір тәртіппен реттелуі тиіс. Реттелген ақпаратқа әртүрлі картатекаларды (кітапханалардағы, емханалардағы) жатқызуға болады. Компьютердің де ақпаратты реттеу құралдары бар. Ақпаратты бумаларға үлестіріп сақтауға, алфавит бойынша, жазылған күні бойынша және т.б. сұрыптауға болады.

Ақпаратты жөнелту

Ақпаратты алыс қашықтыққа жеткізу үшін адамдар әртүрлі құралдар ойлап шығарған. Оларға

телеграфты, телефонды, теледидарды, Интернетті және басқаларды жатқызуға болады.

Ақпаратты жөнелту үшін қолданылатын құрылғыларды ақпаратты жеткізу арнасы деп атайды. Ақпаратты жеткізу арнасының сапасы нашар болса, онда жөнелтілетін ақпарат бұрмалануы немесе оның қайсыбір бөлігі жоғалуы мүмкін.

Ақпаратты жеткізу үдерісінде әрқашан ақпарат көзі және оны қабылдаушы болады. Ақпарат көз ақпаратты жөнелтеді, ал қабылдаушы – оны қабылдайды. Мысалы, сабақты түсіндіруші мұғалім – ақпарат көзі де, оқушылар – оны қабылдаушы.

Ақпаратты өңдеу

Ақпараттың кез келген өзгеруі оның өңделуі деп аталады. Мысалы, есепті шығарудың өзі – бұрын белгілі есептен жаңа ақпарат алу. Ондай ақпаратты адам логикалық ойлау немесе математикалық есептеулер арқылы алады. Басқа мысал ретінде ақпаратты бейнелеу түрінің өзгеруін қарастыруға болады. Мысалы, мәтінді бір тілден екінші тілге аудару.

Ақпаратты өңдеу оның бастапқы түрден басқа түрге айналуын немесе ақпарат мазмұнының өзгеруін білдіреді. Ақпаратты өңдеу нәтижесін адам ары қарай өз қажетіне жаратады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 7019 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

782 - | 791 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.