Тапсырмалар:
№1 сұрақ. Логика нені зерттейтін ғылым:
() танымды
(х) ойлау заңдылықтарын
() адамгершілік нормалары мен ережелерін
() әсемдік пен әдемілікті
() құқықты
№2 сұрақ. Әл-Фарабидің пікірінше, риторика неге бағытталған:
() адамды шатастыруға
() адамды адастыруға
() адамды дұрыс жолдан бұруға
(х) адамды иландыруға
() адамды тәрбиелеуге
№3 сұрақ. Логиканың мақсаты:
() адам өмірінің мәнін анықтау
(х) ойды құрастырудың ережелерін зерттеу және тағайындау
() жақсы өмірге жетелеу
() құқық заңдылықтарын үйрету
() әсемдікке баулу
№4 сұрақ. «Силлогизм» терминін ғылыми айналысқа алғаш енгізген:
(х) Аристотель
() Платон
() Сократ
() Әл-Фараби
() Ибн Сина
№5 сұрақ. Бірегей пікірлер, әл-Фарабидің ойынша:
() барлық заттарға қатысты айтылады
() зат сыныбының бөлімі туралы айтылады
() жалпы заттар туралы айтылады
() құбылыстарға қатысты
(х) бір затқа қатысты айтылады.
№6 сұрақ. Аподейктика, әл-Фарабидің пікірінше:
() жалған білім
() ақиқат туралы білім
(х) нақты білім туралы ғылым
() дәлелдеу туралы ғылым
() елестетілген білім
№7 сұрақ. Әл-Фарабидің тұжырымдауынша, дәлелдеудің бірінші түрі:
() заттың не үшін өмір сүретіндігін дәлелдеу
(х) болмысты дәлелдеу
() екі жағдайды біріктіретін дәлелдеу
() о дүниелік өмірді дәлелдеу
() ақиқат еместі дәлелдеу
№8 сұрақ. Әл-Фарабидің тұжырымдауынша, дәлелдеудің екінші түрі:
(х) заттың не үшін өмір сүретіндігін дәлелдеу
() болмысты дәлелдеу
() екі жағдайды біріктіретін дәлелдеу
() о дүниелік өмірді дәлелдеу
() ақиқат еместі дәлелдеу
№9 сұрақ. Әл-Фарабидің тұжырымдауынша, дәлелдеудің үшінші түрі:
() заттың не үшін өмір сүретіндігін дәлелдеу
() болмысты дәлелдеу
(х) екі жағдайды біріктіретін дәлелдеу
() о дүниелік өмірді дәлелдеу
() ақиқат еместі дәлелдеу
№10 сұрақ. Қазіргі заман адамы үшін логика:
() қажет емес артықшылық
(х) дұрыс ойлау, сұрақтар мен жауаптар, жаңа гипотезалар мен дәлелдеулер жасау туралы қажетті де пайдалы ілім
() логика заңдарын білмей-ақ өмір сүруге болады
() логиканың пайдасы жоқ, өмірлік тәжірибеге сейеніп-ақ өмір сүруге болады
() логикалық қателік адамға зиян әкелмейді.
МОДУЛЬ 2
ДӘРІС. ӘЛ-ФАРАБИДІҢ БОЛМЫС ТУРАЛЫ ІЛІМІ
Тапсырмалар:
№1 сұрақ. Болмыс туралы ілім қалай аталады:
() әлеуметтану
(х) онтология
() гносеология
() этика
() эстетика
№2 сұрақ. Әл-Фарабидің ойынша, Құдай:
(х) Ең жетілген болмыс
() Аяқталмаған болмыс
() Жетілмеген болмыс
() Жердегі болмыс
() Актуалды емес болмыс
№3 сұрақ. Әл-Фарабидің болмысты қалай бөледі:
() Рухани болмыс және материалдық болмыс
() Әлеуметтік болмыс және адам болмысы
(х) Мүмкін-бар және Қажетті-бар
() Құдайы және Құдайы емес
() Таза болмыс және төмен болмыс
№4 сұрақ. Әл-Фарабидің ойынша, субстанция:
() Өздігінен бар болмайтын, өмір сүрмейтін
() Заттардың белгілері
() Заттардың сапалары
(х) Өздігінен бар болатын, өмір сүретін
() Заттардың қасиеттері
№5 сұрақ. Әл-Фараби оларды алғашқы бастау материялары деп атайды:
() аспан денелері,
() ақылды жануарлар,
() ақылсыз жануарлар,
() өсімдіктер,
(х) төрт элемент – от, ауа, жер, су.
МОДУЛЬ 3. ӘЛ-ФАРАБИДІҢ ҒЫЛЫМДАРДЫ ЖІКТЕУІ
ДӘРІС. ТІЛ ФИЛОСОФИЯСЫ
Тапсырмалар:
№1 сұрақ. Әл-Фараби ең негізгі деп санаған ілім:
() физика
() математика
() медицина
() филология
(х) тіл туралы ілім
№2 сұрақ. Әл-Фараби «есімдерді тағайындаушылар» деп кімдерді атайды:
() білімді философтар
(х) қандай да бір өнерлердің немесе танымдық қызметтің қандай да бір саласының білгірлері
() мемлекет басшылары
() сахнадағы актерлар
() әскери адамдар
№3 сұрақ. Әл-Фарабидің пікірінше, тілдік коммуникация қашан пайда болды:
() Дүниені түсіну үдерісінде
() Ойлау барысында
() Жануарлар дүниесінде
() Орта ғасырда
(х) Адамдарда бір-біріне бірдеңе айту қажеттілігі пайда болған кезде
№4 сұрақ. Адамның танымдық қызметінде сөз қандай рөл атқарады:
() мардымсыз
() белгілі бір деңгейде
() ешқандай рөл атқармайды, адам сөйлемей-ақ өмір сүре алады
(х) аса зор
() сөйлей алмайтын адам – адам емес
№5 сұрақ. Қазақ халқы сөзді қалай бағалады:
(х) «Өнер алды - қызыл тіл» деп, өте жоғары бағалады
() Тілге назар аудармады
() Адамның қалай сөйлейтіндігі маңызды емес деп есептеді
() Балаларды шешендікке үйретпеді
() Сөйлеу өнерін терістеді.
МОДУЛЬ 3