Лекции.Орг


Поиск:




МЫҚАННЫҢ ҚАЙТАРҒАН ЖАУАБЫ




 

Жолықтым хатыңызға Ақтас інім

Көрсетіпсің көңіліңнің ағаң мінін.

Күлу-жылау мерзімді мезгілінде

Құр бекер текке жылап бар ма жыным.

Боларын болғаннан соң білсем-дағы

Тағы да ойландырды берген сының.

Темір тор, тар тесікті көрмек түгіл

Анайы аңқау өскен бар ғой түрім.

Болғанмен жасың кіші көргенің көп

Таныс ең әр орынға мұнан бұрын.

Батагөй ортаңдағы бір шалыңмын

Ешкімнің білмейтұғын ішкі сырын.

Көз жасы қабыл болса қиын емес

Жыласам босататын сездім шыным.

 

Сөз жазған сыр білуге Мұқан ағаң,

Көбіңнен жауап күттім қорытынды

Әзірге осыменен еттім тәмам.

 

Өлең ермек жүректен шықса тербеп,

Көңілден орын алса жайлы кернеп.

Іш-сырты, бас-аяғы шашау шықпай

Тарихта қаларлықтай болсын өрнек.

 

***

Ал Ақтас, біразырақ кеңес баста,

Дәл биыл отыз сегіз келдік жасқа.

Қарманның қарастырып кейінгіге

Жай тастап құлышыңды кеңнен таста.

Сынар деп шын жүйріктер оған саспа.

Дос түгіл дұшпандарың бәрі сыйлар

Азырақ бақыт құсы қонса басқа.

Басына жазатайым жұмыс түссе

Дұшпан түгіл достарың танымас та.

Бес күндік дүнияның қамы үшін

Дос болар біреу басқа, біреу асқа.

Алған берген дүнияны есепке алмай

Достасарлық ер жоқпа іздеп тапса.

Көрмегендей кекірейіп кететін көп

Тәуірленіп бір-екі қырдан асса.

Бір мінезде тұруға болмай ма екен

Төгілмей ме қанадан асса-тасса.

Бір күн олай болмай-ақ бір күн былай

Не қылады қалпынан талмай шапса.

 

Санаулы сағатқа ұқсас өмір шіркін,

Келіп кеткен жандар көп неше дүркін.

Азамат деп, жолдас дос сыйласа екен

Кейде жыртың болғанша, кейде қыртың...

АХАТ ШӘКЕРІМҰЛЫ

(1900–1984)

Ақын, фольклорист, шежіреші, Құнанбай қажы әулетінің ұрпағы Ахат Шәкәрімұлы Құдайбердітегі 1900 жылы дүниеге келген.

Ахат – Шәкерім қажының кенже ұлы. Ұзақ жылдар бойы Жидебайдағы Абайдың әдеби-мемориалдық мұражайының меңгерушісі, одан кейін Абайдың Семейдегі қорық-мұражайының ғылыми қызметкері болып қызмет істеген. Құнанбай мен Абай, Шәкәрімнің өміріне қатысты орасан мол деректер жинастырып, Абай мұражайының ғылыми қорына тапсырған.

Құнанбай әулетінің ұрпағы, Шәкерімнің ұлы болғандықтан сталиндік қуғын-сүргінге ұшырап, азап шеккен.1984 жылы дүние салған.

ОРҚЫТПАЙДЫ МЕНІ ДАР

ҚАЙДАСЫҢ, ҚАЙРАТ, ҚАЙДАСЫҢ

 

Мамасын ана еметін,

Маужырап бауырына енетін,

Ләззат бойды жеңетін –

Сол күндер бүгін қайдасың?!

 

Тәтті ұйқыға бататын,

Қызықпен таңым ататын,

Қайғысыз, қамсыз жататын –

Сол күндер бүгін қайдасың?!

 

Еңбектеп зорға жүретін,

Шақырғанды білетін,

Махаббатпен күлетін –

Сол күндер бүгін қайдасың?!

 

Мен үшін анам күйетін,

Жан болмайтын тиетін,

Мейірлене сүйетін –

Сол күндер бүгін қайдасың?!

 

Апыл-тапыл басатын,

Жүгірем деп сасатын,

Мойныңа әке асатын –

Сол күндер бүгін қайдасың?!

 

Сөйлесем қызық көретін,

Сөйлеткісі келетін,

Қалағанды беретін –

Сол күндер бүгін қайдасың?!

 

Көңілімде жоқ ешбір дақ,

Бейілім адал, жүрек ақ,

Жаным нұрлы, денем пәк –

Сол күндер бүгін қайдасың?

 

Топырақ шашып ойнаған,

Ойынға әсте тоймаған,

Уайым жоқ ойлаған –

Сол күндер бүгін қайдасың?!

 

Жат баламен танысқан,

Жалаң аяқ жарысқан,

Ақсүйек ойнап алысқан –

Сол күндер бүгін қайдасың?!

 

Алтыбақан тебіскен,

Асық атып керіскен,

Ашусыз, кексіз келіскен –

Сол күндер бүгін қайдасың?!

 

Сабақ оқып жүрген кез,

Бақытты өмір сүрген кез,

Балалық уақыт өтті-ау тез –

Сол күндер бүгін қайдасың?!

 

Жар қызығын көрген кез,

Жар тілегін берген қыз,

Жемісін жастық терген қыз –

Сол күндер бүгін қайдасың?!

 

Қосылып жарға жатқан кез,

Бақыт таңы атқан кез,

Махаббатқа батқан кез –

Сол күндер бүгін қайдасың?!

 

Бақытты күнді сағындым,

Кебінін қайғы жамылдым,

Абақтыға жабылдым –

Қайдасың, ажал, қайдасың?!

 

Тергеуден босар күнім жоқ,

Тартпайтын азап түнім жоқ,

Қу жаныма тыным жоқ –

Қайдасың, ажал, қайдасың?!

 

Алынбай шындық дегенім,

Батты таяқ жегенім,

Күші кетті дененің –

Қайдасың, ажал, қайдасың?!

 

Азаппен өртеп жанымды,

Қинауға салып тәнімді,

Кетірді қуат, әлімді –

Қайдасың, ажал, қайдасың?!

 

Тергеуші, мейлің сабай бер,

Бар пәлені жамай бер,

Қылмысты үйіп санай бер –

Қайдасың, қайрат, қайдасың?!

 

Тұтқын қылып байлай бер,

Көрімді қазып сайлай бер,

Мейлің шетке айдай бер,

Қайдасың, қайрат, қайдасың?!

 

Қорқытпайды мені дар,

Тіліңді енді тарт, мұндар.

Өлімнен қорқып сатпан ар –

Қайдасың, қайрат, қайдасың?!

 

Бататын маған сүйген жар,

Бойымда кетсін таза ар,

Балалар өксіп төкті-ау зар –

Қайдасың, қайрат, қайдасың?!

 

Таза достық, махаббат,

Өмірде маған сол қымбат,

Болмады бастың еркі азат –

Қайдасың, қайрат, қайдасың?!

1937 жыл

 

 

ТҮРМЕДЕН

 

Аштырмады адалдықтың есігін,

Жауыз жандар берді ауыр кесігін.

Жаралы жан, жүйрік оймен қиялдың

Әлдилейін, тербетейін бесігін.

 

Ұшқыр ойым, шартарапты кезерсің,

Кезіп жүріп, көп жайларды сезерсің.

Қорғасындай ауыр жүкті әкеліп,

Жүрегімді жараларсың, езерсің!

 

Қаза әкеліп, жылатарсың, жылармын,

Қайғы беріп, қайғыртарсың, шыдармын,

У берерсің – улатарсың бойымды,

Су берерсің, сусындармын, тынармын!

 

Күлдірерсің, гүл әкеліп берерсің,

Көңілімді жұбатарсың, бөлерсің.

Ажал келер, тоқталарсың, ноқталар,

Қараңғы, тар, суық көрді көрерсің!

 

Жүйрік ойым, не сүйдірсің, не бердің,

Тұрағы бар не көрсеттің, не көрдім?!

Аяғында ажалға өмір құл болып,

Келмегендей дүниеге жөнелдім!

1937 жыл

 

 

ШӘКІР ӘБЕН

(1900–1994)

Өлең-сөздің шебері, абыз ақын Шәкір Әбеннің азан шақырып қойған аты Мұхаммедшәкһүр. Шәкір 1900 жылдың бірінші наурызында қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданына қарасты Құндызды ауылында дүниеге келген.

Мұсылманша сауат ашқан соң, Семейдегі «приходская школада» 3 жыл оқыған. С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, Б.Майлиндермен жақын таныс болған. Сейфуллинге атқосшы болып, ақынмен бірге Қазақстанның көп жерлерін аралаған. Әбеновтың халықтық дастанды жаңаша толғаммен жырлаған «Қозы Көрпеш Баян сұлу» поэмасы 1937 жылы «Әдебиет және искусство» журналында жарияланған соң, ақындық атағы шықты. Сол жылы «халық жауы» атанып, ақыры көрші қырғыз еліне асып кетеді. 1939 жылы Алматыға қайтып оралып, Жанақ, Сабырбай, Түбек, Дулат, Байкөкше ақындардың әдеби мұраларын алғаш қағаз бетіне түсіріп, Қазақстан ғылыми-зерттеу институтына тапсырған. Маман-зерттеушілер Әбеновтың орындауында ондаған ән-күйді нотаға түсіріп алған. 1940 41 жылы Жамбылдың әдеби хатшылық қызметін атқарып жүргенде жалған айыптау негізінде ұсталып, Семей түрмесіне қамалды. Екінші дүниежүзілік соғысқа өз еркімен аттанады. Сталинград майданында ауыр жарақат алып, елге қайтып келеді. 1945 жылы саяси қуғындау қайта басталып, Сібірге, Александров абақтысына айдалды. 1955 жылы түрмеден босап, 1961 жылы толықтай ақталады.

Абайдың әдеби мектебінің Кеңес дәуіріндегі белді өкілдерінің бірі ретінде танылған. Әбеновтың тарихи-танымдық тақырыптарды қозғаған «Кейпін батыр» (1939), «Таңшебер Жапал» (1962), «Ортақ арал» (1968), «Қорқыт қобызы», «Пәрмен», «Алданған қыз», «Патша мен байғыз», «Ана махаббаты», «Тоқтамыс батыр» атты дастандары бар. Қарт шежіреші, батагөй қария Қазақстанның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевқа ұлттық дәстүрде салтанатты жағдайда халық атынан ақ бата берген болатын (10.12.1991).

Абыз ақын 1994 жылы 23 қазанда дүние салған.

ЕЛІМЕ ХАТ

Мен сағындым туған-өскен жерімді,

«Сонан қазсын, – деп тілеймін, – көрімді».

Қанша зиян көрсем-дағы туған жер

Сонда-дағы маған ыстық көрінді.

 

Есер тұтқын, өзіңе-өзің жауап бер,

Кінәлама, кінәлі емес ел мен жер,

Ел бүлдіргім – пысықтардың қалдығы,

Саған жазса тартқызуға міндеткер.

 

«Ата» десең, Тобықтыда аталық,

«Бата» десең, аруағы ұран баталың,

Естімеп пе ең, ұмыттың ба, әлде сен,

Кеңгірбайдың кім кестірді сақалын?

 

Дарынды, алғыр, ділмар, жезтаңдай,

Кінәлады: «Ысқырды, – деп, – жыландай».

Омскейде алты ай істі боп жүріп,

Тапқырлықпен құтылды азар Құнанбай.

 

Жаяу жүріп, ілесем деп аттыға,

Әліңді білмей сілең қатты ма?

Белсенділер сені бит боп талайды,

Абайды да маса болып шақты да.

 

Күзен жортты, қар жауды да басылды із,

Куәгері – аспандағы ай-жұлдыз,

Молда түгіл, бұйырмастан көр-дағы,

Шәкәрім де қалған жоқ па көмусіз?

 

Елің шығарды ма шығынға,

Сол еліңді сағынғаның шының ба?

Ол рас-ақ, тіл жазығың бар шығар,

Ызылдамай қанат қақпас шыбын да...

 

Жазаңды өтеп, қайтсаң елге ақталып,

Қасың түгіл досыңнан да сақтанып,

Екі елі ернің, бір тіліңе ие бол,

Аздап сөйле, елірме де мақтанып.

 

Еңбек істе, іске асатын тұрымды,

Әдетіңді таста, мүлде, бұрынғы.

Әуре болма: «Шығарам», – деп, – сыртыңа

Ішіндегі бұғып жатқан сырыңды».

 

 

ЫЗЫМ ДАУАҒА ХАТ

Ал, Дауа, алдым қалам саған арнап,

Көзде жоқ, көңілде бар, мен – тірі аруақ.

Айырылу бар,

Айырылған қосылу бар,

Сен «атам», мен «ботам» деп жүрміз зарлап.

Үміт – қайық, көл қылып көз жасымды,

Қиялмен, сәулем, саған болам бармақ.

Желге аманат тапсырсам сәлемімді,

Жүре жауап береді алдап-арбап.

 

Алданып іс еместі ісім дейтін,

Бұлдыраған сағымды мүсін дейтін,

Адамшылық қасиет-тіршілігім,

Бір ғана күнкөрісім – күшім дейтін

Туыстың қалдың, Дауам, ортасында

Менің кім екенімді түсінбейтін?

 

Сүйген жар, қайда қалды туысқан да?..

Өкінемін олардан суысқанға,

Сырлас дос пен айырылдым сыбырластан,

Анда-санда бір көрген таныстан да.

 

Әр жауырға бір қонған жау мұндалап,

Өсекшіге ұқсаған сауысқанға.

Татулық, жәрдемдестік өз алдына,

Зар болдым төбелесіп, ұрысқанға.

 

Мейлінше сыбағысты денем кірге,

Адам түгіл басыңды бит пен бүрге,

Етсіз терең жабысып сүйегіңе,

Қасысаң қан шығады, болды сірне.

Өз обалым өзіме, кім зорлады,

«Тіліңе ие болмай, – деп, – жай жүрме».

Білмегенді білдірді, шынықтырды,

Шынында мектеп болды маған түрме.

 

Халықты нанша илеп, сазша таптап,

Заманның таза жолын жүр ластап,

Жуындыға семірген бұралқы иттер

Мен түгіл арыстанды болды қаппақ.

Жамбыл атын жамылып, өлең жазып,

Бір ақын жүлде алды отты мақтап.

Тәнін шаршып, түтініне тұншықты ел,

Ұшқыннан – от, оттан өрт шықты қаптап.

 

Адасқанның көбінің мойнын жұлып,

Қалғанының қайтты ойы жұртта ұлып,

Саясат дағдарысқа ұшырады,

Сенгені – от, улы газ, кісен-құлып,

Басшылар бірін-бірі алдай алмай,

Әттең деп кіжінеді іштен тынып.

Дауамды көрсем деген үмітім бар,

Заман бір жадыраса түсі жылып.

 

Үмітім орындалмай көрсем деген,

Әлде мен, Дауам, сені көрмей өлем,

Қабіріме миуалы ағаш өсіп,

Қисыннан тыс, кездейсоқ себеппенен

Бұлбұл болып сен қонып бұтағына,

Халыққа мені әйгілеп шырқат өлең.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 577 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

В моем словаре нет слова «невозможно». © Наполеон Бонапарт
==> читать все изречения...

1221 - | 1194 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.