Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Вексельді есеп-айырысулар.




[13]Вексель дегеніміз (неміс сөзі «айырбас») – белгілі бір үлгіде жазбаша түрде толтырылатын ұзақ мерзімді борыш міндеті.

Аударым вексель - маңызды құжат, вексель берушінің төлеушіге жазбаша нысанда жасалған жарғысы. Онда бірінші вексель ұстаушыға төленетін ақшалай сомасының мерзімінің келуі жазылады.

[14]Қазақстан Республикасындағы вексель айналысы туралы заңына сүйенетін болсақ, жай вексель мыналардан тұрады: 1) мəтiннiң өзiне енгiзiлген жəне осы құжат жасалған тiлдегi "вексель" атауы; 2) белгiлi бiр ақша сомасын төлеуге ештеңемен шарттастырылмаған уəде; 3) төлем мерзiмiнiң көрсетiлуi; 4) төлем жасалуы тиiс орынның көрсетiлуi; 5) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем жасалуы тиiс тұлғаның атауы; 6) вексельдiң жасалған күнi мен орнының көрсетiлуi; 7) құжатты берушiнiң (вексель берушiнiң) қойған қолы.

Сонымен қатар, аталған заңда аудармалы вексельге де анықтама берілген: аударым векселi (тратта)- вексель берушiнiң (трассанттың) үшiншi тұлғаға (трасстқа) бiрiншi вексель ұстаушының (ремитенттiң) немесе оның бұйрығы бойынша алдағы белгiлi бiр уақытта не ұсынуы бойынша төлейтiн вексельде көрсетiлген ақша сомасының ешнəрсеге негiзделмеген ұсынысы (бұйрығы) бар вексель. [15]Аударым векселiнде мыналар болуға тиiс: 1) құжат мəтiнiнiң өзiне енгiзiлген жəне осы құжат жасалған тiлде айтылған "вексель" атауы; 2) белгiлi бiр ақша сомасын төлеуге ешқандай шарт қойылмаған бұйрық; 3) төлем төлеуге тиiс тұлғаның (төлеушiнiң) атауы; 4) төлем мерзiмiн көрсету; 5) төлем жасалуға тиiс орынды көрсету; 6) кiмге немесе кiмнiң бұйрығымен төлем төленуге тиiс тұлғаның атауы; 7) вексель жасалатын уақыт пен орынды көрсету; 8) вексель беретiн тұлғаның (вексель берушiнiң) қолы.

Вексельдің басты қасиеттері:

1. абстракттілік – ақшалай қарыздардың пайда болуының түсініктемесінің керек болмауы.

2. даусыздық – вексельде көрсетілген нақты соманы төлеу.

3. айналымдылық - шектеусіз субъектілер арасында қарым-қатынас орнату мүмкіндігі.

Жоғарыда айтылып кеткен заңның 32-бабында аударым вексельдерінің төлем мерзімі жөнінде айтылған.

Аударым векселi: ұсынуы бойынша; ұсынылғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта; жасалғаннан кейiн белгiлi бiр уақытта; белгiлi бiр күнде төленуге тиiстi болып берiлуi мүмкiн. Мерзiмнiң өзгедей белгiленуiн не төлемнiң дəйектi мерзiмдерiн қамтитын аударым вексельдерi жарамсыз болады.

Халықаралық операциялардағы есеп-айырысулар кезінде вексельдің қолданылуының унификациясы 1930ж Ұлттар Лигасымен қабылданған үш Женева Конвенцияларында көрініс тапқан, әдетте Вексельді конвенциялар деп аталады: «Аудармалы және жай вексельдердің бірегей заңы туралы конвенция», аудармалы және жай вексельдердің заңдарының коллизияларының шешілуі туралы конвенция», «Жай және аудармалы вексельдерге байланысты гербтік алымдар туралы конвенция».

Құқықтық бәсекелестік көбіне вексельдердің екі түрі арасында пайда болады – конвенциялық вексель және англо-американдық вексель. Конвенциялық вексельдің талаптары Бірегей вексель заңына сәйкес келуі керек. Ал, англо-американдық вексель АҚШ мен Англияның сәйкес заңдарында бекітілген. Женева Конвенцияларына негізделген вексельді айналымның халықаралық реттелуі англо-американдық құқықтық жағдайынан алшақ болып келеді. Мысалы, англо-американдық құқықтық реттеу бойынша төлем жүзеге асырылатын тұлғаның көрсетілуі тиіс емес, ал Женева Конвенцияларында осындай тұлғаның көрсетілуі міндетті болып табылады. Сонымен қатар вексельді дауларды шешу тәртібі мен наразылық шарттары жөнінде келіспеушіліктер бар. Осындай құқықтық жағынан алшақтықтар тараптар арасындағы пайда болған дауларды шешуде қиыншылықтар туындайды.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, Женева Конвенциялары вексельді айналымның кешенді реттелуін қамтамасыз етеді:

· Аударымды және жай вексельдердің бірегей заңы туралы Конвенциясы - материалдық құқықтың унификациялауының мысалын көрсетеді.

· Аударымды және жай вексельдер заңдарының коллизиялық шешілуі туралы Конвенция – коллизиялық құқықтың унификациясының мысалы.

Банктік аударым.

Банктік аударым – бір банктің аударым алушыға белгіленген ақшалай соманы төлеуге тапсыру. Халықаралық есеп-айырысуларда әдетте, банк аударымды өзінің клиентінің тапсырысы бойынша жүзеге асырады. Осындай операцияларға келесідей субъектілер қатысады:

· Аударушы-борышқор.

· Тапсырманы қабылдайтын аударушы тұлғаның банкі.

· Аудару сомасының алуын жүзеге асыратын банк.

· Аударымды қабылдаушы.

Банктік аударма пошта немесе телеграф арқылы жүзеге аса алады. Қазіргі таңда СВИФТ жүйесі (Бүкіләлемдік Банкаралық қаржылық телекоммуникациялық тор)

бойынша. Банк басқа да есеп-айырысудың нысандарын және кепілдіктерді қолданылуы мүмкін. Экспортер әсіресе, аударымдарды банк кепілдігімен жүзеге асырады, себебі импортердің тауар құнын төлемеген жағдайда кепілдік есебінен тауар құнын өндіре алады.

Пошталық аударма – бір банктің екінші банкке жіберілетін жазбаша төлем тапсырмасы. Пошталық аударым тапсырма беруші банкімен шетел банкіне әуе поштасы арқылы жіберіледі. Шетел банкінде тапсырма беруші банк атында есеп-шоттың болуы шарт. Телеграфты аударымдар және пошталық төлемдер бойынша іс-шаралар бірдей болып келеді. Аса ірі сомаларға қабылданатын төлемдер SWIFT жүйесі арқылы жүзеге асырылады.

Қазақстан Республика шеңберінде банктік ауларымдардың құқықтық реттелуі «2007ж Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру Ережелерде» көрініс тапқан. Аталған ережелердің 2-тарауда валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және аударымдарын жүргізу тәртібі көрсетілген:

Валюталық операциялар бойынша ақша төлемдерін және (немесе) аударымдарын уәкілетті банктер арқылы жүргізген кездерезидент (резидент емес) уәкілетті банкке мынадай құжаттар ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат (жеке тұлғалар үшін);

2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру құқығын растайтын құжат (жеке тұлғалар; шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар үшін), егер болса;

3) Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу (есепке алу) туралы куәлік (Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын резидент және резидент емес заңды тұлғалар үшін), егер осы құжат бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;

5) салық төлеушінің мемлекеттік тіркелгенін растайтын құжат, не салық органының осы тұлғаның Қазақстан Республикасының салық органында тіркеу есебінде тұрмағаны туралы құжаты, егер осы құжат бұрын ұсынылмаған не өзгерген жағдайда;

6) Ереженің 7-1-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда валюталық шарт;

7) Ережеде көзделген жағдайларда тіркеу куәлігі, хабарлама туралы куәлік;

8) мәміле паспорты (мәміле паспортын ресімдеуді талап ететін тауарлар (жұмыс, қызмет көрсету) экспортына немесе импортына байланысты мәмілелер бойынша);

9) міндеттемелердің орындалғанын растайтын не соның негізінде орындалуы қажет құжаттар (экспортпен немесе импортпен байланысты мәмілелер бойынша)

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 914 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студенческая общага - это место, где меня научили готовить 20 блюд из макарон и 40 из доширака. А майонез - это вообще десерт. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2320 - | 2275 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.