Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Аккредитивті есеп-айырысу.




[12]Аккредитив – бұл бенефициарға банкке ұсынылған аккредитивте көрсетілген құжаттармен бірге тауар, қызмет жеткізу немесе жұмыс орындауға тапсырыс берушінің өтінімімен берілетін жалға алынған банк немесе растайтын банкке берілетін банктің қайтарымсыз төлем міндеттемесі. Әдетте, Халықаралық коммерциялық операциялардағы есеп-айырысуларда және мекемелер арасындағы төлемдерді жүргізу үшін қолданылады.

Аккредитивті есеп-айырысуларда банктер келесідей функцияларды жүзеге асырады:

1. үшінші тұлға атына төлемдерді жүзеге асыру (бенефициарға) және бенефициар бұйрығымен аудармалы вексельдерді акцепттеуге немесе төлеуге;

2. осындай төлемдерді жүзеге асыруды басқа банкке тапсыру;

3. ұсынылғанқұжаттарға қарсы аудармалы вексельдерді төлеу, акцепттеу немесе негоциациялау;

Жоғарыда айтылып кеткендей Аккредитивтер: шақырылатын және шақырылмайтын; аудармалы (трансферабельді); револьверді; жабылған және жабылмаған бола алады.

Аккредитив бекітілген негізгі ережелерге сәйкес келу керек:

1. аккредитивтердің барлығында олардың дер кезінде төлем, бөлшектеп төленетін төлем, акцепт немесе негоциация арқылы жүзеге асырылуын айқындап көрсету керек.

2. Әр аккредитивте төлемді жүзеге асыруға құқығы бар банк (атқарушы банк), акцепт тратт немесе негоциация болу керек.

3. Егер эмитент-банк телекоммуникациялық хабарландыру арқылы кез-келген авизалық банкке аккредитивті авизалау үшін нұсқау беретін болса, бұндай жағдайда кейіннен пошта арқылы растайтын хат жіберілуі керек.

Өз кезегінде банктер барлық құжаттарды толығымен тексеріп, олардың аккредитив шарттарына жауап беретініне көз жеткізуі тиіс.

Қазіргі таңда көп таралатын құжаттық аккредитивтік есеп-айырысуларда келесідей субъектілер бар:

Ø Импортер – банкке аккредитив ашу өтінішімен жүгінеді.

Ø Эмитент –банк – аккредитив ашушы банк.

Ø Авизалық банк – экспортерге оның есебіне аккредитив ашылғаны жөнінде мәлімдеп, аккредитив мәтінінің сәйкестігін растайды.

Инкассолық операциялар. «Инкассо» термині нұсқаулар негізінде банктердің жүзеге асыратын операциялар деген ұғымды білдіреді. Мақсаттары:

· Акцепт немесе төлемдерді қабылдау;

· Акцепт немесе төлемдерге қарсы коммерциялық құжаттарды беру;

· Басқа да шарттар бойынша құжаттарды беру;

1. Инкассолық операциялардың құжаттарының айналымдары бойынша олар: таза және құжаттық болып бөлінеді. Құжаттық инкассо - бұл заңнамада көзделген жайттарға сәйкес банктер арасында құжаттар беру.Осындай төлемдер Халықаралық сауда палатасымен бекітілген 1978ж Унификациялық Ережелермен реттеледі. Құжаттық инкассо бойынша операциялар белгілі рет бойынша рәсімдеп, өз банкіне жібереді.

2. банк толық құжаттарды импортер мемлекетіндегі өзінің корреспондентіне жібереді.

3. импортер банкі сатып алушыға инкассолық тапсырыста көрсетілген сомма валютасына қарсы құжаттарды береді.

4. импортер банкі экспортер банкін оның корреспонденттік есеп-шотына шарт соммасының қабылданғанын мәлімдейді.

Инкассолық операциялардың субъектілері болып мыналар таныла алады:

1. сенім білдіруші - өз банкіне инкассациялау бойынша операцияларды сеніп тапсырушы клиент.

2. ремитент-банк – сенім білдірушінің сенімімен инкассация бойынша операцияларды жүргізуге құқығы бар банк.

3. инкассо жүргізуші банк – ремитент – банк болып табылмайтын, бірақ инкассолық операцияларға қатысушы кез-келген банк.

4. ұсынылушы банк– төлеушіге ұсыныс беретін инкассациялаушы банк.

5. төлеуші – инкассолық тапсырыс бойынша ұсыныс берілу тиіс тұлға.

Инкассолық тапсырыстарда төлеушінің толық мекен-жайы және домицилиі көрсетілуі тиіс. Ремитент-банк сенім білдірушінің нұсқауына сәйкес, инкассациялаушы банк ретінде:

ü Сенім білдірушінің атап-көрсеткен банкті қолдану керек.

ü Егер осындай тапсырыс болмаған жағдайда, банк өзінің шешімімен кез-келген банкті қолдана алады.

Сенім білдіруші немесе инкассациялық операцияларға қатысушы басқа субъект банк келісімінсіз оның мекен-жайына және атына тауарларды жібере алмайды. Егер банк келісімінсіз тауар банк мекен-жайына жіберілсе, онда банк тауарды қабылдаудан бас тарта алады. Мұндай жағдайда жауапкершілік мәселесі тауарды жіберуші тұлғаның мойнында болады.

Инкассолық операцияларға қатысушы банктер жауапкершіліктен босатылады:

§ Кандай-да бір құжаттардың, хаттардың, хабарламалардың жолда жоғалуы немесе бүлінуі, каблограмма немесе телеграмма арқылы жіберілу кезінде ақаулықтар мен қателіктердің пайда болуы, техникалық терминдерді аудару немесе талқылау барысында пайда болған қателер.

§ Форс-мажорлы жағдайларда, көтеріліс, азаматтық толқулар барысында, банкке тәуелсіз жағдайлар орын алған кездегі салдар.

Инкассо нысанындағы есеп-айырысулар импортер үшін өте ыңғайлы болып келеді, себебі оның басты міндеті болып тауарлы құжаттарға қарсы төлемдерді жүргізу, онда ол тауарға иелік ету құқығын толыққанды иеленіп, алдын-ала өзінің айналымынан ақша сомасын шығару мүлдем керегі жоқ. Сонымен қатар инкассолық есеп-айырысуларда экспортер үшін айтарлықтай кемшіліктері бар:

o Экспортер, импортердің төлемді жүзеге асырудан бас тарта алу тәуекеліне барады. Демек, инкассолық операциялардың басты шарты – экспортердің импортердің төлем жүргізуге қабілеттігіне сенімді болуы керек.

o Тауардың тиелуі мен ол үшін ақша сомасының түсуі ұзақ мерзімге созылады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2017-02-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 869 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

2214 - | 2048 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.